Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 7.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Құқық, Қоғам, Криминалистика

Әдет құқығындағы алым-салықтардың жіктелуінің негіздері
Загрузка...
Қазақ әдет құқығы жүйесіндегі алым-салық қатынастарын жіктеу мәселесі әлі де болса, теориялық тұрғыдан қолға алына қоймаған мәселенің қатарына жатады. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы алым-салық қатынастарының арналарын белгілеп, оларды сала-салаға айыру үшін, жалпы қазақ қоғамындағы, қоғамдық өмірдің болмысын, ондағы құқықтық реттеудің ерекшеліктерін түсінуіміз қажет. Жалпы белгілі бір құбылысты жіктеу, оның негізгі динамикалық белгілерін ажырата отыра, жүйелеп, талдау болып табылады. философиялық тұрғыда қарайтын болсақ, жүйе - өзара қатынастар мен байланыстарда болатын, белгілі бір тұтастықты, бірлікті құрайтын элементтер жиынтығы [41, 160 б.] болып табылады.
Дәстүрлі қазақ қоғамындағы алым-салық қатынастары, отырықшы елдердің тәжірибесінде қалыптасқан алым-салық жүйесінен ерекшеленді. Бұл ерекшелік, біздің ойымызша, дәстүрлі қазақ қоғамындағы қоғамдық өмірдің, оның өмір сүруінің ішкі заңдылықтарында жатқандай болып көрінеді. Көшпелі қоғамның өзіндік ішкі даму заңдылықтары болып, көшпелі қоғам осы талаптардың деңгейінде өмір сүруге бейім қоғам болып табылды. Көшпелі қазақ қоғамының ерекшелігі Н. Крадин былай сипаттайды: “Кочевое общество казахов-обособленная, сложная, динамичная и саморегулирующая система, ее структурные компоненты, связанные между собой сложными отношениями, выступают, как подсистемы, таковыми могут служить-экономическая структура, территориальное расселение, материальная и духовная культуры, самосознание и т.д.” [42, с. 210.]. Шын мәнінде, көшпелі қоғам өзіне тиесілі ерекшелігі бар, өзіз-өзі реттеуге қабілетті қоғам болып табылды. Сондықтан да, бұл қоғамға, сол қоғамның заңдылығына бағынатын құқықтық жүйе қажет болды. Ондай құқықтық жүйенің көрінісі дәстүрлі қазақ құқығы болып табылады. Белгілі ғалым Ж. Артықбаев қазақ қоғамының құқықтық жүйесінің ерекшелігін былай таниды: “Традиционная правовая культура казахского народа основывалась на адате, представляющем собой свод норм обычного права и традиций. Эти нормы выступают регуляторами во всех сферах жизни традиционного социума, т.е. охватывают как положение индивидуума, так и отношение в рамках семьи, далее в рамках государства становится механизмом политическим. Таким образом, она обеспечивает целостность системы” [43, с. 116.]. Әрине, қазақ қоғамына, мұның құқықтық өміріне тұтастық, бөлінбеушілік қасиеттер тән болып келген. Қазақ әдет құқығы көшпелі қазақ даласының бірнеше ғасырлық тарихи өткен жолының өмір сүру тәжірибесінің дағдысының көрінісі болып табылады. дәстүрлі қазақ құқығының қалыптасуы мен дамуының өзіндік ерекшеліктері болып табылды. Бұл ерекшелік қазақ әдет құқығындағы ішкі өз-өзін реттеу факторында жатыр. Қазақ әдет құқығының жалпы әдет құқығының теориясымен айналысушы ғалымдардың бірі, Қ. Әлімжан әдет құқығының құрылымын, жүйелілігін былай түсіндіреді: “Главная структура конкретного обычного права как системного явления включает такие основные подразделения, как нормы, институты и отрасли. Основными системообразующими факторами являются предмет регулирования (система общественных отношений) и функции обычного права. Системообразующие факторы, а также иные объективные условия функционирования определяют степень системности данного обычного права и уровень развития его системы” [44, с. 141-142.].
