Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Құқық, Қоғам, Криминалистика

Қазақ әдет құқығы бойынша алым-салық ұғымы
Загрузка...
Дәстүрлі қазақ қоғамының құқықтық жүйесінде оның өміршеңдігін және әмбебаптығын қамтамасыз ете білген бірнеше құқықтық институттар қалыптасқан болатын. Солардың бірі қазақ әдет құқығы жүйесіндегі алым -салық қатынастары болып табылады. Алым – салық қатынастары осы уақытқа дейін отандық заң ғылымында арнайы қойылып зерттеле қоймаған, ақтаңдық мәселенің бірі. Оның басты себептерінің бірі, кеше өткен Кеңестік дәуірде қазақ қоғамында жалпы көшпелі қоғамда мемлекеттік құрылымдар болған жоқ. Олар жабайы рулық қатынастар деңгейінен аса қоймаған халықтар ретінде бағалануында еді.
Дәстүрлі құқықтық жүйедегі алым-салық қатынастарының тамыры тереңде жатыр. Бұл қатынастар жүйесі Қазақстан аумағындағы көшпелі мемлекеттердің өмір сүруімен тікелей байланысты. Сондықтан да, оның бастаулары есте жоқ, ескі замандарға, яғни сол дәуірлерге барып тіреледі. Алым–салық қатынастарының дәстүрлі қазақ қоғамындағы бейнесі, ол осы замандарда қалыптасқан, тәжірибенің, былайша айтқанда дамыған шыңы. Сол үшін де, дәстүрлі қазақ қоғамындағы алым-салық қатынастарының құқықтық бейнесін, оның нысандарын және түрлерінің қалыптасуын осы кезеңдерден іздеуіміз қажет. Бұл қазақ әдет құқығы жүйесіндегі алым-салық қатынастарын зерттеудің, былайша айтқанда методологиялық ұстанымы. Алым–салық қатынастарының табиғатын ашуды осы ұстанымдар деңгейінде жүргізуіміз қажет.
Дәстүрлі қазақ құқығы жүйесіндегі алым-салық қатынастарының табиғатын ашу, оның мазмұны мен мәніне терең үңілу үшін, біз жалпы дәстүрлі қазақ құқығының ерекшеліктеріне, оның өмір сүру нысандарына және әрекет етуінің аясына тоқталып өтуіміз керек. Себебі, дәстүрлі қазақ құқығының негізін құрайтын көптеген мәселелер осы уақытқа дейін ғалымдар арасында талас тудырып келеді.
Соңғы кезеңдерде қазақ әдет құқығы жүйесін зерттеуде үлкен серпілістер болуда. Қазақ әдет құқығы жүйесіндегі алым-салық қатынастарында, осы жаңа тұжырымдар негізінде және сол бағытта қарастырып, ашып ұмтылатын болсақ қана, біз оның қоғамдағы рөлін көрсете аламыз.
Енді сөз кезегін жалпы қазақ құқығының дәстүрлі қоғамдағы орны мен рөліне, оның мүмкіндіктеріне беретін болсақ. Қазақтың дәстүрлі құқықтық жүйесін зерттеп жүрген белгілі ғалым академик С.З. Зиманов былай дейді: “Қазақтың әдеттік – құқықтық жүйесі тарих бойы қалыптасқанын, оның әр түрлі ғасырлар үнімен әуендестігін баса айтпаса болмайды. Бір жағынан алғанда, оның консервативтік сипаты, екінші жағынан көшпелі өркениет ауанында әр кез қозғалыста, дамуда болғандығы сезіледі. Осындай өзгерісті қозғалыс барысында би қазақтың құқықтық дәстүрлерінің сақтаушысы ретінде көрініс тапқан. Бұл оның кәсіптік қызметінің міндетті қыры болып табылады. Сонымен қатар, би – Ұлы Дала құқығын еркін талқылаушы, әрі оның нормаларын қоғам өзгеруіне сай қолданушы” [3, 34 б.]. Белгілі ғалым, өзінің ойын осылай топшылай келе, қазақ құқығының ерекшелігі мен табиғатын және оның өміршеңдігін тағы былай бағалайды: “Қазақ құқығының ерекшелігі ол көшпелі өркениет шеңберінде туып, сол дәуірдің ең құнды сипатын иеленді. Бұл тұрғыдан ол тарихи маңызы бар құқықтық жүйелер әлемінен заңды түрде өз орнын ала алады, алуы тиісті де.
