Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 17.12.2017
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Құқық, Қоғам, Криминалистика

Азаматтық қоғам
Загрузка...
Кіріспе.
I.Азаматтық қоғамның қалыптасының теориялық кезеңдері.
1.1.Азаматтық қоғам құрудың алғышарттары.
1.2.Демократиялық саяси жүйенің орнығуы.
II.Азаматтық қоғам- мемлекеттің әлеуметтік негізі.
2.1.Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы.
2.2.Үкіметтік емес ұйымдардың құрылуы.
Қорытынды.
Азаматтық қоғамның пайда болуы жөнінде ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас бар. Біреулері оны буржуазиялық қоғамның жемісі дей келіп, нарықтық қатынастармен байланыстырады. Екіншілері ондай қоғам белгілі бір шамада болмасын болған дейді.
Азаматтық қоғам идеясы өте ертеде пайда болған. Аристотель еңбектерінің өзінде бір азаматтық қоғамдағы меншіктің рөлі туралы пікірлерін кездестіреміз. Ол кім меншікке ие болса, сол ізгіліктің, адамгершіліктің де иесі болады деп жазды.
Кейінірек бұл мәселеге елеулі үлес қосқандар:Т.Гоббс, Ш.Монтескье, Ж.Ж.Руссо,Т.Пейн және тағы басқа. Дегенмен, азаматтық қоғам тұғырнамасын жасауда ерекше еңбек еткен немістің атақты фәлсафашысы –Гегель. Оның ойынша, азаматтық қоғам мемлекеттен тәуелсіз нарықтық экономиканы, әлеуметтік топтарды, таптарды, корпорацияларды, институттарды қамтиды. Олардың мақсаты қоғамның өміршеңдігін және азаматтық құқықты жүзеге асыруды қамтамасыз етуде.
Азаматтық қоғам деп мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәдени –рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтады. Ол жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды. Бұл қоғамда мемлекеттің жеке адам өміріне аралауына шек қойылады. Ал олардың атқаратын міндеттерін азаматтар өз еркімен оларға берген және орындалуын өздері тексереді.
Азаматтық қоғамның құрамына адамдардың өздері тудырған қауымдастықтар (отбасы, кооперациялар, ассоциялар, қоғамдық ұйымдар, кәсіби, шығармашылық, спорттық, этникалық және басқа бірлестіктер), азаматтардың, өндірістік және жеке өмірі, олардың әдеп-ғұрпы, салттары кіреді.
Азаматтық қоғамдаадамдардың экономикалық, саяси және рухани өмірінің түрін еркін таңдауына және жүзеге асыруына заң жүзінде кепілдік беріледі. Олар мемлекет тарапынан қатаң тәртіпке алынудан сенмді түрде қорғалады. Адамның жалпы құқықтары сақталады, бұзылмайды.
Азаматтық қоғам экономикасының негізгі-әр түрлі меншіктегі көп укладты экономика. Бұл қоғамның әрбір мүшесінің нақтылы меншігі болады және оны өз қалауына алады. Сондықтан мұнда белсенді іскерлікке , тапқырлыққа, жемісті еңбек етуге кең жол ашылады.
Саяси өмірде азаматтық қоғам барлық азаматтарға мемлекеттік және қоғамдық адамның халықаралық дәрежеде танылған ережелерде сай төмендегідей азаматтық құқықтары жүзеге асырылады:
-ұлттық-этникалық, саяси, діни, жастық, жыныстық белгілері бойынша қандай да долсын алалаушылыққа жол берілмейді;
-жеке тұлға мен азаматтың абыройы болып саналатын пәтер үйі мен мүлкі, мамандық таңдау еркіндігі, тұратын мекенін анықтау, елжұртқа келіп кету, хатта жазылған және телефонмен сөйлеген сөз құпиялылығы, сөз, баспасөз және хабарлама бостандығы заң жүзінде сенімді қорғалады;
-адам өзінің көзқарасы мен рухани мүдделерін өзі шешеді;
-азаматтық құқықтар сот органдары мен қоғамдық ұйымдар жағынан толық қорғалады.
Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасуы өзгеше жағдайда өтіп отыр. Кеңестік кезеңде қоғам өмірі барынша мемлекеттендірілген болатын. Ол жүйе күйрегеннен кейін азаматтық қоғамға өтуге «жоғарыдағы» мемлекеттің өзі ұйтқы болып отыр. Халықтың сана-сезімі, жүріс-тұрысы әлі ондай деңгейге көтеріле қойған жоқ. Сондықтан біраз уақытқа дейін, белгілі бір сапалық деңгейге қол жеткізгенше бұл процеске мемлекеттің елеулі ықпалы болмақ.
Еліміздің 1995 жылы Конституциясы Қазақстанда әлеуметтік бағдарды нарық экономикасы мен жеке адамның автономиясын тұрақты қалыптастыру үшін оған қажетті құқықтық жағдайлардың негізін қалады. Оған тең дәрежеде танылатын және қорғалатын мемлекеттік меншік пен жеке меншікті, адам және азамат құқықтарының кең ауқымды және біртұтас кешенін, отбасын, ана мен әке және баланы мемлекеттің қорғауын, идеологиялық және саяси әр алуандықты және тағы басқа да жаңа Конституцияда бекітілген қазақстандық азаматтық қоғамды ерікті дамытудың алғы шарттарын жатқызуға болады.
Азаматтық қоғам материалдық, мәдени жоғары дамыған шақта құқықтық мемлекетке айналады.Құқықтық мемлекет деп-демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, оның алдында бәрі де тең саналатын, жеке адамның құқығы жан-жақты қамтамасыз етілетін мемлекеттік құрылысты айтады.
Заң үстемдігінің елдің Конституциясында бекітіліп, басқа заңдар мен ережелік актілерге таралады. Заңдар халықтың еркін білдіреді және оны барлық адамдар, мемлекеттік органдар мен мекемелер орындауға міндетті. Мұнда мемлекет пен азаматтар екі жақты өзара жауаптылықта болады. Билік шын мәнінде бөлінеді, олардың міндеттері мен қызметтеріне шек қойылады, өзара бақылау қамтамасыз етіледі.
Мұнда бір таптың, партияның, топтың, идиологияның үстемдігіне жол берілмейді. Адам құқығы биік дәрежеде сақталады. Барлық азаматтар шын мәнінде мемлекеттік және қоғамдық істерге қатыса алады.
Атқарушы биліктің барлық жұмысы ашық атқарылады, оның жұмысы жұртшылықтың бақылауында болады. Пікір алуандығы кең өріс алады.
Бұл мемлекетке адамның адамгершілік қасиеттері, борыш сезімі, жауапкершілігі биік дамиды.
Құқықтық мемлекет жоғары өкіметтің қаулы-қарарларымен кіргізілмейді.Ол үшін мемлекет жан-жақты дамып, пісіп жетілуі керек.
Қоғамның әлеуметтік құрылымы мен жіктелуін оқып білудің маңызы зор. Себебі қоғам өзінің қандай әлеуметтік топтардан, ал олар қандай жай-күй, жағдайда тұратындығын білу керек. Олардың іс-әрекеті барлық қоғам институттарының қызмет ету сапасын, қоғам дамуының бағытын анықтайды. Қоғамның тұрпаты, саяси және мемлекеттік құрылымы оның қандай әлеуметтік топтардан тұратындығына, олардың қайсысы жетекшілік, қайсысы тәуелді жағдайда екендігіне байланысты. Адамның қоғамдағы орны көптеген әлеуметтік белгілерімен сипатталады. Оған ұлты, тұратын жері, қоғамдық өндіріске қатысуы, қоғамдық еңбек бөлінісіндегі орны (өндіріс құралдарына меншік қатынасы, еңбекті қоғамдық жолмен ұйымдастырудағы рөлі, еңбектің мазмұны мен сипаты) кәсібі, білімі, табыс мөлшері, саяси билікті іске асыруға қатынасы және т.б жатады.
