Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 3.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Құқық, Қоғам, Криминалистика

Куәдан жауап алу тәртібі
Загрузка...
Әрбір куәдан жауап жеке-жеке алынады. Әлі айғақ бермеген куәлар істі қарау кезінде сот отырысы залында бола алмайды.
Төрағалық етуші куәнің іске қатысушы адамдарға қатысын анықтай-ды және іс бойынша оған өзіне мәлім нәрсенің бәрін сотқа хабарлауды ұсынады.
Бұдан кейін куәға сұрақтар қойылуы мүмкін. Бірінші болып арызы бойынша куә мен оның өкілі шақырылған адам, содан соң іске қатысушы басқа адамдар мен өкілдер сұрақ қояды. Судья куәдан жауап алудың кез келген сәтінде оған сұрақ қоюға құқылы. _
Қажет болған жағдайда сот осы немесе келесі отырыста куәдан екінші рет жауап ала алады, сондай-ақ олардың айғақтарындағы қайшылықтарды айқындау үшін куәлар арасында беттестіру жүргізеді.
Егер сот оған ертерек кетуге рұқсат бермесе, жауап алынған куә істі қарау аяқталғанға дейін сот отырысы залында қалады.

3.1 Куәнің жазбаша материалдарды пайдалануы
Жауап әлдеқандай цифралармен немесе есте сақтау қиын басқа деректермен байланысты болған жағдайларда, куә жауап беру кезінде жазбаша материалдарды пайдалана алады. Бүл материалдар сотқа және іске қатысушы адамдарға. көосетіледі және соттың үйғарымы бойынша іске қоса тіркелуі мүмкін.
Куәға оның айғақтарына қатысты оның қолында бар құжаттарды оқуына рұқсат етіледі. Бүд қүжаттар сотқа көрсетіледі және оның ұйғарымы бойынша іске қоса тіркелуі мүмкін.

Кәмелетке толмаған куәдан жауап алу
Он төрт жасқа толмаған куәдан жауап алу, ал соттың қалауы бойынша он төрт жас пен он алты жас аралығындағы куәдан жауап алу да сотқа шақырылатын педагоғтың қатысуымен жасалады. Қажет болған жағдайда кәмелетке толмаған куәнің заңды өкілдері де шақырылады. Аталған адамдар төрағалық етушінің рұқсатымен куәға сұрақ қоя алады, сондай-ақ куәнің жеке басына және оның берген айғақтарының мазмұнына қатысты өз пікірін айта алады.
Істің мән-жайын анықтау үшін қажет болатын ерекше жағдайларда, кәме-летке толмаған куәдан жауап алынған уақытта сот ұйғарымы бойынша сот отырысы залынан іске қатысушы қандай да бір адам шығарылуы мүмкін. Бұл адам сот отырысы залына қайта келгенде оған кәмелетке толмаған куәнің айғақтарының мазмұны хабарланып, куәға сұрақтар қою мүмкіндігі берілуге тиіс.
Он алты жасқа толмаған куә сот бүл куәні сот отырысы залында болуы қажет деп таныған жағдайларды қоспағанда, куә одан жауап алу аяқталған соң сот отырысы залынан шығарылады.

Куәнің жауаптарын жария ету
Куәлардың осы Кодекстің 73,74,190-баптарында көзделген тәртіппен жиналған айғақтары сот отырысында жария етіледі, осыдан соң іске қатысушы адамдар осы айғақтарға өз көзқарастарьш білдіруге және олар бойынша түсініктемелер беруге құқылы.

3.2 Құжаттарды зерттеу
Осы Кодекстің 73, 74, 75, 76-баптарында және 170-бабының 9) тармақшасында көзделген тәртіппен жасалған құжаттар немесе оларды қарау хаттамалары сот отырысында жария етіледі және іске қатысушы адамдарға, өкілдерге, ал қажет болған жағдайларда сарапшыларға, мамандарға және куәларға көрсетіледі. Осыдан соң іске қатысушы адамдар түсініктемелер бере алады.
