Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Құқық, Қоғам, Криминалистика

Алым-салық қатынастарының негізгі даму кезеңдері
Загрузка...
Көшпелі қазақ қоғамындағы алым-салық қатынастарының қалыптасуы мен дамуы, Қазақстан аумағында өмір сүрген мемлекеттік бірлестіктердің дамуымен тікелей байланысты болып келеді. Қазақстан аумағының өткен күндеріне зер сала қарайтын болсақ, бұл далада қаншама мемлекеттік бірлестіктер өмір кешіп, қаншама мәдениеттердің тоғысқанын көре аламыз. Қазақстан аумағында ежелгі дәуірлерде алғашқы орта ғасырларда, кейінгі орта ғасырларда, евразия құрлығын дүр сілкіндірген және осы құрлықтың негізгі бөлігінде өзінің билігін жүргізген бірнеше мемлекеттер өмір сүрді.
Қазақстан аумағында өмір сүрген мемлекеттер, мемлекетті басқарудың дәстүрін, саяси ұйымның көп атрибуттарын қалыптастырды және осы жерге тарихи мұра ретінде қалдырып та, отырған болатын. Сондықтан да, біз қазақ мемлекетінің бастауларын, оның саяси жүйесі құрылымдары элементтерінің қалыптасуын, осы кезеңнен іздеуіміз қажет. Бұл айтылған жағдайлар қазақ әдет құқығы жүйесіндегі алым-салық қатынастарына да тікелей байланысты.
Дәстүрлі қазақ қоғамындағы алым-салық жүйесі, бірнеше даму кезеңдерінен өткен болатын. Қазақ жеріндегі алғашқы мемлекеттік бірлестіктер ғұндар болып табылады. Ғұн қоғамында дамыған басқару жүйесі қалыптасқан болатын. Ғұн империясы да, бірнеше даму кезеңдерінен өтті. Ғұн империясының ең дамыған тұсы, Мөде Тәңірқұтының билік жүргізу кезеңіне сәйкес келеді. Мөде ғұн елінде үлкен саяси әкімшілік және әскери реформаны жүзеге асырды. Мөденің тұсында мемлекетті басқаратын 24 лауазым иесі де қалыптасты. Ғұн империясы сол дәуірде Еуразия құрлығын тітіркендірген, бірден-бір ұлы империяға айналды. Мұндай империяның өмір сүруінің басты негізін, оның алым - салық жүйесі құраған болатын. Ғұн империясы көп жағдайда әскери олжаға, сонымен қатар сырт елдерден алынатын, яғни бағынышты елдерден алынатын, алым-салыққа арқа сүйеген болатын. Ғұн империясында алым-салықтардың қалыптасуы жөніндегі мына дерекке көңіл бөлейік: “Бұдан кейін Иә тәңірқұттың әкімдеріне арнайы кітап аштырып, адамның санына қарай мал мен дүние-мүліктен қалай салық алу қажеттігін үйретті.
Қытайдың патша сарайы тәңірқұтқа ұзындығы 1,1 футқа теңесетін тақтайшаға жазып, хат жолдайтын. Ол “Қытайдың ұлы патшасы сиуңнудың ұлы Тәңірқұтына зор денсаулық тілейді” деген сөздермен басталатын да, содан кейінгі негізгі мәселе сөз болып, артынан сыйлыққа жіберілген заттардың аттары тіркелетін. Жұн-шин Иә қытайдың патша сарайына ұзындығы 1,2 футқа теңесетін тақтайшаға жаздырып, хат жолдауды үйретті. Оны “Көк пен жердің қалауымен өмірге келіп, күн мен айдың қалауымен таққа отырған сиуңнудың Ұлы Тәңірқұты қытайдың ұлы патшасының денсаулығының мықты болуын инабаттылықпен тілейді” деген сөздермен бастатып, одан кейін айтылар мәселе мен берілер сыйлықтар ретімен қалай жазуды көрсетті” [18, 44-45 бб.]. Бұл деректерден біз алым-салық жинау жүйесінің тәртіптелуін ғұндар қытайлардан алғандығын көреміз. Әрқашанда бюрократиялық аппаратқа және иерархиялық жүйеге сүйенген қытай халқы алым-салық ісінде де, мұндай талаптардан бас тартпағанын көре аламыз.
