Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 19.12.2017
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Статистика

Қазақстан статистикасының негізгі тарихи кезеңдері
Загрузка...
Қазақстан статистикасының негізгі тарихи кезеңдері

1897ж. - Бірінші жалпы халық санағы.

1920 ж. 8- қарашада- Қырғыз (Қазақ) АКСР-ның Халық Комиссарлар Кеңесі «Қырғыз (Қазақ) АКСР-ындағы Мемлекеттік статистика туралы Ережені» бекітті. Қазақ АКСР-ның Статистика басқармасы құрылды.

1948 ж. - Қазақ КСР-ның Министрлер Кеңесі жанынан Статистика басқармасы құрылды.

1960 ж - Қазақ КСР-ы Министрлер Кеңесі жанындағы Статистика басқармасы, Қазақ КСР-ы Министрлер Кеңесі жанындағы Орталық Статистика Басқармасы (Қазақ КСР-ның ОСБ) болып қайта құрылды.

1987 ж. 19 - тамызда - Қазақ КСР-ның ОСБ-ы, Қазақ КСР-ның Статистика жөніндегі Мемлекеттік Комитеті (Қазақ КСР-ның Мемстаткомы) болып қайта құрылды.

1991 ж. 1- наурызда - Қазақ КСР-ның Мемстаткомы, Қазақстан Республикасының статистика және талдау жөніндегі Мемлекеттік Комитеті болып қайта құрылды.

1991 ж. - Экономиканың барлық секторында бағаның деңгейі мен серпінін (тарифін) реттеп бақылауды іске асыратын, бағаны тіркеудің арнаулы мемлекеттік қызметі құрылды.

1992 ж. қаңтарда - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің VII- сессиясында “Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік статистика туралы“ Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

1992 ж. желтоқсанда - Ұлттық шоттар жүйесін (ҰШЖ) ендіруге негізі болып қызмет атқарған 1992 - 1995 жылдардағы алғашқы және бухгалтерлік есеп, статистиканы қайта құру жөніндегі мемлекеттік бағдарлама болып қабылданды.

1993 ж. - Қазақстан Республикасының бірінші Төлем балансы жасалды.

1996 ж. қазанда - 1996 - 1998 жылдары Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік статистиканы жетілдірудің Бағдарламасы қабылданды.

1997 ж. 7- мамырда - “Мемлекеттік статистика туралы“ Қазақстан Республикасының жаңа Заңы қабылданды.

1998 ж. қарашада - 1999 - 2005 жылдары Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік статистиканы жетілдірудің Бағдарламасы қабылданды.

1999 ж. 22- қаңтарда - “Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы“ Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Ұлттық статистикалық агенттік Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі болып қайта құрылды.

1999 ж. 25- ақпан - 4- наурыз аралығында - Қазақстан Республикасының Бірінші Ұлттық халық санағы жүргізілді.

Қазақстан статистикасының қалыптасуы мен дамуы тарихынан

Қазақстан статистикасының тамыры өткен ұзақ уақыттарға кетеді. Бірінші Қазақ мемлекеті - Қазақ Хандығы туралы оны растайтын статистикалық тарихи мәліметтер бар: оның алғашқы пайда болу кезінде (1459 жыл) Шу және Талас өзендерінің бойында (бүгінгі Жамбыл облысы аумағында) халықтың саны 200 мың адам, ал XV ғасырдың соңында олар 1 млн. болды.

Бірақ, бүгінгі Қазақстан аумағында азды-көпті болса да жүйелі және орталықтандырылған статистикалық қызметтің өмірге келуі XVІІІ-ғасырдың екінші жартысына, былайша айтқанда Қазақстанның Ресей империясының құрамына кіру кезеңіне жатады. Оның аумағындағы бірінші жалпы халық санағы, Орыс патшалығының барлық жеріндегідей, 1897 жылдың 9- ақпанындағы (28-қаңтардағы) жағдай бойынша өткізілді.

