Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 20.6.2018
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Ғылыми жұмыс

Батырұлы Қайып хан және оның әулетінің тарихы
Загрузка...
«Қайып хан ұрпақтары және Қазақстанның батыс өңіріндегі қоғамдық-саяси ахуал» атты екінші тарауда Қайып ханнан кейін тарих сахнасына көтерілген Қайып хан ұрпақтарының Кіші және Орта жүздегі қызметтері, олардың Ресей, Бұхар, Хиуамен арадағы қарым-қатынасы жаңа деректермен жан-жақты баяндалады.
Қайып хан қайтыс болғанымен артында көптеген ұрпақтары қалды. Әсіресе сол тұстағы саяси өмірде ерекше көзге түскені Әбілғазы, Шерғазы сұлтандар болды. 1789 жылы Сыр бойы халқы Қайыптың орнына үлкен ұлы Әбілғазы сұлтанды хан сайлады. Ал Орынбор әкімшілігі болса патша үкіметінің араласуынсыз жаңа ханның сайлануына қарсы болып, Әбілғазының хан атануына тиым салуға ұмтылды [17, с.849-850].
Нұралының қайтыс болуынан кейін патша үкіметі оның орнына 1791 жылы жасы ұлғайған Ерәлі сұлтанды хан сайлауына Әбілғазы хан, Сырым батыр бастаған Кіші жүздің би, батырлары өз наразылықтарын білдірді.
Қайып ұлдарының бірі Шерғазы бұл кезде Кіші жүзден депутат ретінде Ресейде болатын. Шерғазы сұлтан сол кезде жүріп жатқан орыс-швед соғысына қатысып, секунд-майор әскери шенін иеленген. Сонымен бірге Шерғазы 1790-1791 жылдары орыс елшілігімен бірге Бұхараға барып қайтты. Осы тұста Орынбор губернаторы А.А.Пеутлингтің қазақтар мәселесін шешпей, керісінше қазақ-орыс қатынастарын ушықтыруы Сырым бастаған старшындардың Петербургтегі Шерғазы сұлтанмен байланыс жасауына әкелді. Содан Орынборға келген Шерғазы Қайыпұлы қазақ-орыс қатынастарын реттеуге ұмтылды. 1794 жылы күзде Әбілғазы хан, Бұрқан, Есенғали сұлтандар, Сырым, Қаракөбек бастаған қазақтың би, батырлары Орыбордың жаңа губернаторы С.К.Вязмитиновпен байланысқа шығу арқылы елдегі тыныштықты қалпына келтіруді көздеді [40].
Ерәлінің қайтыс болуынан соң С.К.Вязмитинов 1795 жылы Кіші жүзде Ресейге адал Есімді хан сайлады. Хан сайлау алдында губернатор Петербургтегі Шерғазы Қайыпұлын Орынборға алдырған. Бірақ Шерғазы кейін кері Петербургке жіберіледі. Тек 1797 жылы күзде І Павел патшаның рұқсат етуінен соң Орынборға оралады. Содан Сырым бастаған старшындар Шерғазыны ордаға қайтаруға ұмтылды. Елге оралған Шерғазы ордадағы орыс тұтқындарын қайтарумен жұмыстанды. Бұл кезде Әбілғазы хан Сыр бойында тұрақтады. 1798 жылдың аяғында Орынбор губернаторы Н.Н.Бахметев тапсырмасымен Әбілғазы хан мен Қаракөбек биге аттанған Шерғазы сұлтан 1803 жылға дейін Ордада тұрақтап қалды [41].
ХІХ ғасыр басында Орынбор әкімшілігінің қазақтарға қарсы жүргізіп отырған отаршыл саясатына Кіші жүздің оңтүстігіндегі Әбілғазы хан иелігіне қарасты Әлімұлы рулары сауда керуендерін тоқтату арқылы, өз қарсылықтарын білдіріп отырды. Осы бағытта 1803 жылы Орынбордан Бұхарға аттанған Я.Гавердовский басқарған орыс керуенін тоқтатты [42].
1804 жылы Орынборға оралған Шерғазы сұлтан бұрынғыша қазақ-орыс қатынастарын реттеумен жұмыстанды. 1805 жылы Жантөре Айшуақұлының хан сайлануынан кейін ордадағы саяси оқиғалардың шиеленісіп бара жатқанын сезген Орынбор губернаторы Г.С.Волконский Шерғазыны Қаратай, Бөкей сұлтандарға аттандырды [41, 243а-іс, 5-14 пп.]. Бұл жылдары Кіші жүздің шығысындағы Орта жүз руларын басқарған Батыр хан ұрпақтары Жұма Құдаймендіұлы, Жиһангер Қайыпұлы, Баба Қайыпұлы, Жантөре Жиһангерұлы т.б. сұлтандар Орынбор әкімшілігімен байланыс жасап тұрды. Қайып хан немересі Жантөре сұлтан Бөкей Нұралыұлының қызына үйлену арқылы Әбілқайыр мен Батыр хан арасындағы құдандалықты әрі қарай жалғастырды.
1806 жылы Хиуа тағына Мұхаммед Рахимның отыруына байланысты Кіші жүздің оңтүстігінде күрделі ахуал қалыптасты. Сыр бойындағы қазақ руларын қорғау Әбілғазы хан мойнына жүктелді.