Осындай бір немесе бірнеше әлеуметтік белгілермен бірлескен адамдар жиынтығын әлеуметтік топ дейді. Мысалы, жұмысшы, шаруа, зиялылар, студенттер, зейнеткерлер, ауыл адамдары, қазақтар, орыстар, немістер және т.с.с.Өзінің қоғамдағы орнына байланысты олар бір уақытта әр түрлі әлеуметтік топтардың мүшесі бола алды. Мысалы, студент, қазақ, үлкен қаланың тұрғындары.
Адамдардың қоғамдық жағдайындағы ортақ өмір ерекшеліктері, әлеуметтік бір топқа енуі олардың әлеуметтік мүшелерін бірлестіреді. Олар адамдар мен әлеуметтік топтардың өз өмірлік жағдайын, мүмкіншілігін нығайтуда, кеңейтуде көрініс табады. Оған әр түрлі деңгейде табысқа, билікке, кәсіпке, білімге, мәртебеге және т.с.т ие болу мүмкіншіліктері жатады.
Адамдар саяси процесте белгілі бір әлеуметтік топтың өкілі немесе мүшесі ретінде қатысады. Олар жалпы қоғамдық өмірдің, оның ішінде саяси процестің басты субъектісі болып табылады. Сондықтан қандай болмасын саяси іс-қимылдың сыртында біреулердің топтық мүддесі тұрады.
Еңбектің қоғамдық бөлінуі негізінде жұмыс істейтін әлеуметтік топтар мен олардың өзара қатынас жүйесінің жиынтығын қоғамның әлеуметтік құрылымы дейді. Қоғамдық өмірді әр түрлі әлеуметтік топтардың өзара әрекеттестігінің нәтижесі деуге болады. Адамның қоғамдық жағдайындағы негізгі түрлерін атауға болады. Оған әлеуметтік-демографиялық, әлеуметтік-таптық, кәсіби және елді мекендік құрылым жатады.
Марксистік қоғамтану әлеуметтік құрылымның негізгі түрі деп қоғамның таптық құрылымын санады. Өйткені ол қоғамдық өмірдің ең маңызды саласы қоғамдық өндіріс жүйесінде құрылады.
Сонымен қатар қоғамдағы әлеуметтік жіктелуге басқа да белгілер шешуші рөл атқарады. Мысалы, билік құрылымындағы орны мен рөлі, табысының мөлшері, әлеуметтік топтың, әлеуметтік құрылымды және қоғамның әлеуметтік бөлінуін зерттеу үшін XX ғасырда әлеуметтік стратификациялану деген ұғым кіргізілді. «Страт» латын тілінде жік, қабат деген сөзден туған, геологияда жер қыртысының қабаттарын білдіретін ұғым ретінде қолданылады.
Әлеуметтік жіктелуге қоғамның құрамына кіретін белгілі-бір топтардың жиынтығы жатады. Әлеуметтік құрылымды зерттегенде волюнтаризм(ерікке ырық берушілік) болмауы үшін, қоғамдағы барлық жіктерді қарастырып, оларды бір белгі, өлшем арқылы салыстыру керек. Соның арқасында әлеуметтік топтарды және олардың қоғамдағы жағдайын айтарлықтай толық және терең сипаттайтындай өлшемді таңдап алған жөн. Ол әлеуметтік топтарды жіктегенде мынандай белгілерді басшылыққа алады: меншікке ие болудың сипаты, табыстың мөлшері, биліктің аумағы, мәртебесі, ұлттық ерекшеліктері және т.б Егер топтар бір белгінің негізінде жіктелсе(мысалы, табысының мөлшеріне, билік жүргізуге қатысына қарай т.т) ол бір өлшемдік жіктеуге жатады. Егер бірнеше белгінің негізінде болса, ол көп өлшемдік жіктелу болады.