Қазақ құқығының мәні мен ерекшелігі оның тарихтағы белгілі бір жүйелі – институционалды құрылым екендігінде емес. Барлық халықтар өз тарихының бастапқы сатысында ондай әдет-ғұрыпқа негізделген құқықтық реттеудің үстемдік етуі дәуірін басынан өткерді. Бірақ мұндай кезең көптеген халықтардың тұрақсыз, әрі қысқа мерзім ішіндегі өтпелі дәуірі болды. Оларда құқық жүйесі билік үшін династиялық күрес, көшпелі және жартылай көшпелі одақтардың жаңа жерлерді іздеп көшуі сияқты ортағасырлық идеологияға сай қалыптасты. Қазақ құқығының ерекшелігі оның “еркіндік” лебі өріс алған кең аумақта қалыптасып өркендеуінде, көшпелі өркениеттің бейбіт, табиғи тұрақты қағидаларына негізделе дамығандығында. Бұл тұрғыдан ол өзінің мазмұны бойынша өзі қалыптасқан дәуірді айқындады және оның шеңберінен асып түсті” [3, 35 б.]. Белгілі ғалымның бұл айтылған ойларымен келісе отыра, біз жалпы қазақ құқығының өміршеңдігі, қоғам тудырған талаптарға бейім тура алатындығында деп санаймыз.
“Көшпелілерде құқ, хақ жәйлі түсінік ерік ұғымымен үндес, соның синонимі іспеттес. Менің құқым (хақым) бар, еркім бар, еріктімін деген түсініктер адам ойының, іс-әрекетінің, қимылының иесі, қожайыны оның өзі екендігін бейнелейді. Адам өзін-өзі билейді, оны шектейтін күш сыртта емес іште, ол-адамның өзі, оның санасы ішкі табиғаты деген ой-сарыннан бастау алып жатады.
Демек, ерік, құқық, хақ ұғымы жалпы адам мәселесіне келіп тіреледі, дәлірек айтсақ адам табиғаты жәйлі, оның ойының, сөзінің іс-әрекетінің қайнар көзі туралы мәселелер аясында қаралады, солардан туындайды.
Демек құқ (хақ, ерік) ұғымы жеке адамға байланысты қаралды, оның тұлғалық бейнесінің көрінісі және ажырамас адамдық қасиеттерінің бірі деп саналады. Құқ адамнан тыс (бөлек) күш немесе құбылыс деп есептелген жоқ. Сондықтан да болар, қоғамдағы заң нормалары, әдет-ғұрып жарғылары адам құқымен (хақымен, еркімен) тікелей байланыста қаралмайтын. Олар ең алдымен ат-баба жолы, көнеден келе жатқан жора, үлгі өсиет деп ұғылатын. Яғни, алдыңғы буын ұрпақтардың кейінгіге қалдырған өнегесі, бағыт-бағдар көрсетер ақыл-кеңесі, ақиқаттағы күмәнсіз іс-қимыл үлгісі саналатын. Екіншіден, әдет-ғұрып нормалары орындалуға міндетті қажеттілік, өмір заңы есебінде бағаланды. Яғни, оларға адам шығарған туынды, соның еңбегінің жемісі дегеннен гөрі өмірдің өзі “ойлап-тапқан”, тарих талқысынан өткен өмірдің өз заңы деген көзқарас басым болды. Сондықтан оларды орындау әрбір қоғам мүшесіне бұлтартпас қажеттілік және міндет деп есептелді” [4, 47-48 бб.].
Дәстүрлі қазақ құқығын осы ұстанымдар деңгейінде бағалай отыра, біз алым-салық қатынастарының мәнін аспектілер аясында қарастыруға ұмтыламыз. Жоғарыдағы қазақ құқығының мәніне байланысты айтылған ойлар көп жағдайларды аңғартады. Себебі, дәстүрлі қазақ қоғамында алым-салық қатынастары да әрқашанда міндеттеліп жүзеге асырыла қойған жоқ.
