Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 18.1.2018
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Ғылыми жұмыс

В категории работ: 94
Показано работ: 31-45

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
Ғаламдық жаһандану жағдайындағы жаңа қоғамда орын алған iрi экономикалық өзгерiстер мен технологиялық жетiстiктер – қоғам дамуының қозғаушы күшi болып табылатын бiлiм жүйесiне орасан ықпалын тигiзiп отыр. Әлемдiк қауымдастықтың бiртұтас бiлiм кеңiстiгiн қалыптастыруға бағытталған ортақ мүддеге барынша әрекеттенуi – жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сiңiрген саналы да парасатты тұлғаны тәрбиелеу қажеттiгiн алға тартып отыр.
Читать полностью

Категория: Ғылыми жұмыс

Орталық Азияның XVI ғасырдағы атақты тарихшысы, әдебиет майталманы Мұхаммед Хайдар Дулаттың (1499-1551) өмірі мен шығармашылығын зерттеу мен зерделеу әдебиеттану, тарих, философия, дінтану, лингвистика ғылымдары алдындағы үлкен міндет.
Мырза Хайдардың «Тарих-и Рашиди» еңбегінің құндылығы оның қазақ тарихы мен әдебиетін және мәдениетін өткен түркілік дәуірмен, исламдық тарихи кезеңмен сабақтастыра алуы болды.

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Шын дарын өз заманының шындығын шығарма арқауына айналдырып, халық көңіліне ұяласа, ол мәңгі өмір сүреді. Халық сеніміне ие болу, оның қас – қабағын бағып, көңілі қалағанын жырға түсіру, сыр ғып шерту келешектің жарқын сәулесімен нұрландыра түсуі сирек кездесетін бақыт. Оны Мұқағали ақынның поэзиясынан танып, көруге болады. Қазақ елінің тәуелсіздік алған кезеңінде Мұқағали Мақатаев мұрасына бұрынғыдан әлдеқайда басым жаңаша көзқарас қалыптасты, ақын мұраларын танудың жаңа бір кезеңі басталды. Ақын шығармаларына өзі дүниеден қайтқаннан кейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығы берілді.

Шын дарын өз заманының шындығын шығарма арқауына айналдырып, халық көңіліне ұяласа, ол мәңгі өмір сүреді. Халық сеніміне ие болу, оның қас – қабағын бағып, көңілі қалағанын жырға түсіру, сыр ғып шерту келешектің жарқын сәулесімен нұрландыра түсуі сирек кездесетін бақыт. Оны Мұқағали ақынның поэзиясынан танып, көруге болады.

Поэзия өнер мүлкі ретінде қыр-сыры мол жан-сезімнен тыс поэзия болмайды. Оның ішінде лирика тікелей сезімдік туынды екені мәлім. Алайда әр ақынның сол сезімді поэзияға өзек етуіндегі эстетикалық арсеналдары түрліше. Негізгі объект алдымен талант қырларында жатыр. Айту мәнері шабыт көзінде жатыр. Лирика – белгілі бір уақыт пен ортаның жемісі, сол орта мен уақыт перзентінің көңіл-күйі , жан тебірінісі. Оның бойындағы барша қасиет – қадірді нақты мезгіл рухы, дәуір мазмұны айқындамақ. Ендеше біздегі лирика – замандасымыздың рухани өмірінің, сезім әлемінің, ой дүниесінің көрікті сурет екені даусыз. Лирикадағы басты образ – лирикалық қаһарман.

Кез келген тілдің сөздік құрамы мен грамматикалық құрылымындағы көптеген құбылыстардың тарихи қалыптасуын ең алдымен көне дәуірден бері сақталып келе жатқан жазба әдеби ескерткіштердің тілдік деректерін жан-жақты зерттеу арқылы ғана анықтауға болады. Әдеби тілдің қалыптасу, даму тарихын жалпы халықтық тілмен, диалектілермен және көне жазба жадыхаттар тілімен байланыстыра зерттеудің маңызды екені тіл ғылымында белгілі ақиқат.

