Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 7.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Құқық, Қоғам, Криминалистика

Қазақ әдет құқығындағы алым-салық нормаларының орны
Загрузка...
Қазақ әдет құқығы жүйесіндегі алым-салық қатынастарының бастаулары өзінің негізін тереңнен тартады. Жоғарыда айтып өткеніміздей, дәстүрлі қазақ құқығының жүйесіндегі алым-салық қатынастары және оның құқықтық негіздері, ғұн, түркі дәуірлерінде қалыптаса бастады. Көшпелі қазақ қоғамындағы құқықтық жүйенің қалыптасуы мен дамуында ғұн, түркілердің де, құқықтық дәстүрлерінің алар орын ерекше. Сонымен қатар, біздің ойымызша, көшпелі өмір салтымыздың құқықтық болмысында Шыңғысхан империясының, оның құқықтық ұстанымдарының тигізген әсері ерекше болып табылады. Шыңғысханның Ұлы Жасасының кейінгі дәстүрлі қазақ қоғамындағы құқықтық жүйенің қалыптасуына едәуір ықпалы болды. Құқықтық жүйенің бұл ықпалынан алым-салық қатынастары да, шет қала қойған жоқ. Егер шын мәнін беріп қарайтын болсақ, Шыңғысханның Ұлы Жасасы жалпы көшпелі өмірдің туындысы. Сондықтан да, Шыңғысханның Ұлы Жасасының талап-тілектерін және ұстанымдарын басқа да, көшпелі мемлекеттердің қабылдауы, әрі дамытуы, былай қарағанда, заңдылық болып табылады. Егер зер салып қарайтын болсақ, Шыңғысханның империясы тұсында көшпелі қоғамдағы дамыған алым – салық жүйесі қалыптасып, өрби бастады. Бұл былайша айтқанда, ғұн дәуірінен кейінгі көшпелі қоғамдағы алым-салық жүйесінің дамуының екінші бір айшықты кезеңі. Енді, біз сөз кезегін Шыңғысхан империясы тұсында қалыптасқан, алым-салық жүйесіне қарай бұрайық. Ол туралы кейінгі оқулықтардың бірінде мынандай мәлімет берілген: “В монгольской империи очень важное место занимала система сбора налогов. Было создано три отдельных налоговых ведомства, одно для Китая - в Яньцзине, для Средней Азии - в районе Амударьи, для Семиречья, Кашгарии и прилегающих территорий - в Бешбалыке. Все население было переписано. Основной налогооблагаемой единицей было хозяйство-дом.
Кочевое население империи платило единый налог–копчур, установленный в размере 1% от поголовья скота в год. Кроме того, существовал военный налог-тагар, чрезвычайный налог-аваиз. Оседлое население платило подземельный налог-харадж. Во многих регионах практиковалось отдача налогов на откуп мусульманским купцам” [27, c. 58-59]. Шыңғысхан империясы тұсында алым-салықты жедел жинаудың жүйесі қалыптасты. Мысалы, “Чингисхан, по примеру того, что существовало уже в Китае, учредил на больших дорогах ямщиские станции, чтоб облегчить путешествия чиновников, послов и курьеров. Почтовых лошадей должны были поставлять обыватели, которые были обязаны также доставлять содержание курьерам и повозки для отправки собранных податей” [28, c. 194]. Шыңғысханның ел басқарудағы айла-тәсілі тек қана әскер ісінде көрініп қана қойған жоқ, сонымен қатар қоғамдық өмірдің басқа салаларында өз қолдауын тапты. Шыңғысханның Ұлы Жасасында дін басыларға ерекше ілтипат білдірілді [29, c. 186]. Яғни: “Главы магометской веры, факиры, чтецы корана, дервиши, муэззины (призывавшие на молитву), омывавшие мертвых, лица известные своею набожностью, нищие, законоведы, лекари, освобождаются от податей, тяжелой работы и общественных должностей [30, с. 57]”, - деген арнайы норма қарастырылған. Шыңғысхан империясы және оның жолын жалғастырушы ұрпақтары бірнеше ғасырлар бойы Дешті-Қыпшақ даласында билік жүргізгенін біз жақсы білеміз. Дербес қазақ хандығының қалыптасып, дамуына дейінгі кезеңде Алтын Орданың, Ақ Орданың т.б. атқарған рөлі ерекше. Кезінде Шыңғысханның, кейіннен Жошының оң тізесін басқан дала билерінің бірі, Майқы болып табылады. Әрине, қазақ қоғамында бірнеше Майқылар өткені белгілі. Оның ішінде, біз сөз етіп отырғанымыз, Майқы Тілеуқабылұлы болып табылады. Кейінгі деректерде Майқы бидің арнайы заң жасағаны туралы пікірлер айтылуда. Сол Майқы бидің заңдарына тоқталатын болсақ, Майқы би шығарған жарғының сұлбасы төмендегідей:
1 Адам құны туралы. Ол былайша ережеленіп түзілген.
