Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
http://spectexnika59.ru/ колодезные кольца жби.
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Құқық, Қоғам, Криминалистика

«ТұранӘлемБанк» АҚ-ның экономикалық жағдайын талдау
Загрузка...
“ТұранӘлем” банкінің тұтынушылық несиелендіру бағдарламалары – бұл сіздің проблемаларыңызды шешудің ыңғайлы жолы және халықтың тұтыну тауарларын несиеге алу, әртүрлі қызметтердің ақысын төлеу, тұрғын үй, автокөлік және – өзге де құралдарды сатып алу үшін қажетті соманы оперативті түрде беру. Бұл үшін банкке көп құжат өткізудің қажеті жоқ, берілген құжаттар мұқият қаралған соң әрбір клиенттің өтініші бойынша шешім қабылданады. “ТұранӘлем” банкінің тұтынушылық несиелері – бұл ұзақ уақыт бойы ақша жинамай-ақ, өзіңіздің қалаған затыңызға жылдам қол жеткізуге мүмкіндік беретін қолайлы ұсыныс.
Қызмет көрсетудің артықшылықтары:
1. Қаржыландыру құнының төмендігі. Банк кешенді несиелендірудің әртүрлі схемаларын пайдалана отырып, клиенттердің пайыздық шығындарын тиімді жасауға ықпал етеді.
2. Пайыздық мөлшерлемелерді төмендету мүмкіндігі. Несие операциялары бойынша мөлшерлемелер рынок жағдайындағы өзгерістерге сәйкес белгіленеді және түзетіледі, сондай-ақ банк пен клиенттер арасындағы ынтымақтастықтың берік орнауына қарай төмендетілуі мүмкін.
3. Несиелендіру мерзімін ұзарту мүмкіндігі. Несие желілері аясында жобаларды қаржыландыру тек төмен пайыздық мөлшерлемелерді қолдануға ғана емес, сондай-ақ несиелендіру мерзімін 3 жылдан 5 жылға дейін ұзартуға мүмкіндік береді. Несие алуға берілген өтініштер жедел түрде қаралады. Банк қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін бар күшін салады, осының нәтижесінде жобаны сараптау жұмыстары тез арада жүзеге асырылады.
4. Несие алуға берілген өтініштер жедел түрде қаралады. Банк қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін бар күшін салады, осының нәтижесінде жобаны сараптау жұмыстары тез арада жүзеге асырылады.
5. Аймақтарды қаржыландыру. Біздің банкіміздің қызметтерін Республиканың барлық облыс орталықтарында пайдалануға болады. Банктің бүкіл Қазақстан бойынша тармақталған аймақтық филиалдары мен есеп айырысу-кассалық бөлімдері (ЕКБ), сондай-ақ шет елдерде де бірқатар өкілдіктері бар.
ТӘБ несиелендірудің келесі түрлерін ұсынады:
Тұран Әлем банкі өз уақыты мен жайлылықты бағалайтын клиенттеріне арналған Любимая"несие желісі" жаңа бағдарламасын ұсынады. Бұл несие желісін аша отырып, бір жолғы несиелеуге қарағанда көптеген артықшылықтарды пайдалана аласыз.
ТұранӘлем банкінің “Любимая” несие желісі – бұл Сіздің тұрмыс жағдайыңызды әп-сәтте жақсартудың ең дұрыс шешімі. Бір сөзбен айтқанда, әдемі өмір сүргіңіз келсе, ТұранӘлем банкі ұсынатын барлық мүмкіндіктерді пайдаланып көріңіз. Ақшаңызды айқын болашақ пен ауқатты өмір үшін жұмсаңыз. Осы орайда ТұранӘлем банкі Сізге қолдау көрсетеді, өйткені Банк үшін ең басты құндылық – бұл оның клиенттері!