Кіші жүзде 1811 жылы Шерғазы Айшуақұлы мен Бөкей Нұралыұлын хан сайлау тұсында Қайып хан ұрпақтары Бөкейге қолдау білдірді. Шерғазы Қайыпұлының Орынбор губернаторы Г.С.Волконскийге жолдаған өтінішінде «Бөкей Нұралыұлы мінез-құлқы жақсы әрі ақылды адам, ол қызмет бабында екі жаққа да тең, оның әділ шешімдері арқылы Ордада игілікті істер болар еді, өз тарапымнан Бөкей сұлтанның хан болуын қалаймын» деп жеткізуі, ал 13 қыркүйекте Г.С.Волконскийге Қаратай сұлтанның «Бұхара, Хиуадан келетін керуендерді өткізудегі менің кеңесіме Әбілғазы Қайыпұлы келісім береді» дегенді хабарлауы, сол тұстағы Кіші жүздің беделді тұлғалары арасындағы одақтық қатынастар мен сенімді байланысты дәлелдейді [41, 716-іс, І бөлім, 127-132, 200-207 пп.]. Жалпы ХІХ ғасырдың басында Қайып хан мен Нұралы хан ұрпақтары арасында тығыз байланыс орнаған. Ал қазақ ақсүйектерін біріктермеуді көздеген Орынбор әкімшілігі ел игілері арасындағы қатынасқа ерекше мән бере қарап, Кіші жүз сұлтандарының араларына от тастап, бір-біріне айдап салумен болды.
1814 жылы 1 тамызда ұзақ науқастан соң Жиһангер Қайыпұлы қайтыс болды. Осыдан соң Қыпшақ руын Жиһангердің баласы Жантөре сұлтан басқарды [43, 233-іс, 579 п.]. Жантөремен бірге Жиһангерден тараған Нұрмұхаммет, Сермұхаммет, Сүлеймен сұлтандар кейін Кіші жүздің Шығыс бөлігінде тұрақтап, ел басқаруға араласты.
Кіші жүз тарихындағы жаңа кезең 1815 жылы Әбілғазы ханның қайтыс болуына байланысты, оның орнына ұлы Арынғазының хан сайлануымен басталды. Хан болып сайланғаннан кейін Арынғазы елдегі бірлік пен тыныштықты қалпына келтіру үшін ел ішіндегі тәртіпті нығайтып, ру арасындағы даулы мәселелерді шешіп, барымтаны тоқтатудан бастады.
1816 жылы көктемде Арынғазы хан бауыры Шерғазы Қайыпұлымен бірге Кіші жүз руларын өзара келістіріп, Орта жүздің беделді тұлғалары Мұса батырға, бауырлары Жұма, Хұсырау сұлтандарға хабар жіберіп, өзара кездесу ұйымдастырады. Сөйтіп 20-25 сәуір аралығында Ор өзені маңында Халықтық Кеңес ұйымдастырылады [22, с. 297-298].
1816 жылы тамызда Арынғазы, Шерғазы Қайыпұлы, Қаратай сұлтандардың Кіші жүздегі саяси мәселелерді бірлесіп шешуге ұмтылған Кеңесі Шерғазы ханның Орынбордан әскер алдыруына байланысты өз мақсатына жетпей тарап кетуіне әкелді. Осыдан соң Сыр бойына қайтқан Арынғазы қарамағындағы шектілерге қараша айында Хиуа ханы Мұхаммед Рахим шабуыл жасайды.
1817 жылы наурызда Орынбор губернаторы қызметіне П.К.Эссеннің келуі Арынғазының ел бірлігі жолындағы күресіне жаңа бағыт әкелді. Осы жылы тамыз айында Кіші және Орта жүздің 12 сұлтаны мен 120 би-батырлары П.К.Эссенге Шерғазы Айшуақұлының елде ешқандай тыныштық орната алмағанын әшкерелей келе, Арынғазыны хандыққа, Шерғазы Қайыпұлын аға сұлтандыққа бекітуге ұсыныс жасайды [22, с.302-319].
1817 жылы Орынбордағы сауда үйінде өткен кездесуде Шерғазы хан, Арынғазы, Қаратай сұлтандар өзара келісімге келді. Сауданы дамыту үшін Бұхар бағытындағы керуен жолын қорғау Арынғазыға, Хиуа бағыты Қаратайға тапсырылған. Арынғазы осы тұста тек Бұхарамен шектелмей, реті келсе Хиуамен де қатынасты реттеуге ұмтылған. Сол үшін 1817 жылы қарашада Үргеніш қаласына Хиуа ханымен кездесуге ағасы Шерғазы Қайыпұлын жіберген. Хиуа ханы болса Шерғазыны өзіне тартып, Арынғазыға қарсы қоюға әрекет жасаған еді. 1818 жылы маусымда Сыр бойында Бұхар керуенінің тоналуынан кейін Арынғазы Әбілғазыұлы мен Шерғазы Қайыпұлы арасында келіспеушіліктер басталып, оның арты Шерғазының Хиуаға кетуіне, Мұхаммед Рахим бекіткен Сыр бойындағы кейбір қазақ руларының ханы сайлануына әкелді [42, 19236-іс, 2 п.].
1819 жылы шілде-тамыз айларында Кіші және Орта жүз қазақтары Орынбор губернаторы алдына Арынғазыны Кіші жүз ханы етіп бекіту мәселесін қояды. Орынбор губернаторы П.К.Эссен мұны І Александр патшаға хабарлады.
Ал 1819 жылы желтоқсанда Санкт-Петербурге аттанған Кіші жүз ханы Шерғазы Айшуақұлы патша үкіметін Арынғазыға қарсы айдап салумен болды. 1820 жылы ақпанда Хиуа ханы Мұхаммед Рахимның Сыр бойындағы қазақ ауылдарына шабуыл жасауы Арынғазының Орынбор әкімшілігінен бірнеше мәрте көмек сұрауға мәжбүр етті. Алайда Хиуамен арадағы жағдайды шиеленістермеуді көздеген орыс үкіметі Арынғазыға әскери көмек бере алмады. Губернатордың көмек бере алмайтынын түсінген сәтте Арынғазы Санкт-Петербургке, патша сарайына баруға бел буды.
