Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Құқық, Қоғам, Криминалистика

Сот отырысындағы тәртіп
Загрузка...
Судья сот отырысы залына кірген кезде залдағы барлық қатысушылар орындарынан тұрады. Іс шешім шығарусыз аяқталатын сот шешімін немесе сот ұйғарымын сот отырысы залындағы жұрттың барлығы түрегеп тұрып тыңдайды.
Процеске қатысушылар судьяға түрегеп тұрып жүгінеді және өздерінің айғақтары мен түсініктемелерін айтады. Осы ережені орындамауға төрағалық етушінің рұқсатымен ғана жол берілуі мүмкін.
Процеске қатысушылар, сондай-ақ сот отырысы залындағы барлық азаматтар белгіленген тәртіпті сақтауға міндетті.

2.1 Сот отырысында тәртіп бұзушыларға қолданылатын шаралар
Істі қарау кезінде тәртіп бұзған адамға төрағалық етуші соттың атынан ескерту жасайды.
Тәртіпті қайталап бұзған кезде іске қатысушы адам сот ұйғарымы бойынша сотта іс қараудың барлық уақытына немесе оның бір бөлігіне сот отырысы залынан шығарылып жіберілуі мүмкін. Соңғы жағдайда төрағалық етуші отырыс залына қайта жіберілген адамды ол жоқ кезде жасалған іс жүргізу әрекеттерімен таныстарады.
Іске қатыспайтын және істі қарау кезінде қатысушы аэаматтар тәртіпті қайталап бұзғаны үшін төрағалық етушінің өкімімен отырыс залынан шығарылып жіберіледі.
Сот отырысында тәртіп бұзуға кінәлі адамдарға сот әкімшілік құқық бұзушылық туралы заң актілерінде белгіленген тәргіппен тікелей сотта іс қарау барысында әкімшілік жаза белгілеуге құқылы.
Егер сот отырысыңда тәртіп бұзушының іс-әрекетінде қылмыс белгілері болса, сот тәртіп бұзушыға қатысты қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шепіу үшін материалдарды, бұл туралы прокурорға хабарлай отырып, тиісті анықтау немесе алдын ала тергеу органына жібереді.
Істі қарау барысында оған қатысушы азаматтар жаппай тәртіп бұзған : кезде сот іске қатыспайтын азаматтардың барлығын сот отырысы залынан шығарып, істі жабық отырыста қарауы немесе істі қарауды кейінге қалдыруы мүмкін.

Сот отырысын ашу
Істі қарау үшін белгіленген уақытта төрағалық етуші сот отырысын ашады және қандай азаматтық іс қаралуға тиіс екенін жария етеді.
Процеске қатысушылардың келуін тексеру
Сот отырысының хатшысы осы іс бойынша шақырылған адамдардан кімнің келгенін, келмеген адамдарға хабар берілген-берілмегенін және олардың келмеу себептері туралы қандай мәліметтердің бар екенін сотқа баяндайды.
Төрағалық етуші келгендердің кім екенін анықтайды, сондай-ақ лауазымды адамдар мен өкілдердің өкілеттіктерін тексереді.

Аудармашыға оның міндеттерін тусіндіру
Төрағалықетуші аудармашыға оның сот жүргізіліп отырған тілді білмейтІн адамдардың түсіндірмелерін, айғақтарын, мәлімдемелерін, ал бұл адамдарға іске қатысушы адамдар мен куәлардың түсіндірмелерінің, айғақтарының, мәлімдемелерінің, жария етілетін және істе бар құаттардың, дыбыс жазбалардың, сарапшылар қорытындыларының, мамандар консультацияларының, сондай-ақ судья өкімдерінің, сот қаулылары мен шешімдерінің мазмүнын аудару міндетін түсіндіреді.
Төрағалық етуші аудармашыға көрінеу дүрыс аударма жасамағаны үшін Қазақстан Республикасының Қьшмыстық кодексінде көзделген жауапкершілік жөнінде ескертеді. Аудармашының бұ туралы қолхаты сот отырысының хаттамасына қоса тіркеледі. Аудармашы сотқа келуден немесе өз мінедеттерін орындаудан жалтарған жағдайда оған әкімшілік құық бұзушылық туралы заңарға сәйкес әкімшілік жаза белгіленуі мүмкін.