"ТұранӘлем" банкі көп жылдар бойы жеке тұлғаларға арналған депозиттер рыногында алдыңғы қатарда келеді. Қаржы - қаражаттарыңызды орналастыру мерзімінің өзіңізге тиімді түрін таңдай алу мүмкіндігі Нақты таңдалған уақытта қаржыңыздың қозғалысын жоспарлауға көмек береді. "ТұранӘлем" банкі Қазақстан Республикасы аумағында есеп айырысу-кассалық бөлімшелердің кең желісіне ие, бұл бөлімшелердің кез келгенінде депозит рәсімдеуге болады. Сондықтан, депозит рәсімдеу үшін үйіңізден алысқа ұзаудың қажеті жоқ. ТӘБ филиалдық желісінің тағы да бір
ерекшелігі - кез келген жақын жерде орналасқан есеп айырысу-кассалық бөлімшесінде (нақты бір ЕКБ-де ғана емес) депозитт ашуға да, жабуға да болады.
Клиенттерге ұсынылған ссуда бойынша сыйақы 2006 жылда банк табыстарының негізгі бабы болып табылады. Есеп беру жылында банктің осы қызметінен түскен табыстардың сомасы 2005 жылмен салыстырғанда 49,4 %-ке ұлғайды. Процетті алумен байланысты емес табыстар банктің бүкіл табыстарының 14%-н құрады. 2006 жылы банк табыстарының жалпы көлемінде 18%-ті құрай отырып, комиссиондық табыстар 37,9%-ке өсті және де бұл клиенттік базаның өсу динамикасын көрсетіп тұр.
Банк шығындарының жалпы көлеміндегі үлкен үлесті (37%) процентік шығындар иеленіп отыр. Бұл шығындар несиелік мекемелердің және клиенттердің банк міндеттемелеріндегі қаражаттар үлесінің ұлғаюымен себепші болып отыр. Проценттік табыстардың проценттік шығындардан 1,9 млрд. теңгеге дейін ұлғаюы банктің жемісті жұмысын растап отыр.Сыйақыны алумен байланысты таза табыстың пайдаға ықпалы өте зор. Сыйақыны алумен байланысты таза табыстың көлемі 2005 жылмен салыстырғанда 57,6% -ке өсті. Банктің проценттік емес табыстарының құрамында үлесі жоғары көрсеткіштер: қызмет көрсеткені үшін төлем, төлемдерді аудару, комиссиондық жинақтар және қаржы операциялардан табыс. Бұл операциялардың құрамына бағалы қағаздарды, асыл металдарды және шетел валютасын сатып алу-сату бойынша табыстар кіреді.
Банктің клиенттермен өзара қатынастарының келешекте дамуы барлық клиент сегментін мұқият зерттеуін талап етеді. Осы мақсатта банк мамандары қаржы нарығының тұтынушылық талғамдарын және даму тенденцияларын күрделі зерттеуін жүргізу шараларын қолданады. Осы зерттеулердің нәтижелері банктің ұзақмерзімді клиенттік саясатының негізін құрамақ. Оның ішіндегі маңызды принциптерінің бірі «банк-клиентке» қатысты серіктестік жағдайларын және өзара тиімділікті құру
болып табылады. Бұндай қатынастарды құрудың инструменттеріне тарифтік саясатты жетілдіру және де сатуды ынталандыру және қолдау бағдарламаларын құру және іске асыру кіретін болады; осы шаралардың кешені банктің клиенттік менеджерлерінің құрамын күшейтуге, олардың білімдерін және мотивация деңгейін жоғарлатуға бағытталған.2007 жылғы 01 сәуірдегі жағдай бойынша ТұранӘлем банкінің активтері жыл басынан бері 18,5 пайызға өсіп, 19,4 млрд. долларды құрады, нәтижесінде активтер бойынша ТӘБ-нің нарықтағы үлесі 24,6 пайызды құрады. Негізгі көрсеткіштер 2007 жылдың 1-тоқсанының соңында активтердегі үлесі 66,5 пайызды құраған банктің несиелік портфелінің өсуімен байланысты. 1- тоқсанның соңында шағын, орта бизнес және бөлшек саудаға берілген несиелер барлық несие портфелінің шамамен 40 пайызын құрады.