Арынғазының Ресейге сапары 1821 жылдың жазында жүзеге асты. Осыдан бастап Арынғазы тағдыры Ресей империясына тәуелді болды. 1822 жылдың басында Кіші жүздегі саяси жағдайларды талқылаған Азия комитеті Арынғазыны елге қайтармау туралы шешімге келген. Арынғазы мен Хиуа ханы Мұхаммед Рахим арасындағы жаулықтың салдары Азия бағытындағы өз саясатына кедергі келтіреді деп есептеген патша үкіметі Арынғазыны ақыры 1823 жылы Калугаға жер аударды. Сол тұста Кіші жүздің беделді сұлтан, би, батырлары Арынғазыны елге қайтару мәселесін бірнеше мәрте орыс үкіметі алдына қойғанымен, Орта Азияны отарлауды мақсат еткен Ресей империясы оған құлақ аспады.
«Батыс Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі өзгерістер және Қайып хан әулеті» атты үшінші тарауда хандық биліктің жойылуынан кейінгі Қайып хан ұрпақтарының бір бөлігінің өлкеде енгізілген орыстық басқару жүйесіне тартылуы және Хиуа хандығы бағытын ұстана отырып Кіші жүздегі орыс отарлауына қарсы күрескен Қайып хан ұрпақтарының қызметтері тың деректермен жаңаша талданады.
Арынғазының Калугаға жер аударылып елге қайтарылмауы, ал Шерғазы ханның елде тыныштық пен тәртіп орната алмауы Кіші жүзде дәстүрлі хандық басқару институтының одан әрі әлсірей түсуіне алып келді. Сөйтіп Кіші жүзде жоспарлы түрде жүргізілген Ресей империясының отарлау саясаты өз дегеніне жетті. 1824 жылғы патша реформасы нәтижесінде Кіші жүзде хандық басқару жүйесі жойылып, Орда Батыс, Орта, Шығыс бөліктерге бөлініп, оны билеуші сұлтандарға басқарту жүйесі енгізілді. Қайып хан ұрпақтары негізінен Шығыс және Орта бөлік жерінде тұрақтады. Оның үстіне Шығыс бөлікті Батыр, Қайып хан әулетінен шыққан билеуші сұлтандар басқарды. 1824-1828 жылдары аралығында Шығыс бөлікті Батыр хан немересі Жұма Құдаймендіұлы басқарды. Бұл кезде Шығыс бөлікте орын алған жағдайларға Жұма сұлтанды кінәлаған Орынбор әкімшілігі «Жұма сұлтанның жасының ұлғаюы мен ешқандай іс-әрекет жасамауы Шығыс бөлікті басқаруға зиян келтіреді» деген сылтаумен 1828 жылы 3 қазанда қызметінен босатады. Осыдан соң Жұма сұлтанның орнына Қайып хан немересі Жантөре Жиһангерұлы билеуші сұлтан болып тағайындалды. Кейін 1829 жылы мамырда Жантөре сұлтан Орынборда Шығыс бөліктің билеуші сұлтаны болып бекітілді [41, 3444-іс, 31-38, 88-89 п.].
Осы тұста Калугадағы Арынғазы жанынан елге оралған Жүсіп Сырымұлы Батыс бөлікте орыс үкіметіне қарсы қол жинаған. Сонымен бірге Орданың Шығыс бөлігінде де толқу болып оған Хиуа тұтқынындағы Қайып хан немересі Арду Әбілғазыұлының босап келуі әсер еткен. Осыдан соң Орынбор әкімшілігі 1831 жылы тамызда Аитовқа Шекті руындағы Арду сұлтан мен Төртқара руындағы Тәуке Қайыпұлы жөнінде толық мәлімет жинауды тапсырды [43]. Сөйтіп орыс үкіметі Қайып хан ұрпақтарын өз бақылауында ұстауға тырысты.
Орыс шекарасынан шалғай орналасқан Әлімұлы қазақтары арасындағы үкіметке деген қарсылықтардың орын алып, Ресей саясатын мойындамау Кіші жүздегі басқару жүйесіне өзгеріс енгізуге әкелді. Содан Орынбор губернаторы П.П.Сухтелен Сыр маңындағы қазақтарды басқару үшін 1832 жылы Орта бөліктің билеуші сұлтанына Қайып хан немересі Әпі (Әбілпейіз – Ж.И.) Жолбарысұлын көмекші етіп сайлады. Шекті, төртқара, шөмекей руларын басқарған Әбілпейіз сұлтанға сол тұстағы Кіші жүздің беделді би, батырлары сенім білдірген [41, 3875-іс, 9-14, 22-23 пп.; 43, 4834-іс, 3-4 пп.].
Кіші жүздің Шығыс бөлігінде орын алған рулар арасындағы барымта мен бейберекетсіздіктерге сол бөліктің билеуші сұлтаны Жантөре Жиһангерұлын кінәлі санаған Орынбор әкімшілігі ақыры 1835 жылы 18 қазанда сұлтанды қызметінен алып, оның орнына Шотай Бақтыгерейұлын (Абылай хан ұрпағы – Ж.И.) тағайындады [41, 4101-іс, 21, 25 пп.]. Осы Шотай сұлтанның Башеке есімді қызын өз ұлы Ахметке үйлендіру арқылы Жантөре сұлтан аталары Батыр хан мен Абылай хан кезіндегі құдандалықты әрі қарай жалғастырған. 1841 жылы 29 мамырда Шотай сұлтанның орнына Ахмет Жантөреұлы билеуші сұлтан болып сайланады. Оған көмекшілікке бауыры Мұхаммед сұлтан тағайындалады [41, 5155-іс, 1-9 пп.]. Бұл жылдары Қайып хан ұрпақтары Орта бөлікте де ел басқаруға тартылды. 1845 жылдың 11 шілдесінен бастап Мұхаммедқазы Арынғазыұлы Орта бөліктегі 28-ші дистанциясының бастығы қызметін атқарса, Аймұхаммед Арынғазыұлы кейіннен 29-шы дистанцияны басқарды. Ал Шығыс бөліктегі Қайып хан ұрпақтары Сүлеймен Жиһангерұлы 53-ші дистанцияны, Сермұхаммед Жиһангерұлы 21-ші дистанцияны, кейін 1858 жылы 8 қаңтардан бастап 21-ші дистанцияны Махмұт Жантөреұлы басқарумен көзге түсті.