“Соғыста өлгендерге (әр екі жаққа да) құн төленбейді. Майданда өлген ерлерге 100 бесті төлеу күшінен қалдырылады. Құн төлеу жеңілдетіледі. Қанға қан алу күшін жояды, басқа жолдармен құн немесе айып салынады. Ежелгі төре, бай, бектер үшін қос құн (жай адамның екі есе құны) төлеу де күшін жояды. Кім қаншалық зақым алса, қарсы жақ соншалық төлем немесе айып төлейді”, - деп адам құқына, оның азаматтық тұлғасына жете мән біріліп, бұрыннан келе жатқан қатал да, тұрпайы заңдылықтарды реформалау нышаны әбден аңғарылады.
2 Жесірлер мен неке туралы. Бұл жөнінде Майқы би жарғысында демократиялық принципке негізделген адамгершілік пен әлеуметтік ауаны кең ережелер қалыптасқаны аңғарылады. Атап айтқанда:
Неке бұзғандарға (ерлерге) қырық дүре соғылады. Сондай-ақ, некесі бұзылғандарға олармен өштігі жоқ, есі дұрыс, он екі мүшесі сау үш адам (ең кемінде) көріп, куәлік етуі шарт. Ал неке бұзды деп әлде біреуді қорғаушылар болса (жала жапса), оларға да қырық дүре соғылады. Ерінің көзіне шөп салған әйел талақ етіледі. Ер-әйел арасына жай мажыра болса, мүмкіндігінше татуласуға шақыру керек. Ер болсын, әйел болсын бей-берекет неке бұзуға әуестенбеу керек деген құқықтық заң ережелерін қалдырған.
3 Жер иелігі мен жер бөлісі туралы мұндағы жарғылық заңдардың бастысы деп мына мазмұндағы ережелерді атап өтуге болады. «Кім бұрын иеленіп еңбек етсе, жер соныкі болады. Жердің шөбі мен, суы қыс пен жаздағы қолайлы- қолайсыздығына қарай жер бағасын белгілеп, жер ақысын тұрақты төлеу керек. Ал жер шекаралары ұлы таулар қыраты, үлкен өзендер арқылы, немесе жердің өзге көрнекті бедерлері тәрізді жұртқа анық жерлермен белгіленуі шарт,- деген көшпелі қоғамның өзіне тән жарғы баптарын кездестіреміз.
4 Ұрлық туралы. Майқы би шығарған заң жарғыда ұрлық істер бұдан бұрынғы көшпелі қоғамдағы қолданылып келген қатал заңдарды жұмсарта түскен. Мәселен: “бұрынғы ережелердегі секілді ұрлық істегендердің қол- аяғын сындырып, кесіп, жантүршігерлік азапқа салатын түзім күшін жояды. Ұрының ісіне қарай айып тағылып, төлем қайтарту күшейтілді. Егер тартып-тонап алушы болса, еселеп төлем қайтарумен қоса, қырық мәрте дүре соғу керек”, - делінген.
5 Барымта туралы. Бұл жөнінде де оп-оңды заң-жарғылар қалған. Барымтаның өтеген ісі жөн болса, соның өзінде келісімге келіп (екі жақты) реттеу керек, жөнге салу ләзім. Егер әлде кім өтірік айтып барымта алса, оны ұрлық-тонау ретінде билік айтып шешім ету керек, - деп барымтаның себеп-салдарын билік тұрғысынан терең талдауды меңзейді.
6 Дау-шарлар туралы. Майқы би өз заманындағы билік істеріне куәлік етушілер мен талапкер, даугерлерге де әділдіктен айнымаудың сара жолын көрсетіп берген. Жоғарыдағы:
Әр түрлі дау-шарларды анықтағанда, оған билік айтқанда, кесім жасағанда, талапкер мен даугерді, қуғыншыларды беттестіріп куәлік айттыру керек. Бұрынғыдай өтірік айтқанның тілін кесетін, өтірік көрдім десе көзін ойып алатын жолсыз үкімдерді күшінен қалдыру шарт. Куәні өтірік айтатын болса, жазаланатын болсын, - деген түзілімдер билік ісіндегі жауап берушілердің мемлекеттік заң алдында бәрі бірдей әділ болуын талап еткені аңғарылады.
7 Мал құны туралы. Шыңғысхан дәуіріндегі көшпелі қоғамның мықты тірегі - мыңғырған мал екеніне назар аударсақ, жарғыда мал - мүлік туралы да кеңінен айтылған.
