Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 8.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Құқық, Қоғам, Криминалистика

Атқарушы органдар
Загрузка...
Атқару билігі өкіметтің қолында болады. Президенттік республикаларда өкімет саяси және ұйымдық тұрғыдан президент қамтитын атқарушы билік тармағына жатады. Парламенттің қатысуымен Президент басқарады әрі құрады, оның дербес құзыретті алқалы шешуші органы. Кабинет мүшелері бүкіл халық сайлаған Президент алдында дербес жауап береді. Үкіметтің нақты егеменділігі нақты мемлекет басшысының субъективтік пікіріне тікелей тәуелді. Қазақстан Республикасының үкіметі – атқарушы билікті жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық ететін мемлекеттік орган. Оның заңдық ауқымы тұрғысынан – Конституцияда және қолданылып жүрген заңдарда белгіленген /1, 53б./.
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық Заңның 1-бабына сәйкес, Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды.
Үкіметті Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, орынбасарлары, Республика Үкіметінің аппаратының басшысы, Республика министрлері, мемлекеттік комитеттердің төрағалары құрамында Республика Президенті құрады.
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық Заңның 4-бабына сәйкес, Республика Үкіметінің өкілеттік мерзімі төмендегідей: Республика Үкіметі Президенттің өкілеттік мерзімі біткенше іс-қимыл жасайды және жаңадан сайланған Республика Президенті алдында өзінің өкілеттіктерін доғарады. Республика Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Республика үкіметі өз міндеттерін атқара береді /7, 1-2б./.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 60-бабында Үкіметтің келесідей құзыреті берілген. Оларға қысқаша сипаттама беріп өтелік:
1) мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
2) Парламентке республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті әзірлеп ұсынады, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді;
3) Мәжіліске заң жобаларын енгізеді және заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді;
4) Мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады;
5) Республиканың сыртқы саясатын жүргізу жөнінде шаралар әзірлейді;
6) Министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасайды;
7) Республиканың министрліктері, мемлекеттік комитеттері, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдары актілерінің қолданылуын толық не бір бөлігінде жояды немесе тоқтата тұрады;
8) Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
9) Конституциямен, заңдармен және Президент актілерімен өзіне жүктелген өзге де қызметтерді орындайды /6, 33б./.
Үкімет құрылымы төмендегідей: Премьер-Министр, оның орынбасарлары, Үкімет аппаратының басшысы, 14 министрлік және 11 мемлекеттік комитет. Олар өздерінің құзыреті бойынша бұйрық және инструкция қабылдайды. Үкімет өзінің бүкіл қызметіне Конституцияда және Республика Президентінің алдында жауапты. Премъер – Министр және оның орынбасарлары, Үкімет аппаратының басшысы Төралқаның құрамына кіреді. Премьер-Министр өзінің өкімімен Төралқа құрамына Үкіметтің басқа да мүшелерін кіргізуге хақылы. Министрлік тиісті мемлекеттік басқару саласына басшылықты, сондай-ақ заңдармен көзделген шекті-салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Республика орталық атқарушы органы болып табылады.
Мемлекеттік комитет тиісті мемлекеттік басқару салаларында мемлекеттік саясатты жүргізетін және осы мақсатта заңдарға салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Республика комитеті, бас басқармасы, комиссиясы, агенттігі және Үкімет құрамына кірмейтін өзге де республикалық мемлекеттік басқару органы. Үкімет құрамында орталық атқарушы орган болып табылады. Министрліктің, мемлекеттік комитеттің жанындағы департамент, агенттік, сондай-ақ Республика министрлігінің, мемлекеттік комитеттің жанындағы өзге де мемлекеттік басқару органы юолып табылады. Ол министрлігінің, министрлік комитетінің құзыреті шегінде арнайы атқарушы және бақылау-қадағалау функцияларының, сондай-ақ салааралық үйлестіруді не мемлекеттік басқару саласында дербес басшылықты жүзеге асырады /1, 53-54б./.
Енді, Республика Үкіметінің қызметін ұйымдастыру сұрақтарына тоқталып өтетін болсақ.
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық Заңның 4-тарауы Республика Үкіметінің қызметін ұйымдастыруға арналған.
Үкіметтің отырыстары айына кем дегенде бір рет өткізіліп отырады. Үкіметтің отырыстарын Премьер-Министр не Республика Президенті шақырады.
Үкіметтің отырыстарында Премьер-Министр төрағалық етеді, ол болмаған кезде міндеттердің бөлінуіне сәйкес Премьер-Министрдің міндетін атқаратын Премьер-Министрдің орынбасарлары төрағалық етеді. Үкімет ерекше маңызды мәселелерді қарағанда оның отырыстарында Республика Президенті төрағалық етеді.
Үкімет мүшелерінің кемінде үштен екісі Үкімет отырысына қатысса, отырыс құқылы болып саналады. Үкімет мүшелері оның отырыстарына алмастыру құқығынсыз қатысады.
Үкімет отырыстары ашық нысанда өткізіледі. Президенттің не Премьер-Министрдің бастамасымен Үкіметтің жабық отырыстары өткізілуі мүмкін. Үкімет отырыстарын әзірлеу мен өткізу тәртібі Үкімет Регламентімен белгіленеді.
Республика Премьер-Министрі Үкіметтің жұмысын ұйымдастырады және Үкімет мүшелерінің арасындағы қызметтік міндеттерді бөледі; Республика Президентімен, Парламентпен, Конституциялық Кеңеспен, Жоғарғы Сотпен, Бас прокуратурамен, басқа мемлекеттік органдармен қарым-қатынаста Үкіметтің атынан өкілдік етеді немесе Үкімет атынан өкілдік етуді тапсырады; халықаралық қатынастарда Үкімет атынан өкілдік етуді тапсырады; Үкімет мүшелерінің орталық және жергілікті атқарушы органдар басшыларының есебін тыңдап отырады; заңмен қарастырылған өзге де өкілеттіктерді атқарады /7, 2б./.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Құқық, Қоғам, Криминалистика | Добавил: Admin
Просмотров: 1265 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Әзірбаев Кенен
Жамақұлы Бейбарыс
Төлеген Айбергенов
Діни экстремизм мен терроризм
Домбыра философиясы
Абыл Тілеуұлы
Жыр cұлтаны Сұлтанмахмұт Торайғыров туралы сөз
Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамның құқықтық дамуы
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
Шәмші Қалдаяқов
Германия
Отбасы түрлері
Куәдан жауап алу тәртібі
Қазақстан Республикасының климаты
Абай шығармаларындағы нәзирагөйлік дәстүрдің зерттелу жайы