1851 жылы 2 тамызда Ахмет сұлтанның қайтыс болуынан соң 1869 жылы 1 қаңтардағы жаңа ереженің енгізілуіне дейін Шығыс бөлікті Мұхаммед Жантөреұлы басқарды [43, 2589-іс, 1-2 пп.]. Сөйтіп патша үкіметінің 1868 жылғы ережесіне сай сұлтан билігінің жойылуына байланысты қазақ даласы дәстүрлі мемлекеттік сипатынан айырылды.
Кіші жүзде хандық биліктің жойылу кезінен бастап Қайып хан әулетінің бір бөлігі Ордадағы орыстық басқару жүйесіне тартылса, ал орыс шекарасынан шалғай жүздің оңтүстігіндегі Қайып хан ұрпақтары Орта Азия хандықтары бағытын ұстана отырып, Ресей саясатына қарсы шықты. Әсіресе Хиуа хандығына иек артқан Шерғазы Қайыпұлының ұрпақтары болатын. Өйткені 1819 жылы Шерғазы қайтыс болғаннан кейін оның орнына Хиуа ханы Мұхаммед Рахим Шерғазыұлы Жанғазыны (Мәненбай) Сыр бойындағы қазақ руларына хан сайлаған болатын. Сонымен Хиуа хандығына арқа сүйеген Жанғазы сұлтан Сырдария арқылы өткен керуендерді тоқтату арқылы өзінің Ресейге қарсылығын білдіріп отырды. 1824 жылы Бұхараға аттанған орыс керуені Мәненбай сұлтан басшылығымен тоқтатылды. Ал Орта Азиямен сауда қатынасына мүдделі болған Орынбор әкімшілігі оған өз бақылауын орнатуға ұмтылды. 1833 жылы жазда Жанғазы сұлтанның Қарақұмда Бұхар керуенін тоқтатуына байланысты Орынбор губернаторы В.А.Перовский Шекаралық комиссияға Жанғазы сұлтанды жақтастарымен бірге ұстауды бұйырып, оның төртқара, шекті, шөмекей қазақтарына «зиянды ықпалын» жоюды тапсырды [41, 4097-іс, 25-33 пп.].
Жалпы ХІХ ғасырда Кіші жүзде дәстүрлі хандық басқару жүйесінің жойылып, орыс отаршылыдығының кең қанат жая бастауы қазақ игілерінің бір бөлігінің Хиуаны пайдалану арқылы Ресей саясатына қарсы шығуына әкелді. Олардың қатарында көптеген Кіші жүздің беделді сұлтан, би, батырлары болды. 1839 жылғы В.А.Перовскийдің Хиуа жорығына белгілі қазақ азаматтары Қайыпқали Есімұлы, Жүсіп Сырымұлы, Есет Көтібарұлы т.б. сияқты Жанғазы сұлтан да қарсылық білдірді. Ол жөнінде 1839 жылы 29 қарашада В.Перовский Соғыс министрі мен Вице-канцлерге «Арал мен Сыр бойындағы қазақтардың ханы Жанғазы сұлтан өз әскерімен Аралдың шығыс жағындағы Қаратамақ шығанағына дейін барып, сол жерде Үстірт арқылы келе жатқан Аллақұл ханның өзімен қосылу керек болған. Олардың мақсаты – Шошқакөл жанындағы біздің тұраққа шабуыл жасау» деп жеткізді [18, Т.1, с.210-211]. Қараша айының ортасында басталған В.А.Перовский жорығы толық сәтсіздікке ұшырады.
1841 жылы Хиуаға орыс елшісі П.Никифоровтың келуіне байланысты Хиуада өткен құпия кеңеске қатысқан Жанғазы сұлтан «Ресей Сырдарияны ала-алмайды, өйткені ол әлсіз, әйел сияқты жай қимылдайды, оның үстіне Сырдария Жайықтан тым шалғай» дегенді алға тартып, Сырдарияны орыстарға беруге қарсылық білдірді [41, 5241-іс, 368-369 пп.].
1847 жылы орыстардың Сыр бойына аяқ басуы кезінде Жанғазы, Елекей, Бөрі сұлтандар, Есет батырлар Хиуа ханымен біріге отырып, Ресей саясатына қарсы шықты. Сол тұстағы орыс деректері Жанғазының хиуалықтармен бірге орыстың Райым бекінісіне соққы беруге қатысқанын жазады. Ал Қайып хан шөбересі Алтынғазы Нұрымұлы Жанқожа батыр жанында көзге түсті.