Майталман жорға, қараүзген бәйге аттардың құны - жүз қой; атан, нар түйелердің құны - жиырма бес қой. Тоққара мен атан өгіздің нарқы он қой болса, бір бесті аттың құны сегіз қой болып белгіленеді, - деп кесімді бағалары қойылған [31, 61-62 бб.]. Сонымен қатар, Майқы бидің бұл жарғысының тағы да басқа үзінділері кездеседі. Сондай тағы бір жарғының көрінісі, Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының еңбегіндегі мына жолдар: “Еркек кіндікті атқа қонсын! Жау шалғыншысын торуылдап жоймағы шарт. Жасауыл, жасақтар жасақтанып, қарсыласуға түземделіп сақадай сай тұрсын! Кәрілер ауылға, малға бас-көз болсын! Ұрғашылар қарттардың тілін бұрмасын! Ауыл жесірлері ел атын, ру атын, отағасы атын, ауыл атын, жер атын, тіпті жұбайының атын атамасын! Артынша ұқсас мәнмен ұғындыратын аталымдармен атасын! әр ауыл, әр үй бейсауат кісі келсе, салысымен жортуылдығыларға жеткізсін! Жағаласпай жан қалмақ қайда бар?! Әгәрәкім ұрғашылар алты аталымды тергемдемесе, қара маңғазға артынша мінгізіп ел аралатып жақпақал жағып масқараланбағы шарт болсын! Осы жарлыққа қарсы шыққандардың табанда басы алынсын! Алынбаса, жаугершілік аяқталғанша байлауымда болмақтансын! – деп жарлық түсіргі болған” [32, 144 б.]. Әрине, жоғарыдағы үзінділерден біз алым-салық қатынасына тікелей нормаларды кездестіре қоймасақ та, жалпы бұл заң түзіктерінде де алым-салық қатынастары белгілі дәрежеде тәртіптелген деп топшалауға болады. Себебі, жоғарыдағы үзінділердің барлығы бізге жеткен кішігірім ғана жарғының көріністері. Кейбір деректерге сүйенетін болсақ, Майқы бидің бұл жарғысы көлемді болып табылған.
Көшпелі қазақ қоғамының құқықтық жүйесінің қалыптасуында, оның ішінде алым-салық қатынастарының дамуында әр түрлі заң жарғылардың рөл атқарғандығын, яғни былай айтқанда ықпал еткендігін көруге болады. Шыңғысханның Ұлы Жасасынан кейін өмірге келген көлемді заң түзіктің бірі, Әмір Темірдің Заң Кодексі болып табылады. Әмір Темірдің бұл заң жинағында мемлекетті басқару ісі, мемлекеттік саясат т,б, қатар алым-салық ісіне де үлкен мән берілген. Заң баптарына көз жүгіртетін болсақ, Әмір Темір алым-салық қатынастарында өте бір ерекше саясатты ұстана білген. Алым –салық ісі жөнінде ол былай дейді: “Былайша әмір бердім: халықтан алынатын салықтың мөлшері бұқараның азып-тозуына мен мемлекеттің күйреуіне себеп болмасын. Себебі, халықтың азып-тозуы қазынаның ақыр-тұқыр болуымен пара-пар. Қазынаның азайып кетуі әскердің әлсізденіп, тарап кетуіне себеп болады. Ал әскердің тарап кетуі биліктің харап болуымен бірдей. Тағы да бұйрық бердім: билігіме бағынған әр мемлекет түрліше бәлекеттерден аман болғай. Ол жинаған өнім, дәремет ортақ игілікке жұмсалсын. Егер жергілікті халық бұрыннан беріп келген салық мөлшеріне разы болса, ол есте болсын, бірақ, салық қай кезде де белгіленген тәртіпке сай жиналсын. Салықты есепке алынған өнімге және жердің құнарына қарап жинаған жөн. Себебі, үнемі, үздіксіз кәріз арық, дария суымен суарылатын егіндік жерлер бөлекше есепке алынсын. Ондай жерлерден алынған өнімнің үштен екісі иесіне, үштен бірі қазынаға аударылсын. Ал егер ол есепке алынған жерден берілетін салықты нақты ақшамен төлеймін десе, онда нақты ақша мөлшері қазынаға өткізілетін әлгі өнім бөлігінің нарқына байланысты белгіленсін. Алынған нақты ақша мөлшері кешіктірілмей қазына қорына жеткізілсін. Егер алынған астықты үшке бөлуге разы болмаса, онда есептегі егіндік жерлер бірінші, екінші және үшінші жәріп егіндік етіп бөлінсін. Бірінші жәріптен алынған өнімнің үш харуары, екінші жәріптен алынған өнімнің екі харуары, үшінші жәріптен алынған өнімнің бір харуарын жинап алсын. Мұның жартысын бидай, жартысын арпа деп есептеп, үшке бөліп, екеуі диқанның еншісіне қалдырылсын. Қазынаға тек біреуі ғана алынсын. Егер халық осы тәртіппен салық төлеуге келіспесе, ондай жағдайда, бір харауар бидайға бес мысқал күміс, бір харуар арпасына екі жарым мысқал күміс мөлшерінде нарық белгіленсін. Сондай-ақ, қала пайдасына берілетін тарту да осыған қосып қойылсын. Бұдан басқа елден ешқандай артық алым-салық алынбасын.