2.2 Куәларды сот отырысы залынан шығару
Келген куәлар сот отырысы залынан шығарылады. Төрағалық еуші жауап алынған куәлардың жауап алынбаған куәлармен сөйлеспеуіне шаралар қолданады.
Сот құрамын жария ету және қарсылық білдіру құқығын түсіндіру
Төрағалық етуші сот қүрамын жария етеді, прокурор, сарапшы, маман, сот отырысының хатшысы, сот приставы ретінде кімдердің қатысатынын хабарлайды және іске қатысушы адамдарға олардың қарсылық білдіру құқығын түсіндіреді.
Қарсылық білдіру үшін негіздер, мәлімденген қарсылықты шешу тәртібі және осындай мәлімдеулерді қанағаттандыру салдарлары осы Кодекстің 40-43-баптарымен айқындалады.

Іске қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен
міндеттерін түсіндіру
Төрағалық етуші іске қатысушы адамдарға және өкілдерге олардың іс жүргізу Құқықтары мен міндеттерін, соның ішінде тараптарға дауды шешу үшін аралық сотқа жүгіну құқығын және осындай әрекеттің салдарларын түсіндіреді.
Соттың іске қатысушы адамдардың өтінімдерін шешуі
Іске қатысушы адамдардың және өкілдердің істі қарауға байланысты мәселелер жөніндегі өтінімдері іске қатысушы басқа адамдардың пікірлері тыңдалған соң сот ұйғарымдарымен шешіледі.
Іске қатысушы адамдар мен өкілдердің сот отырысына келмеу салдарлары
Іске қатысушы адамдар келмеу себептері туралы сотқа хабарлауға және бұл себептердің дәлелді екендігіне дәлелдемелерді ұсынуға міндетті.
Іске қатысушы адамдардың біреуі сот отырысына келмеген жағдайда, оларға хабарланғаны жөнінде мәліметтер жоқ болса, істі қарау кейінге қалдырылады.
Егер іске қатысушы адаңдар сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабарланса, олардың келмеу себептері дәлелді деп танылған жағдайда сот істі қарауды кейінге қалдырады.
Сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабарланған іске қатысушы адамдардың қайсыбірі келмеген жағдайда, егер олардың келмеу себептері дәлелсіз деп танылса, сот істі қарауға құқылы. Сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабарланған жауапкер болмаған жағдайда, сырттай іс жүргізу тэртібімен, егер келмеу себептері туралы мәліметтер жоқ болса не соті оның келмеу себептерін дәлелсіз деп тапса, не жауапкер іс бойынша іс жүргізуді қасақана созып отыр деп таныса, сот істі қарауға құқылы.
Тараптар соттан істі олардың қатысуынсыз қарау және оларға шешімнің көшірмесін жіберу туралы жазбаша өтінуте құқылы. Егер бұл істің мән-жайларын бойынша қажет болса, сот тараптардың сот отырысына қатысуын міндетті деп тани алады.
Сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарланған іске қатысушы адам өкілінің келмеуі істі қарауға кедергі бола алмайды. Іске қатысатын адамның өтінімі бойынша сот оның өкілі дәледді себептермен келмеуіне байланысты істі қарауды кейінге қалдыра алады.
Сот отырысына куәнің, сарапшының, маманның, аудармашының келмеу салдарлары
Сот отырысына куә, сарапщы немесе маман келмеген жағдайда сот іске қатысушы адамдардың істі олар жоқта карау мүмкіндігі туралы пікірін тыңдап, сотта қарауды жалғастыру немесе оны кейінге қалдыру туралы ұйғарым шығарады.
Сот отырысына аудармашы кшмеген жағдайда, егер аудармашыны ауыстыру мүмкіндігі болмаса, сот істі қарауды кейінге қалдыру туралы ұйғарым шығарады.
Егер шақырылған куә, сарапшы, маман немесе аудармашы сот отырысын сот дәлелді емес деп таныған себептер бойынша келмесе, олар әкімшілік құқық бұзушылық туралы зандарға сәйкес әкімшілік жазаға тартылуы мүмкін. Осы Кодекстің 120-бабына сәйкес олар сондай-ақ мәжбурлеп келтірілуі де мүмкін.
Сотта айғақ беруден бас тартқаны немесе жалтарғаны үшін куә осы Кодекстің 17-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Респуб-ликасы Қылмыстық кодексінің 353-бабына сәйкес қылмыстық жауаптылықта болады.
Істі қарауды кейінге қалдыру