Қазақстанның ежелгі дәуірлердегі тарихи өмірін көп зерттеген белгілі ғалым Л.Н. Гумилев ғұндарда алым-салық жүйесінің ерекшеліктерін былай сипаттап көрсетеді: “Шаньюй – ойсеңгір мен бекзаттарды асырау үшін де қаржы керек, оны халықтан жинап ала алмайсың. Алым – салық түз халқының табиғатына жат; азат жауынгер өз еркімен ешкімге ештеңе төлемейді, өйткені төлеу фактісінің өзімен ол еркіндігіне нұқсан келтірілгенін көреді. Ал осынау қаржы басы байлаулы, яғни бағынышты тайпалардан – алым-салық түрінде, жаулардан-соғыс олжасы түрінде түскен. Кіріптар дұнхұлар алым-салық орнына өгіз, жылқы, қой терілерін берген. Ауыр алым-салықты қазіргі Шығыс Түркістанның аса бай егін-таранды аудандарды төлеген. Хұндар, әсілі, темір қаруды да со жақтан алған тәрізді, өйткені Лобнор көлінің төңірегінде, Жокьян мен Лэулань (Шань-шань) кінәздіктерінде тұратын танғұттардың сондай жарақты жасаумен даңқы жайылған еді. Ұлпан терілері, тегі, теріскей шекарадан-қыпшақтардан, динлиндер мен хакастардан түсіп тұрған. Бірақ бағындырылған тайпалармен бірге шаньюйлер табысының елеулі бір көзі Қытай болған. Қытайлар өздеріне қорлық санап, алым-салықты тікелей төлеуден үзілді-кесілді бас тартқан. Алайда олар хұндарға тарту-таралғы жіберіп тұрған, ол алым-салықтың бүркемеленген түрі болатын. Мәселен, 176 ж. елшілікпен Қытайға жұпыны тарту етіп, бір атан мен екі мініс атын, төрт-төрттен екі күйменің жегінді аттарын жібергенде, ол бұған оюмен өрнектелген астарлы шапан, ұзын қамқа шекпен, шашбастырғыш алтын мүйіз тұмсық, доғалы алтынмен көмкерілген белдік пен он бума кестеленген қырмызы және жасыл түсті жібек мата жібереді” [19, 89 б.]. Көріп отырғанымыздай, Қытай империясы, ғұндарға қанша жылдар бойы алым-салықтар төлеп отырған. Сонымен қатар, Қытай империясы бейбітшілік пен іліктілік келісімін тілге тиек ете отыра, ғұндарға тағы да бір белгілі төлемдерді, сонымен қатар бейбітшіліктің кепілі ретінде қытай ханшайымдарын құдандалық негізінде сыйға тартып отырған.
Белгілі ғұнтанушы Н.Н. Крадин ғұн Тәңірқұтының бірде қытайлардан алған алым-салықтарын төмендегідей сипаттап көрсетеді: “Хуханье получил в дар головной убор, пояс, золотую печать, богато инкрустированный меч, кинжал, лук с большим числом стрел, 10 алебард, колесницу, седло и сбрую, 78 комплектов одежды, 8000 кусков шелка, 6000 цзиней (около 1500 кг) шелковой ваты, 20 цзиней (приблизительно 5 кг) золото, 200 000 монет (Лидай 1958: 219; Бичурин 1950 а: 89; Материалы 1973: 35).