Бұлардан тысқары күзгі, көктемгі және жазғы диқаншылықтан түскен өнім ел-жұрттың өзіне бөлінсін. Ал суарылмайтын жерлер жәріпке бөлінсін. Есептегі бұл жерлерден салық алу үштен бір және төрттен бір мөлшеріне қағидаға сай жүргізілсін. Әр шәһар, аймақтардан алынатын түрліше салықтарды жинау бұрыннан келе жатқан үрдіске сай болсын. Егер халық бұған да наразы болса, онда өз еріктері білсін.
Былайша әмір бердім: астық (өнім) пісіп–жетілместін бұрын халықтан алым-салық алынбайтын болсын. Астық пісіп, егін орылар алдында салық алу жоғарыдағы тәртіппен үшке бөлінсін. Салық жинауға жіберілген өкіл салықты ел-жұрттан үркітіп-қорқыту арқылы емес, өзара келісім, ортақ мәмілеге келе отырып, алатын болсын. Диқанды зәбірлеу-жәбірлеуге ешкімнің де хақысы жоқ.
Кімде-кім адам аяғы бара қоймаған шөлейт, яки сахараны гүлабадқа айналдырса, немесе арық қазып, су жүргізсе, не бау-бақша өсірсе, не болмаса бірер бұзылған, құлауға айналған ғимаратты қаз тұрғызып, қайта қалпына келтірсе, алғашқы жылы ол адамнан ешқандай алым-салық алынбасын, екінші жылы ол не берсе сол қанағат, ал үшінші жылы одан салық баршаға бірдей мөлшерде алынсын.
Қарауымдағы елдердің қайсыбір басшылары қатардағы қарапайым халыққа жөнсіз тізе бастырса, сол арқылы бейкүнә, бейшараларға залал жасаса, онда ол басшыларға қатаң түрде айып тағылып, жәбір-жапа көргендерге жәрдем берілсін.
Бос жатқан жерлер иесіз болса, халиса тарапынан игерілсін. Иесі бар болғанмен оның жерді игеруге шамасы, мүмкіндігі жетпей жатса, онда оған қажетті құрал-саймандар берілсін. Былайғы бос жерлерге арықтар тартылсын, бұзылған көпірлер жөнделіп, өзен-сулар үстіне жаңа көпірлер, жолға жақын мекен-жайларға бекеттер салынсын. Аталған жайлар мен жолдарды сақшылар, күзетшілер қорғасын. әр бекетке арнайы адамдар бөлініп, жолдарды жөндеу, күзету жұмыстарымен солар айналыссын. Керуендер мен жолаушылардың дүние – мүліктерін көлденең көк аттылардан қорғау міндеті де соларға жүктелсін.
Үлкенді-кішілі әрбір шәһарлар мен қыстақтарда мешіт, медресе және құжыралар (намаз оқитын жай) салынсын. Міскіндер мен пақырларға арнап қоналқыжай, аурулар үшін емханалар салынып, емшілер, тәуіптер әзірленсін.
Әр өлкеде үш уәзір тағайындауды бұйырдым. Бұлардың алғашқысы тікелей халықтың өзімен айналыссын. Жер –жерден жиналған алым-салықтың барысын бақылап, есебін алсын. Алым –салық мөлшерін анықтап, салық төлеушілерді тізімге тіркеп, жиналған қаржыны көздің қарашығындай сақтау соған жүктелсін.
Екінші уәзір әскерге берілетін, бөлінетін барша қаржы есебін жүргізіп отыратын болсын.
Үшінші уәзір дерексіз жоғалған адамдар, келіп-кетушілер (саяхатшылар, саудагерлер), иесіз мал-мүлік, қазылар мен шайықұлисламдарды үкім-жарлығымен алынған айып ақша, дүние-мүліктерді ле ретке келтіріп отырсын. Бұлардан басқа, өлген-жіткендердің дүние-мүліктерін мұрагерлеріне қалдыру жағын қадағалауды бұйырдым. Егер мұрагері жоқ болса, ол зат, мүліктер қайыр-садақаға жұмсалсын” [33, 98-100 бб.]. Міне, көріп отырғанымыздай Әмір Темір алым-салық жинауды өте кірпиязы ісі ретінде бағалады. Әмір Темірдің алым-салықты жинауының мөлшері және негіздері туралы деректерді де, кездестіруге болады. Ол туралы М. Иванин былай дейді: “Сбор доходов был определен на следующих основаниях: если земледелец владел плодородною землей, орошаемой каналов, родником, речкой, по которым постоянно текла вода, то он платил подати 1/3 своих доходов, по его желанию, проиведениями земли или деньгами по оценке.