Біз бұл жерде қазақ әдет құқығының дамуының жалпы сипаттарына ғана тоқталдық. Әрине, қазақ әдет құқығының өмір сүруі, болашақта әлі зерттеледі. Бұл жерде біз қазақ әдет құқығы жүйесіндегі алым-салықтарының негізгі жіктелуіне көңіл бөлетін болғандықтан, қазақ әдет құқығының жалпы сипатын ғана қарыстырып, оған тән жалпы ерекшеліктердің негізінде алым-салық қатынастарын жіктеп, көрсетуді мақсат етіп отырмыз. Қазақ әдет құқығы жүйесіндегі алым-салық қатынастарын әр түрлі негіздер бойынша, жіктеп көрсетуге болады. Жалпы әдет құқығы жүйесіндегі алым-салық қатынастарын негізінен әр түрлі салаға жіктеп, көрсеткен дұрыс болады. Қазақ әдет құқығы жүйесіндегі алым-салықтардың қалыптасуына мұсылман құқық жүйесіндегі алым салықтардың ықпалы болды. Оны қазақ хандығы дәуірінде қолданылған: жасақ, зекет, харадж алым-салықтарының этималогиялық бейнеленуінен көруге болады. Сонымен қатар, дәстүрлі қазақ құқығы өмірге әкелген алым-салықтар бар. Оған ханлық, билік, соғым, шығын т.б. жатады.
Әдет құқығы жүйесіндегі алым-салықтарды билік жүйесінің ерекшелігінің сипатына қарай, хандық алымдар, билік төлемдері, әскери алым-салықтар деп ажыратып, қарауға болады. Сонымен қатар, алым-салықтардың салыну ерекшелігіне байланысты, сипатына қарай, түтін салығы, тұяқ салығы, зекет және соғым алымдары деп жіктеп көрсетсек болады.
“Қазақ хандығында біз қарастырып отырған кезеңде салық түрлері және әр түрлі міндеткерліктер болды. Жалпы салынуы “”ясақ жиналды. Сонымен қатар, зекет, қару-жарақ салығы, хандық жасағын жабдықтай, ірі билеушілерді жылы жыл мезгілінде азық-түлікпен қамтамасыз ету сияқты міндеткерлікер болды. “Ясақты” қазақ билеушілері Түркістан қалаларынан Ташкенттен егіншілікпен айналысатын аудандардан жинады. Бұл туралы мына үзіндіні келтіруге болады: “Қайсақ хандары және олардың жақын адамдары Ташкентке келіп ясақ жинайды. Екінші бір салық түрі мал басынан жиналатын шариғаттың негізгі салығы–зекет төлеуге міндетті болды. Зекетті Оңтүстік Қазақстан қалаларындағы қолөнершілер мен саудагерлерден де жиналды. ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы деректерге сүйенетін болсақ, Түркістанның отырықшы егіншілікпен айналысатын және дала тұрғындары басқа да салықтар (хоран, бал) бөлуге тиіс болды. Далалық аудандардағы қазақ халқы жаппай алым-салық түрлері әдеттегі құқық бойынша бекітілген болатын. Зекет, соғым, сыбаға хандар әулетіне беретін салық түрі” [45, 114-115 бб.].
Қазақ даласы сауда жолының өзегінде жатқандықтан мұсылман құқығының негізінде қалыптасқан салық түрлері де сауда жолынан өткен керуендерден алынып отыратын болған. Қазақтың белгілі ағартушы ғалымы Ш. Уәлиханов: “Орыс тауарлары Қашғарға Қоқанд пен Құлжа арқылы жеткізіледі. Орыс тауарларын шекарадан өткізу кезінде олардан Семей қаласында немесе Петропавл қаласында капиталынан 1% алады. Ташкентте оларға транзиттік баж, яки Құранда өкім етілген зекет салынады, мұсылмандардан капиталының 1/40 бөлігі, яғни 2 ½ %, ал христиандардан -1/20 бөлігі алынады.
(Сөйтіп, көпес Ташкент зекетшісінен куәлік алып, Қоқанд хандығының барлық қалаларында бүкіл жыл бойына баж алымынсыз сауда жасай алады, бірақ осы жылы Ресейге немесе Бұхарға мұндайда, онда екінші қайтара... зекет төлеуге тиіс, өйткені мұндайда оның капиталы жаңа жылдық айналымға түсіп айналады.