Қазақстан аумағында құрылған бірінші мемлекеттік ресми статистикалық орган болып, Түркістан губерналық статистикалық комитет (құрылған күні - 1868 жылдың 22-қаңтары) пен оған бағынышты Сырдария және Жетісу облыстарындағы статбюролар саналады. XІX ғасырдың 70-жылдарының ортасында Орал облыстық статкомитет, 1877 жылы Семей және Ақмола (Омск қаласында) және 1895 жылы Торғай облыстарының статкомитеттері ұйымдастырылды. Бірақ, 1920 жылға дейін Қазақстанда аталған және басқа да жергілікті статистикалық қызметті біріктіретін бірыңғай статистикалық орган болған жоқ.

Ресей Кеңестік Федерациялық Социалистік Республикасы құрамында Қазақ Автономиялы Социалистік Республикасы құрылуына (1920 ж. 26- тамыз) байланысты Қазақ АКСР-ның Үкіметі өзінің 1920 жылғы 8-қарашадағы қаулысымен "Қазақ АКСР-ы мемлекеттік статистикасы туралы Ережені" бекітті және Қазақ АКСР-ның статистика басқармасы құрылды. Сонымен, Қазақстанның орталықтандырылған бірыңғай статистика органының құрылған күні 1920 жылдың 8-қарашасы болып қабылданды.

1925 жылы қаңтарда Орынбор қаласында (сол кездегі Қазақ АКСР-ның астанасы) бірінші, ал 1927 жылы сәуірде Қызылорда қаласында (Қазақ АКСР-ның екінші астанасы) екінші Республикалық статистика конференциялары болып өтті, олардың шешімдері мен ұсынымдары статоргандардың ұйымдастырылып нығаюына және методологиялық жабдықталуында үлкен роль атқарды.

1930-1948 жылдарда Республикадағы статистика қызметінің жалпы жұмысына және оның жоспарлы жүруіне басшылықты Қазақ АКСР- ның (1936 жылдан бастап Қазақ КСР) Мемлекеттік жоспарлау органы жүргізді. 1948 жылдан бастап статистика жүйесін дербес мемлекеттік орган Республика Министрлер Кеңесі жанындағы статистикалық басқарма басқарды, ал 1960 жылдан бастап Орталық Статистика басқармасы (ОСБ), 1987 жылдан бастап Статистика жөніндегі Мемлекеттік комитет (Мемстатком) басқарды.

Стат органдардағы барлық жедел және статистикалық есеп берулердің 1957-1958 жылдардан бастап орталықтандырылуына байланысты, олар кейінгі жылдардың барлығында да (КСРО-ның 1991 жылы ыдырауына дейін) шын мәнінде басшылық, жоспарлау және басқа да барлық деңгейдегі басқару органдарын, еліміздегі экономиканың және мәдениеттің жағдайы туралы және халық шаруашылығы жоспарының және көптеген шаруашылық жұмыстарының барысы мен орындалу қорытындылары туралы, жедел және жалпы жинақталған ақпаратпен жабдықтайтын жалғыз-ақ жүйе болды.

Қазақстанның статоргандары, бұрынғы КСРО-ның барлық статистикалық жүйесі сияқты Бүкілодақтық барлық сегіз халық санағын ұйымдастырып, өткізіп, жиынтығын қорытындылады; үнемі статистикалық жылнамалықты және көптеген кезеңдік, салалық және тематикалық жинақтар мен анықтамалықтарды бастырып шығарды.

Қазақ КСР-ның Мемлекеттік статистикасы, 1990 жылы Қазақ КСР-ның статистикасы мен есеп жүргізуі бойынша бірінші заңның жобасын жасауға кірісті. 1992 жылы қаңтарда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің VІІ сессиясы "Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының бірінші Заңын қабылдады.

Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



40.5Kb
Категория: Статистика | Добавил: Admin
Просмотров: 2241 | Загрузок: 214 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Махмұд Қашқари
Су қоры - халық байлығы
Саясат және оның қызметтері
Қазақ халқының қол өнері
Тастанбекқызы Сара
Ғабиден Мұстафин
Нұрпейіс келіні Дина (1861-1955) – қазақтың әйгілі күйші композиторы
Ахмет Байтұрсынұлы
Жапония
Ғұмар Қараш
Қазақстан Республикасының климаты
Денсаулық - басты байлық
Windows объектілі-бағытталған платформасы
Валеология бойынша бағдарламаны енгізу
Гигиена