С земель, не пользовавшихся таким орошением, смотря по качеству земли, платилось менее. Но сборщикам податей для государя воспрещалось употреблять палки, веревки, цепи, кнут” [30, с. 183]. Әмір Темірдің алым-салыққа қатысты жарғыларының дала өмірінде атқарған рөлі ерекше болды. Ол негізінен Әмір Темірдің әскери қуатын арттыруға жұмсалған болатын. Әмір Темірдің біз айтып өткен ұстанымдарын сол кезеңдегі Дешті-Қыпшақ даласындағы көптеген билеушілер өздерінің өмірлік тәжірибесінде пайдаланып отырды.
Алтын Орда ыдырай бастаған кезде, жеке-жеке хандықтар бас көтерді. Әрине, олардың құқықтық жүйесі Шыңғысханның Ұлы Жасасынан кіндік үзе қоймаса да, кейбір мемлекет билеушілерінің өмір талабына сәйкес, құқықтық түзімдері, жарғылары шыға бастады. Сондай жарғылардың бірі, Ақ Орда ханы. Жәнібектің жарлығы десек болады. Бізге оның төмендегідей үзінділері ғана жеткен: “Күллі алаш ұранлы қазақ қараша бұхараларымның өздерінің және ұрпағының мінсіз бітістік болмағы шарты үшін:
Ауыз. Жат төселмелік жат ниет, бәт қылық бүгіннен бастап тыйым болмағы шарт жарағы. Әгәрәкім көзге шалынса, қара маңғаз артынша мінгізілініп өртелмелік қалма әлпетіне жақпаулық, жаға жұрт көрмелік істемек шарт.
Көз. Жеті атадан ілгері қыз алысқандар бүгіннен бастап болмауы шарт жарағы. Әгер олай болса, болғанына көз жетсе, жұбайлары тең бас қылыштамақ шарт.
Көз-мұрын. Беттен сүйетін жат қылық бүгіннен бастап тыйым. Және аллалық шала жаралымнан басқа науқастар әрқандай пенде баласына болса да тостағанның шетін тістетпеуі шарт. Әгәр айқын ұғыныстылық болса, елу қамшы дүрелемек жарағы, оған сұрам жоқтығы айқындылық. Әшкере қарсыласқан адамның өзі кім болса да жер үймек ” [32, 43 б.]. Бұл келтірілген үзіндіде алым-салық қатынастарына қатысты тікелей нормалар кездеспейді. Сонымен қатар, Жәнібек ханның да алым-салық ісіне байланысты жарғылары болған жоқ деп те айтуға болады. Жәнібек ханның да жарғылары алым-салық қатынастарын реттеуде бірден-бір құқықтық негіздің рөлін атқара алды деп айта аламыз.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, дәстүрлі қазақ қоғамындағы алым-салық қатынастарының негіздерінің қалыптасуына тек қана, Әмір Темірдің Заң Кодекстері ықпал етіп қойған жоқ. Сонымен қатар, Монғол – Ойрат заңы да ықпал етті. ХІІІ ғасырдан бастап әлемге әйгі болған мемлекетінің ел басқару, құқықтық сананың түп төркіні, Монғол қоғамын реттеуші қайнар көздерінің ең іргелісі – 1640 жылғы “Моңғол-Ойрат заңы” [34, 17 б.]. Зерттеушілер Монғол-Ойраттың ұла заңы 120 баптан тұратын, мемлекеттің ішкі-сыртқы саясатына байланысты 30-ға жуық құқықтық әрі қылмыстық істерді қамтыған ірі заң ережесі деп анықтады. Сондай-ақ, бұл заңның түпкі негізі Шыңғыс қағанның Ұлық Жасасы болды деп те қарастырады.
Монғол – Ойраттың ұлы заңында қамтылған мәселелер-мемлекеттік іске қарсы қылмыстар, азаматтардың денсаулығы, жанына қастандық жасалған қылмыстар, жеке мал-мүлікке қарсы жасалған қылмыстар, лауазымдық істердегі қылмыстар, сот билігіне қарсы қылмыстар, табиғатты қорғауға қарсы қылмыстар, әскери қылмыстар.
Кейінірек Монғол-Ойраттың ұлы заңына Еділ бойындағы қалмақтар қосымша толықтырулар енгізген. Бұл қосымша толықтырулары жалпы алғанда 53 баптан тұрады. Онда қазақтарға қатысты екі бап бар [35, 28-29 бб.]. Кейінгі кездегі зерттеушілердің Монғол-Ойрат заңның қазақ даласындағы Қасым, Есім және Тәуке хандардың заң жинақтарына үлкен ықпал еткендігі туралы пікірлері кездесіп жатады. Монғол – Ойрат заңының бұл заң жинақтарына еткен ықпалын ашып зерттеу арнайы ізденістерді қажет етеді. Сондықтан да, біз бұл мәселеге терең көңіл қоймаймыз.
