Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 21.9.2017
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Құқық, Қоғам, Криминалистика

Азаматтық іс жүргізудегі құқықтық қатынастар
Загрузка...
Азаматтық іс жүргізудегі құқықтық қатынастар

Жоспар:

1. Азаматтық іс жүргізудегі құқықтық қатынасының ұғымы және элементтері

2. Азаматтың іс жүргізудегі құқықтық қатынастарының объектісі мен мазмұны

3. Азаматтық іс жүргізудегі құқықтың қатынасының субъектілері және оларды топтастыру

Азаматтық іс жүргізудегі құқықтық қатынасының ұғымы жөне әлементтері

Құқықтық қатынас - құқық нормаларымен реттелген, құрамында өзара алмасылып отыратын құқықтар және міндеттермен айшықталған құқық субъектілері арасында заңдық байланысы бар қоғамдық қатынастар. Азаматтық іс жүргізу қатынасы құқық қорғау қатынастарына жатады. Олардың пайда болуы, өзгертілуі және тоқтатылуы заңдық жағдаяттармен, заңдық маңызы бар нақтылы мән-жайлармен байланысты, олармен құқық нормасы азаматтық іс жүргізу құқық субъектілерінің іс жүргізу құқықтары мен іс жүргізу міндеттерінің пайда болуы, өзгертілуі және тоқтатылуын байланыстырады.Бұл қатынастардың ерекшеліктері мыналар:

- олар азаматтық іс жүргізу құқықтық нормаларымен тікелей белгіленген;

- ерекше субъективтік құрамы, яғни іске қатысушылардың құрамы;

- бірлігі мен біріктік;

- арақатынасында.

Азаматтық іс жүргізу қатынастары сотқа талап арыз, арыз және шағым берген кезде пайда боладьі. Азаматтық іс жүргізу құқықтары мен азаматтық іс жүргізу міндеттері азаматтық іс жүргізу қатынастарының мазмұнын құрайды. Азаматтық істерді қарап шешуде азаматтың іс жүргізу құқық қатынастарының мынандай түрлерін байқауға болады: негізгі, қосымша жэне қызметтік-көмек көр-сетушілік.

Негізгі іс жүргізу құқық қатынастары талап қоюмен іс жүргізу, ерекше талап қоюмен іс жүргізуде сот пен тараптар (талап қоюшы және жауапкер) арасында және ерекше іс жүргізуде сот пен арыз беруші арасында болады.

Қосымша іс жүргізу құқық қатынастары- іс бойынша қорытынды беру үшін прокурордың, мемлекеттік органның немесе жергілікті өзін-өзі басқару органның қатысуымен өткенде (АІЖК-тің 55, 57-баптары), сондай-ақ үшінші тұлғалардың қатысуымен өткенде (АІЖК-тің 52, 53-баптары) туындайды.

Қызметтік-көмек көрсетушілік іс жүргізу құқық қатынастары іс бойынша өз қызмет бабы бойынша көмек көрсету үшін аудармашының, сарапшының, куәлардың, қоғамдың өкілдердің қатысуымен өткенде туындайды.

Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының ерекшелігі оның биліктік сипатында, яғни биліктік қатынастылығында. Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының субъектілері - сот және өзге сот ісін жүргізуге қатысушысы билік және бағынушылық қатынаста болады. Оған дәлел ҚР Конституциясының сот билігін бекітуі.

Жоғарыда айтылғанның бәрі азаматтық іс жүргізу құқық қатынасының түсінігіне анықтама беруге болатынын білдіре. Сонымен азаматтық іс жүргізу құқық қатынасы - бұл субъективтік құқықтармен заңмен қорғалатын мүддені қорғау үшін сот пен өзге азаматтық процестің қатысушылары арасындағы азаматтық іс жүргізу құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастар.

Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының объектісі мен мазмұны

Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының объектісін 2 түрге бөліп қарастыруға болады: жалпы және ар-найы.

Жалпы объект - сотпен қаралып, шешілуге немесе қорғалуға жататын материалдық-құқықтық дау немесе заңмен қорғалатын мүдде.