1852 жылы Хиуа ханының Маверліктерге жасаған жорығында Жанғазы сұлтан қаза тауып, Өмірғазы сұлтан ауыр жараланып қайтқан [44]. Осыдан соң Жанғазы орнына оның ұлы Алланазар сұлтан тағайындалады. 1855 жылы күзде Алланазар сұлтан Хиуа хандығынан қашып шығып елге оралғанымен, кейін Жанқожа батыр көтерілісіне қатысып, ол жеңіліске ұшыраған соң кері Хиуаға кеткен [41, 7159-іс, 6, 40 п.]. Алланазармен бірге Жанқожа қозғалысына Қайып хан ұрпақтары Өмірғазы, Бөрі сұлтандар да қатысты. Сол тұстағы деректер Бөрі сұлтанның Есет, Жанқожа батырлармен өзара тығыз қарым-қатынаста болып, бір-біріне қолдау көрсеткенін айғақтайды. 1859 жылы 17 қыркүйекте Орынбор губерния хатшысы өзінің құпия жазбасында «Осыдан азғана уақыт бұрын Жанқожаның шақыруы бойынша Бөрі сұлтан оған 20 түтінмен қосылды» деп мәлімдеді. Қайып хан немересі Бөрі Тәукеұлы бастапқыда Хиуаға, кейін Бұхара хандығына арқа сүйеу арқылы өлкедегі орыс саясатына қарсы күресті. Сырдария шебінің қолбасшысы генерал-лейтенант Дебудың 1861 жылы 23 тамыздағы құпия хабарынан Бөрі сұлтанның Бұхараға көшіп кеткені белгілі болды [41, 7755-іс, 45 п.].
Қорытындыда диссертацияның мазмұнынан туындайтын ойлар жүйеленіп, тұжырымдары нақтыланды.
ХVIII-XIX ғасырлардағы Қазақстанның батыс өңіріндегі тарихи тұлғалар арасында Батырұлы Қайып хан және оның әулетінің қоғамдық-саяси көзқарастарының қалыптасуы мен дамуы, елі үшін қызметі осындай қиын-қыстау кезеңде өрбіді. Сол тұстағы қалыптасқан жағдайға Қайып хан мен оның ұрпақтарының өзіндік көзқарасы, өзіндік дүние танымы болды. Әр тарихи тұлға халқы алдындағы міндетін өзінше түсінді, қабілеті жеткенше қызмет жасады. Қорыта келгенде, Қайып хан мен оның әулетінің тарихын зерттеп, ақтаңдақ беттерін анықтау арқылы ХVIII-XIX ғасырлардағы тарихымыз тағы бір жаңа қырынан сараланды.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ

1 Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 1999. – 296 б.
2 Қозыбаев М.Қ. «Өркениет және ұлт». – Алматы: «Сөздік», 2001. – 369 б.
3 Рычков П.И. Топография Оренбургской губернии. –Оренбург: Типография Б.Б.Бреслина, 1887. – 406 с.; Соныкі, История Оренбургская (1730-1750). – Оренбург: Типо-литография Ив. Ив. Евфимовского-Мировицкого, 1896. – 95 с.; Рычков Н.П. Дневные записки путешествия капитана Николая Рычкова в киргиз-кайсацкой степе 1771 году. СПб.: Имп АН, 1772. – 104 с.; Рычков П.И., Рычков Н.П. Капитан жазбалары. – Алматы: «Ана тілі», 1995. – 104 б.; Сиверс И. Письма из Сибири, Фальк И.П. Описание всех национальностей России. – Алматы: «Ғылым», 1999. – 136 с.; Андреев И.Г. Описание Средней Орды киргиз-кайсаков. – Алматы: «Ғылым», 1998. – 280 с.
4 Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких, орд и степей. – Алматы: «Санат», 1996. – 656 с.
5 Муравьев Н.Н. Путешествие в Туркмению и Хиву в 1819 и 1820 годах. – Москва: Типография Августа Семена, 1822. ч. І, – 182 с., ч. ІІ, – 145 с.; Мейендорф Е.К. Путешествие из Оренбурга в Бухару. – Москва: «Наука», 1975. – 180 с.; Данилевский Г.И. Описание Хивинского ханства. Записки ИРГО. Кн. V. СПб.: Типография МВД, 1851. – 358 с. (62-139).; Ханыков Я.В. Пояснительная записка к карте Аральского моря и Хивинского ханства, с их окрестностями. Записки ИРГО. Кн. V. СПб.: 1851. – 358 с. (268-358).
6 Вельяминов-Зернов В.В. Исторические известия о киргиз-кайсаках и сношениях России с Средней Азии со времени кончины Абулхаирхана (1748-1765). // Оренбургские губернские ведомости. 1753, № 4-48; 1754, № 27-39.; Григорьев В.В. Описание Хивинского ханства и дороги туда из Сарайчиковской крепости. – Оренбург, 1861. – 34 с.; Соныкі, Среднеазиатсие дела. – Москва: Типография Бахметева, 1865. –82 с.; Мейер Л. Киргизская степь Оренбургского ведомоства // Материалы для географии и статистики России. – СПб.: Тип. Э.Веймара и Ф.Персона, 1865. – 288 с.; Казанцев И. Описание киргиз-кайсак. СПб.: Тип. Товарищества «Общественная польза», 1867. –231 с.; Костенко Л. Средняя Азия и водворение в ней русской гражданственности. СПб.: Тип. В.Безобразова и комп., 1871. – 358 с.; Веселовский Н. Очерк историко-географических сведений о Хивинском ханстве от древнейших времен до настоящего. СПб.: Типография брат. Пантелеевых, 1877. – 364 с.
7 Макшеев А.И. Исторический обзор Туркестана и наступательного движения в него русских. – СПб.: Воен. типогр., 1890. – 380 с.; Лобысевич Ф.И. Поступательное движение в Среднюю Азию в торговом и дипломатическо-военном отношениях. СПб.: Тип. тов-ва «Общественная польза», 1900. – 205 с.; Соныкі, Киргизская степь Оренбургского ведомоства очерк. – Москва: Типо-лит. Т-ва И.Н.Кушнерев и Кº, 1891. – 41 с.; Витевский В.Н. И.И. Неплюев и Оренбургский край в прежнем его составе до 1758 г. т. ІІІ. – Казань: Типо-литог. В.М.Ключникова, 1897. – 974 с.; Крафт И.И. Сборник узаконений о киргизах степных областей. СПб.: Типо-лит. П.Н.Жаринова, 1898. – 358 с.