Дәстүрлі қазақ қоғамында заң түзудің үлкен жолы да қалыптасқан болатын. Ресей империясына бодан болғанға дейін қазақ қоғамында белгі хандар Қасым, Есім және Тәукелердің тұсында үлкен құқықтық реформалар жүзеге асырылды. Қазақ қоғамында бұл заң нормаларының осы күнге дейін біреуі де, толық сақталмаған. Сондықтан да, бұл заң нормалар туралы ауыз толтыра дәйекті пікір айту мүмкін емес. Оған қарамастан, жалпы ол нормалардың бағыты туралы сол кездегі саяси - әлеуметтік жағдайлардың бет-бейнесіне қарай отырып, белгілі бір топшалаулар жасауға болады. Енді сөз кезегін Қасым ханның заң жинақтарына бұратын болсақ, Қасым ханның заң нормалары мынандай бағыттарды қамтыған:
1 Мүлік заңы / Жер дауы. Мал- мүлік/.
2 Қылмыс заңы /ұрлық, кісі өлтіру, талау, шабу/.
3 Әскери заң /аламан міндеті, қосын жасау, қара қазан, ердің құны, тұлпар ат/.
4 Елшілік жоралары /майталмандық шешендік, халықаралық қатынастағы сыпайылық, әдептілік/.
5 Жұртшылық заңы /шүлен тарту, ас, той, мереке үстіндегі ережелер, жасауыл, бекеуіл, тұтқауылдардың міндеті/ [36, 295 б.]. Бұл кезіндегі Әлкей Марғұланның бөліп көрсеткен бағыттары болып табылады. Қасым ханның қасқа жолы туралы бүгінгі күнге дейін әлі дерек көздері ашыла қойған жоқ. Болашақта бұл бағытта жаңа ғылыми ізденістер нәтиже береді деп санауға болады. Жоғарыдағы Қасым хан заңдарының бағыттарының жұртшылық заңдарына қатысты бөлімдерінің өздерінен алым-салық қатынастарына да байланысты нормалардың болғандығын, оны жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың құқықтары ме міндеттерінің белгіленгендігін аңғару қиын емес. Қасым ханнан кейін қазақ даласында үлкен реформаны Есім жүргізді. Есім ханның ескі жолы туралы да дерек көздері аз. Әрине, соған қарамастан есім хан бұрынғы ата-баба жолын ұстанды деп айтуға да болады. Оған есім ханның ескі жолы деген аттың өзі дәлел болатындай. Есім ханның ескі жолы туралы Б.Ж. Қуандықов былай дейді: “Есім хан бұрыннан келе жатқан жол-жоралғыларды бір ретке келтіріп, заман ыңғайына қарай оның бойына жаңа нәр береді. Сондықтан да ол халық жадында “ескі жол” ретінде бекиді. Осы уақытқа дейінгі бізге жеткен аңыздарды, деректерді саралай келе бұл ескі жолмен сол кезеңге дейінгі қазақ еліндегі заңдарға мынадай толықтырулар мен түзетулер енгізілген деп пайымдаймыз.
І Елдің тәртібіне қатысты жоралғылар / хан пәрменіне, батыр, абыз ісі, би мәртебесі/.
1 Құн тарту жоралғылары /өнер құны, сүйек құны және құн ісін жайғастыру/.
2 Жесір ісіне қатысты жоралғылар / әмеңгерлік және жесір дауын шешу жолы/.
3 Жаза белгілеу жоралғылары /жан жазасы, мал жазасы, ар жазасы және оны тарту тәртібі/” [37, 84-85 бб.]. Есім ханнан кейін екінші реформаның Тәуке хан жүзеге асырған болатын. Тәуке ханның заң жинағы да бізге көп жағдайда орыс чиновниктерінің және саяхатшыларының т.б жазбалары арқылы жеткен болатын. Оның ішінде, ең ірілердің қатарына Левшинның, Гавердовскийдің, Шангиннің және Шүкірәлиевтің аузынан жазып алынған Спаскийдің нұсқалары жатады. Тәуке ханның Жеті жарғысы негізгі сұлабасы төмендегідей: “Бірінші һәм негізгі сала - жер дауы. Қыс қыстау, жаз жайлау, қоныс, құдық - мал баққан елдің атадан балаға мирас қып қалдыратын еншісі. Өйткені жер - атамекен, кіндік-жұрт, отан. Жер - тіршілік етер ортасы, баба моласы, кіндікбайлар қасиетті тұрағы. Сондықтан көшпелілер үшін жерден киелі ештеңе жоқ. Жер дауынан қиын дау да жоқ.
Екінші сала - үй ішілік тірліктегі сыйластық, байланыстылық, әке мен бала, ене мен келін арасындағы қарым-қатынас, үлкен мен кіші арасындағы сыпайыгершілік, ата-анаға деген құрмет, жастарды тәрбиелеу, баулу сияқты инабаттылық, имандылық шаралары. Өйткені, “баланы жастан” дейтін қағиданы қатты ұстанған халқымыз ұл-қызын ибалылыққа үйретіп, имандылық қасиетке икемдеп отырған ғой.