Қашғарда қытайлар қоқандықтарға баж құқығынан кеңшілік берген: онда баж зекет санатына, айрықша діни салтқа кірмейді, сондықтан баж (алым) деп аталады. Қашғарда қоқандықтар барлық тауаларлардан, қайдан әкелінсе де, зекет сияқты мөлшерде өз бажын береді, яғни мұсылмандардан 1/40 бөлігін, ал христиандардан 1/20 бөлігін алады. Қашғардан басқа баж Тұрфанда және Яркендте тікелей осы қалаларға келген керуендерден алынады) бұл орайда Қашғарда олар баждан босатылады. Қашғардан әкетілетін тауарларға Ош қаласында зекет түрінде баж салынады” [46, 34 б.], - деп көрсетеді. Көбінесе, бұл алым-салық түрлері оңтүстік аудандардан жиналған. Сонымен қатар, “харадж” жер салығы да болды. Хараджды төлеудің тәртібі мынандай: “Харадж жерін пайдаланушылар жер салығы ретінде орылған барлық астықтың 1/5-1/3 дейін төлеп отырды. Ал үшір жерін пайдаланушылар түскен өнімнің 1/10 төлейді” [47, 89 б.]. Осы кезең аралығында жергілікті жерлерден баж және харадж алым-салықтары жиналғандығын Ф. М. Шамшиденовада: “Мұсылман деректеріне қарағанда ХҮІІ ғ. Қазақ хандары халықтан “баж және харадж”, яғни жыл сайынға салықты алған” [48, 87 б.], - деп растай түседі.
Хандық билік саласындағы алымның өзіндік ерекшелігі бар. Бұл алымның қалыптасуы мен дамуы хан институтының даму кезеңдерімен тікелей байланысты болып келеді. Қазақ қоғамында хан ең жоғарғы билік өкілі ғана, болып қана қойған жоқ. Ол сонымен қатар, сот қызметтерін де атқарған болатын. Жалпы ханның бейбітшілік кезеңінде мемлекетті басқаруы, елді билеуі, оның ел арасындағы үлкен даулы істерді шешумен көрініс тауып жатады. Хан билігінің қазақ қоғамында мойындалуының өзіндік ерекшелігі бар. Оны дәстүрлі хан тәжірибесінен көруге болады. Ханды сайлаудың ерекше жүргізілуін, мына орыс жазбаларынан, дәл көре аламыз. “После сего народ снятую с него старую солтанскую одежду раздирает на мелькие куски, и всякий киргиз старается в воспоминание события, сохранить в своем семействе лоскуточек одежды хана. Потом старшины с радостным воплем, при восклицаниях носят на головах, и качая, восхваляют его мудрость, храбрость и добродетели” [49, с. 13.]. Халық бұл арқылы ханды тек қана сайлап қана қоймай, сонымен қатар, хан билігін мойындап, оған бой ұрғандығын да көрсетеді. Қазақ тарихында, хандар әрқашанда рулы елге жік түсіретін үлкен келелі істерді шешіп отырды. Даулы іс шешкені үшін ханға хандық ақы төленетін болған.
Дәстүрлі қазақ қоғамында ханмен қатар, би де ерекше роль атқарды. Қазақ қоғамында би негізгі сот функциясын жүзеге асырған, бірде-бір тұлға болып табылды. Би билігі сот билігінің негізі болып саналатын. Кез – келген ру басшысы би-төреші бола алмайтын. Би билік айту үшін қазақтың әдет-ғұрпын жақсы меңгеруі және өзін әділ би ретінде көрсетуі тиіс. Билерді ешкім сайламаған және тағайындамаған. Би дәрежесі мұрагерлікке қалдырылмайды. Билік айту іс барысында, құқық бұзушының іс-әрекетін талдау жағдайында жүзеге асырылады. Сондықтан да, би, ру басшысы, сот жергілікті жердегі әкімшілік биліктің рөлін атқаратын [50, 94 б.]. Бидің алдына қазақ қоғамында дауды шешіп, дауласушы тараптар бітім алып кету үшін келетін болған. Бидің шешіміне риза болған дауласушы жақтар өздерінің мүлкінен тиесілі ақы беріп отырған. Бұл дәстүрлі қазақ қоғамында билік ақы деп аталынады. Билік ақы-дәстүрлі қазақ қоғамында қылмыстық және азаматтық істерге қатысты төрелік айтып, шешім шығарғаны үшін билерге, қазыларға төленген ақы, сот алымы. Ол дауланған мал-мүліктің жалпы мөлшерінің оннан бір бөлігін құраған. Билік ақы, көбінесе, алтын, күміс, мал түлігін, жағалы киім (ішік, тон, тұлып, т.б.) ақша т.б. түрінде төленген. Бұл төлемдер би, қазылардың негізгі күнкөріс көзі болғанымен, олар ақы мен алым мөлшерін әдет жосындарда көзделген шамадан асыра алмаған. Мысалы, ердің құны-1000 қойдан 100 қой, әйелдің құны ретінде белгіленген 500 қойдан 50 қой тиесілі. Кесімді мөлшерден артық ақы талап ету өрескел әрекет саналған. “Парақор”, “жемқор”, атанып, ел сенімінен, абырой-беделден айырылу билік құрып, бітуана кесушілер үшін өліммен пара-пар болған. Сондықтан, олар “ала жіптен аттамай”, әділдікке жүгініп, кісі ақысын жемеуге тырысқан. Әдетте, билік ақы кінәлі жақтың ағайын-туыстарының қатысуымен жариялы түрде өтелген. Міндетті ақыны даугердің өзі төлей алмаса, руластарынан өндірілген. Билер соты, ақсақалдар соты билер ақы және басқа да кесімді төлемдерді ерікті түрде өтеуден бас тартқан немесе жалтарған жақтың мал-мүлкін барымталап алу туралы шешім шығару құқын иелену [51, 327 б.]. Егер билер дауды дұрыс шеше алмаса, тараптар басқа жаққа жүгінуіне болатын болған. Бұл жағдайда билік ақы төлеу міндетті болып табылмады. Былайша айтқанда, билік ақы істі әділ шешкен биге берілетін тек қана төлем ғана емес, сонымен қатар дауласушы жақтардың ризашылығының кепілі де болып табылды.
