Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 20.9.2017
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Статистика

Салыстырмалы өлшемдер жалпы жəне жеке
Загрузка...
Салыстырмалы өлшемдер жалпы жəне жеке
көрсеткіштер.
Кестелік жəне графикалық бейнелеу.

1. Тақырыбы: Салыстырмалы өлшемдер. Кестелік жəне графикалық бейнелеу
Мəліметтік дидактикалық блок:
Статистикалық жиынтықтың қүрамындағы белгілерді немесе қүбы-лыстарды
зерттеуде жөне оларды сипаттауда статистикалық мөлшер-лерді пайдаланады.
Статистикалық мөлшерлердің екі түрі болады - абсолюттік жəне салыстырмалы.
Мысалы: статистикалық жиынтықтың бақылау бірлігін зерттелетін белгілер бойьшша
топтарга бөліп, соған статистикалық өңдеу жүргізіледі. Бүдан соң кестеге жазылып, өр топ бойынша жалпы жиынтығы есептеледі. Ол абсолюттік мөлшер боладыда, біржиьштықтыңкөлемін немесе жалпы санын керсетеді. Мысалы: халық саны, аурулардың саны, мекемелердің, тесектердің, дөрігерлердің саны, т.б.
Ал егер де статистикалық жиынтық белгілерінің бір-бірімен бай-ланысын тауып, оларды салыстыру қажет болса, оңда салыстырмалы мелшерлер пайдаланады. Сонымен
салыстырмалы мөлшерлер екі абсолюттік мелшерлерді салыстыру, белу жөне сол
белшекті 100, 1000, 10000, 100000-ға көбейту арқылы табылады., Сондықтан да
салыстырмалы мөлшерлерді (пайызбен, промиллимен, продецемил-лимен, просантимиллимен, т.б.) белгілейді.
Салыстырмалы мөлшерлердің турлері:
1. Үлестік (экстенсивтік) керсеткіш.
2. Қарқынды (интенсивтік) көрсеткіш.
3. Ара қатыстық көрсеткіш.
4. Көрнекті көрсеткіш.
Үлестік (экстенсивтік) көрсеткіш — жиынның (бүтіннің) бөлшегін немесе оның
құрамын көрсетеді. Мысшты: аурушаңдық, мүгедектіктің, өлім себептерінің құрамы.
Жалпы дəрігерлер санының құрамы түрлі мамандықтардан тұрады, халық құрамы -
жынысы, жас шамасы, мамандығы бойынша бөлінеді. Бұл көрсеткіш пайызбен белгі-
ленеді (барлығы 100 % - деп алынады).

Үлестік (экстенсивтік) керсеткіш=
= жиыннын бөлшегінін абсолютгік мөлшері х 100
жиынның жалпы абсолюттік мөлшері
Қарқынды (интенсттік) көрсеткішті — болмаса жиілік, таралу көрсеткіші деп атайды.
Бүл керсеткіш бір белгінің немесе құбылыстың зерттелетін ортадағы, жиынтықтағы
жиілігін анықтайды. Əлеуметтік-медициналық зерттеулерде халық арасында аурудың,
мүгедектіктің, жарақатганудың, елімнің т.б. жиілігін көрсетеді.
зерттелетін жағдайдың абсолютгік
Қарқыңды көрсеткіш =саны
х 1000
сол ортаның абсолюттік саны

Мысалы:
1. Өлім көрсеткіш =
Бір жыл ішінде өлгендердін саны х 1000
халықсаны
2. Туу көрсеткіш = Бір жыл ішінде туылғандардың саны х 1000
халықсаны
3. Уақытша еңбекке жарамсыздық күндерінің 100 жүмысшыға шаққандағы көрсеткіші =
Уакытша енбекке жарамсыздык қүндердін саны х 100
жалпы жұмысшылар саны
Сонымен, қарқынды көрсеткіштер зерттелетін жағдайлардың жиілігіне байланысты
100,1000,10 000,100 000-ға есептелінеді, себебі қарқыңды мөлшерлер бүтін санмен
керсетілу керек, сонда салыстыру оңай болады.
Қарқынды көрсеткіштің пайдалануы:
— зерттелетін жағдайдың деңгейін, жиілігін, таралуын анықтағаңда;
— зертгелетін жағдайда əр түрлі жиынтықтағы жиілігін (мысалы, əр түрлі
мемлекеттердегі туулық көрсеткіштерін салыстырғанда т.б.);
- бірнеше жыл бойы бір жағдайдың құбылысын бақылағанда (мысалы, он жыл ішінде
сəбилер өлімінің көрсеткішінің өзгеруі, т.б.).
Ара қатыстық көрсеткіш бір-біріне ұқсамайтын екі жиынтықтық қатынасын көрсетеді.
Көбінесе бүл көрсеткіш жалпы халық санына есептелінеді. Мысалы тұрғындардың
дəрігерлермен, жедел жəрдем машиналарымен, төсектермен, орта буыңдағы мамандармен
қамтамасыз етілуі, т.б.
Ара қатыстық көрсеткіш =
Бір жиынтыктын абсолюттік саны х 10 000
Екінші жиынтықтың абсолюттік саны
Мысалы: Тұрғындарды төсекпен қамтамасыз ету көрсеткіші =
=
Төсектер саны х 10 000
Халық саны
Көрнекті көрсеткіш - біртектес мөлшерлерді: абсолюттік, салыстырмалы немесе орта
шамаларды салыстыра отырып, бағалауға мүмкіндік береді. Бұл көрсеткішті есептеу үшін
салыстыратын мөлшердің біреуін 100 %-ға теңейді, ал қалғанын соған қатынас ретінде
есептейді. Мысалы, Қазақстан Республикасында түрғындардьщ ауруханадағы
төсектермен қамтамасыз етілу көрсеткішінің он жыл ішінде өзгеруі.
Салыстырмалы мөлшерлерді есептегеннен кейін оларға графикалық бейнелеу жүргізіледі.
Ондағы негізгі мақсат статистикалық көрсеткіштерді көрнекті етіп көрсету жəне талдауды
жеңілдету. Графикалық бейнелеудің бірнеше түрі бар:

1. Диаграммалар - сызықты, тарамдалған, бағаналы, ішкі бағаналы, секторлы, келемді,
болмаса суретті (фигуралық).
2. Картограммалар.
3. Картодиаграммалар.
Мысал ретінде диаграммалардың үлгілері (1,2,3,4,5) суреттерде көрсетілген.
Графикалық бейнелеу үшін абсолюттік те, қатыстық та, орта өлшемдер де пайдаланады.
Қандай да бір графикалық бейнелеу қолданылса, мынадай тəртіптің сақталуы қажет:
- əрбір графикалық бейнелеу арнайы атаумен аталады (əдеттей бейнелеу астына
жазылады) онда оның мазмұны, уақыты жəне орны көрсетіледі;
- бейнелеу белгілі масштабпен жасалады;
- əрбір графикалық бейнелеу үшін түсініктеме беріледі;
- графикалық бейнелеудің түрін таңдағанда ескеретін жағдай ол бейнелінетін
көрсеткіштің мəніне сəйкес болады.
Сызықты диаграммалар құбылыстың немесе белгінің динамикалық өзгеруін көрсетеді (1-
сурет).
Мысалы: республикадағы халық санының өзгеруін, сəбилер елімінің, туулық
көрсеткішінің т.б. құбылыстарын алуға болады. Бір диаграммада бірнеше құбылыстың
өзгеруін көрсетуге болады, оны түрлі-түсті сызықтармен бейнелейді, бірақ сызықтар 4-тен
көп болмағаны жөн.
Бағаналы диаграммалар - құбылыстардың динамикалық немесе тұрақты жағдайын
бейнелеуге қолданылады. Мысалы, масштабқа сəйкес сəбилер өлімінің бір жылда
облыстар бойынша өзгеруін көрсету үшін бағананың негіздерін бірдей етеді, ал
жоғарылығы ер жерде əр түрлі етіліп алынғаң (2-сурет).
Ішкі баганалы диаграмма, жалпы ауру көрсеткішін 100%-ға теңейді, ал соның
құрамындағы аурудың түрлерін бағананың ішінде түрлі бояумен немесе сызықшалармен
көрсетеді.

3-сурет. Қазақстан Республикасы халқының əр түрлі себептерге байланысты өлімі (1000 000 мың адамға есептегенде)
көрсеткіштерге сəйкес бөліп, белгілер жасайды. Шеңбердің доғасымен жəне оның екі
радиусымен шектелген бөлшектерді табады. Мысалы: шеңбер бөлшектері зерттелген
құбылыстың (өлім-жітім себептерін) құрамын бейнелейді (3-ші сурет).
Тарамдалған диаграмма сызықты диаграмманың бір түрі болып есептелінеді. Оны бір
қүбылыстың төулік бойы жəне апталық, жылдық өзгеруін бейнелеуге пайдаланады. Ол
үшін шеңберді радиус арқылы уақыт аралығына байланысты бөледі. Мысалы, бір аптада 7
күн, 1 жылда 12 ай, т.б. Егер апталық өзгерісті зерттесе, онда шеңбер 7-ге бөлінеді,
жылдық болса, айларға сəйкес 12-ге бөлінеді. Шеңбердің радиусы құбылыстың орта
шамасына тең етіп алынады, ал одан аз болмай көп мөлшерлерде болса, олар шенбердің
ішіңде немесе сыртыңда белгіленеді. Радиустарда құбылыстың мөлшеріне сəйкес
нүктелер таңбаланады. Сонан соң барлық нүктелер бір-бірімен сызық арқылы
жалғастырылады. Тарамдалған диаграмма құру тəртібі бойынша жыл басы (қантар),
аптаның алғашқы күні (дүйсенбі) т.е. радиустық орнына сəйкес болады, осыдан соң сағат
тілшігінің бағыты бойынша белгілер қойылып отырылады.
Көлемді немесе фигуралық диаграммаларда статистикалық көрсеткіштерді суретпен
(фигурамен) бейнелейді. Мысалы, халық саны-ның өсуін адамның фигурасымен, төсек
саньшың өсуін төсектің суре-тімен бейнелейді.
Картограмма жасағанда географиялық картаға статистикалық көр-сеткіштің мөлшеріне
қарай соған сөйкес ауданды, аймақты, облысты, т.б. бояумен немесе сызықшалармен
белгілейді. Онда неғұрлым көрсеткшггің мөлшері жоғары болса, соған сөйкес бояудың
түрі қанық болуы керек (4-сурет).
Картодиаграммами географиялық картаға түрлі диаграмма салы-нады, көбінесе бағаналы
диаграмма пайдаланылады. Мұнда да статистикалық мөлшерге бағананың үзындығы
сəйкес болуы керек (5-сурет).