Әлеуметтік жіктелу теориясы адамды қызметкер ретінде де, тұтынушы ретінде де қарастырады.Олбилік жүйесіндегі барлық жағдайын, басқара алатын объектісінің аумағы мен түрлерін, қоғамнан ала алатын игілік мөлшерінің барлық түрлерін ескереді. Осылардың арқасында ол қоғамдағы әлеуметтік жіктелу жүйесін және қалыптасқан теңсіздікті жан-жақты зерттеп білуге мүмкіндік береді.
Ал әлеуметтік жіктелу теориясы, біріншіден бұл өзгерістерді дер кезінде көрсете біледі. Екіншіден, қоғамның әлеуметтік топтарының қазіргі қалпы, бейнесі жөнінде толығырақ мағлұмат береді.
Шетелде әлеуметтік жіктелу теориясы жүз жылға табысты пайдаланылып келеді. Ал Кеңес Одағында оны маркстік-лениндік таптар мен тап күресі теориясына қарсы қойып, қолданбады. Себебі, бұл әдісті пайдаланса, әлеуметтік жіктелу мен теңсіздіктің беті ашылып қалған болар еді. Сондықтан коммунистік идиологияның оны қолдануға, насихаттауға, таратуға мүддесі болмады, керісінше, өңін өзгертіп, бұрмалауға тырысты.
IV Бөлім. Қазақстандағы азаматтық қоғам: проблемалары, қарама- қайшылықтары, болжамдары.
Қазақстанда азаматтық қауымдастық негізінде азаматтық қоғамды қалыптастыру еліміздің әлемдік өркениеттер жүйесіне қосылуына мүмкіндік береді. Бұл халықтың экономикалық және мәдени дамуына, қоғамдық өмірдің барлық саласының тұрақты дамуына еліміздің барлық потенциалын пайдалануға жағдай жасайды.

Азаматтық қоғам, азаматтық қауымдастықтың әлеуметтік-экономикалық және саяси құқықтық негізі ретінде.
Азаматтық қоғам мен азаматтық феномені мемлекет билігіне қарсы оппозиция мен түрлі көзқарастар мен қажеттіліктердің иеленуші –тұлғадан туындайды.Адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандарудың ең жақсы әдісі саяси тұрғыда ұйымдасқан қоғамның мүшелері арасындағы еңбекті бөлу принципі. Ол тұрғындарды 3 сословиеге бөлді: басқарушы-философтар, әскерлер, қолөнершілер мен жер өңдеушілер. Платон қоғамды бөле отырып, полистің өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыру мәселесінде «саяси мемлекеттен» басқа «азаматтық қоғамды» көрсетті.
Азаматтық қоғам мен азаматтық туралы қазіргі көзқарастар XVIII ғасыр аяғы мен XIX ғасырдың I-ші жартысында Батыс Еуропа мен Америка елдерінде пайда болды. Бұл кезеңде өндірістік және саяси революциялар, жаңа әлеуметтік теңсіздікті туғызған нарықтық қатынастардың дамуы, адамдардың қоғамдық өмірден алыстауы, олардың мемлекеттік билік тарапынан қызметінің шектелуі және т.б. процестер орын алды. Мұның бәрі әлеуметтік субъектілердің ұйымдасқан саласының пайда болуына алып келді. Кейіннен бұлар қоғамдық өмірдің барлық саласын қамтитын институттар мен ұйымдар жүйесіне айналды, олардың басты міндеті мемлекет тарапынан болатын күш көрсету, зорлық, бағындыру функцияларын шектеу, сондай-ақ мемлекет пен жеке тұлға арасындағы қатынасты дамыта отырып, жеке мен қоғамдық мүдделерді біріктіру болып табылады.