8 Добросмыслов А.И. Тургайская область. Исторический очерк. т. І-ІІІ. Тверь: Типо-лит. Н.М.Родионова, 1902. – 529 с.; Иванов И.С. К столетному юбилею Внутренней (Букеевской) киргиз-кайсацкой орды // Астраханской листок. 1901, № 42-141; Терентьев М.А. История завоевания Средней Азии. т. І, СПб.: Типо-лит. В.В.Комарова, 1903. – 510 с.; Жуковский С.В. Сношения России с Бухарой и Хивой за последнее трехсотлетие. – Петроград: Типо-лит. Н.И.Евстифеева, 1915. – 215 с.
9 Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений в пяти томах. т. 4. – Алма-Ата: Глав. редакция Казахской советской энциклопедии, 1985. – 463 с.; Халид Қ. Тауарих хамса (Бес тарих). – Алматы: Қазақстан, 1992.-304 б.; Құдайбердіұлы Ш. Түрік қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі. – Алматы: Қазақстан; Сана, 1991. – 80 б.
10 Досмұхамедұлы Х. Исатай-Махамбет. – Алматы: «Өлке», 1991. – 256 б.; Кемеңгерұлы Қ. Таңдамалы. – Алматы: «Өлке», 2002. – 240 б.; Шонанұлы Т. Жер тағдыры-ел тағдыры. 2 бас. – Алматы: «Санат», 1995. – 224 б.;
11 Рязанов А.Ф. Батыр Сырым Датов. // Советская Киргизия. 1924, №10; Соныкі, Сорок лет борьбы за национальную независимость казахского народа (1797-1838 гг.). – Кзыл-Орда: Общество изучения Казахстана, 1926. – 298 с.; Соныкі, Восстание Исатая Тайманова (1836-1838). – Алматы: «Алтын Орда», 1991. – 102 с.; Чулошников А.П. Очерки по истории Казах-киргизского народа в связи с общими историческими судьбами других тюркских племен. – Оренбург: Киргизское государственное издательство, 1924. – 294 с.; Бартольд В.В. История культурной жизни Туркестана. – Ленинград: Изд. АН ССР, 1927. – 256 с.; Асфендиаров С. История Казахстана (с древнейших времен). – Алма-Ата: «Қазақ университеті», 1998. – 304 с.; Тынышпаев М. История киргизского народа. – Алма-Ата: «Қазақ университеті», 1993. – 224 с.
12 Бекмаханов Е. Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында. –Алматы: «Санат», 1994.-416 б.; Вяткин М.П. Батыр Срым. -Алматы: «Санат»,1988.-344 с.
13 Аполлова Н.Г. Присоединение Казахстана к России. - Алма-Ата: Изд. АН Каз ССР, 1948. – 256 с.; Соныкі, Экономические и политические связи Казахстана с Россией в XVIII - начале XIX в. – Москва: АН Каз ССР, 1960. – 456 с.; Бекмаханов Е.Б. Присоединение Казахстана Казахстана к России. – Москва: Иэд. АН СССР, 1957. - 342 с.; Толыбеков С.Е. Кочевое общество казахов в XVII – начале XX века (политико-экономический анализ). – Алма-Ата: «Наука», 1971. – 634 с.; Зиманов С.З. Политический строй Казахстана конца XVIII и первой половины ХІХ веков. – Алма-Ата: «Наука», 1960. – 296 с.; Бекмаханова Н.Е. Легенда о невидимке (Участие казахов в Крестьянской войне под руководством Пугачева в 1773-1775 гг.). – Алма-Ата: «Казахстан», 1968. – 280 с.; Сабырханов А. Қазақстан мен Россияның XVIII ғасырдағы қарым-қатынасы. – Алматы: «Ғылым», 1970. – 140 б.; Сулейменов Б.С., Басин В.Я. Казахстан в составе Росси в XVIII – начале ХХ века. - Алма-Ата: «Наука», 1971. - 274 с.; Басин В.Я. Россия и Казахские ханства в XVI – XVIII вв. (Казахстан в системе внешней политики Российской империи). – Алма-Ата: «Наука», 1971. – 276 с.; Шоинбаев Т.Ж. Добровольное вхождение казахских земель в состав России. – Алма-Ата: Казахстан, 1982. – 279 с.; Касымбаев Ж.К. Под надежную защиту России. – Алма-Ата: «Казахстан», 1986. – 134 с.; Сулейменов Р.Б., Моисеев В.А. Из истории Казахстана (о внешней и внутренней политике Аблая). – Алма-Ата: «Наука», 1988. – 144 с.
14 Иванов П.П. Очерки по истории Средней Азии. – Москва: Изд. Восточной литературы, 1958. – 248 с.; Шалекенов У.Х. Казахи низовьев Амударьи. К истории взаимоотношений народов Каракалпаки в XVIII – XX вв. – Ташкент: «ФАН», 1966. – 366 с.; Камалов С.К. Каракалпаки в XVIII – ХІХ веках (к истории взаимоотношений с Россией и Среднеазиатскими ханствами). – Ташкент: «ФАН», 1968. – 328 с.; Халфин Н.А. Россия и ханства Средней Азии (первая половина ХІХ века). – Москва: «Наука», 1974. – 408 с.; Камалов С.К., Уббиниязов Ж.У., Кощанов А.К. Из истории взаимоотношений каракалпаков сдругими народами Средней Азии и Казахстана в XVII – начале ХХ вв. – Ташкент: «ФАН», 1988. – 108 с.
