Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Құқық, Қоғам, Криминалистика

Істі сотта қарауға әзірлеу, істі әзірлеудің міндеттері
Загрузка...
Істі сотта қарауға әзірлеу, істі әзірлеудің міндеттері
Арызды қабылданғаннан және азаматтық істі қозғағаннан кейін судья оны уақытылы және дұрыс шешуді қамтамасыз ету мақсатымен сотта іс карауға істі әзірлейді.
Сотта іс қарауға істі әзірлеудің әрбір іс бойынша міндетті міндеттері мыналар:
1) істі дүрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды айқындау;
2) тараптардың құқықтық қатынастарын және басшылыққа алынуға тиіст заңды анықтау;
3) іске қатысатын адамдардың құрамы мен процестің басқа да қатысушылары туралы мәселені шешу;
4) әрбір тарап өз пайымдауларын негіздеу үшін ұсынуға тиіс дәлелдемелерді анықтау.
Істі сотта қарауға әзірлеу мерзімдері
Азаматтық істерді сотта қарауға әзірлеу, егер заң актіерінде өзгеше белгіленбесе, арыз қабылданған күннен бастап жеті күн мерзімнен кешіктірмей жүргізілуге тиіс. Алименттерді өндіріп алу туралы, мертігуден немесе денсаулықтың өзге де зақымдануынан келтірілген зиянды өтеу туралы істерден басқа, айрықша күрделі істер бойынша ерекше жағдайларда, сондай-ақ асыраушысынан айрылуына байланысты және еңбек қатынастарынан туындайтын талаптар бойынша бұл мерзім судьяның дәлелді ұйғарымы бойынша бір айға дейін ұзартылуы мүмкін.
Істі сотта қарауға әзірлеу туралы ұйғарым
Судья істі сотта қарауға әзірлеу туралы ұйғарым шығарады және жүргізілуге тиісті әрекеттерді көрсетеді.
Арыздың көшірмелерін және оған қоса тіркелген құжаттарды жауапкерге жіберу
Судья жауапкерге талап арыздың көшірмесін және талап қоюшының талаптарын негіздейтін оған қоса тіркелетін құжаттарды жібереді не тапсырады жвне өзі белгілеген мерзімде талап арызға пікір (қарсылық) білдіруді және од пікірін (қарсылығын) негіздеуге дәлелдемелер беруді ұсынады.
Жауапкердің пікірі мен дәлелдемелерді бермеуі істегі бар дәлелдемелер бойынша істі қарауға кедергі келтірмейді.
Судьяның істі сотта қарауға әзірлеу жөніндегі іс-әрекеттері
Істің мән-жайларын ескере отырып, істі сотта қарауға әзірлеу тәртібімен судья мынадай әрекеттерді жүргізеді:
1) талап қоюшыдан ол мәлімдеген талаптардың мәні бойынша жауап алады одан жауапкердің тарапынан мүмкін болатын қарсылықтарды анықтап алады, егер бұл қажет болса. қосымша дәлелдемелер беруді ұсынады, талап қоюшыға оның іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;
2) қажет болған жағдайларда жауапкерді шақырып алады, одан істің мән жайлары бойынша жауап алады, талап қоюға қандай қарсылықтар бар екенін және бұл қарсылықтардың қандай дәлелдемелермен расталуы мүмкін екенін анықтайды; айрықша күрделі істер жөнінде жауапкерге іс бойынша жазбаша түсінік беруді ұсынады, жауапкерге оның іс жүргізу құқықтары мен міндеттерді түсіндіреді;
3) іске тең талап қоюшылардың, тең жауапкерлердің дербес талаптарсыз үшінші тұлғалардың кіруі туралы мәселені шешеді, сондай-ақ тиісті емес жауапкерді ауыстыру туралы мәселені шешеді;
4) тараптарға дауды шешу үшін олардың аралық сотқа жүгіну құқықтарын және мұндай әрекеттің салдарларын түсіндіреді;
5) оның нәтижесіне мүдделі азаматтар мен ұйымдарға істі қараудың уақыты мен орны туралы хабарлайды;
6) куәларды сот отырысына шақыру туралы мәселені шешеді;
7) тараптардың өтінімі бойынша және өз бастамасы бойынша сараптама
тағайындайды, сондай-ақ іске маманды, аудармашыны қатысуға тарту туралы мәселені шешеді;
8) тараптардың өтінімі бойынша ұйымдардан немесе азаматтардан дәлелдемелер талап етеді;
9) кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда іске қатысатын адамдары хабарландыра отырып, жазбаша және заттай дәлелдемелерді сол жерде тексеруді жүргізеді;
10) сот тапсырмаларын жібереді;
11) талап қоюды қамтамасыз ету туралы мәселені шешеді;
12) талапкердің өтініші бойынша оның берген арызын қайтару туралы ұйғарым шығарады;
13) өзге де қажетті іс жүргізу әрекеттерін жасайды.