Азаматтық қоғамның бар сипаттарын зерттей келе, оны қазіргі қоғамдық жүйе ретінде мынандай қасиеттерін көрсетуге болады:
I-ден, азаматтық қоғам бүл ірі өндірістік базасы, өнеркәсіптердің ғылыми-техникалық қамтамасыз етілу деңгейі және әлеуметтік инфрақұрылымы дамыған индустриалдық қоғам.
II-ден, азаматтық қоғам-бұл адамдардың әр түрлі қажеттіліктерін өтейтін түрлі меншік түрлері мен кәсіпкерлік қызмет формасы, экономикалық негізі болып табылатын нарықтық қатынастардың қоғамдық жүйесі. Азаматтық қоғамда меншік пен кәсіпкерліктің айтарлықтай орнын жеке меншік пен жеке сектор алады.Бұл әлеуметтік субъектілер қызметінің тәуелсіздігі мен еркіндігін қамтамасыз ететін негізгі механизм.
III-ден, азаматтық қоғам өзінің саяси параметрлері бойынша- демократиялық жүйе. Демократия жергілікті өзін-өзі басқару, тең және ортақ сайлау, биліктің бөліну механизмдері арқылы қамтамасыз етіледі. Азаматтық қоғамның саяси ұйымдасуының ядросы әр түрлі топтардың мемлекеттік билік құрылымында өкілеттіктерін қамтамасыз ететін көппартиялық жүйе.
IV-ден, азаматтық қоғам- әлеуметтік құрылымданған, күрделі дифференделген және стартталған жүйе. Бұл жүйе көптеген әлеуметтік топтар мен таптар кіреді. Азаматтық қоғамның әлеуметтік базасы- қоғамның тұрақтылық кепілі болып табылатын орта тап.
V-ден, азаматтық қоғам бұл ашық жүйе, мұнда ойлар мен идеялар плюрализмі, шыдамдылық, шындыққа қатысты сын, дұрыс ойлау мен гуманизм тән. Азаматтық қоғамның рухани-идеологиялық негізі осылар болып табылады.
Алайда, азаматтық қоғам құруда сол елдің ұлттық-мәдени және саяси ерекшеліктерін есепке алу керек.
Соған байланысты Қазақстан жағдайында азаматтық қоғамды құрудағы кездесетін проблемаларға тоқталайық.
1.Азаматтық қоғамды институцияландыру проблемасы, яғни ескі құрылымдардың орнына жаңа құрылымдар мен институттар келуі керек. Олар қазіргі жағдайдағы қоғамның дамуы мен қызмет етуін қамтамасыз етуі керек. Азаматтық қоғамды құру-бұл оның институционалдану проблемасы мен қарама-қайшылықтарын шешу болып табылады. Азаматтық қоғамда жеке мен мемлекеттік сала арасындағы қайшылық өзекті. Азаматтық қоғамды қалыптастыруда мемлекеттік саланың үлесі төмендеп, жеке өмір саласы өсуі керек.
Дамыған азаматтық қоғамда қоғамдық өмірдің коллективті, жеке және мемлекеттік салалары арасында теңдік қойылады, яғни бірде-біреуі монополді билеуші бола алмайды. Бұл заң жүзінде бекітіледі.
2.Азаматтық қоғамның субъектісі ретінде жеке тұлғаны қалыптастыру проблемасы. Бұл проблеманы шешу тек қана индивидтің азаматтық қоғамға тән әлеуметтік нормалар мен құндылықтарды қабылдау механизмі арқылы жүзеге асады.
3.Азаматтық проблемасы Американ зерттеушісі Т.Маршалл азаматтықтың мағынасын былай көрсетеді: азаматтық бұл «кез-келген қоғамдағы толық мүшелік». Индивидтердің ерекше әлеуметтік мәртебесі, яғни тең құқық пен міндеттер, билік пен жауапкершілік, еркіндік пен бағынушылық, теңдік принципке негізделген әлеуметтену өмір сүріп отырған қоғамды ешқандай революциялық әдістерсіз реформалауға мүмкіндік береді.