Үшінші тармақ ұрлық пен қарлыққа, барымта мен сырымтаға кедергі қойып, бұқараны адалдыққа шақырып, еңбекпен күнелтуге бейімдеген заңдар тізбегін қамтиды. “Арам жемейік, адал өлейік” дейтін пікір сол кезде қалыптасса керек.
Жарғының төртінші бабы ел мен ел, халық пен халық, ру мен ру арасындағы дау-дамайды әділдікпен шешуге арналған. Ынтымақтық тілеген ел дауды бүлікпен емес билікпен тындыруды көздегені ақиқат. Өйткені, Қазыбек би өмірі - соның ақиқат куәсі. Сондықтан бұл тармақтың қазақ даласы үшін де, қазақ баласы үшін де мәні зор екені даусыз.
Бесінші бап ел бірлігін сақтау, отанын қорғау, сыртқы жауға тойтарыс беру, жасақ құру, сардар сайлау, сауын айту тәрізді жаугершілік кезіндегі мемлекеттік ірі оқиғаларды қамтыған ереже-қағидалар шоғырын түзсе керек.
Алтыншы тармақ түгелдей құн дауына бағытталған. “Қанды кек”, “қанды мойын құныкер”, “ежелгі дұшпан”, “ескі жау” ұғымдары қалыптастырған қаталдық пен қатыгездікті жұмсартып, онсыз да оңай желпілдегіш түндігіне одан сайын жел үрлемей, жаттан емес жақыннан жау тапқызатын қатқылдылықты иітуге барын салған үш бидің, соның ішінде Қаз дауысты Қазыбектің де мәмілегер даналығы бар бұл тармақта. Өлімді өліммен көбейтпей, ізгілік тілекпен Өмірді арашалаған, Өмірді қорғаған бұл әрекеттің маңызы да ерекше.
Тағы да дәлелге жүгінейік. Қасым мен Есімхандардың әдет-ғұрып заңдары бойынша кісі өлтірген айыпкердің шаңырағы ортасына түсіріліп, қара орманы бүлдіргісіне дейін түк қалынбай түгел таланып, өзі өлім жазасына бұйырылатын болған. Ал, “Жеті жарғыда” бұл даудың жазасы әжептеуір жеңілдене түскен. “Қанға-қан” жойылып, енді құн төленіп, айып кесілетін болған. Және ол айып - жеті айып аталған. Олар мыналар:
Бірінші айып – “қара қазан” төлеу. Қара қазан төлеуі - айыпкердің шаңырағының ортасына түскенінің белгісі.
Екінші айып – “қара нар беру”. Сол қара нармен өлген кісі атақты адам болса Түркістанға апарылып қойылатын болған.
Үшінші айып – “қара мылтық алу”. Қара мылтықты алу - қылмыскердің күшін алуы, қаруын жоюы. Бұдан кейін ол өлгенмен тең болмақ-мыс.
Төртінші айып – “қара шолақ бие жетектету”. Қара шолақ бие жетектету айыпкердің ырысының шайқалуының анық нышанына бағаланған.
Бесінші айып – “қара кілем ұстату”. Қара кілем ұстату - тұралағандықтың көрінісі саналған.
Алтыншы айып – “жетім беру”. Ол көңілде кірбіңдік қалмасын, аралас -құраластық басталсынды меңзеген.
Жетінші айып – “жесір бастаған тоғыз жөнелту”. Ол - қан-жыны араласып, ағайынның қылшықсыз табысуының басы деп есептелінген.
Әрине бұл жерде біз айыптың шешімінің бәрін қолмен қойғандай етіп шегелеп айттым деуден аулақпыз. Бізге жеткен қисындардан түйіндеген жобаны ғана ұсынып отырмыз. Өзгелердің дәлелмен өзгерткен басқа нұсқалары бар болса қарсылығымыз жоқ.
Енді “Жеті жарғының” ең соңғы жетінші тармағына көшелік. Бұл тармақ тұтастай жесір дауынан құралады. Әрине, ол тұста ру мен руды, ауыл мен ауылды әрі біріктіретін де, әрі бөлектейтін де жесір дауы болғаны рас. Құда боп төс түйістіріп, көңіл қосып, құшақ табыстырған қазақ осы қыз дауы , жесір дауы арқылы аттан-айқайға басып, сойыл-шоқпарға жармасып, барымта-сырымтаға аттанып, оқ боратып, шаң суырып, бас жарып, білек сындырып, қан ағызып, көз шығарып, алыс-жұлысқа да, төбелес-ұрысқа да, сойқан соғысқа да барып қалатын. Сол себепті де ең бір осал тұс, өкпе сызы көп, айқай-жанжалы мол, ұрыс-керісі орасан осы жесір дауына үш бидің - Төленің, Қазыбектің, Әйтекенің “Жеті жарғысы” қатты көңіл бөлген көрінеді” [38, 73-74 бб.]. Сонымен қатар, Қазанғап Байболұлының өлең сөзімен өрілген мынандай да қазақ заңдары туралы айтқан ойы бар:
“Жер дауы баяндайын - біріншісі,
Ру, қоныспенен меншікті ісі.