Дәстүрлі қазақ қоғамындағы алым-салық қатынастарын бағалап, оның мәнін ашуда, тағы бір жағдайды ескеруіміз қажет. Бұл сол қоғамдағы алым-салыққа байланысты қалыптасқан өзіндік көзқарастар жүйесі. Өйткені, қазіргі кезеңдегі алым және салық деген ұғымдарды тікелей дәстүрлі қоғамның талаптарына, оның шындығына қолдану мүмкін емес. Қазіргі кезеңдегі заң ғылымында да, алым-салықтар мәселесі дау тудыратын пікірлердің көп екендігін біз білеміз. Жалпы қазіргі құқық теориясында алым-салық қатынастарын мемлекеттің өмір сүруінің бірден-бір қажеттілігі және мемлекеттің белгісі ретінде бағалау орныққан. Бұл туралы Ғ.С. Сапарғалиев пен А.С. Ибраева былай дейді: “Мемлекет органдарын, оларда істейтін қызметкерлерді қаражаттандыратын оның арнаулы материалдық қоры болды. Ол қорды жасау үшін мемлекет салық-алым белгілейді және жинайды” [5, 24 б.]. Әрине, бұл ой өте орынды және құқық теориясында орныққан және мойындалған пікір екендігі шындық. Қай қоғамда болмасын алым-салық мемлекеттің өмір сүруінің артериясы болып табылады.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, алым-салық мәселесінің бүгінгі таңдағы шындығына көңіл қоя кетейік. Жалпы қаржы құқығы теориясының, оның ішінде салық құқығының білгірі А.И. Худяков былай дейді: “Налоги (в старину их называли “подати”), наряду с военной добычей и пошлинами, являются, пожалуй, самым древним способом добывания государством себе денег [6, c. 6], - дей келе салыққа мынандай түсініктеме береді: “Налог – это установленный государством в лице уполномоченного органа в одностороннем порядке и в надлежащей правовой форме обязательный денежный или натуральный платеж в доход государства, производимый в определенных размерах, носящий безвозвратный, безэквивалентный и стабильный характер” [6, c. 30].
Қазіргі кезеңде салықты бірнеше бағытта түсінуге болады, оның материалдық, экономикалық және заңи сипаттары бар. Енді соған тоқталатын болсақ: “В материальном смысле налог – это сумма денег (реже-вещей, определяемых родовыми признаками), подлежащая передаче налогоплательщиком государству в установленных размерах, в обусловленные сроки и в определенном порядке; в экономическом смысле – это денежное отношение, опосредующее одностороннее движение стоимости от плательщика к государству в установленных размерах, в обусловленные сроки и в определенном порядка; в юридическом смысле – это государственное установление, порождающее обязательство лица по передаче государству суммы денег (реже-вещей) в определенных размерах, в обусловленные сроки и в предписанном порядке” [6, c. 30]. Міне, көріп отырғанымыздай салықтың бағаланатын бірнеше қыры бар екен.
Дәстүрлі қазақ қоғамындағы алым-салық қатынастарын да бағалаған кезде, оның қоғам өміріндегі атқаратын рөлі мен экономикалық құрал ретіндегі мүмкіндіктерін қарастырғанымыз жөн. Бұл жерде ескеретін бір жағдай, отырықшы халықтар мен көшпелі халықтарда алым-салыққа байланысты әр түрлі көзқарастар жүйесі қалыптасқан. Отырықшы халықтар үшін, алым-салық жинау, саяси жүйенің өмір сүруінің бірден-бір негізі болып табылған болса, көшпелі қоғамдарда алым-салықтың атқаратын рөлі басқаша болды. Осы жерде біз белгілі экономист М. Оспановтың мына бір пікіріне тоқталғымыз келеді: ““...канонизированный почти на две тысячелетия христианской и мусульманской религиями достославной десятине” зародышную форму современного налогообложения, отмечая при этом, что “в условиях, когда государство в совершенном виде еще не существовало и заточные формы государственной организации проявились у одних народов в виде патриархально организованных объединений (германские племена), у других управляющихся олигархиями городов-государств (греческий мир и Аппенинский полуостров), у третьих - теократических династий (Египет и Передний полуостров), об общегосударственных законах здесь говорит не приходится: их вполне заменяли тогда неписанные, но от этого не менее строгие, законы религиозных общин” [7, c. 52-53.].
