Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Құқық, Қоғам, Криминалистика

Мемлекеттік аппарат қызметінің және ұйымдастырылуының негізгі қағидалары
Загрузка...
Қазіргі мемлекеттік аппараттың қызметі мынадай қағидалармен реттеледі: мемлекет аппаратының ішкі құрылысы және құзыретінің нәтижелі, тиімді болуы. Ол үшін оның қызметі демократиялық, Конституциялық, заңдылық принциптерге сәйкес болуға тиіс. Мемлекеттің лауазымды адамдары, қызметкерлері нормаларды жоғары этикалық дәрежеде орындауы қжет. Мемлекеттік аппарат халықтың мүддесін қорғап, соны іске асыруға міндетті. Халықтың мемлекетті басқару процесіне қатысуының демократиялық жолдары – оларды сайлауға қатысуы, халықтың өкілдері мемлекеттік аппаратты құрады, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына мемлекет кепілдік береді. Халық мемлекеттік аппараттың қызметіне көмек беру үшін қоғамдық ұйымдарды құрады, олар мемлекеттік аппаратпен байланысатын саяси жүйені құрады. Конституцияның 33-бабында «Азаматтардың тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекеттің өкілдік, атқарушы және сот органдарының құрылуы мен жұмыс істеуі жөніндегі әрекетін жүзеге асыру мүмкіндігі» делінген. Қатысудың түрлері былай деп белгіленеді: мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жеке және ұжымдық өтініштер жолдау; мемлекеттік органдар мен өзін -өзі басқару органдары сайлау және оларға сайлану, референдумға қатысу, мемлекеттік қызметке кіру /1, 48-49б./.
Мемлекеттік аппаратты ұйымдастырудың және оның қызметінің қағидалары – бұл мемлекеттік органдарды құру мен олардың қызмет етуінің негізгі бағыттарын анықтайтын бастамашылық ережелер. Оларға мыналар жатады:
1) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының артықшылығы қағидасы, бұл қағидаға сәйкес, мемлекеттік қызметшілер аталған құқықтар мен бостандықтарды мойындауы және қорғауы тиіс;
2) демократиялық қағидасы, бұл қағида мемлекеттік органдар қызметін қалыптастыру мен ұйымдастыруға азаматтардың кең көлемде қатысуын білдірді;
3) биліктің тармақтарға бөліну қағидасы, бұл қағида билік органдары мен лауазымды тұлғалар тарапынан заңсыз әрекеттерді болдырмауға негізделген;
4) заңдылық қағидасы, бұл барлық мемлекеттік қызметшілердің Конституцияны, заңдар мен заңға сәйкес актілерді сақтау міндеттілігін білдіреді;
5) жариялылық қағидасы, бұл қағида нақты бір мемлекеттік органдардың тәжірибелік қызметіне қатысты құқық субъектілерінің ақпараттармен танысуын білдіреді;
6) кәсібилік қағидасы, бұл қағида мемлекеттік аппарат қызметінде мейлінше кәсіби қызметкерлерді пайдалануға қолайлы жағдайлар жасайды;
7) алқалық пен жалғызіліктіліктің үйлесу қағидасы, бұл қағида мемлекеттік аппараттың демократиялық және бюрократиялық бастамаларының саналы сәйкестігін қамтамасыз етеді;
8) сайлаушылық пен тағайындаушылықтың үйлесіру қағидасы, бұл қағида мемлекеттік басқарудағы орталықтандыру мен орталықсыздандырудың тиімді байланысын білдіреді;
9) бағыныстылық қағидасы, бұл қағида мемлекеттік органдардың мемлекеттік аппараттағы әртүрлі деңгейде орналасқанын білдіреді /3, 22-23б./.

ҚОРЫТЫНДЫ
Қарастырып өткен тақырыпты қорытындылай келсек, мемлекеттік аппарат дегеніміз – бұл мемлекеттік билік пен мемлекет функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар жүйесі, басқаша айтқанда, мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын атқару билігі органдарының жүйесі.
Сонымен, мемлекеттік аппарат өкілетті, атқару жане сот биліктерінің органдарына бөлінеді. Екіншіден, мемлекеттік органдар төменгі және жоғарғы органдарына бөлінеді. Үшіншіден, мемлекеттік органдар жоғарғы, орталық жане жергілікті органдарға бөлінеді.
Ал, мемлекеттік органдар деп мемлекеттік аппараттың өкімет билігіне өкілеттігі бар құрылымдық элементін айтамыз. Мемлекеттік аппарат ұғымы мемлекеттік органдар түсінігінен ауқымды болып келеді. Екеуін шатастыруға болмайды.
Кез келген елдің мемлекеттік аппарат өз құрылымымен ерекшеленеді. Біздің Республикамыз егеменді, құқықтық мемлекет, демократиялық, зайырлы, әлеуметтік, тәуелсіз деп танылғаннан бері мемлекеттік аппаратта біршама өзгерістер болды. Осы өзгерістердің енгізілуімен мемлекеттік аппарат құрылымының әр элементі дербес, тәуелсіз кең өкілеттіктерге ие болды.
Осы тақырыпта, жоғарыда айтылып кеткен ерекшеліктер мен өзгерістер кеңірек ашылды деп ойлаймыз.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Құқық, Қоғам, Криминалистика | Добавил: Admin
Просмотров: 1305 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Электрокардиографтың құрылысы, жұмыс істеу принципі
Өсімдік қорғау және карантин мамандығы бойынша Емтихан билеттері
Домбыра философиясы
Денсаулықты сақтау мен нығайту
Паскаль програмдау тілінің қайталау командалары
Адам болам десеңіз (білім сайысы)
Алғашқы қазақ газеттерінің тарихы
Жұмабаев Мағжан Бекенұлы
Гобелен өнері
Әлихан Бөкейханов
Германия
Қазақтың күй өнері
Неологизмдердің жасалу жолдары
Құранды түсіну
Аймауытов Жүсіпбек