Қазақ қоғамы тоғыз жолдың торабында тұрғандықтан, батыс пен шығысты байланыстыратын сауда керуендері күн сайын ағылып жататын болған. Қазақ даласынан өткен керуендерден, белгілі керуен ақысы алынып отырған. Оны көбінесе, рулы елдің билері, сұлтандары алатын болған. Ол туралы Я.П. Гавердовский былай дейді: “Знатные султаны, бии и старшины всегда брали с караванов подарки, называя их пошлиною за пропуск товара через свои земли. Сначала подарки, сии были маловажны, но впоследствии превозвышали всякую меру и требовались насильно. Вожаки нисколько не препятствовали сему злоупотреблению, они, считая купцов бессильными к отмщению, презирали их упреки и не внимали жалобам” [52, с. 166]. Сонымен қатар, сауда керуендерін күтіп, ат көлікті қарағаны үшін де белгілі алым алынып отырған болатын. Ол туралы жоғарыдағы автор тағы былай дейді: “Таможня, доставляемый таким образом товар, принимает под свое смотрение до прибытия главного вожака, который сдает его купцам или кому назначено и получает за все договоренную плату” [53, с. 169]. Кейбір жағдайларда мұндай шарттар бұзылып та, жататын кездер болған. Қазақ көбінесе, мал бағумен айналысып, ел ішіндегі саудаға араласа қоймайтын. Көбінесе, сауда-саттықты басқа орта азиялықтар жүргізетін. Мұндай жағдай қазақ жерінің ресей қол астына қараған кезеңінде де сақталып отырды. Қазақтың белгілі билерінің бірі, Ақтайлақ би де, осындай даулы істерді шешуге қатысқан болатын. Сауда мәселесіне байланысты Ақтайлақтың артында мынандай сөз қалған болатын. “Ақтайлақ 1720-25 жылдар шамасында туып, 96 жасында қайтыс болған. Бидің сақал-шашы ағарып, алпыс пен жетпістің ортасында келген кезде, өзбектер қазақ арасына келіп, тоғанақпен қос тігіп жатып сауда жасауды кәсіпке айналдырыпты. Саудагерлердің пұлына бағаны “қойға пәлен кез, ешкіге түгел кез” деп малға шағып, жергілікті қазақтар өздері қояды екен. Сауданың пұлын елу үй, старшын немесе ру-ру болып бөлісіп көтеріп алып, несиеге қарататын кедей ауылдар көп болған. Келген саудагерлер Тобықты ішіндегі бір ауылға “кедейсің” деп несиеге пұл бермепті. Өшіккен ауылдың адамдары саудагерлердің пұлын бір түнде тонап кетеді. Бұл төңіректегі атақ-даңқы тарап, абыройы жүріп тұрған Ақтайлақ биге келген саудагерлер, одан дауды шешіп, билік айтып, пұлдарын өндіріп берулерін өтінеді. Би: “Жарайды, Семейдегі ұлықтарға айтпасаңдар, істі өзім бітіріп берейін”, - деп келіскен екен. Шыдамсыздық жасаған саудагерлер Семейге барып хабарлап, қаладан бір-екі стражник шығып, Ақтайлақтың ауылына келеді. Мұны естіген кінәлі ауыл үркіп, бәрі бір жерге жиылып, дегбірсізденеді. Ақтайлақ ұлық адамдарын: “Ендігі істі өзім бітіремін”, - деп, қайтарып жіберген екен. Мұны да тобықты елі мен үріккен ауыл естіп, біліп отырады.
