Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 8.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Құқық, Қоғам, Криминалистика

Сот билігі
Загрузка...
Қазақстан Республикасының Конституциясының 75-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек қана сот жүзеге асырады. Сот билігі азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайды. Сот ісін жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасында сот жүйесін Республиканың Жоғарғы Соты мен Республиканың жергілікті соттары (облыстық және оларға теңестірілген соттары, аудандық (қалалық) құрайды. Республика аумағында Қазақстан Республикасының Әскери соттары болады /1, 54б./.
Республиканың тәуелсіздік алуына байланысты 1993 жылы қабылданған Республикалық Конституцияда сот билігі Конституциялық Сотқа, Жоғарғы Сотқа және Жоғарғы Төрелік Сотқа, сондай-ақ заң бойынша құрылатын төменгі соттарға тиесілі екені көрсетіліп, сот билігінің өзге мемлекеттік биліктердің қатарында екендігіне кепілдік берілді. Аталған Конституция судьялардың сайлануы мерзімін 10 жылға дейін ұзартты.
1995 жылы 30 тамызда референдумда қабылданған мемлекетіміздің жаңа Конституциясының дүниеге келуінен басталды. Жаңа кезең бойынша сот құрылымына тек Республика Жоғары Соты және жергілікті соттар жататындығы белгіленіп, бұл соттар тұрақты судьялардан тұратын болды. Сөйтіп, бұрынғы Конституциялық Сот және Жоғарғы Төрелік Сот таратылды.
2000 жылдың 1 қыркүйегіндегі Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан Республикасындағы сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту жөніндегі шаралар туралы» Жарлығымен байланысты. Жарлықпен Республикадағы соттар қызметін материалдық-техникалық және өзгедей қамтамасыз етуді жүзеге асыратын уәкілетті орган ретінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы сот әкімшілігі жөніндегі комитет құрылып, сот билігі атқарушы биліктің ықпалынан толығымен шығарылды.
Республикадағы сот билігінің тәуелсіздігін бекітудегі тарихи маңызы бар келесі тағы бір оқиға – 2000 жылдың 25 желтоқсанында «Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық Заңның қабылдануы. Бұл Заң судьялардың құқықтық мәртебесін және жаңа сот жүйесін бекітіп, Жоғарғы Сот Төрағасының және жергілікті соттар төрағаларының өкілдіктерін кеңейтті /8, 10б./.
Республиканың сот жүйесі Конституциямен және Республиканың конституциялық заңымен белгіленеді. Республиканың Конституциясында белгіленгендей, кез келген басқа органдардың, лауазымды тұлғалардың немесе басқа тұлғаның сот функцияларын өзіне алуға хақысы жоқ. Сонымен қатар Конституция қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттар құруға жол бермейді /9, 108б./.
Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және оның мақсат-міндеті азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Республика Конституциясының, заңдардың, өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің, халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз ету.
Соттар шешімдердің, үкімдері мен өзге де қаулылардың Республиканың бүкіл аумағында міндетті күш болады, оларды орындамау, сол сияқты сотты сыйламаудың өзге де көріністері заң бойынша жауапкершілікке әкеліп соғады /10, 294б./.
Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады.
Сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді.
Заңды қолданған кезде судья төмендегі принциптерді басшылыққа алуға тиіс:
- адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі;
- бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды;
- сотта әркім өз сөзін тыңдатуға құқылы;
- жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейін ол үшін жауапкершілік заңмен алынып тасталса немесе жеңілдетілсе, жаңа заң қолданылады;
- айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес;
- ешкім өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және заңмен белгіленген шектегі жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес. Діни қызметшілер өздеріне сеніп сырын ашқандарға қарсы куәгер болуға міндетті емес;
- заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды. Ешкім өзінің жеке мойындауы негізінде ғана сотталуға тиіс емес;
- адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күдік айыпталушының пайдасына қарастырылады;
- қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді /6, 35-36б./.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылдың 1 қыркүйегіндегі «Қазақстан Республикасының сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту жөніндегі шаралар туралы» Жарлығымен республикадағы сот тәуелсіздігінің жаңа бір кезеңі басталды. Жарлықпен репсубликадағы сот тар қызметін материалдық-техникалық және өзгедей қамтамасыз етуді жүзеге асыратын уәкілетті орган ретінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі Комитет құрылып, сот билігі атқарушы биліктің ықпалынан толығымен шығарылды.
Республикадағы сот билігінің тәуелсіздігін бекітудегі тарихи маңызы бар келесі тағы бір оқиға 2000 жылғы 25 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық Заңның қабылдануы /11, 3-4б./.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Құқық, Қоғам, Криминалистика | Добавил: Admin
Просмотров: 1736 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Дербес компьютерде іс-қағаздарын жүргізу
Италия Республикасының Конституциялық құқығы
Саз әлемінің сардары - Ахмет Жұбанов
Отбасы түрлері
Абай шығармаларындағы нәзирагөйлік дәстүрдің зерттелу жайы
Ислам әлемінің мәдениеті
Мақатаев Мұқағали Сүлейменұлы
Жамақұлы Бейбарыс
Германия
Мұстафин Ғабиден
Төлеген Айбергенов
Гигиена
Абыл Тілеуұлы
Қазанғап күйші
Қазақстан Республикасы, туризм, туристік нысандар