Имеются данные о подарках, относящиеся к более позднему времени:
51 г. до н.э. – 8000 кусков шелка и 6000 цзиней ваты;
49 г. до н.э. – 9000 кусков шелка и 68000 цзиней ваты;
33 г. до н.э. – 18 000 кусков шелка и 16 000 цзиней ваты;
25 г. до н.э. – 20 000 кусков шелка и 20 000 цзиней ваты;
1 г. до н.э. – 30 000 кусков шелка и 30 000 цзиней ваты;
Нетрудно заметить, что объем поставок шелка хуннскому шаньюю постепенно вырос в сравнении с подарками эпохи политики хэцинь. Кроме того, по мере необходимости шаньюй получал от Китая земледельческие продукты для поддержки своих подданных. Так, в 52 г.до н.э. номадам было передано 34 000 ху зерна. Этих продуктов должно было хватить на тысяча человек почти на целый год. Однако скорее всего они были предназначены для поддержки большего числа кочевников в голодное время. Легко подсчитать, что использовании данных продуктов в течение одного-двух месяцев как дополнительного источника питания их должно было хватить гораздо большему числу скотоводов” [20, c. 126-127]. Бұл жағдайлардың барлығы, ғұн империясының Еуразия құрлығында теңдесі жоқ үлкен саяси бірлестік екендігін көрсетумен қатар, ол империяның өмір сүруінің қаражаттық негізі сыртқы елдерге бағытталғандығын көрсетеді. Көшпелі мемлекеттердің осы бір ерекшелігіне көңіл аударған көп ғалымдар, жалпы көшпелі мемлекеттер отырықшы мемлекеттерсіз, олардың қаражатынсыз, жеке өмір сүре алмайды деген теорияны негіздеген болатын. Бұл теорияны Кеңес дәуіріндегі көптеген ғалымдар дамытты. Әрине, жоғарыдағы айтылған деректерден, біз ғұн империясында алым-салықтардың белгілі бір жүйесінің қалыптасқандығын көре аламыз. Оның барлығы кітапқа қапталып, қазынаға құйылып отырған.
Қазақстан аумағында ҮІ ғасырлардан бастап ірі ерте феодалдық мемлекеттік бірлестіктер қалыптасып өмір сүре бастады. Олардың ішіндегі алғашқылардың бірі, түрік қағанаты болып табылады. Түрік қағанатында дәстүрлі қазақ қоғамындағы саяси идеологиялық, менталдық түсініктер қалыптасқан болатын. Түрік қағанатының нақты алым-салық жүйесі туралы деректер аз, бірақ та, түрік қағанаты Қытай мен Еуропаны байланыстыратын жібек жолында жатқандықтан, Еуропадан Қытайға, Қытайдан Еуропаға дамылсыз өтіп жатқан керуендерден, белгілі алым-салықтар алынып отырған болатын. Бұл, былайша айтқанда, түрік қағанатының сыртқы алым-салықтары. Сонымен қатар, кейбір жағдайларда, белгілі бір көпестерге алым-салық жинау құқығы да берілген. Оны Т.С. Жұмағамбетов былай сипаттап көрсетеді: “Пошлины платились при прохождении отдельных государственных и административных границ и т.д. богатые купеческие дома одалживали правителям большие суммы денег при осуществлении ими отдельных, требующих больших материальных издержек мероприятий, чаще всего это частные грабительские походы в мирное время, когда даже государственный правитель не мог использовать свое право на созыв ополчения, а налоговые сборы исчерпаны. Взамен купцы получали одноразовое право собрать налоги с определенных местностей с учетом торгового процента” [21, c. 311].
Қазақ жеріндегі тағы бір ерте феодалдық монархияның бірі, түркеш қағанаты болып табылды. Түркеш қағанаты, түрік қағанатының барлық саяси құрылымдарын өзінің бойына сіңірген, оның бірден-бір мұрагері. Түркеш қағанатының басқару жүйесінің негізгі лауазымды тұлғалардың, сол түркі қағанатынан бастау алады. Осыған сәйкес, бізде түркеш қағанатында алым-салық жинаудың да, негізгі институттары жоғарыда айтып өткен, түркілерден алынған деп айтуға негіз бар. Бұл ойымызды, Ә. Дәулетханның мына пікірі негіздейді және тереңдете түседі: “Міне осы 705 жылдан былай қарай Сақал қаған ел билеудің дәстүрлі түркілік әдісін қалпына келтіріп, ел территориясын үлкен-кіші қағандыққа бөліп басқаруға көшті. Яғни, ағалы-інілі Сақал мен Жену қаған болып ресми ел билеуге кірісті. Сонымен бірге бағынышты елдерді билеуге бақылаушы тұтұқтар тағайындау дәстүрін де қалпына келтірді. Тұтұқтар өздерімен бірге руластарынан жасақталған әскерін, ауыл-аймағымен қоса алып жүретін болған. Бақылаушы тұтұқтардың негізгі міндеті бұрынғыша бағынышты елдің аумағына бақылау орнату, міндетті алым-салықты дер кезінде жинатып, Ордаға жіберту, ішкі бүлікті болдырмау, бүлік шыға қалса дереу жаныштап, тыныштандыру, жергілікті хандар мен бектердің амандығын қорғау әрі солармен сәйкестеніп жұмыс істеу еді” [22, 91 б.]. Түркеш қағанатының дамыған ақша жүйесі де болды. “Түрік халықтары құрған үлкенді-кішілі мемлекеттер тарихында, түркештер ең алғашқылардың бірі болып өз қағандары атында металл ақша шығарғанын айрықша тарихи оқиға ретінде атап өтуге тиіспіз. Айбынды Сұлық қаған Талас пен Невакетте 725-726 жылдары өз ақшасын жасатты, бұған дейін айналыста жүрген таң, араб, иранның металл ақшаларымен еркін бәсекеге түсірді” [22, 120 б.]. Міне, түркеш қағанатында мұндай дамыған ақша жүйесінің болуы жүйелі салық қатынастарының қалыптасқандығын көрсетеді.