2007 жылғы 01 сәуірде таза пайда 103 млн. долларды құрады, бұл өткен жылдың осы мерзіміндегі көрсеткіштен 1,9 есеге өскенін көрсетеді және пайданың 65 пайызынан тұрады, сыйақы мен комиссия бойынша – 15%, сондай-ақ қазынашылықтың саудалық мәмілесі бойынша -20%-ды құрайды. ROAA 2,17%б, ROE 24% және сost to income 27,6%-ды құрайды.
1-тоқсанда депозиттер көлемі 23,1%-ға өсті. Депозиттер қорландыруды 26,4 пайыз активтермен қамтамасыз етті. 2007 жылдың 1 тоқсанының соңында міндеттемедегі жеке тұлғалар депозиттерінің үлесі 21,1 %-ды , заңды тұлғалар депозиттерінің үлесі 15,5 %-ды құрады. Осылайша ТӘБ депозиттік қорының өсу қарқыны ЕДБ депозиттік қорының өсу қарқынынан 3 пайызға асып түсті.
Халықаралық нарықтардан капитал тарту әлі де болса банк қорының өсуінің негізгі көзі болып табылады. Банк жыл басында жария етілген халықаралық нарықтардан қаржы тарту жоспарын әрі қарай жалғастырады. Аталған жоспарға сәйкес банк жалпы сомасы 2 млрд. долларды құрайтын еурооблигациялар шығару және синдикатталған несиелер арқылы ашық түрде қаржы тартпақ ниетте.
2.2. «ТұранӘлемБанк» АҚ-ның активті және пассивті операцияларын талдау.
2005 жылдың 1 наурызына қарай банктік сектордың жиынтық есептік меншікті капиталы 1 айда 606 млрд. теңгеге немесе 1,9%-ке ұлғайып, 361,3 млрд теңгені құрды. Банктердің жиынтық активтері 164,1 млрд. теңгеге дейін жетті. Капитал адекваттылығының көрсеткіштері есеп беру кезеңіне К1 – 0,093; К2 – 0,158 құрған болатын (01.02.05 күніндегі жағдай бойынша: К1 – 0,097; К2 – 0,162).
Банктердің ссудалық портфелі (банкаралық заемдарды ескере отырып) 1 айда 56,5 млрд. теңгеге өсіп (3,1%), 1869,4 млрд. теңгеге дейін жетті. 2005 жылдың 1 наурыздағы жағдай бойынша банктердің несиелік портфелінің құрылымында стандартты несиелердің үлесі 57,9%, күдікті – 38,8%, сенімсіз – 3,3% құрады. 2005 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша стандартты несиелердің үлесі 56,2%, күдікті – 40,9%, сенімсіз – 2,9% құраған болатын.
Заңды және жеке тұлғалардан тартылған салымдардың жалпы сомасы (банктер мен халықаралық қаржы ұйымдарынан басқа) 8,4%-ке ұлғайып, 4713,6 млрд. теңгені құрады. Соның ішінде заңды тұлғалардың салымдары 80,5%-ке ұлғайып, 1253,9 млрд. теңгені құрады, жеке тұлғалардың салымдары 3,0%-ке өсіп, 459,7 млрд. теңгені құрады.
Екінші деңгейдегі банктер табыстарының жалпы сомасы 2005 жылдың 1 наурызына өткен жылдағы тура сол кезеңімен салыстырғанда 25,8%-ке ұлғайып, 60,9 млрд. теңгені құрады. Шығындар сомасы өткен жылдағы тура сол кезеңімен салыстырғанда 31,7%-ке өсіп, 55,2 млрд. теңгені құрады. Банктердің бөлінбеген таза табыстары 5,7 млрд. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдағы тура сол кезеңіндегі көрсеткіштен 12,3%-ке төмен болып тұр.