Азаматтардың жеке хат алысуын және телеграфтық хабарларын жария ету және зерттеу
Азаматтардың жеке хат алысу және жеке телеграфтық хабар беру құпиясын қорғау максатында хат алысу мен телеграфтық хабарлар ашық сот отырысында тек хат алысқан немесе телеграфтық хабарлар алысқан адамдардың келісімімен ғана жария етілуі және зерттелуі мүмкін. Бұл адамдар келісім бермесе, олардың жеке хат алысулары мен жеке телеграфтық хабарлары жабық сот отырысында жария етіледі және зертгеледі. Осыдан соң іске қатысушы адамдар түсініктемелер бере алады.
Заттай дәлелдемелерді зерттеу
Заттай дәлелдемелерді сот карайды және олар іске қатысушы адамдарға, өкілдерге, ал қажет болған жағдайларда сарапшыларға, мамандарға және куәларға көрсетіледі. Заттай дәлелдемелер көрсетілген адамдар қарап шығуға байланысты қандай да бір мән-жайларға сот назарын аудара алады. Бұл арыздар сот отырысының хаттамасына енгізіледі.
Осы КодекстІң 73, 76, 88, 89-баптарында және 170-бабының 9) тармақшасында көзделген тәртіппен жасалған заттай дәлелдемелерді қарау хаттамалары сот отырысында жария етеді, осыдан соң іске қатысушы адамдар түсініктемелер бере алады.
Орналасқан жерінде қарау
Сотқа ұсынуы қиын немесе жеткізуге болмайтын құжаттар мен заттай дәлелдемелер олар орналасқан жерде қаралады және зерттеледі. Орналасқан жерінде қарау туралы сот ұйғарым шығарады.
Қарау уақыты мен орны туралы іске қатысушы адамдарға, олардың өкілдеріне хабарланады, алайда олардың келмеуі қарауды жүргізуге кедергі келтірмейді. Қажет болған жағдайларда сарапшылар, мамандар және куәлар шақырылады.
Қарау нәтижелері сот отырысының хаттамасына енгізіледі. Хаттамаға қарау кезінде жасалған немесе тексерілген жоспарлар, тәсімдер, сызбалар, есептеулер, құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ қарау кезінде жасалған құжаттардың және заттай дәлелдемелердің фотосуреттері, бейнежазбалар мен киноматериалдар қоса тіркеледі.
Дыбыс жазбаларын жария ету, бейнежазбаларды, киноматериалдарды көрсету және оларды зерттеу
Жеке сипаттағы дыбыс жазбаларын жария ету, бейнежазбаларды, киноматериалдарды көрсету кезінде, сондай-ақ оларды зерттеу кезінде осы Кодекстің 202-бабында көзделген ережелер қолданылады. Дыбыс жазбаны жария ету, бейнежазбаны, киноматериалдарды көрсету сот отырысы залында не осы мақсат үшін арнайы жабдықталған үй-жайда жүргізіледі, сот отырысының хатгамасында материалдың ерекше белгілері және жария ету уақыты көрсетіледі. Осыдан соң сот іске қатысушы адамдардың түсініктемелерін тындайды.
Қажет болған жағдайда дыбыс жазбасын жария ету және бейнежазбаны, киноматериалдарды көрсету толығымен немесе олардың әлдеқандай бөліктері қайталануы мүмкін.
Дыбыс және бейне жазбалардағы, киноматериалдардағы мәліметтерді анықтау мақсатында сот маманды іске тартуы, сондай-ақ сараптама тағайындауы мүмкін.

Сарапшы қорытындысын зерттеу
Сарапшы қорытындысы сот отырысында жария етіледі. Қорытындыны түсіндіру және оны толықтыру мақсатында сарапшыға сұрақтар қойылуы мүмкін.