Қазақстан аумағындағы дамыған феодалдық мемлекеттердің бірі, Қараханидтер мемлекеті болып табылады. Қарахан Қазақстан жеріндегі ислам дінін мемлекеттік дін ретінде ұстаған бірден – бір мемлекет. Сондықтан да, бұл мемлекеттің құқықтық жүйесінде, көбінесе алым-салықтардың қалыптасуы, мұсылмандық мемлекеттердің құқықтық жүйесімен тікелей байланысты болып келеді. Қарахан мемлекетінде алым-салықтардың нақты және жүйеленген түрі қалыптасты. Қарахан мемлекетінің орталық басқару жүйесінде алым-салық мәселесімен айналысатын арнайы тұлға болған. Бұл чиновник “Мустауфи” деп аталды. Қарахан мемлекетінде отырықшы халықтарда “Харадж салығы” деп аталды. Сонымен қатар, саудагерлер мен көпестер сауда жасағаны үшін алынатын алым-салықтарды төлеп отырды. Қарахан мемлекетінің алым-салық жүйесінің ерекшелігі мынада: “Особенностью налоговой системы государства Караханидов был институт икта. Так назывались районы, право сбора налогов с которых государство передавало частным лицам, именовавшимся иктадарами или мукта. При этом иктадарам не разрешалось увеличивать сумму налогов или каки-либо образом притеснять население икты. Эти условные пожалования давались членам правящей династии, чиновникам, военачальникам. Наиболее распространенной формой икты была ктат-и –хашам-военная икта, дававшаяся иктадарам на условиях несения военной службы” [23, с. 137]. Қарахан мемлекетіндегі алым-салық жүйесі, қарақытайлар саяси аренаға шыққанан кейін жойылған болатын. Ихта жүйесінің жойылуы қарақытайлар Гурхан аты үшін Е.А. Әбілдің ойы бойынша мынандай салдарға әкеліп соқты: “Кара-китаи упразднили институт “икта”, но усилили налоговый гнет. Все население Жетису было обложено новым налогом - по одному динару с дома. Сбором налогов занимались наместники гурхана. В середине ХІІ века налоговая политика еще более ожесточились, кара-китаи перешли к фактическому грабежу подвластного населения, кочевые общины насильно переводились на оседлость, чтобы увеличить сбор поземельного налога “харадж”. Эта политика вызвала недовольство местного населения, что послужило основной причиной ослабления и упадка государства кара-китаев” [24, с. 56]. Көріп отырғанымыздай, кейбір жағдайларда салық саясатын дұрыс жүзеге асырмау, бір мемлекеттің де тағдырын шешіп кетуі мүмкін. Қарақытайлар мемлекеті өзінің бастауын қидандар мемлекетінен алатын ортағасырлық дамыған мемлекеттердің бірі болған. Соған қарамастан, салық саясатын дұрыс жүзеге асырмауының арқасында тарих сахнасынан жоғалып кетті.