Шыңғыстағы Байыстың сары шоқысындағы өз ауылынан шыққан Ақтайлақ би Тобықты еліне, Ералы жазығына жаңадан қонған ауылға таянғанда, алдарынан гүл теріп жүрген екі қыз көрінеді. Ақтайлақ бидің келе жатқанын естіген Тобықты елінің бетті-беделділері “өз руынан шығып, өзбекке болысты” дегендей ғып, “намысына тиетіндей өлең шығарыңдар” деп екі қызды Ақтайлақтың бетін қайтарып, сағын сындыру үшін жолға әдейі шығарған екен. Ақтайлақ бастаған топ екі қызды көріп, аттарының басын тежеп тұра қалысады.
- Ералының ауылы қайсы?-деп жөн сұрайды Ақтайлақ екі қыздан:
- Ераланы сұрап тұрған сіз кім едіңіз?
- Мен Ақтайлақ би едім.
Сонда қыздың бірі:
Ақтайлақ би сен бе едің ақ найзалы,
Ақылыңнан көрмедім еш пайданы.
Алпыс пенен жетпістің арасында,
Есек мінген талқы аяқ сарт айналды,-
деп, Ақтайлаққа жасқанбай қарап өлеңдетеді. Ақтайлақ сонда екі қызға былай депті:
Сарт айналса обалым Тобықтыға,
Қой дегенге ұрлығын болып тұр ма?
Ауыл жөнін сұрауға бұрылып ем,
Қатынсынған бір қарға жолықтым ба?
Ел ағадан азады, тон жағадан,
Аңғал бөрі жортады тау сағадан.
Ақтайлақ би бастаған он жеті ақын,
Не деп үміт қыласың, мұндар-ау, Байғарадан?

Ақтайлақтың найзадай ұзын сақалынан, терең мағыналы, өтімді сөзінен беттері қайтып, ұялаған екі қыз беттерін басып сырт айналған екен дейді. Сол барған бетінде Ақтайлақ би дауды шешіп, екі жақты келістіріп қайтқан екен” [534, 20-21 бб.] Әрине, бұл даулардың барлығы осындай билер тұрған кезде өз шешімін тауып, бітіп жатқан болатын.
Қазақ қоғамы Ресей тұсына өткеннен бастап, алым-салық салу ісінде де, белгілі бір жаңашылдықтарға тап болып отырды. Ресей патшалығы қазақ ішінен ауыр алымдарды алып отырған болатын. Олардың қатарына түтін салығы және тұяқ салығы жатады. Түтін салығы қазақ ішінде отырықшылыққа үйренбеген халық үшін өте ауыр болды. Сонымен қатар, түтін салығы, отбасының мүліктік жағдайына қарамай салынған болатын. Қазақ ішінде, тұяқ салығы да, осы негізде салынған еді. Тұяқ салығы жалпы қазақтардың мүліктік жағдайына қарай малының басына байланысты салыну керек болған болса, ал күнделікті тәжірибеде қазақ ішінде бай-кедей демей, жалпы алынып отырды.
Дәстүрлі қазақ қоғамындағы алым-салық қатынастары, оның түрлері мен салалары сан ғасырлық көшпелі өмір тәжірибесінің негізінде қалыптасып орныққан және айқындалған, жүйелі құрылымдардан тұрған болатын. Алым -салық қатынастарының дәстүрлі қазақ қоғамында әр түрлі негіздер бойынша, жіктеп көрсетуге болатындығын жоғарыда ашық айтып өттік.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Құқық, Қоғам, Криминалистика | Добавил: Admin
Просмотров: 1198 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Бәйсейітова Күләш (Гүлбаһрам) Жасынқызы
Есенжанов Хамза
Ақан Сері
Елбасы мақсаты- ел мұраты, гүлденген Қазақстан
Бақытжан Қаратаев
Қорықтар – биосфера эталоны
Тіршілік етуші негізгі орта және оларға ағзалардың адаптациялануы (бей...
Ғабиден Мұстафин
Германия
Сәбитұлы Асанқайғы
Жүрсін Ерман
Шәмші Қалдаяқов
Абайтанушы ғалым Қайым Мұхаметханұлы
Марқакөл қорығы (Шығыс-Қазақстан облысы)
Бунақденелілер