Жазба ескерткіш тіліндегі сөз тіркестерінің топтастырылуы. Түркітанудағы зерттеуші ғалымдардың сөз тіркесінің құрамы жайлы көзқарастары кейде бір-бірінен алшақ түсіп жатқандығы байқалады. Отандық түркітанушылар сөз тіркесіндегі басыңқы сыңар ретінде тек толық мағыналы сөздерді атайды. Сөз тіркесіне «синтаксистік қарым-қатынасты білдіру үшін кемінде толық мағыналы екі сөздің сабақтаса байланысқан тобы» - деген анықтама береді

«Қаланың сәулетті құрылыстары» деп аталатын бөлімде Отырардағы Бердібек сарайы, Арыстанбаб кесенесі, монша сипатталады. Бердібек сарайы құрамында болған мешіт пен оған қарсы орналасқан ғимарат ұзындығы 40 м, ені 1,3 м қабырғамен жалғанған. Екі ғимараттардың артқы қабырғалары арасының қашықтығы 72 м. Осыған қарап бұлар Орта Азия сәулет өнеріндегі «қос» деп аталатын құрылыстар кешені үлгісінде салынған. Қабаттардың стратиграфиясы, архитектуралық нақыш бөліктер, табылған заттар кешенді ХІV ғ. аяғы -ХV ғ. басына жатқызады.

Диссертациялық жұмыста Григорий Николаевич Потанин мен қазақ зиялылары арасындағы байланыс көрсетіліп, олардың шығармашық қызметі зерттелген. Тамыры терең бір-бірімен замандас болған зиялылар өкілдерінің саяси және рухани көзқарастарына тарихи талдау жасалады. Қазақ зиялыларының саяси қызметінде ерекше орны бар Алаш Орда тарихына да аттай 90 жыл толды. Ел тәуелсіздігін аңсаған Алаш арыстары қазақ халқының алдындағы өзінің азаматтық міндетін орындады. Олардың ұлттық идеясы әлі күнге дейін маңызын жойған жоқ.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағдыға қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеге лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады» - делінген.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағдыға қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеге лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады» - делінген. Елбасы қол қойған мемлекетік білім бағдарламасында жоғары білім мен ғылымды ұштастыра жүргізу жан-жақты айқындалған.

1946-1980 жж. кеңестік аграрлық саясаттың Қазақстандағы ерекшеліктері: экстенсивті бағдар және дағдарыс (Қазақстанның батыс өңірінің облыстарының материалдары негізінде)
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан егемен ел ретінде тәуелсіз өркениетті даму жолына түсіп, барлық ұлттық-рухани байлығымызды қайта жаңғыртқан тұста, елдің өткен тарихын жаңаша зерделеуге мүмкіндік берді. Өйткені еліміздегі тарихи мәселелерге деген методологиялық ұстаным, тұжырымдардың өзгеруі, шығармашылық ойлауға еркіндіктің берілуі, бұрынғы зерттеушілердің қолына тимеген көптеген құнды тарихи деректердің ғылыми айналымға тартылуы, т.б. жаңа мүмкіндіктерге жол ашты.

Тіл-тілдің сөз байлығы әрқашан мағына байлығымен астасып, тығыз байланыста болатыны белгілі. Сондықтан да лексикалық жүйенің дамуы жаңа сөздердің, терминдердің пайда болуы, өзге тілден енген лексикалық бірліктердің көлемі негізінде ғана жүзеге аспай, ол тілде бұрыннан бар сөздердің семантикасының дамуы, әр түрлі үстеме мағыналардың пайда болуы, тілдік бірліктердің ассоциативті-бейнелі әлеуетінің жүзеге асуы негізінде де көрініс табады.

Тіл-тілдің сөз байлығы әрқашан мағына байлығымен астасып, тығыз байланыста болатыны белгілі. Сондықтан да лексикалық жүйенің дамуы жаңа сөздердің, терминдердің пайда болуы, өзге тілден енген лексикалық бірліктердің көлемі негізінде ғана жүзеге аспай, ол тілде бұрыннан бар сөздердің семантикасының дамуы

Ғылыми пәндердегі терминдердің анықтамалары әдетте ұсынылатын терминдердің жинақтарында, нормативті терминологиялық басылымдарда келтіріледі. Стандарттар - техника мен өнеркәсіп салалары үшін жасалады. Ұлттық тілдің түсіндірме сөздіктеріндегі анықтамалар - әдеттегі, күнделікті қолданымдағы білім-білік үшін жасалады.

Загрузка...
Предыдущая 1 2 3 4 5 6 7 Следующая