Азаматтық феномен мықты интегративтік сипатқа ие. Формасы бойынша саяси құқықтық құбылыс болып табылатын азаматтық мемлекетте тұратын адамдарда, олаодың этникалық, діни, нәсілдік және т.б. айырмашылықтарына қарамастан біріктіреді. Оныхалық деп атайды. Халық бұл біріншіден азаматтық қауым. Азаматтық кез-келген индивидті, халықты және жалпы мемлекеттік билік қатынастарының қатысушыларына айналдырады. Индивид пен мемлекеттік биліктік қатынастар жүйесіндегі қызметі индивидті Азаматқа, ал тұрғындарды-азаматтық қауымдастыққа айналдырады.
Азаматтықтың интегративті қызметі индивидті қоғамдық өмірге араласудың толық және әділетті механизмі болып табылады. Индивид өзінің табиғи қажеттіліктерін тек жалпы азаматтық процесс барысында өтей алады. Азаматтық қоғамда бостандық қоғамның кез-келген мүшесінің индивидуалдық дамуына қажетті қоғамдық ресурстарды индивидуалдық дамуына қажетті қоғамдық ресурстарды пайдалалуғамүмкіндік беру деп түсіндіріледі. Мұны, I-ден, заң алдында барлығының тең болуы; II-ден, жеке және әлеуметтік бостандықтың негізі болып табылатын меншікке қол жеткізу мүмкіндігі арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Жеке тұлғаның автономдылығы мен бостандығы, заң алдындағы теңдігі-азаматтық қоғамның негізгі принциптері болып табылады.
Азаматтық қоғамдағы жеке тұлғаның құқықтық жағдайы құқықтық мәртебемен анықталады. Оның элементтері: құқық, бостандық, құқықтық кепілдіктер тұлғаның міндеттері мен жауапкершілігі.
Жеке тұлға құқығы –бұл белгілі бір құндылыққа, игілікке деген құқық. Бұл құндылықтар әр түрлі –материалдық, рухани, мәдени.
Бостандық- бұл да құқық, құқықтың бір түрі. Конституцияда көрсетілген бостандық түрі сол уақытта жеке тұлғаның құқығы болып табылады. Мысалы, сөз бостандығы- бұл азаматтың еркін өз ойларын, көзқарастарын айту құқығы жиналыс, митинглер бостандығы-азаматтардың өз өміріндегі және қызметіндегі проблемаларды шешу үшін жиналу құқы.
Азаматтағы қоғамдағы индивид пен мемлекет арасындағы қарым-қатынас 2дихотомиялық құқық және міндет негізінде анықталады.
Мемлекет азаматтарға қатысты құқықтары бар. Яғни, мемлекет тек қана жеке тұлғаларға қатысты құқықтары ғана емес, сонымен қатар олардың алдында міндеттерге де ие. Тұлға да мемлекет алдында міндеттері ғана емес, сонымен қатар құқықтары да бар. Сонымен, мемлекет пен азамат арасындағы қарым-қатынас өзара тең құқықты міндеттермен құқықтар арқасында қалыптасады. Бұл азаматтық қоғамның басты белгісі.
Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін, өзінің даму стратегиясы мен бағыттарын Конституцияда көрсетті: демократиялық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет болу, ішкі және сыртқы саясатын нарықтық қатынастарды дамыту бағытында әлеуметтік-экономикалық, саяси реформаларды жүргізу, биліктің демократиялық институттарын қалыптастыру, ұлтаралық келісім мен азаматтық бейбітшілікті нығайту, халықаралық байланыстарды кеңейту.
Қазақстан қатаң командалық- әкімшілік жүйеден азаматтық түрдегі жүйеге өту туралы мақсат қойды. Сондықтан, өтпелі кезеңде түрлі оқиғалар, экономикалық, саяси, мәдени, идеологиялық мәртебелерінен айырылды:II-ден, әлеуметтік субъектілердің жаңа мазмұндағы жеке «Менді» іздеуі.