Арызы бойынша сараптама тағайындалған адам және оның өкілі бірінші болып, ал содан соң іске қатысушы басқа адамдар мен өкілдер сүрақтар қояды. Сот тағайындаған сараптама жүргізу тапсырылған сарапшыға бірінші болып талап қоюшы мен оның өкілі сұрақ қояды. Сот сарапшыға одан жауап алудың кез келген сәтінде сұрақтар қоюға құқылы.
Осы Кодекстің 98-бабының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда сот қосымша сараптама тағайындай алады.
Осы Кодекстің 98-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда сот қайталама сараптама тағайындай алады.
Қосымша сараптама тағайындау және жүргізу осы Кодекстің 98-бабының екінші және алтыншы бөліктерінде, қайталама сараптама - осы Кодекстің 98-бабының төртінші, бесінші, алтыншы беліктерінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Маманның консультациясы (түсіндірмесі)
Жазбаша түрде берілген маманның консультациясы (түсіндірмесі) сот отырысында жария етіледі. Маманның ауызша консультациясы мен түсіндірмесі сот отырысының хаттамасына енгізіледі.
Консультацияны түсіндіру және толықтыру мақсатында маманға сұрақтар қойылуы мүмкін. Арызы бойынша маманды тартқан адам және оның өкілі бірінші болып, ал содан соң іске қатысушы басқа адамдар және өкілдер сұрақтар қояды. Сот шақырған маманға бірінші болып талап қоюшы және оның өкілі сұрақ қояды. Сот маманға кез келген сәтте сұрақ қоюға құқылы.
Дәлелдеменің жалғандығын мәлімдеу
Істегі дәлелдеменің жалған екені мәлімделген жағдайда осы дәлелдемені ұсынған адам соттан оны дәлелдемелер қатарынан алып тастап, істі өзге дәлелдемелердің негізінде шешуді өтіне алады.
Дәлелдеменің жалғандығы туралы мәлімдеуді тексеру үшін сот сараптама тағайындай алады, сондай-ақ тараптарға өзге дәлелдемелер беруді ұсына алады.
Егер ұсынған дәлелдемесі жалған деп танылған адамның іс-әрекетінде қылмыс белгілері болса, судья материалдарды бұл жөнінде прокурорға хабарлай отырып, қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешу үшін тиісті анықтау немесе алдын ала тергеу органына жібереді.
Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қорытындысы
Осы Кодекстің 57-бабының негізінде сот іске қатысуға жіберген мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қорытындысы сот отырысында жария етіледі. Сот, соңдай-ақ іске қатысушы адамдар мен өкілдер қорытындыларды түсіндіру және толықтыру мақсатында осы органдардың уәкілетті өкілдеріне сұрақтар қоя алады.
Істі мәні бойынша қарауды аяқтау
Барлық дәлелдемелер қаралғаннан кейін судья іске қатысушы адамдар мен өкілдерден олардың іс материалдарын әлденелермен толықтыруға ниеттерінің бар-жоғын анықтайды. Мүндай мәлімдеулер болмаған жағдайда төрағалық етуші істі зерттеу аяқталды деп жариялап, сот соттағы жарыс-сөздерге көшеді.
Сот жарыссөздері
Сот жарыссөздері іске қатысушы адамдар мен өкілдердің сөздерінен
Алдымен талап қоюшы және оның өкілі, ал содан соң жауапкер мен оның өкілі сөз сөйлейді. Басталып кеткен процесте даудың нысанасы бойынша дербес талаптар қойған үшінші тұлға мен оның өкілі тараптар мен олардың өкілдерінен кейін сөз сөйлейді. Даудың нысанасы бойынша өз бетінше талаптар қоймағаны үшінші тұлға мен оның өкілі талап қоюшыдан немесе үшінші тұлға іске өзі қатысатын жақтағы жауапкерден кейін сөз сөйлейді.
Прокурор, мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың өкілдері және басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінген азаматтар сот жарыссөздерінде соңынан сөз сөйлейді.
