Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 17.12.2017
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Құқық, Қоғам, Криминалистика

Адам және азамат конституциялық дәрежесінің негізі
Загрузка...
Адам және азамат: конституциялық дәрежесінің негізі

Азаматтықты алу сол тұлғаға заңмен танылған барлық құқықтар мен еркіндіктердің толық тарайтынын, тұлғаны тек мемлекет ішіндегі ғана емес, оның шегінде де қорғалатынының алғы шартын көрсетеді.
Азаматтықпен байланысты қатынастар ҚР Конституциясымен және «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» ҚР Заңымен реттелінеді.
Осы заңның негізінде ҚР Президентінің жарлығымен «азаматтықпен байланысты сұрақтарды қарастыру тәртібі туралы жағдай» бекітілген.
Азаматтық – бұл адамдардың дара құқықтары мен міндеттерінің жиынтығын көрсететін адам мен мемлекет арасындағы тұрақты саяси – құқықтық байланысы.
Бұл анықтамада азаматтықты сипаттайтын негізгі белгілер көрсетілген.
Азаматтық қатынасын қалыптастыратын тұлға мен мемлекет арасындағы байланыстың құқықтық сипаты оның ресми рәсімделуінде көрініс табады. Азаматтық – фактілік жағдай емес, ол құқықтық.
Мемлекеттің азаматтары деп оның аумағында өмір сүретін тұлғалардың жиынтығы ретінде қарастыруға болмайды. Бұл белгі бойынша тұлғалар елдің халқын құрып – демографиялық категорияны қалыптастырады. Мұндай түсінік тек азаматтарды ғана емес, сонымен бірге елде өмір сүретін азаматтығы жоқ, шет ел азаматтарын да қамтиды.
Жалпы ортақ құқықтық реттеу өз бойына мыналарды кіргізеді: тұлғаның азамат болып танылуы үшін, азаматтықты алуы және азаматтықтан шығу үшін мемлекет өз заңдарында құқықтық негіз болатын заңдарда осы мәселелерге шешім тауып береді, әрбір адамға байланысты азаматтық алу тәртібі заңды түрде мынадай құжаттармен тіркеледі:
1. ҚР-сы азаматының төл құжаты.
1. Туу туралы куәлігі және азаматтығын дәлелдейтін басқа да құжат түрі. Мемлекет, сонымен бірге туылуы және қайтыс болуы сияқты азаматтың хал-ахуал Актілерін де тіркеп отырады. Азаматтыққа байланысты болатын тұрақты сипаты, әдетте азаматтың туылуы мен қайтыс болуына дейін және азаматтықты бір жақты тоқтатуға жол бермейтін шаралардан айқын көрінеді. Азаматтың өз бастамасымен азаматтықты тоқтату туралы ұсынысы мемлекеттің келісімін қажет етеді. Қазіргі кезде мемлекеттің бастамасы бойынша азаматтықты тоқтатуға мүлдем болмайды.
Азаматтықтыңқұқықтық негізі ретінде ҚР конституциялық нормалары және 1991 жылы шығып, 1995 жылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген «ҚР азаматтығы туралы» заңы және азаматтыққа қатысты құқықтық-нормативтік актілері есептеледі.
ҚР заңы бойынша азаматтықты алу:
а) тууы бойынша; б) азаматтыққа алыну нәтижесінде; в) ҚР халықаралық келісімінде қарастырылған негіздер бойынша; г) заңда қарастырылған басқа да негіздер бойынша.
Бала өмірге келген кезде ата-аналарының екеуі де ҚР-ның азаматтығында болса, қай жерде туғанына қарамастан бала ҚР-ның азаматы болып табылады. Егер бала өмірге келген кезде ата-аналарының екеуі де ҚР-нан тыс жерде тұрақты тұрса баланың азаматтығы ата-аналарының жазбаша нысанда білдірген келісіміне орай белгіленеді. Егер ата-аналарының бірі бала өмірге келген кезде ҚР-ның азаматтығында болса, егер бала: 1) Қазақстан аумағында туған; 2) Қазақстаннан тыс жерде туған, бірақ ата-аналарының немесе олардың біреуінің осы кезде Қазақстан аумағында тұрақты тұратын орны болса, бала ҚР-ның азаматы болып табылады. бала өмірге келген кезде ата-аналарының біреуі ҚР-ның азаматтығында болса, ал екіншісі азаматтығы жоқ адам болса, бала қай жерде туғанына қарамастан Қазақстан азаматы болып табылады.
Шет елдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін әдеттегі шарт олардың өтініш бергенге дейін ҚР-да 5 жыл тұруы болып табылады.
ҚР азаматтығының тоқтатылуына азаматтықтан шығу мен ҚР азаматтығынан айрылу негіз болып табылады.
Азаматтықтан шығу – бұл ҚР Президентінің атына өтініш бойынша жүзеге асырылатын, өз еркімен азаматтықты тоқтату.
ҚР азаматтығынан шығар кезде, егер өтініш беруші адам республика алдындағы міндеттемелерін немесе республика аумағындағы азаматтардың, кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің алдындағы мүліктік міндеттемелерін орындамаса, онда азаматтықтан шығуға рұқсат етілмеуі мүмкін.
ҚР азаматтығын жоғалту: а) адамдардың, ҚР мемлекетаралық шарттарында көзделгеннен басқа жағдайларды қоспағанда, басқа мемлекеттің әскери қызметінде, қауіпсіздік, әділет органдары немесе өзге де мемлекеттік өкімет және басқару органдарында істейтіндер; б) егер Республика азаматтығы теріс мәліметтер немесе жалған құжаттар ұсыну нәтижесінде алынса; в) Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады.
«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» заңның арнайы жағдайлары ата-анасының азаматтығы өзгерген кезде, асырап алған кезде әр түрлі өмірлік жағдайда баланың мүддесін толық ескере отырып баланың азаматтығын реттеуге арналған. Мұндағы басты принциптер: отбасының барлық мүшелеріне бірдей азаматтықты қамтамасыз етуге тырысу; баланың қалауын ескеру; балада азаматтықтың болмауына жол бермеу; мүмкін жағдайда баланың мүддесіне сай Қазақстандық азаматтықты сақтау.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



29.5Kb
Категория: Құқық, Қоғам, Криминалистика | Добавил: Dastan
Просмотров: 2370 | Загрузок: 208 | Рейтинг: 5.0/1

Это может Вас заинтересовать:
Қорықтар – биосфера эталоны
Есенғали Раушанов
Бұқаралық ақпарат құралдары
Майлин Бейімбет
Хамза Есенжанов
Паскаль програмдау тілінің қайталау командалары
Неологизмдердің жасалу жолдары
Қастеев Әбілхан
Тастанбекқызы Сара
Әзірбаев Кенен
Сұлтанмахмұт Торайғыров
Отбасы түрлері
Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы
Домбыра аспабы
Бәсентиін Малайсары батыр