15 Қозыбаев М.Қ. Жауды шаптым ту байлап. – Алматы: «Қазақстан», 1994. – 192 б.; Соныкі, Казахстан на рубеже веков: размышления и поиски . В двух книгах. – Алматы: «Наука», 2000. – 1 кн. – 420 с., - 2 кн. – 380 с.; Нұрпейіс К. Алаш һәм Алашорда. – Алматы: «Атабек», 1995, - 256 б.; Алдамжар З.А. Тарих: пайым мен тағылым. – Алматы: «Арыс», 2002. – 288 б.; Есмагамбетов К.Л. Что писали о нас на Западе. – Алма-Ата: «Қазақ университеті», 1992. – 152 с.; Соныкі, Қазақтар шетел әдебиетінде. – Алматы: «Атамұра», 1994. – 240 б.; Соныкі, Азат рухтың күрескері. – Алматы: «Өркениет», 2003. – 176 б.; Кенжалиев И.Н. Исатай-Махамбет. – Алматы: «Қазақстан», 1991. – 192 б.; Қасымбаев Ж.Қ. Государственные деятели казахских ханств (XVIII в.). – Алматы: «Білім», 1999. – 288 с.; Соныкі, Хан Айшуак (1719-1810). Т. 2. Алматы: «Жеті жарғы», 2001. – 256 с.; Соныкі, Хан Жанторе (1759-1809). Т. 3. Алматы: «Білім», 2001. – 364 с.; Соныкі, Жангир хан (1801-1845). – Алматы: «Наш мир», 2001. – 352 с.; Соныкі, Кенесары хан. – Алматы: «Қазақстан», 1993. – 112 б.; Абдиров М. Ж. Завоевание Казахстана царской Россией и борьба казахского народа за независимимость (Из истории военно-казачьей колонизации края в конце XVI – ХХ вв.). – Астана: «Елорда», 2000. – 304 с.; Мадуанов С.М. Взаимоотношения казахов с другими соседними народами Центральной Азии в XVIII – начале ХХ вв. (политические и социально-экономические аспекты). – Алматы: «Білім», 1995. – 275 с.; Мәшімбаев С.М. Патшалық Ресейдің Қазақстандағы мемлекеттік басқару мекемелерінің тарихы. – Алматы: «Қазақ университеті», 2000. – 324 б.; Соныкі, Патшалық Ресейдің отарлық саясаты. – Алматы: «Санат», 1994. – 136 б.; Шалекенов М.У. Взаимоотношения народов Приаралья в XVIII-ХІХ вв. – Алматы: «Ғылым», 1995. – 168 с.; Артыкбаев Ж.О. Материалы к истории правящего дома казахов. – Алматы: «Ғылым», 2001. – 204 с.; Галиев В.З. Караванные тропы (Из истории общественной жизни Казахстана XVII-XІХ вв.). – Алматы: Атамұра, 1994. – 125 с.; Валиханов Э.Ж. Кенесары. – Москва: Молодая гвардия, 2004. – 232 с.; Ерофеева И.В. Хан Абулхаир: полководец, правитель и политик. – Алматы: «Санат», 1999. – 336 с.; Соныкі, Казахские ханы и ханские династия в XVIII – середине XIX в.в. // Культура и история Центральной Азии и Казахстана: проблемы и перспективы исследования. Материалы к Летнему Университету по истории и культуре Центральной Азии и Казахстана. Алматы: Издание Института философии МН-АН РК, 1997, - 46-144 с..; Соныкі, Родословные казахских ханов и кожа XVIII – XIX вв.(история, историография, источники). – Алматы: ТОО «Print-S», 2003. – 178 с.; Тулибаева Ж. Казахстан и Бухарское ханство в XVIII-первой половине ХІХ в. – Алматы: «Дайк-Пресс», 2001. – 156 с.; Абдуалиев А.Б. Взаимоотношения Казахстана и Хивинского ханства во второй половины XVIII – 60-е годы XIX вв. Автореф... д.и.н. – А., 2006. – 51 с.
16 Рысбеков Т.З. Өскен өлке тарихы. – Орал: Полиграфия, 1997. – 180 б.; Соныкі, Менің Қазақстаным. – Орал: БҚМУ типографиясы, 2002. – 164 б.; Рысбеков Т.З., Бірімжаров Б.Қ., Құрманалин С.Б., Жақсығалиев Ж.Ж. Батыс Қазақстан облысының тарихы. – Орал: Полиграфсервис, 2001. – 203 б.; Бірімжаров Б.Қ. Батыс Қазақстан тарихынан. – Орал: БҚМУ баспаханасы, 2002. – 155 б.; Сдыков М.Н. Население Западного Казахстана история формирования и развития (1897-1989 гг.). – Алматы: «Ғылым», 1995. – 220 с.; Мұқтар Ә.Қ. Азаттық таңы жолында. – Алматы: «Ғылым», 2001. – 258 б.; Харабалин Ғ.Е. ХІХ ғасырдағы Бөкей Ордасы. – Орал, 2004. – 248 б.; Ахметова Ұ. Арынғазы хан (1786-1833). - Ақтөбе: «А-Полиграфия» ЖШС, 2004. – 168 б.; Ахмет А. Қаратай хан. – Алматы: «Арыс», 2007. – 176 б.; Құрманалин С.Б. 1847-1858 жылдардағы Есет Көтібарұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс // Тарих ғылым. кандидаты... авторефераты. – Орал, 1999, 30 б.; Избасарова Г.Б. Казахско-башкирские отношения в XVIII веке (1701-1755 гг.) // Автореферат... к.и.н. – Алматы, 2000, 30 с.; Жақсығалиев Ж.Ж. Әбілқайыр ханның саяси мәмілегерлік қызметі // Тарих ғылым. кандидаты... авторефераты. – Орал, 2003, 30 б.; Қарамурзина А.Қ. Қайыпқали Есімұлының қоғамдық-саяси қызметі (1789- 1856 жж.) // Тарих ғылым. кандидаты... авторефераты. – Атырау, 2006, 30 б.