Осы Кодексте көзделген жағдайларда, сондай-ақ егер сот процеске қатысушылардың біреуінің келмеуі, қарсы талап қою, қосымша дәлелдемелер ұсыну немесе талап ету, іске қатыстыруға басқа адамдарды тарту қажеттігі, өзге де әлдеқандай іс жүргізу әрекеттерін жасау қажеттігі салдарынан істі осы сот отырысында қарай мүмкін емес деп тапса, істі қарауды кейінге қалдыруға жол беріледі.
Іс кейінге қалдырылған кезде істің жаңа сот отырысында шешілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін уақыт ескеріле отырып, жаңа сот отырысының күні белгіленеді. Бұл жөнінде келген адамдарға қол қойдырылып хабарланады. Келмеген және процеске қатысуға жаңадан тартылған адамдарға жаңа сот отырысының уақыты мен орны туралы шақыру қағазы (хабар) жіберіледі.

Істі қарау кейінге қалдырылған кезде куәлардан жауап алу
Егер сот отырысына тараптар қатысып отырса, істі қарау кейінге қалдырылған кезде сот келген куәлардан жауап алуға құқылы. Бұл куәларды жаңа сот отырысына екінші рет шақыруға қажет болған жағдайларда ғана жол беріледі.
Сарапшы мен маманға олардың құқықтары мен міндөттерін түсіндіру
Төрағалық етуші сарапшы мен маманға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, сарапшыға көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауапкершілік туралы ескертеді, ол туралы сарапшыдан қолхат алынады. Қолхат сот отырысының хаттамасына қоса тіркеледі.
Істі мәні бойынша қараудың басталуы
Істі мәні бойынша қарау төрағалық етушінің талап қоюшының өз талаптарын қолдайтын-қолдамайтыны, жауапкер талап қоюшының талаптарын мойындайтын-мойындамайтыны және тараптардың істі бітімгершілік келісімімен аяқтауды немесе істі аралық сотқа қарауға беруді қалайтын-қаламайтыны туралы мәселелерді анықтауынан басталады.
Талап қоюшының талап қоюдан бас тартуы, жауапкердің талап қоюды мойындауы және тараптардың бітімгершілік келісімі
Талап қоюшының талап қоюдан бас тартуы туралы арызы, жауапкердің талап қоюды мойындауы немесе тараптардың бітімгершілік келісімІнің шарттары сот отырысының хаттамасына енгізіледі және оларға тиісінше талап қоюшы, жауапкер немесе екі тарап та қол қояды. Егер талап қоюдан бас тарту, жауапкердің талап қоюды мойындауы немесе тараптардың бітімгершілік келісімі сотқа жолданған жазбаша арыздарда жазылса, олар іске қоса тіркеледі, бұл туралы сот отырысының хатгамасында көрсетіледі.
Талап коюдан бас тарту қабылданғанға не талап қою мойындалғанға немесе тарптардың бітімгершілік келісімі бекітілгенге дейін сот талап қоюшыға, жауапкерге немесе тараптарға тиісті іс жүргізу әрекеттерінің салдарын түсіндіреді.
Талап қоюдан бас тартуды қабылдау немесе тараптардың бітімгершілік келісімін бекіту туралы сот ұйғарым шығарады, сол арқылы осымен бір мезгілде іс бойынша іс жүргізу тоқтатылады. Ұйғарымда тараптардың сот бекітетін бітімгершілік келісімінің шарттары көрсетілуге тиіс.