Қай кезеңде және қай қоғамда болмасын, салық салу оны салушы мен салық төлеушінің арасындағы түсініспеушілікке, қарсы көтеріліске шығуға әкеліп соғып отырған болатын. Осы жерде біз әлемдік тәжірибедегі салық салу ісінің, салық саясатының өмірлік тәжірибесіне, осы мәселесіндегі ойшылдардың кейбір пікірлеріне тоқталып өтейік. Салық саясаты әлемдік ойшылдарды ежелгі дәуірлерден-ақ ойландырған күрделі мәселенің біріне жатады. Б.з.д. ІҮ ғасырлардағы Ежелгі Қытайдың Гуан-цзы атты трактатында салық салу туралы мынандай пкір айтылады: “Патша астықтың және өзге де барлық заттардың арасындағы қатынастарды тәртіппен басқарады және осындай түрде, тепе-теңдіктің бұзылмауы үшін шаруашылық қызметінің барысын меңгеруге тырысады. Сондықтан халық бұқарасына алым-салықтар салынбаса да, бірақ елдегі кірістер патшаға бағытталады. Өйткені егер құрылысқа салық салынса, бұл құрылысты бұзуды білдіреді; егер малға салық салынса, бұл мал өсіруді тоқтатуды білдіреді; егер егістікке салық салса, бұл оны өңдеуге тыйым салуды білдіреді; егер отбасына салықсалса, бұл оны өзінен, яғни патшадан халықтың сезімін айттыруды білдіреді; егер аулаға салық салынса, бұл кезбелікті білдіреді. Салық салудың барлық бес түрін толық жүзеге асыруға болмайды. Сондықтан бұрынғы патшалар “Вандар” барлық салық салу түрлеріне бірден емес, қандай да біреуіне ғана салуды жүргізеді” [8, 54 б.]. Міне көріп отырғанымыз салық саясатын әрқашанда мемлекет басқарушысынан өте ұқыптылықты талап ететін өнер болып табылады. Ежелгі Қытайдың тарихында салық салу мәселесі маңызды мәселе болғаны рас. Халқы негізінен кедей тұратын мемлекеттер үшін салық ауырлығы мемлекеттің жер бетінен жойылып кетуіне әкеліп соғатын. Кейбір ойшылдар салық салуды иелік жасаудың (яғни басқарудың С.Б.) көрінісі ретінде бағалайды. ХІ ғасырда өмір сүрген Уәзір Низам Әл-Мүліктің басқару туралы “Саясат-наме” атты кітабында ол туралы: “Иелік ету салықтарының есебі жазылып, кірістер мен шығыстар айқындылыққа келтірілсін. Бұдан келетін пайда мынадай, нені тастау және нені беру жөн болатын шығыстар туралы айқын байлам жасалады. Егер баяндаушының есебінде кіріске қатысты айтылатын нәрсе болса,ол үнемдеуді немесе жетіспеушілікті көрсететін болса, оның сөзі тыңдалсын: оның айтқаны шындыққа сәйкес келетін болса, істе түсініксіз ештеңе қалмауы үшін осы себеп бойынша салықтарды азайту немесе жоғалту болмайтындай салықтарды талап етсін” [9, 229 б.], - деп көрсетілген. Бұл әрине шығыс ойшылдарының пікірлері. Біздің ойымызша шығыс ойшылдары мен қатар европалық ойшыдардың да салық саясатына байланысты көзқарастары өте қызық. Себебі, біз сөз етіп отырған ойшылдардың барлық отырықшы мемлекеттердің тәжірибесіне арқа сүйей отырып, өзінің қорытындыларына келіп отыр. Енді кейбір европалық ойшылдардың салық саясатына байланысты пікірлеріне көңіл бөлетін болсақ, француздың нағыз тұңғыш экономисі Пьер Буагильбер өзінің салық мәселесінде сөз ететін еңбегінде былай дейді: “Іс жүзінде алым-салықтар әрбір жемістен және өнімнен заттай, ертеден және қазір де кейбір жерлерде практикадан өткізілетіндей, алынады, өйткені ақыр аяғында кез-келген алым-салық алудың өнімдер алу мақсаты болады және қатыгез металл – ақша бұларға өзінің ақуалы кепілгерлігімен үлкен мөлшерде апат келтіріп жатыр, егерде мен мұны айтсам-осындай алым-салықтар алу нақты жүргізілсе, мұндай зардаптар қорқыныштың алдын алар еді немесе кем дегенде барынша қысқарған болар еді”. Бәлкім, сол кезде қағазда ордонансты бірқалыпты ар-ожданыңмен