1.1 Бірнеше талап қою талаптарын біріктіру және ажырату
Егер талаптарды ажыратып қарау неғүрлым дұрыс болса, судья таларын қоюшы біріктірген талаптардан біреуін немесе бірнешеуін бөліп жеке істі жүргізуге міндетті.
Бірнеше талап қоюшы талаптар қойған немесе талаптар бірнеше жауапкерге қойылған кезде судья, егер талаптарды ажыратып қарауды неғұрлым дұрыс деп тапса, бір немесе бірнеше талапты жеке іс жүргізуге бөлуге құқылы.
Судья осы соттың іс жүргізуінде дәл сол тараптар қатысатын біртектес, не бір талап қоюшының әртүрлі жауапкерге немесе әр түрлі талап қоюшылардың бір жауапкерге қойған талабы бойынша бірнеше іс бар екенін белгілеп, егер мұндай біріктіруді дүрыс деп тапса, бұл істерді біріктіріп қарау үшін бір іске біріктіруге құқылы.
Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата түру, тоқтату және істі сотта қарауға әзірлеген кезде арызды қараусыз қалдыру
Осы Кодекстің 242,243-баптарында, 247-бабының 1) -5) тармақшаларында және 249-бабының 1) -5), 8), 9) тармақшаларында көзделген мән-жайлар болған жағдайда оны сотта қарауға әзірлеу кезінде іс бойынша іс жүргізудің тоқтатыла түруы немесе тоқтатылуы не арыздың қараусыз қалдырылуы мүмкін.

Тараптарға мүндай іс жүргІзу әрекеттерінің салдарлары түсіндіріледі.

1.2 Істі сотта іс қарауға тағайындау
Судья істі дайын болды деп тани отырып, оны сот отырысында қарауға тағайындау туралы ұйғарым шығарады, тараптарға және процестің басқа да қатысушыларына істі қараудың орны мен уақыты туралы хабарлайды.

Сотта іс қарау
Азаматтық істерді қараудың және шешудің мерзімдері
Азаматтық істер сотқа арыз түскен сәттен бастап екі айға дейінгі мерзімде қаралып, шешіледі. Жұмысын қалпына келтіру туралы, алимент өндіріп алу туралы және мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, лауазымды адамдардың, мемлекеттік қызметшілердің шешімдерін, әрекеттерін (әрекетсіздігін) даулау туралы істер бір айға дейінгі мерзімде қаралып, шешіледі.

Азаматтық істердің жекелеген санаттары үшін заңдарда өзге мерзімдер белгіленуі мүмкін.
Сот отырысы
Азаматтық істі қарау іске қатысушы адамдарды міндетті түрде хабардар ете отырып, сот отырысында жүргізіледі. Сот отырысында төрағалық етуші
Төрағалық етушінің міндетін судья атқарады. Төрағалық етуші істің барлық мән-жайының толық, жан-жақты және объективті анықталуын, іс жүргізу әрекеттерінде дәйектіліктің және тәртіптің сақталуын, процеске қатысушылардың өздерінің іс жүргізу құқықтарын жүзеге асыруын және олардың өз міндеттерін орындауын, процестің тәрбиелік ықпалын қамтамасыз ете отырып, отырыстың барысына басшылық жасайды. Қаралатын ске қатысы жоқ мәселелердің барлығын сот қарауынан шығарып тастайды.
Процеске қатысушылардың қайсыбірі төрағалық етушінің іс-әрекетіне қарсылық білдірген жағдайда бұл қарсылық білдірулер сот отырысының хаттамасына негізделеді. Төрағалық етуші өзінің іс-әрекеттеріне қатысты түсініктеме береді.
Төрағалық етуші сот отырысында тиісті тәртіптің қамтамасыз етілуіне қажетті шаралар қодданады. Оның өкімі процеске қатысушылардың барлығы үшін, сондай-ақ сот отырысы залында қатысып отырған азаматтар үшін міндетті.

Сотта іс қараудың тікелей және ауызша жүргізілуі
Істі қарау кезінде сот іс бойынша дәлелдемелерді тікелей зерттеуге: та- раптардың және іске қатысушы басқа да адамдардың түсініктерін, куәлардың айғақтарын, сарапшылардың қорытындыларын, мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қорытындыларын тыңдауға, құжаттармен танысуға, заттай дәлелдемелерді қарап шағуға, дыбыс жазбала- рын тыңдауға және бейне жазбаларды, кино, фотоматериалдарды көруге, ақпаратты қайта құрудың өзге де құралдарын материалдарымен танысуға міндетті. Қажет болған жағдайларда іс бойынша дәлелдемелерді зерттеген кезде сот маманның консультациялары мен түсіндірмелерін тыңдайды.
Істі қарау ауызша жүргізіледі. Істі қарау процесінде судья ауысқан жағдайда істі қарау басынан бастап жүргізілуге тиіс.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Құқық, Қоғам, Криминалистика | Добавил: Admin
Просмотров: 2796 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Қазақстан Республикасының климаты
Қазанғап күйші
Бұқаралық ақпарат құралдары
Бекболат батыр
Жапонияның тарихы
Черногория мемлекеті
Жұбанов Ахмет
Музыкалық білім және музыкалық ғылымның өзекті мәселелері
Құранды түсіну
Франция мемлекеті
Жиренше шешен
Бунақденелілер
Көктүріктер мемлекетінің іргесін қалаған тайпалардың жүйесі
Әлеуметтік қорғаудың түсінігі, құрылымы
Халық ауыз əдебиеті