Есеп беру кезеңінде 14 банк мәжбүрлі тарату процесінде орын алып отыр.
Жалпы банк жүйесіндегі депозиттер өсімінің тенденциясын 1 – 2 қосымшалардан байқауға болады.
Ал енді «ТұранӘлемБанктің» шаруашылық қызметінің көрсеткіштеріне сипаттама берейік.
"ТұранӘлемБанкі" АҚ қызметінің басты бағыттарының бірі заңды тұлғаларды қаржыландыру (несиелендіру) болып табылады. Біз өз қаражаттарымызбен, сондай-ақ шетелдік несие желілерін тартумен қысқа мерзімді қаржыландыруды, орта және ұзақ мерзімді қаржыландыруды жүзеге асырамыз. Қандай да бір жобаны уақтылы қаржыландыру оның іске асуына себеп болады, ал егер қаражат қарастырылмаған жағдайда тамаша жобалар тек қағаз бетінде ғана қалып қояды.
«ТұранӘлемБанк» соңғы жылдары қарқынды даму үстінде. Валюта балансы 2005 жылы 58 млрд. теңгеден 2006 жылы 95,4 млрд. теңгеге дейін өсті. Бұл жағдай банкті көптеген көрсеткіштер бойынша Қазақстанның банктік қызметтер нарығында 4-ші позициямен қамтамасыз етіп отыр.
Коммерциялық ссудалардың өсім қарқыны баяулады (2005ж. – 59,7%, 2006ж. – 63,4%), бірақ баланс валютасындағы олардың үлесі салыстырмалы түрде қалып отыр және орналастыру құралдырының арасында жоғары үлес салмаққа ие болып отыр.
Халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтастықтың шеңберінде банктердің және қаржы мекемелерінің алдындағы міндеттемелерінің құрамында – 92,0 млн. АҚШ доллар сомада 2 синдицирленген займ (2005 жылдың маусымында және қазан айында 1 жыл мерзімге тиімді жағдайларда алынған).
2005 жылдың басында банк 2007 жылда өтеу мерзімімен субординирленген облигацияларды, 2006 жылдың желтоқсанында 5 жыл айналым мерзімімен ішкі теңгелік облигацияларды шығарған болатын. Бұл банкке өзінің пассивтерінің құрамында клиенттерді несиелеудің көзі болып табылатын ұзақ мерзімді қаражаттардың үлесін ұлғайтуға мүмкіндік берді.

1-сурет. Жылдар бойынша активтер өсімінің динамикасы (мың. тг.)
Клиенттерге ұсынылған ссуда бойынша сыйақы 2006 жылда банк табыстарының негізгі бабы болып табылады. Есеп беру жылында банктің осы қызметінен түскен табыстардың сомасы 2005 жылмен салыстырғанда 49,4 %-ке ұлғайды. Процетті алумен байланысты емес табыстар банктің бүкіл табыстарының 14%-н құрады. 2006 жылы банк табыстарының жалпы көлемінде 18%-ті құрай отырып, комиссиондық табыстар 37,9%-ке өсті және де бұл клиенттік базаның өсу динамикасын көрсетіп тұр.
2003 жылы ЕБРР Банкпен акционерлік капиталға қатысу жөнінде Келісімге қол қойды және одан әрі Банк шығарған 15% жай акцияны сатып алды.
Банк стратегиясы өзіне көшбасшы банк позициясын және қаржылық қызметтер провайдері (жеткізушісі) позициясын ұстануды кіргізеді.
- 22 -
Осы стратегияны жүзеге асыру үшін банк мыналарға жұмылдырылмақ:
• Банктік қызметтерді кеңейту.