шығаруға болар ма еді, бір жерде 30 сетье астық жинаған адам 40 сетье салық төлейді, ал басқа бір алым 200-ге жететін болса, 4 сетье және тіпті өзінің ықпал ету дәрежесіне байланысты одан да аз салынатындай қаулы етілер ме еді. Өйткені мұндай талаптың оның орындалуы сияқты сұмдық әшкерелеушілігі болады, оны бүрмелеу керек және оны ақша ең жақсы түрде жасайды. Олар жоғары орындағы адамдардан мұндай шараның қорқынышын жасырып қалады, олар бұйрықты бере алар еді, бірақ оның егжей-тегжейлі жақтары туралы күңгірт түсінігі болатындықтан, олар практикада, жеке өмірде танылады және бұл олардың жағдайынан тым алыс жатыр, олар мүлде түсінбейді, атап айтқандай, ешкім бір де су алым-салық немесе басқа да жарнаны өзіндегі бар өнімін сатпаса төлей алмайды, әрі ақшаның табиғат белгіленген қажет ету шектері бар, оған осы қорқынышты күштеп жүргізуге болмайды” [10, 92-93 бб.]. Ақшаның алым-салық саясатындағы кейбір кері ықпалы мен әсерінің де болатындығын айтып отыр. Ағылшын тарихындағы классикалық экономистердің бірінен саналатын Уильям Петти болса салық саясатының ауырлығын “салықтар мен алымдар” атты трактатында былай түсіндіріледі:
“ - салықтарды барынша ауырлатып тұратын басқа бір себеп белгілі бір уақытта оларды тауарлармен төлеу және неғұрлым ыңғайлы маусымдарда төлеу емес, оларды ақшалармен төлеуге мәжбүрлеу болып табылады;
- салық салу құқығына қатысты түсініксіздік пен шүбәланушылық;
- ақшаның жеткіліксіздігі және монета ісіндегі тәртіпсіздік;
- халық санының, әсіресе егін егетін жұмысшылар, қолөнершілер санының аздығы;
- тұрғындардың санын, байлығын және кәсіпшіліктерін білмеу, мұның өзі қайталап салық салатын артықшығыстарды туғызады, және түзету үшін енгізілетін жаңа қосымша салықтар салумен мазасыздық туғызады;
- атап айтқанда: сыртқы және азаматтық соғыстарды немесе соғыс қаупін ұлғайтатын сабептер сияқты, әскери шығыстардың өсу себептері.
Басқыншылық сыртқы соғым қаупі көптеген және ең бір алуан түрлі жеке бастың жаулық құпия сезімдерінен туындайды, олар мемлекеттік талаптарды бүркеніш етеді... Бұған патшаның айбыны мен даңқы тығыз ауызбіршіліктегі және жақсы басқарылатын оның халқының санынан, шеберлігі мен еңбек сүйгішітігінен гөрі, жер аумағының өлшеміне байланысты, сондай-ақ бір нәрсені жер қойнауынан және теңізден өздері өндіргеннен гөрі, басқа да бір айлакерлікпен және тонаушылықпен тартып алған неғұрлым құрметті деген қате түсінік қосылады....Азамат соғысының себептері тағы мынадан тұрады, елдің байлығы шектен тыс аз адамдардың қолында болады және барлық адамдарды не қайыр сұрау қажеттігінен, не ұрлау, не солдатқа бару қажеттігінен босату үшін ешқандай сенімді шаралар көзделмеген” [11, 120 б.]. Салық салуда соғыстың үлкен зардабының болатындығы өте шындық. Ойшыл осы мәселен дәл сипаттап көрестіп отыр. Осы жерде дәстүрлі қазақ қоғамында, алым-салық күзде елде, малда көтерілім, жиналғанда алынушының өзі қазақтардың алым-салық жүйесінің үлкен басымдығын көрсетеді. Тарихи тәжірибені жинақтап барып заңдық нормаға айналғанын аңғартады. Ежелгі Үндінің “Артхашастра” атты саяси-экономикалық трактатында мемлекеттің негізгі элементтері мыналар: “билеуші, министр, селолық мекенді, қаланы нығайту, қазына, әскер және одақтастар” [12, 151 б.] деп көрсетеді. Әрине қазіргі мемлекеттану тұрғысынан қарағанда қазынадан басқаның барлығы мемлекеттің белгілері бола алмайды. Бұдан қазына, яғни оны қалыптастыратын алым-салық жүйесі әрқашанда мемлекеттің айнымас бөлігі ретінде ежелден келе жатқандығын көреміз.