Репликалар
Жарыссөзге қатысушылардың барлығы сөз сөйлеп болған соң олар сөздерінде айтылғандарға байланысты екінші рет сөз сөйлей алады. Соңғы реплика құқығын үнемі жауапкер мен оның өкілі иеленеді.
Прокурордың қорытындысы
Іс бойынша тарап болып табылмайтын және осы Кодекстің 55-бабының екінші бөлігінде көзделген тәртіппен процеске қатысушы прокурор сот жарыссөздерінен кейін жалпы істің мәні бойынша қорытынды береді.
Істі мәні бойынша қарауды қайта жалғастыру
Егер олар бұл мән-жайлар мен дәлелдемелерді істің мәні бойынша қарау аяқталмай тұрып өз мәлімдемелерінде көрсетпесе, сот жарыссөздеріне қатысушылар өз сөздерінде сот анықтамаған мән-жайларға, сондай-ақ сот отырысында зерттелмеген дәлелдемелерге сілтеме жасауға құқығы жоқ.
Егер сот сот жарыссөздері кезінде немесе одан кейін іс үшін маңызы бар жаңа мән-жайларды анықтау немесе жаңа дәлелдемелерді зерттеу қажет деп тапса, ол істі мәні бойынша қарауды қайта жалғастыру туралы ұйғарым шығарады. Істі мәні бойынша қарау аяқталғаннан кейін сот жарыссөзі жалпы тәртіппен жүргізіледі.
Соттың шешім шығару үшін кетуі
Сот жарыссөздерінен кейін, ал осы Кодекстің 213-бабында көзделген жағдайда прокурор іс бойынша қорытынды бергеннен кейін сот шешім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетеді, төрағалық етуші, бұл туралы сот отырысы залыңда отырғандарға хабарлайды.
Шешімді жариялау
Сот шешімге қол қойылғаннан кейін сот отырысы залына қайтып келіп, шешімін жариялайды. Мұнан соң шешімге шағымданудың тәртібі мен мерзімдері түсіндіріледі.
Шешімнің шығарылған кезде судья іске қатысушы адамдарға және % өкілдерге шешіммен қашан танысуға және оның көшірмесін алуға болатынын жариялауға міндетті.
Осы баптың I және 2-бөліктерінде көзделген әрекеттер аяқталғаннан кейін төрағалық етуші сот отырысын жабық деп жариялайды.

ҚОРЫТЫНДЫ
Зерттеу жұмысының І – тарауында: Сотта іс қарауға істі әзірлеудің әрбір іс бойынша міндетті міндеттері қарастырылды. Олар мыналар:
 істі дүрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды айқындау;
 тараптардың құқықтық қатынастарын және басшылыққа алынуға тиіст заңды анықтау;
 іске қатысатын адамдардың құрамы мен процестің басқа да қатысушылары туралы мәселені шешу;
 әрбір тарап өз пайымдауларын негіздеу үшін ұсынуға тиіс дәлелдемелерді анықтау.
Істің мән-жайларын ескере отырып, істі сотта қарауға әзірлеу тәртібімен судья мынадай әрекеттерді жүргізеді:
1) талап қоюшыдан ол мәлімдеген талаптардың мәні бойынша жауап алады одан жауапкердің тарапынан мүмкін болатын қарсылықтарды анықтап алады, егер бұл қажет болса. қосымша дәлелдемелер беруді ұсынады, талап қоюшыға оның іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;
2) қажет болған жағдайларда жауапкерді шақырып алады, одан істің мән жайлары бойынша жауап алады, талап қоюға қандай қарсылықтар бар екенін және бұл қарсылықтардың қандай дәлелдемелермен расталуы мүмкін екенін анықтайды.