Сондай-ақ, банк өз қызметтерінің ауқымын кеңейтуге көңіл бөледі. Банк өзінің корпоративтік клиенттік базасын кеңейте және несие (ссуда) қоржынының сапасын жақсарта бермек.
• Ақпараттық басқару жүйесі мен операциялық тиімділікті жақсарту.
Банк операциялық тиімділікті адамзат ресурстары мен ақпараттық технологияларға ұйымдық қайта құрылымдау және инвестициялар жолымен жақсартуға жұмыс істеді. Банк жетекші ақпараттық жүйелерді енгізуді жалғастыра бермек.
Талдау банк қызметін толық бағалау үшін жасалынады. Талдаудың материалдары банктің дамуында артықшылықтар мен кемшіліктерді, жоғалтуларды, пайдаланбаған резервтерді, жоспарлауда кемшіліктерді табуға көмектеседі. Банктің жарғылық қызметі ортақ ақша өлшеуіште көрсетіледі және негізгі және айналымдағы құралдар, тартылған құралдар, банктің жарғылық қызметті орындағанда пайда болатын процестер және қаржылық нәтижелер болып табылады.
Өзіндік және тартылған құралдар банктік құралдардың ресерстарына жатады. Жарғылық капитал - банк құрылған кезде салынған акционерлердің құралдары немесе құрылтайшылардың жаңа салымдары, ол жаңа құрылтайшыларды алғанда және акцияларды шығарғанда көбею мүмкін. «ТұранӘлемБанк» АҚ-ның жарғылық капиталы 1.01.2007ж-117,498,432 мың теңгеге тең. Резервтік қор шығыстарды, шығындарды, күтілмеген төлемдерді және есептелмеген төлемдерді жабу үшін құрылады. «ТұранӘлемБанк» АҚ-да резервтік қордың мөлшері 1.07.2007ж. 2,634,384 мың теңге. Арнайы қор - тозу түрінде банк шығыстарға қосылған бұрын алынған негізгі қорларға және құндылығы аз және тез тозатын құралдарға қалпына келтірілген шығындардың соммалары. Банк қызметінің қаржылық нәтижелері пайда мен шығындардың құрамын бақылауға мүмкіндік береді және де пайдаға немесе шығындар құрамына бірден қатысатын шығыстар мен табыстарды бақылауға мүмкіндік береді.
Банктің экономикалық қызметі өте кең, сондықтан банктің қызметін басқару стратегиясын біз активтер мен пасситерді басқару стратегиясы ретінде қарастырамыз. Активтерді басқару - өзіндік құралдарды таратудың жолдары және тәртібі, яғни ақшаға, инвестицияларға, ссудаларға және басқа активтерге реттеу. Құралдарды тарату кезінде банк алдында өтімділік және пайдалылық арасында дау - жанжалдарды шешу міндеті тұрады. Бұл мәселені шешу үшін активтерді басқарудың 3 әдісі бар:
- Құралдардың жалпы қордың әдісі
- Активтерді тарату және құралдарды конверсиялау
- Ғылыми басқару;
Пассивтерді басқару кең мағынада салымшылардың және басқа несие алушылардың құралдарын пайдаланумен байланысты және банк үшін құралдардың қайнар көздердің сәйкес қиыстыруын анықтаумен байланысты қызмет болып табылады, ал тар мағынада – баланстың өтімділігін ұстауына, нарықта несиелік ресурстардың мобилизациясын ұстауына бағытталған қызмет. Пассивтерді басқару кезінде банктер тартылған құралдардың шығыстарын азайтатын қайнар көздерін пайдалануға ұмтылу қажет, өйткені бұл банкте пайданы және капиталды өсіру үшін көп жаңа құралдарды пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар банкте жоғары табысты активтерді ұстау үшін құралдардың қалаулы тұрақтылық деңгейін қамтамасыз ете алатын депозиттер, зайымдық құралдар және капитал өлшемдердің арасында банк оңтайлы қатынасты таңдау қажет.