Статистикалық кесте.
Статистикалық кесте— статистикалық мəліметпен топтардың нəтижесінің түсінік
түрі болып табылады.
Статистикалық кестелердің мəні, олар статистикалық мəліметтерді толығымен
қамтуға мүмкіндік береді. Статистикалық кесте негізінен зерттеліп жатқан нысана туралы
ойлардың жүйесі, жүйеленген мəліметтердің дұрыс орналасуы белгілі бір сандармен
белгіленеді.
Денсаулық сақтаумен байланысты талдау жəне басқару жұмысында статистикалық
кестелерді дұрыс құру үшін, талдау үшін қолданады. Сыртқы көрінісі бойынша
статистикалық кесте горизонтальды жəне вертикальды сызықтар қиылысқан қатар, олар
горизонтаьл бойынша қатар түзеді, ал вертикаль бойынша графа түзеді олардың
жиынтығы кестенің қаңқасын түзеді. Қатар мен графадан тұратын кесте сонымен қатар
олар сан мен толтырылса онда кестенің макеті деп аталады.
Əр статистикалық кесте бастауыш пен баяндауыштан тұрады. Статистикалық
кестенің бастауышы нысана деп аталады, ол сандармен сипаталады. Бұл немесе бірнеше
жиынтық болуы мұмкін. Жеке бірліктер жиынтығы (ауыханалар, төсек, орындар),
олардың тізбегіне немесе қандай да бір топтамасына қарай бөлінеді (жеке территориальді
бірлік немесе хронологиялық кестедегі уақытша кезеңдер жəне т.б.)
Əдетте бастауыш кестелері атауы бар қатарда сол бөлікте беріледі. Статистикалық
кестенің баяндауышы көрсеткіштік жүйесін түзеді, олр нысана зерттеумен яғни
бастауыш кестелерімен сипатталады. Бастауыш жоғардағы тақырыпшаны жəне графаның
ойлау тізбегінің көрсеткіштерінің сол жақтан оңға қарай орналасуының мазмұнын түзеді.
Бастауышпен баяндауыштың орындары ауысуы мүмкін , ол зерттеушінің зерттеліп жатқан
ақпарат жиынтығын талдап, оқуға толық жəне жақсы көрсету үшін қажет болады.
Медицина жəне қоғамдық денсаулық сақтау саласының статистикалық сараптама
тəжірибиесінде түрлі статистикалық кестелер қолданады, олар бір-бірінен түрлі
сандармен жəне жиынтықтар сипаттамасымен, бастауышпен баяндауыштың түрлі
құрылымдармен ерекшеленеді.Бастауыштың жəне ондағы топшамалардағы бірліктердің
құрылымына қарай статистикалық кестелер жай жəне күрделі болып бөлінеді, ал
күрделінің өзі топталған жəне комбинацияланған болып бөлінеді.

Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



75.0Kb
Категория: Статистика | Добавил: Admin
Просмотров: 2372 | Загрузок: 437 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Миокард жасушасының электрлік белсенділігі
Қазақстан Республикасы, туризм, туристік нысандар
Қазақ халық аспаптар оркестрін ұйымдастыру
Құтылығұлы Күлтегін
Баймырзаұлы Балуан Шолақ
Паскаль програмдау тілінің қайталау командалары
Тастанбекқызы Сара
Жасуша теориясының негізгі қағидалары
Сапарғали Бегалин - халықтың сүйікті жазушысы
Сәбитұлы Асан қайғы
Кіші өзендердің энергетикалық мүмкіндігін пайдалану
Шәмші Қалдаяқов
Microsoft Excel программасы. Математикалық функцияларды қолдану
Мағжан - ақынның ақыны
Нәзір Төреқұлов