Осы жерде біз көшпелі мемлекеттіктің өмірге келуі туралы мәселеге орын беруіміз қажет. Көшпелі қоғамдағы алым-салық мәселесінің генезисін түсінуге жақындататын методологиялық жолдың тағы бірі осы болып табылады. Көшпелілерде мемлекеттің тууы және оның өркениетте қандай орын алғандығы туралы таласты пікірлер көп. Көшпелі қоғам мәселесін көп жылдардан бері зерттеп жүрген, белгілі ғалым А.М. Хазанов көшпелі мемлекеттің өмірге келу туралы ойын былай түйіндейді: “По отношению к рядовым кочевникам их руководящий слой редко обладал той общепризнанной монополией легитимного насилия, которая по мнению Макса Вебера составляет основной признак любого государства.
Поэтому само возникновение и существование кочевых государств в основном зависимо от возможности эксплуатации оседлых государств и обществ, которая, как правило, реализовавалась в вассально-доннических или иных не всегда упорядоченных формах зависимости. Кочевые государства не всегда возникали в результате широкомасштабных завоеваний оседлых обществ, но они всегда существовали лишь за счет их примитивной эксплуатации многие их них гибли, когда возможности ее существенно сокращались или прекращались это сопровождалось соотвествующей примативизацией социально-политических отношений в кочевых обществах” [13, с. 13.]. Көріп отырғанмыздай көшпелі мемлекеттердің отырықшы халықтарға тәуелді мемлекет құрайтындығын баса айта отыра, олардың да отырықшы халықтарды күшейтуге бейім еместігін мойындайтындай. Көшпелі мемлекеттердің пайда болуын қазір мәдени қырынан түсіндіретіндер бар. Кейбір ғалымдар мемлекеттердің пайда болуын түсіндіруде осыған басымдық береді. Мысалы, А. Оразбаева көшпелі қазақтардың мемлекетінің өмірге келуінде мына жағдайларды ескеруді қажет деп санайды: “В отличие от традиционного становления государства как публично-политической власти, государственности кочевников евразийских степей прявлялась в многовековой цивилизационной динамике, ключевой характеристикой которой была ее обращенность внутрь. По сравнениюс “Первичными” восточными цивилизациями, где государство являлось объядиняющей и организующей силой, не определяемой, а определяющей социальные и экономические структыру, а также государствами “вторичных” западных цивилизаций, выступающих лишь компонентом, во многом подчиненным культурно-религиозной системе, государственность в кочевых обществах сложилась как особая форма этносоциального и этнотерриториального объединения. Речь идет о неравномерности общественного развития т.е. разновременности прохождения различными человеческими общностями определенных исторических этапов, о влиянии на этот процесс не только объективных, но и субъективных факторов, что является одной из самых фундаментальных закономерностей, ведущей и к разновременному возникновению государственности т.е. процессу появления и развития государств у разных народов” [14, с. 147]. Көшпелі мемлекеттердің шығу мәселесін қарастыруды өте құнды теориялық маңызды басым пікір болып табылады. Біз бұл жерде көшпелі мемлекет мәселесіне арнайы көңіл бөлгеніміз, көшпелілерде мемлекеттің пайда болуы, әлі де болса, таласты пікір екендігін көрсету. Біздің де алдымызға қойып отырған мәселеміз, осы көшпелілердегі мемлекеттің болғандығын көрсету болып табылады. Ал мемлекеттің бір белгісі, жоғарыда көргендей ежелгі дәуірлерден келе жатқан белгісі алым-салық жүйесі болып табылады. Оның болғандығын анық көрсету, көшпелілердегі мемлекеттің болғандығын көрсететін бірден-бір жол болып табылады.