Қазақстан аумағындағы дамыған мемлекеттердің бірі, найман хандығы болып табылады. Найман мемлекеті саяси басқарудың көптеген үлгілерін өмірге әкелген, өте бір дамыған мемлекет болып табылды. Найман хандығының басқару жүйесі де өте күрделі еді. Найман хандығында жазылған заң жүйесі де қалыптасты. Бірақ та, жазылған заң мәтіні, бүгінгі күнге дейін жете қойған жоқ, әлі табыла қойған жоқ. “ХІІ ғасырда Найман ұлысында әдеттегі право қолданылды. Ұлыстың іс жүргізу қызметі болды. Іс ұйғыр жазуы арқылы құрылып, документтер, әсіресе салық жинау, лауазымды адамдарды тағайындау туралы құжаттар хан жарлығымен тұрақтандырылып, оның ақиқаттығын дәлелдейтін “Ханның алтын мөрімен (тамға)” куәландырылатын болды” [25, 68 б.]. Найман мемлекеті де қытайлар сияқты алым-салықты хаттап, жазып отыратын болған. Найман мемлекетінің құқықтық жүйесінің ерекшеліктері, оның ішінде алым-салық жүйесі әлемді дүр сілкіндірген монғол империясының құқықтық өмірінің негізін құрады. Найманның Таян ханның кеңесшісі кейіннен Шыңғысханға кеңес бергенін біз тарихтан білеміз. Бұл кезең Шыңғысхан империясының қалыптасып, орнығу уақытына дәл келеді. Осыны негізге ала отыра, Шыңғысхан империясының құқықтық жүйесінің қалыптасуында да, Найман хандығының құқықтық жүйесінің үлгілері көптеп негізге алынған болатын.
Қазақ даласында Шыңғысхан империясы, оның ішінде Алтын Орда мемлекеті ыдырағаннан кейін ірі мемлекеттердің бірі, Ноғай Ордасы болып табылады. Ноғай Ордасында дамыған алым-салық жүйесі қалыптасты. Оны осы Ноғай Ордасының саяси құқықтық жүйесін зерттеген ғалым Е.А. Поноженконың мына ойы дәлелдей түсетіндей: “ясак –десятая часть скота и продуктов скотоводства, зякат-основанный на шариате налог со скота в размере 1/40 или 2,5 % от общего количества скота. Кроме того, существовали еще и обязательные “добровольные приношения”, а также различные отработки, облекаемые в оболочку “родовой помощи”, которая представляла собой тесное переплетение различных форм экономического и внеэкономического принуждения. Черные улусные люди обязывались еще и повинностями служебного порядка, главной из которых была воинская. Таким образом, рядовой кочевник в Ногайской Орде являлся основной военно-податной единицей феодального государства” [26, с. 15].
Қорыта келгенде айтарымыз, қазақ қоғамында алым-салық қатынастары жүйесінің қалыптасуы, бірнеше ғасырларға созылған, бірнеше эволюциялық даму жолынан өткен, өзінің бойына көшпелі өмірдің барлық талап – тілектерін сіңіре білген әмбебап жүйе болып табылады. Қазақ қоғамындағы алым-салық жүйесі де, қазақ жеріндегі мемлекеттердің дамуымен ілгері дамып отырды. Ал сахара жұртындағы мемлекеттік бірлестіктер жойылып кеткенде, ол алым-салықжүйесі де өзінің өмір сүруін тоқтатты. Бірақ та, сол кезеңге дейін қалыптасқан алым-салық жүйесінің дәстүрлері қазақ хандығына дейін жетіп отырғандығын көре аламыз. Сондықтан да, біздің ойымызша, дәстүрлі қазақ қоғамында тек қана құқықтық жүйе ғана емес, мемлекеттің бір нышаны болып табылатын алым-салық жүйесі де тарихи сабақтастықта ғасырдан-ғасырға үзілмей, жалғасып келді.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Құқық, Қоғам, Криминалистика | Добавил: Admin
Просмотров: 1467 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Салауатты өмір салтын ынталандыру
Ұлы Ақын Жамбыл Жабаев
Қазақ фольклористикасы
Тіршілік етуші негізгі орта және оларға ағзалардың адаптациялануы (бей...
Құтылығұлы Күлтегін
Қазақстан опера өнерінің негізін салушы сахна жұлдыздары
Жетісу күйшілік мектебі
Б. Адамбаев - фольклортанушы
Ақпараттық процестер және оның моделдері
Құранды түсіну
Электрокардиограмма
СӨСҚ қызметінің негізгі бағыттары
Шығыс Қазақстан табиғаты және оны қорғау
Халық ауыз əдебиеті
Бейнелеу өнері