Иеленген жеріне жанжал болса,
Біреуге басымдық қып озбыр кісі,
Үй іші мен баланы тәрбиелеу-
Болған жосын заңының екіншісі.
Ұрлық, қарлық, барымта – үшінші заң,
Баян етер бәрін де білген кісі.
Төртінші боп саналған мынау заңы,
Бір халық пен басқа ру болса дауы.
Ұлтын жаудан қорғамақ – бесінші бұл,
Алтыншы, жетінші - құн дауы, жесір дауы,
Есім ханның күнінде ауыр еді.
Осылардан қиын боп ажырауы.
Кісі өлтірген айыпкер болса кісі,
Қасым хан мен Есім хан мынау ісі.
Шаңырағын түсіріп ортасына,
Сау қоймайтын ол үйдің бүлдіргісі.
Тәуке хан мен Төле би жеңілдетіп,
Жеті айып төлетті келсе күші.
Қара қазан - бірінші кесім еді,
Шаңырағын ортаға түсіргені.
Екіншісі қара нар төленетін,
Жобаменен жоғарғы шешімдегі.
Алып барып Қаратау , Түркістанға,
Қойсын өлген сол үлкен кісіні енді.
Қара мылтық үшінші беріледі,
Сол үлкеннің қаруы күші - деді.
Қара шолақ бір бие –төртіншісі
Жеңілгендік өлтірген ол белгісі.
Ол ағзалы киеді болған кісі,
Жетім бастап алтыншы қара кілем,
Жеткізеді тоғызға түр-түрімен.
Жесір бастап жетінші тоғыз беріп,
Жарастырып Қоңырды өлтіргенмен.
Былай еді жетінші жесір дауы,
Құда болған ажырап кетсе жары.
Ал мынадай үш тоғыз айып салып,
Берген малдың үстіне жамалады.
Жамбы бастап бірінші тоғыз төлер,
Ат бастаған бір тоғыз және берер.
Түйе бастап үшінші бұл да тоғыз,
Қалың малдан тысқары есептелер.
Сол дәуірде қыз кетіп моншақ таққан,
Рулы ел жабылып айып көрер.
Бір жесірге серкелі Дулат болып,
Айтысты деп айтатын қариялар” [39, 207-208 бб.].
Тәуке ханның Жеті Жарғысында алым-салық мәселесіне байланысты А.И. Левшин айтқандай мынандай жолдар кездеседі: “Чтобы всякий, могущий носить оружие (кроме султанов), платил хану и правителям в подать 20-ю часть своего имущество ежегодно” [40, с. 370]. Қазақ хандары бұл кезеңде отырықшы халықтардан баж және харадж жинап отыратын болған. Сонымен қатар, көшпелілер болса, малдан салық төлейтін. Әр түрлі алым-салықтар жинау туралы ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы сипаттама еңбектерде де белгілі деректерді кездестіруге болады. Оның ішінде Абылай ханның алым-салықтар жинау туралы мынандай дерегін кездестіріміз: “по достоверным же известиям известно, что Аблай хан, будучи в живых собирал с подданных своих алым с волостей Атагайской, Каркульской и Кажегалинской лошадьми, рогатым скотом и баранами, когда с прочих отдаленных волостей. По тому же и сын его Вали хан, нынешний владелец, поступает по правилу отцовскому [41].
Қорыта келгенде айтарымыз, дәстүрлі қазақ қоғамында алым-салық қатынастарының құқықтық бастаулары үлкен-үлкен заң жинақтарынан тұрған болатын. Бұл біріншіден, дәстүрлі қазақ қоғамындағы алым-салық қатынастарының ресми құқықтық негіздерінің қатарына жатады. Сонымен қатар, дәстүрлі қазақ қоғамында алым – салық қатынастарын жалпы құқықтық жүйенің басқа да, барлық бағыттарын қамтыған бейресми нысандары да өмір сүрген болатын. Олардың көрінісі негізінен қазақ ішіндегі мақал-мәтелдерде орын алып, елдің есінде сақталатын үзік-үзік айшықты сөздер ретінде көрініп отырды.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Құқық, Қоғам, Криминалистика | Добавил: Admin
Просмотров: 1635 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Әуезов Мұхтар Омарханұлы
Марат Отарәлиев: «Тағдырмын ерте жоғалған...»
Австралия
Ар жақта дүмбірлеген Арынғазы...
Құранды түсіну
Қазақтың демократ ағартушылары
Германия
Аймауытов Жүсіпбек
Жамбылдың ұстазы еді Майкөт ақын
Гигиена
Мыңзықұлы Еділ (Аттила) қаған
Қазақстан Республикасы мен Нидерланды Корольдігі арасындағы қатынастар
Неологизмдердің жасалу жолдары
Жалпы әлемдік қонақ үй шаруашылығының қалыптасу тарихы
Қазақстан Республикасының климаты