3) іске тең талап қоюшылардың, тең жауапкерлердің дербес талаптарсыз үшінші тұлғалардың кіруі туралы мәселені шешеді, сондай-ақ тиісті емес жауапкерді ауыстыру туралы мәселені шешеді;
4) тараптарға дауды шешу үшін олардың аралық сотқа жүгіну құқықтарын және мұндай әрекеттің салдарларын түсіндіреді;
5) оның нәтижесіне мүдделі азаматтар мен ұйымдарға істі қараудың уақыты мен орны туралы хабарлайды;
6) куәларды сот отырысына шақыру туралы мәселені шешеді;
7) тараптардың өтінімі бойынша және өз бастамасы бойынша сараптама
тағайындайды, сондай-ақ іске маманды, аудармашыны қатысуға тарту туралы мәселені шешеді;
8) тараптардың өтінімі бойынша ұйымдардан немесе азаматтардан дәлелдемелер талап етеді;
9) кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда іске қатысатын адамдары хабарландыра отырып, жазбаша және заттай дәлелдемелерді сол жерде тексеруді жүргізеді;
10) сот тапсырмаларын жібереді;
11) талап қоюды қамтамасыз ету туралы мәселені шешеді;
12) талапкердің өтініші бойынша оның берген арызын қайтару туралы ұйғарым шығарады;
13) өзге де қажетті іс жүргізу әрекеттерін жасайды.
ІІ – тарауында: Сот отырысында тәртіп бұзуға кінәлі адамдарға сот әкімшілік құқық бұзушылық туралы заң актілерінде белгіленген тәргіппен тікелей сотта іс қарау барысында әкімшілік жаза белгілеуге құқылы.
Егер сот отырысыңда тәртіп бұзушының іс-әрекетінде қылмыс белгілері болса, сот тәртіп бұзушыға қатысты қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шепіу үшін материалдарды, бұл туралы прокурорға хабарлай отырып, тиісті анықтау немесе алдын ала тергеу органына жібереді.
Сот отырысының хатшысы осы іс бойынша шақырылған адамдардан кімнің келгенін, келмеген адамдарға хабар берілген-берілмегенін және олардың келмеу себептері туралы қандай мәліметтердің бар екенін сотқа баяндайды.
Төрағалық етуші келгендердің кім екенін анықтайды, сондай-ақ лауазымды адамдар мен өкілдердің өкілеттіктерін тексереді.
ІІІ – тарауында: Осы Кодекстің 73, 74, 75, 76-баптарында және 170-бабының 9) тармақшасында көзделген тәртіппен жасалған құжаттар немесе оларды қарау хаттамалары сот отырысында жария етіледі және іске қатысушы адамдарға, өкілдерге, ал қажет болған жағдайларда сарапшыларға, мамандарға және куәларға көрсетіледі. Осыдан соң іске қатысушы адамдар түсініктемелер бере алады.
Алдымен талап қоюшы және оның өкілі, ал содан соң жауапкер мен оның өкілі сөз сөйлейді. Басталып кеткен процесте даудың нысанасы бойынша дербес талаптар қойған үшінші тұлға мен оның өкілі тараптар мен олардың өкілдерінен кейін сөз сөйлейді. Даудың нысанасы бойынша өз бетінше талаптар қоймағаны үшінші тұлға мен оның өкілі талап қоюшыдан немесе үшінші тұлға іске өзі қатысатын жақтағы жауапкерден кейін сөз сөйлейді.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Құқық, Қоғам, Криминалистика | Добавил: Admin
Просмотров: 2071 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Міржақып Дулатов
Қазақ фольклористикасы
Балқаш аңызы
Мәшһүр Жүсіп
Майқы би
Қазақстан опера өнерінің негізін салушы сахна жұлдыздары
Қазақ халық көне аспаптарының тарихи даму кезеңдері
Сәтбаев Қаныш Имантайұлы
Менің Отаным - Қазақстан
Сапарғали Бегалин - халықтың сүйікті жазушысы
Құранды түсіну
Бетховен. Фортепианолык сонаталар
Қылқобыздың қос қыраны
Алғашқы қазақ газеттерінің тарихы
ЖИТС-21 ғасыр дерті