Арнайы объект - нақты, белгілі құқық қатынасын жүзеге асыруда жасалатын қорытынды (мысалы, сот пен сарапшы арасында азаматтың іс жүргізу құқық қатынасының объектісі болып осы сарапшының өзінің арнайы білімі негізінде іс үшін мәні бар фактілер туралы қорытындысы).

Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастың мазмұны - азаматтық процестегі субъектілерінің іс жүргізу қүқықтары мен міндеттері, ал кейбір процессуалистердің пікірінше (А.А.Мельников) субъектілердің мінез- құлқы, яғни өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырудағы әрекеттері.

Азаматтық іс жүргізу қатынастың субъектілері және оларды топтастыру

Азаматтық іс жүргізу қатынастарынын, субъектілері азаматтар мен заңды тұлғалар бола алады. Соның қатарына азаматтық іс жүргізу қатынастарына шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар және шетелдік заңды тұлғалар қатыса алады. Процеске қатысушылардың бәрін, олардың іске қатынастығына орай, белгіленген топтарға бөлінеді: сот, іске қатысушылар және сот төрелігін жүзеге асыруына жәрдемдесушілер.

Сот азаматтық іс жүргізу қатынасының міндетті субъектісі ретінде қаралады. Республикада азаматтық, төрелік, қылмыстық және басқа да істерді қарайтын, соттардан тыс ешқандай орган жоқ. Сот азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын, ол бұзылған жағдайда оны қалпына келтіретін барынша ықпалды нысан болып табылады. Соттар қайсы біреулердің еркіне қарамастан тек Конституция мен Республика заңдарына сәйкес, өздеріне Республика атынан берілген билікті жүзеге асырады, іс жүргізу нысаңында заңмен белгіленген сот ісін қарауға процесс мүшелерінің барлығының да белсенді түрде қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді, істің ақиқатын ашады және ол бойынша заңды және негізделген шешім шығарады. Соттарға мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану құқығы берілген. Сот азаматтың және шаруашылық істер жөніндегі шешімдерімен кінәлі тараптарды (талап қоюы немесе жауапкерді) тиісті тәртіпке шақырады, оларды міндеттері мен жауапкершілігін орындауға, оның ішінде жауапкердің есеп-шотынан талап қоюшылық пайдасына ақшалай қаражат өндіртуге не мүліктерін өндіруге мәжбүрлейді. Істі сот отырыстарында қарау мен шешу ҚР Конституцияның 77-бабында жөне ҚР Азаматтың іс жүргізу кодексінің жалпы бөлімінің 2-тарауында аталған принциптерге негізделеді.

Іске қатысушыларды азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастардың субъектері ретінде танимыз. Олардың құрамыіна ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің 44-бабына сәйкес:

• тараптарды (талап қоюшы мен жауапкерді);

• үшінші тұлғаларды (даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін және даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін);

• прокурор;

• мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары;

• ҚР АІЖК-нің 56,57-баптарымен көрсетілген негіздер бойынша процеске қатысатын ұйымдар немесе жеке адамдар;

• арыз берушілер және басқа да мүдделі тұлғаларды (ҚР АІЖК-нің 289-бабы) жатқызамыз.

Сот төрелігін жүзеге асыруын жәрдемдесушілер – азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының субъектілері. Олардың қатарына: аудармашы, куә, маман, сот приставы, сот хатшысы, сот ұыйдастырушысы, өкіл және т.б. жатқызылады.

Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



44.5Kb
Категория: Құқық, Қоғам, Криминалистика | Добавил: Admin
Просмотров: 2656 | Загрузок: 216 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Қалқаманұлы Бұқар жырау
Бейімбет Майлин
Мұхтар Әуезов
Тастанбекқызы Сара
Батырлар жыры мен Шахнама дастаны арасындағы сабақтастықтар
Азаматтық қоғам ұғымы, оның құрылымы мен функциялары
Ұлы Ақын Жамбыл Жабаев
Қазақтың ұлы ақыны - Абай
Италия Республикасының Конституциялық құқығы
Бруцеллез ауруы
Жапонияның тарихы
Мәлімет алмасуды ұйымдастыру
Жасуша теориясы
Неологизм терминінің мағынасы мен мәні
Бәсентиін Малайсары батыр