Шығыс елдерінің ішінде, оның ішінде көшпелі қазақ қоғамында алым-салық қатынастары көшпелі өмір талабы тудырған арналарда дамып отырған болатын. Жоғарыда айтып өткеніміздей, көшпелі қоғам өзіндік даму ерекшелігі бар адамзат өркениетінің бір көрінісі. Көшпелі қоғамда отырықшы қоғамдардағыдай басқару жүйесін және әскерді қамтамасыз етудің экономикалық қажеттілігі басым бола қойған жоқ. Әрине бұдан көшпелі қоғамда алым-салыққа қажеттілік болған жоқ деген ой тумауы қажет. Себебі, көшпелі қоғамның өн бойғы өмірінде алым-салық қатынастары тұрақты экономикалық қажеттіліктің көзі болмады. Әскери олжа көшпелі қоғамдағы ру мүшелерінің, қоғам мүшелерінің мүмкіндіктерін, қажеттіліктерін шеше білді. Сонымен қатар, тағы бір ескеретін жағдай, көшпелі қоғам үшін материалдық игіліктер басты қажеттілік болмады. Оның ішінде, дәстүрлі қазақ қоғамы да материалдық тұрғыдан ысырапшыл емес, үнемшіл қоғам сипатында болды. Көшпелі қоғамдарды алым-салықтың бірден-бір көзі, әскери жорықтар еді. Сонымен қатар, жау шапқан кезде де, әрбір рулы ел, жорықтың шығынын, хан ордасына айтпай алып келіп отырды. Бұл жерде біздің айтарымыз, көшпелі қоғам үшін, оның дамуы үшін отырықшы қалалардың өмірін ескермегенде басты фактор бола қойған жоқ. Көшпелі қоғамдағы алым-салықтың қажеттілігі және оның қай кезеңде өмірге келгендігі туралы Е. Әбіл былай дейді: “Особый интерес при анализе государственных структур кочевников Евразии вызывают проблемы существования налогообложения и системы повинностей для обеспечения аппаратура управления. Впервые о системе сбора налогов у кочевников известия появляются в государстве хунну, причем сам институт налогообложения был заимствован в Китае” [15, c. 134-135]. Бұл оймен толық келісе отырып, дәстүрлі қазақ қоғамында алым-салық қатынастарының да, бастаулары, жоғарыда айтып өткеніміздей, әріде жатқандығын көреміз. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы алым-салық қатынастарының қалыптасуы мен дамуының кезеңдерін біз мынандай үлкен екі даму кезеңіне ажыратып көрсете аламыз:
1. Дәстүрлі қазақ қоғамына дейінгі кезеңдердегі алым-салық қатынастары. Бұл кезеңнің өзіндік ерекшелігі осы ғұн, үйсін, түркі және монғол-қыпшақ дәуірлерінде алым-салық қатынастарының жүйесі орнығып, оның түрлері айқындалды және оны жинаудың механизмдері қалыптаса бастады;
2. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы алым-салық қатынастары. Бұл кезең алым-салық қатынастарының айшықты белгілерінің орнығып, классикалық деңгейіне шыққан кезеңі деп бағаласақ болады. Бұл кезеңнің тағы бір ерекшелігі дәстүрлі қазақ қоғамында алым-салық қатынастары өздігінен орындалатын тетік деңгейіне дейін көтеріле алды.