Несиелік ресурстар нарығында Ұлттық Банк Өкіметке және екінші деңгейлі банктермен берілетін несиелерге шектер орнатады, бұл арқылы коммерциялық банктердің пассивтердің қалыптасуына ықпал етеді.
Макроэкономикалық деңгейде қазір бар маңызды мәселелер банктің тұрақты жағдайына кедергі жасап отыр. Бірақ біздің банктердің көптеген мәселелері тек қана экономикалық жағдайдың қиын болу себебінен болмайды: олардың пайда болуының негізгі себебі – банктік стратегияны және тактиканы жүзеге асыруға байланысты басқаруда маңызды қате есептеу.
Сонымен, нарықтық жағдайда банкті тиімді басқару үшін әр түрлі жоспарлы аналитикалық жұмыстың маңызды көлемін жасау қажет.
Талдау қадамдардың ең маңыздысы өтімділікті талдау болып табылады. Баланстың өтімділігін талдаудың тәжірибелік мақсаты – бұл ақша-қаражаттарға сұранысты қанағаттандыру үшін қажет өтімділік құралдарға қажеттіліктерді алдын ала анықтау.
Енді «ТұранӘлемБанк» АҚ-ның балансын талдауға көшейік. Басқа банктерде сияқты, баланстың өтімділігін талдау коэфиценттер әдісімен жасалынады. Ағымды өтімділіктің коэфиценті:
Кө=__АӨ_
М
Кө=_224981______= 0,9 1.04.2004 жылға
1663574000
1.07.2005 жылға
Кө=___320047000______= 0,32
166357400

2-сурет. Клиенттер санының динамикасы
«ТұранӘлемБанк» АҚ-да ағымды өтімділікте өтімділі активтердің және міндеттемелердің өсуі ықпал етті. Негізгі кезеңмен салыстырғанда өтімділі активтер 2,6 –ға өсті, ал міндеттемелер – 1,02-ге өсті, нәтижеснде ағымдық өтімділік 1,68 –ге өсті. Өтімділік деңгейіне кассада ақша құралдардың тез өсуі ықпал етті. «ТұранӘлемБанк» банкте 1.07.2005 жылда 4 % ақша құралдар болып табылады, ал басқа активтер және бағалы қағаздар, 96% банкке табыс әкеледі. Сонымен, берілген құралымды оңтайлы деп айтуға болмайды.
Банктік жағдайды толық бағалау үшін лезде өтімділік коэфиценті пайдаланылады.
Каө= __Аө_
Об. М
Каө =__224981+258448+497005____=____980434_____=0,5
1669209+0287761 1956970
Каө =____220047+661015+772768____= ___1653930___= 0,84
1663574+0+289989 1953563
Осы жердегі мағына мынандай болып отыр: бұндай міндеттемелер бір кезде пайда болса, онда банк клиенттермен есептесе ала ма. «ТұранӘлемБанк» 1.01.2004 жылда 0,5 коэфицнеті болды, яғни егер клиент бір күнде өзінің барлық құралдарын тартып алатын болса, онда банк өзінің клиенттіердің 50%-мен есептесе алмайды, ал 1.01.2005 жылда 0,84-84% - мен пайызымен есептесе алмайды. Бірақ тәжірибеде ондай бола алмайды, егер банк толығымен банкрот болса ғана.
Бұл ұзақмерзімді коэфицент жоғары еместігін көрсетеді, яғни банк займшыларға ұзақмерзімді несиелерді аз береді.
Бұл Қазақстан экономикасының кризистік жағдаймен шартталған; мемлекетте әлі тұрақты қаржылық жағдайы бар сенімді займшылар жоқ.