Жауапкер талап қоюды мойындағанда және оны қабылдан кезде сот мәлімденген талаптарды қанағаттандыру туралы шешім шығарады.
Сот талап қоюшының талап қоюдан бас тартуын, талап қоюды мойындауын қабылдамаған немесе бітімгершілік келісімін бекітпеген жағдайда, сот бүл туралы ұйғарым шығарады және істі мәні бойынша қарауды жалғастырады.
Іске қатысушы адамдардың түсініктемелері
Сот талап қоюшының және оның тарапынан қатысатын үшінші тұлғаның, жауапкердің және оның тарапынан қатысатын үшінші тұлғаның, сондай-ақ іске қатысушы басқа да адамдардың түсініктемелерін тындайды. Прокурор, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың өкілдері, сотқа басқа адамдардың құқықтары мен мүдцелерін қорғауға жүгінген азаматтар бірінші болып түсініктемелер береді. Іске қатысушы адамдар бір-біріне сүрақтар қоюға құқылы.
Іске қатысушы адамдардың жазбаша түсіндірмелерін, сондай-ақ сот осы Кодекстің 73 және 76-баптарында көзделген тәртіппен алған түсіндірмелерді төрағалық етуші жария етеді.
Дәлелдемелерді зерттеу тәртібін белгілеу
Сот іске қатысушы адамдардың түсініктемелерін тыңдап және олардың пікілерін ескеріп, өзге дәлелдемелерді зерттеудің тәртібін белгілейді.
Жауап беруден бас тартқаны үшін және көрінеу жалған жауап бергені үшін жауапкершілік жөнінде куәға ескерту
Куәдан жауап алынғанға дейін төрағалық етуші куәнің кім екенін анықтайды. оның міндеттері мен құқықтарын түсіндіреді және оған жауап беруден бас тартқаны үшін және көрінеу жалған жауап бергені үшін қылмыстық жауапкершілік жөнінде ескертеді. Куәға - сондай-ақ өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) | және жақын туыстарына қарсы айғақ беруден, ал діни қызметшілерге өздеріне тәубаға келу кезінде сенім білдіргендерге қарсы айғақ беруден бас тартуға қүқығы барын түсіндіреді. Куәдан оған оның міндеттері мен жауапкершілігі түсіндірілгендігі туралы қолхат алынады. Қолхат сот отырысының хаттамасы-нақосатіркеледі.
Он алты жасқа толмаған куәға судья оған іс бойынша мәлім нәрсенің бәрін шынайы айтып беру міндетін түсіндіреді, бірақ оған жауап беруден бас тартқаны үшін және керінеу жалған жауап бергені үшін қьшмыстық жауапкершілік жөнінде ескертілмейді.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Құқық, Қоғам, Криминалистика | Добавил: Admin
Просмотров: 1349 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Валеология бойынша бағдарламаны енгізу
Ар жақта дүмбірлеген Арынғазы...
Қазақстан опера өнерінің негізін салушы сахна жұлдыздары
Адам болам десеңіз (білім сайысы)
Нәзір Төреқұлов
Информация және информатика
Паскаль програмдау тіліндегі файлдармен жұмыс
Салауатты өмір салтын ынталандыру
Денсаулық - басты байлық
Қазақстан мен Германия арасындағы қатынастар
17 ғасырдың музыкалық мәдениеті
Жүсіпбек Елебеков
Құтылығұлы Күлтегін
Шығыс Қазақстан табиғаты және оны қорғау
Сарыбаев Болат (1927-1984) – қазақтың ұлы өнертанушысы