Қазақстандағы азаматтардың санасы мен мінез-құлқысының өзгеруін бірнеше этаптарға бөліп қарастыруға болады.
Бірінші кезеңге (1986-1990)-кеңестік құндылықтардың әлсіреуі, оның орнына батыстық құндылықтардың енуі; азаматтарға ұлттық-этникалық факторлардың әсер етуі; азаматтардың партия, комсомол және кәсіподақтармен байланысының үзілуі; жеке тұлға мен мемлекет арасындағы азаматтық байланыстың әлсіреуі және т.бт тән.
Екінші кезеңге(1991-1993)-индивидтер өздерін Ұлы держава азаматы ретінде санауының жойылуы, саяси және экономикалық элитаның қалыптасуы орын алды. Қазақстанның ұлттық-этникалық, азаматтық параметрлер бойынша дамуына 1993 жылы қабылданған Конституция күшті әсер етті.
Үшінші кезең(1993-1995тамыз) азаматтардың этникалық белгісі бойынша топтасумен сипатталады. Қазақстаннан орыс тілді халықтың миграциялық көңілі өседі. 1994жылдары елден 400 мың адам шет ел кеткен.
Төртінші кезең1995жылы тамыздан басталып, жалпы қазақстандық бірегейліктің қалыптасу процесінің басталуын қамтиды. Оған екінші Конституцияның қабылдануы әсер етті.
Азаматтық қоғамды қалыптастырудағы қиындықтар мен қайшылықтар, Қазақстандағы азаматтық қоғамның қызмет етуін қиындыққа ұшыратып отырған жағдай бұл қоғамның құндылықтық бөлінушілікте отырғаны.
Нормативтік-құндылықтық реттеудің әдістері мен құралдарының жүйесі түрлі нормативтілікке дейінгі дәстүр, әдет-ғұрып, ритуал), нормативтік(саясат, құқық, мораль) және сверхнормативтік (дүниетаным, философия) формалардан тұрады. Бұл реттеуліктер жеке тұлғаның қалыптасуы үшін жұмыс істеуді қойды. Соған байланысты, қоғамда моральдық дезориентация күшейіп, шектен шыққан эгоизм көріністері мен қылмыстың саны арта түседі. Адамгершілік сезімнің орнына (парыз, ұят және т.б) тәртіптің топтық, корпоративтік, «жергілікті» индекстері келеді.
Азаматтардың құндылықтық солидарлығытұрғындарды азаматық қауымдастыққа интеграциялауы керек. Мұның артында қазақстандық қоғамның тұтастығымен ішкі бірігушілігін сақтау қажеттігі тұр.
Қазіргі жағдайдағы Қазақстанда азаматтық солидарлықты қалыптастыру бірнеше жасанды идеологиялық қайшылықтар тарапынан қарсылық көруі мүмкін. Сонымен қатар, оған қарсы ретінде объективті қайшылықтар да шығуы мүмкін.
Біздің ойымызша, Қазақстандағы азаматтық қауымдастықты қалыптастырупроцесі барысында маңызды проблема ретінде азаматтық пен ұлттық (этникалық)индентификация мәселесі болып отыр.

Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



70.5Kb
Категория: Құқық, Қоғам, Криминалистика | Добавил: Admin
Просмотров: 4245 | Загрузок: 486 | Рейтинг: 2.0/1

Это может Вас заинтересовать:
Домбыра философиясы
Неологизмдердің жасалу жолдары
Ыбырай Жақаев
Адам болам десеңіз (білім сайысы)
Қазақстан Республикасының климаты
Валеологиялық білім берудің теоретикалық негізі
Жетісу күйшілік мектебі
Қазанғап күйші
Италия Республикасының Конституциялық құқығы
Ақыт қажының Жиһаншаһ дастанындағы Шаһзада бейнесі
Байтұрсынұлы Ахмет
Куәдан жауап алу тәртібі
Қошке Кемеңгерұлы
Мұстафа Шоқай
Шопеннің полонездері