Осы берілгендерге сүйене отырып, мынандай қорытынды жасауға болады: банк қарыз алудың сыртқы қайнар көздерді пайдаланбайды. Оның
ұлттық банк алдында қарыз үлесі төмен. Өйткені банкте өзінің ресурстары көп, көп артық активтер бар. Сонымен қатар оның өзінің активті операцияларды, әсіресе жоғары табысты, кеңейту үшін көп мүмкіндіктер бар. Ол активтерді одан да көп диверсификациялау және үлкен табыстарды әкелетін клиенттерге белсенді қызмет көрсетулерді кеңейту қажет.
Осыны қорытындылай келсек коммерциялық банктердің өтімділіктің талдаудың маңызды қызметтерін анықтауға болады.
«ТұранӘлемБанк» АҚ Ұлттық Банкке өзінің қызметі туралы анықталған түрде кварталдық және жылдық есеп беруге міндетті:
- жаңа жылдың бірінші күніне жылдық баланс;
АҚ «ТұранӘлемБанк» резервтік қор – 6999.
- тәуекелді имитирлеу, бір займшыға тәуекелдің максималды өлшемі, ол несие бойынша банк міндеттемелердің соммалардың банк капиталына қатынасы. Оның максималды мағынасы 0,5-тен 1-ге дейін.
К=___2453193____=0,38
79422596
1. Жеке баланстық есеплердің құрамын анықтау:
- Кварталдық баланс
- Валюталық операциялар бойынша есеп
Шығарылған есептеулер бойынша «ТұарнӘлемБанк» АҚ өтімділі болғаны көрініп тұр, яғни төлемқабылетті, сәйкесінше банктің тартылған құралдар клиенттер алдында ұзақ мерзімді міндеттерді орындай алады. Тиімді перспективамен негізгі өтімділіктің коэфиценті бойынша банк қызметі сипатталады, бұл экономикасының нақты секторында несиелендіру бойынша банкті активизациялау мүмкіндігі туралы күәландырады. Өтімділіктіің берілген көрсеткіштері оған халыққа қымет көрсетулерді және операциялардың түрлерін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Өзіндік құралдарды талдаған кезде статистикада ғана емес динамикада да оларды талдау керек, бұл баланс қызметті олардың
қызметінің масштабтарын кеңейту сияқты сипттауға мүмкіндік береді, және де басқа банктерде өсу қарқынмен салыстырып, өзіндік құралдардың өсу қарқынымен бағалауға мүмкіндік беріледі. Көрсеткіштерді есептеу өте маңызды, «ТұранӘлемБанк» АҚ-ның жарғылық капиталдың динамикасы туралы берілгендерді көрсетейік.

3-Сурет. Жарғылық капиталдың динамикасы
У-жарғылық капиталдың өлшемі (мың теңге)
Х-жылдар (кезеңдер)
Берілгендерді талдау капиталдың жылдан жылға өсіп келетінін көрсетіп тұрады. Осы банкте жарғылық капиталдың өсу тенденциясы барлық тұрақты банктерге тән. Банк сенімділікке және тұрақтылыққа жету мақсатында табысты активті операцияларды көбейту мумкіндігін алу үшін капиталды көбейтуге ұмтылады. Сәйкесінше банк табысты капиталсалымдар үшін ресурстық базаны кеңейтуге ұмтылады.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Құқық, Қоғам, Криминалистика | Добавил: Admin
Просмотров: 1450 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
АУДАРМА
Ғарифолла Құрманғалиев
Мүсірепов Ғабит Махмұтұлы
Халық ауыз əдебиеті
Франция мемлекеті
Бетховен. Фортепианолык сонаталар
Паскаль програмдау тілінің қайталау командалары
Жұмабаев Мағжан Бекенұлы
Жасуша теориясының негізгі қағидалары
Көктүріктер мемлекетінің іргесін қалаған тайпалардың жүйесі
Шәңгерей Бөкеев
Қазанғап күйші
ЖИТС-тің жұғу көздері және жұғу жолдары
Қазақ халық аспаптар оркестрін ұйымдастыру
Отбасы түрлері