Қазақтың әдет құқығындағы алым-салық қатынастарын бағалаудағы тағы бір теориялық маңызды мәселе, оның құқықтық жүйеде қандай бағытқа жататындығы. Қазіргі кезеңде әдет құқығындағы алым-салық қатынастары құқықтық институт деңгейінде бағаланып жүр. Сондықтан да, осы жерде біз құқықтық институттың мәніне тоқталып кетейік. Отандық оқулықтарда құқықтық институттарға төмендегідей сипаттамалар берілген: “Құқықтық институттар дегеніміз арнайы айшықталған қоғамдық қатынастарды реттейтін біртекті, біркелкі нормалардың жиынтығы” [16, 137 б.]. Ал Т. Ағдарбеков болса: “Құқықтық институт – ерекшеленген құқық нормаларының кешені, құқық салаларының арнайы бөлігі ретінде, белгілі қоғамдық қатынастарды реттейтін түрлерінің бірі. Құқық саласынан құқық институтының айырмашылығы, ол белгілі қатынастардың тек бір бөлігін ғана реттейді [17, 176 б.], - деп бағалайды”. Әрине, дәстүрлі қазақ қоғамында алым-салық қатынастар жүйесі біркелкі нормаларға жататындағы рас. Жоғарыда қалыптасқан түсініктер біркелкі және тар нормалардың жиынтығын көрсетеді. Ал қазақ әдет құқығының алым-салық қатынастар жүйесі реттелу аясы кең, жүзеге асу механизмі күрделі құрылымдық жиынтық. Сонымен қатар, алым-салық қатынастары дәстүрлі қазақ құқығында басқа да нормалармен астасып, дамып жатады. Бұл жағдайларда біз алым-салық қатынастарының нормаларының біркелкілігін көре алмаймыз. Сондықтан да, біздің ойымызша, дәстүрлі қазақ құқығындағы алым-салық қатынастары құқық салашығының деңгейіндегі нормалардан тұрады. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы алым-салық қатынастарының этимологиялық бастаулары да ежелгі дәуірлерге бар тіреледі. Мысалы, зекет, үшір, тағар, көпшір т.б. барлығы ортағасырлардағы қазақ жеріндегі мемлекеттердің тәжірибесінен алынған. Олар келе-келе монғол-қыпшақ дәуірлерінде де қолданылып, орнықты. Оны Шыңғысханның “Ұлы жасасындағы” және Әмір Темірдің “Заң” жинақтарынан көре аламыз. Кейіннен бұлардың барлығы Қасым ханның “Қасқа жолында”, Әз Тәукенің “Жеті жарғысында”, Ресей империясының отарлау кезінде қазақ даласында қолданған ережелерде, қазақ әдет құқығының “Кіші кодекстерінде” және т.б, көрініс тапқан болатын. Осы жағдайларға қарай отыра, біз дәстүрлі қазақ қоғамындағы алым-салық қатынастарының табиғаты, оның тамыры бірнеше ғасырларға барып созылатындығын көреміз.
Қорыта келгенде, айтарымыз дәстүрлі қазақ қоғамында алым-салық қатынастары жүйесі қоғам дамуының әрбір кезеңдерінің талабына сәйкес, қызмет атқарған құрылымдық жүйе болып табылады. Әдет құқығындағы алым-салыққа байланысты түсініктер мен ұғымдар да, көне дәуірлерде қалыптасып, орныға бастады. Дәстүрлі қазақ қоғамында алым-салық қатынастары көбінесе сыртқы жаудан қорғану үшін жұмсалған болатын. Ішкі мемлекеттік басқару аппараты отырықшы мемлекеттердегідей алым-салыққа тікелей зәру бола қойған жоқ. Сонымен қатар, дәстүрлі қазақ қоғамында Ресей империясы тұсына дейін кеңінен, оның натуралды формасы қолданылды. Қазақи дүниетанымда алым-салық жинау қоғамдық қажеттіліктің көрінісі ретінде бағаланды.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Құқық, Қоғам, Криминалистика | Добавил: Admin
Просмотров: 1677 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Жұбанов Ахмет
Жасуша теориясының негізгі қағидалары
Қазақстан Республикасы, туризм, туристік нысандар
Халық ауыз əдебиеті
Қазанғап күйші
Шылым шегудің алдын алу
Салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің құрылымы мен жүйесі
Ахмет Байтұрсынов және қазақ терминологиясы
Алпамыс батыр дастанының зерттелуі
Көктүріктер мемлекетінің іргесін қалаған тайпалардың жүйесі
Ақыт қажының Жиһаншаһ дастанындағы Шаһзада бейнесі
Ақындар айтысы
Ғұмар Қараш
Ғарифолла Құрманғалиев
Қазақ халық аспаптар оркестрін ұйымдастыру