Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 21.9.2017
Загрузка...
Главная » 2011 » Май » 27 » "Алтын белгіге" 1 балл жетпегендерге үздік аттестат берілуі тиіс
11:31
"Алтын белгіге" 1 балл жетпегендерге үздік аттестат берілуі тиіс
Загрузка...

ҰБТ қорытындысы бойынша үміткерге "Алтын белгіге" 1 балл жетпей қалған жағдайда, оған үздік аттестат беріледі. Биыл Астана қаласы бойынша 3650 түлек мектеп бітірді. Олардың 3383-і, яғни 92,6 % тестілеуге қатысуға ниет танытып отыр.

Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда айтарлықтай өскен. Былтырғы көрсеткіш 87% шамасында болған. Бұл көрсеткіштермен бүгінгі баспасөз мәслихатында қалалық Білім департаментінің директоры Әсима Бимендина таныстырды.

Баспасөз мәслихаты барысында Астана мектептері үшін ҰБТ тапсыру күндері маусымның 4-і мен 6-сына белгіленгендігі жөнінде айтылды. Тестілеу Қазақ мемлекеттік заң университетінде, С.Сейфуллин атындағы Қазақ ұлттық агротехникалық университетінде және Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өтетін болады. Маусым айының 5-і мен 7-сі  аппеляция күндері ретінде белгіленген.

Тестілеуге Менделеев кестесінен басқа бөгде затты анықтауыш құрал ретінде алып кіруге тыйым салынады. ҰБТ барысындағы тәртіптің сақталуын әдеттегідей арнайы бекітілген қызметкерлер қатаң түрде бақылауға алады.

Сондай-ақ Әсима Бимендина биылғы жылғы талаптарға енген өзгерістермен таныстырды. Оның сөзіне сәйкес, Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша үміткерге "Алтын белгіге" 1 балл жетпей қалса, оған үздік аттестат беріледі.

Бұрынғы талаптар бойынша "Алтын белгіге" үміткер оқушыларға өз білімдерін дәлелдей алмаған жағдайда, үздік аттестат берілмейтін. Биыл Астана қаласы бойынша 178  бала "Алтын белгіге" үміткерлер.

ЖОО түсуге қажетті ең төменгі балл - 50, ал медициналық мамандықтар үшін 55 - балл. Бұл талап өзгермеген.

Загрузка...
Категория: Образование | Просмотров: 1671 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0

Смотрите так-же:
03.09.2011 Қазақша-ағылшынша сөздік - Kazakh-English Dictionary
20.09.2011 Казахстан занял 68 место в мировом рейтинге развития ИКТ
27.05.2011 "Алтын белгіге" 1 балл жетпегендерге үздік аттестат берілуі тиіс
03.09.2011 Электронная версия игры "Тогызкумалак"
13.09.2011 Право на ношение мусульманского платка отстаивают юные школьницы Шымке...
04.09.2011 "Ерімбет" (Ермұхаммед) Көлдейбекұлы
12.03.2011 Вузов на душу населения в Казахстане в три раза больше, чем необходимо
12.03.2011 В вузах РК введут обязательные предметы на казахском
04.09.2011 Бөгенбай батыр "Сөз басы"
14.09.2011 Инвестиции Казахстана в образование и совершенствование медицинской пр...