17 Архив государственного совета. Совет в царствование императрицы Екатерины ІІ-й (1768-1796 гг.). Т. І. Ч. ІІ. – СПб.: В типографии Второго Отделения Собственной Е.И.В. Канцелярии, 1869. – 932 с.
18 Серебренников А.Г. Сборник материалов для истории завоевания Туркестанского края. – Ташкент: Тип. шт. Туркес-го воен. округа, 1908. Т.1. – 243 с.; 1912. Т.3. – 142 с.; 1914. Т.5. – 321 с.; 1914. Т.6. – 295 с.; 1915. Т.7. -187 с.
19 Материалы по истории Каракалпаков. Сборник. Труды института Востоковедения. т. VII. – Москва-Ленинград: Изд. АН СССР, 1935. – 300 с.
20 Материалы по истории Башкирской АССР. ч. І. Москва – Ленинград: АН СССР, 1936. – 631 с.
21 Материалы по истории туркмен и Туркмении. т.ІІ. XVI-XIX вв. Иранскиее, бухарские и хивинские источники. М-Л: Изд.АН СССР, 1938.-700 с.
22 Материалы по истории Казахской ССР. Т.ІV. (1785-1828 гг.). – Москва-Ленинград: Изд. АН СССР, 1940. – 543 с.
23 Материалы по истории Казахской ССР. Т.ІІ. Ч.2. (1741-1751 гг.). – Алма-Ата: Изд. АН Каз ССР, 1948. – 457 с.
24 Материалы по истории политического строя Казахстана. Т.І. – Алма-Ата: Изд. АН Каз ССР, 1960. – 442 с.
25 Казахско-русские отношения в ХVI–XVIII веках (Сборник документов и материалов). –Алма-Ата: АН КазССР, 1961. – 744 с.
26 Казахско-русские отношения в ХVIII–XIХ веках (1771-1867 годы) (Сборник документов и материалов). – Алма-Ата: Наука, 1964. – 575 с.
27 Русско-туркменские отношения в ХVIIІ-ХІХ вв. (Сборник архивных документов). – Ашхабад: Изд. АН Туркменской ССР, 1963. – 585 с.
28 Материалы по истории Казахских ханств в XV – XVIII веков (Извлечения из персидсих и тюркских сочинений). – Алма-Ата: «Наука», 1969. – 652 с.
29 100 құжат (Қазақ хандығы мен Чиң империясы арасындағы қарым-қатынастарға байланысты құжаттар). – Алматы, «Санат», 1998. – 176 бет.
30 Национально – освободительная борьба казахского народа под предводительством Кенесары Касымова. – Алматы: Гылым, 1996. – 512 с.; История Букеевского ханства. 1801-1852 гг. Сборник документов и материалов. – Алматы: «Дайк-Пресс», 2002. – 1120 с.
31 История Казахстана в персидских источниках. Т.ІІ. ‘Абд ал-Кадир ибн Мухаммад-Амин. Маджма‘ ал-ансаб ва-л-ашджар. – Алматы: «Дайк-Пресс», 2005. – 692 с.
32 История Казахстана в русских источниках. Т.І-VІІІ. – Алматы: «Дайк-Пресс», 2005-2006.
33 РИССМ. 122-қор, 122/1-т., 1745, 3-іс, 135, 137, 142 пп.
34 РИССМ. 125-қор, 125/1-т., 1749-1752, 1-іс, 1. 19, 20 пп.
35 РФ ОрОММ. 3-қор, 1-т., 24-іс, 82-85, 93 пп.
36 РФ АОММ. 394-қ., 1-т.,1570-іс, 6-15 п.; РФ ОрОММ. 3-қ., 1-т., 30-іс, 35 п.
37 РИССМ. 122-қор, 122/3-т., 1775-1786, 2-іс, 119 п.
38 РМӘТМ. 52-қор, 1/194-т, 355-іс, 1-бөлім, 199 п.
39 РМКАМ. 10-қор, 3-т., 585-іс, 44-48, 52 п.
40 РМКАМ. 1239-қор, 3-т., 111-бөлім, 1795, 59118-іс, 20 п.
41 РФ ОрОММ. 6-қор, 10-т., 205-іс, 4-5 пп.
42 РМӘТМ. 846-қор, 16-т., 19209-іс, І бөлім, 110-115 пп.
43 ҚР ОММ. 4-қор, 1-т., 280-іс, 191-196 пп.
44 ӨР ОММ. И-715-қор, 1-т., 14-іс, 479 п.

Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



337.0 Kb
Категория: Ғылыми жұмыс | Добавил: Admin
Просмотров: 1883 | Загрузок: 270 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Наурызым қорығы (Қостанай облысы)
Асан Кайғы
Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі арасындағы қатынастар
Түмән ұлы Мүде қаған
Ахмет Байтұрсыновтың шығармалары
Діни экстремизм мен терроризм
Қазақ халқының әншілік-өнері.20 ғасырдағы атақты әншілер
Қастек Баянбаев
Байсерке күйші
Windows Commander программасының мінездемесі
Бетховен. Фортепианолык сонаталар
Дербес компьютерде іс-қағаздарын жүргізу
Жұбан Молдағалиев
Фотосинтез
Әке мұрасы және мұрагерлік құқы