Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 20.9.2017
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Статистика

Қазақстан Республикасының статистикасына 85 жыл
Загрузка...
Қазақстан статистикасына 85 жыл
2005 жылдың 8 қарашасында Қазақстан статистиктері айтулы күнді мерекелейді – мемлекеттік статистика органдарының құрылғанына 85 жыл. Қазақстан жеріндегі мемлекеттік статистика тарихының тамыры тереңде жатыр. Қазақ Автономдық Советтік Социалистік Республикасының Үкіметі 1920 жылдың 8 қарашасындағы өзінің қаулысымен «Қазақ АССР-дегі мемлекеттік статистика туралы ережені» бекітті және Статистикалық басқарма құрды деп хабарлайды ҚР статистика жөніндегі агенттігінің баспасөз қызметі.
2005 жылдың 8 қарашасында Қазақстан статистиктері айтулы күнді мерекелейді – мемлекеттік статистика органдарының құрылғанына 85 жыл.
Қазақстан жеріндегі мемлекеттік статистика тарихының тамыры тереңде жатыр. Бірақ 1920 жылға дейін Қазақстанда жергілікті статистикалық қызметтерді біріктіретін бірыңғай статистикалық орган болған жоқ. Қазақ Автономдық Советтік Социалистік Республикасының Үкіметі 1920 жылдың 8 қарашасындағы өзінің қаулысымен «Қазақ АССР-дегі мемлекеттік статистика туралы ережені» бекітті және Статистикалық басқарма құрды. Бұл күнді статистиктер қазақстандық статистиканың туған күні деп есептейді. Елдің барлық өңірлерінде статистикалық қызметтер осы мерекеге байланысты шаралар өткізді.
Ағымдағы жылдың 8 қарашасында Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі ұжымының «Статистика үздігі» Құрмет атағы берілетін салтанатты жиналысы болады және статистика ардагерлеріне құрмет көрсетіледі.
Айтулы күнге арналған мемлекеттік статистиканың 85-жылдық мерейтойын мерекелеу, салтанатты жиналыс пен концерт 9 қарашада, Ғалымдар Үйінің Үлкен мәжіліс залында сағат 14.00-де өтеді. Салтанатқа құрметті қонақтар, Статагенттіктің бұрынғы төрағалары, статистиканы пайдаланушылар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
ҚР Статистика агенттігі төрағасы Қали Сейілбекұлы Әбдиевтің баяндамасы қазақстандық статистиканың құрылу, даму тарихын, қол жеткен жетістіктер мен келешекке қойылған міндеттерді қамтиды.
ҚР Статистика агенттігімен жемісті ынтымақтастығы үшін сондай-ақ арнайы номинациялар бойынша жекелеген бұқаралық ақпарат құралдары мен журналистерді марапаттау қарастырылған………………………………

Қарағанды облысының Статистика басқармасының тарихы

Статистика — бұл қоғамның түпкілікті айнасы, өзге ешқандай ғылым ел мен қоғамның жағдайы мен беталысын толық көрсете алмайды.

Сонымен қатар өткен 10 жылда Қазақстандағы мемлекеттік статистика органдарының жағдайы әрқашанда тұрақты болды деп айтуға болмайды, керісінше — ол арқа тұтатын, жеңіс пен сәттіліктің жаршысы ретінде, әлде әміршіге жағымсыз хабар әкелетін шабарманы ретінде болады. Осыған байланысты статистика мәртебесі бірнеше төмендеген: оны Мемлекеттік жоспарға бағындырды, Министрлер кабинетінің мүшесінен алды, штатты қысқартты. Әрине, біріншіден бұл республика экономикасының жалпы жағдайына тәуелді.

Кәне, есімізге түсірейік, Қарағандының өңiрлiк статистикасы неден басталды.

1932 жылдың ақпанында Қазақ АССР-іне жаңа әкімшілік бөлімнің еңгізілуіне байланысты халық шаруашылық есебінде алты облыстық басқарма ұйымдастырылды, оның ішінде Қарағанды облысы да болды.

Сол уақытта оның аппараты бірнеше адамнан ғана құралды, тек 1939 жылы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, күрделі құрылыс сияқты негізгі салалық бөлімдер құрыла бастады, бұлар бүгінгі күнге дейін сақталуда.

1957 жылға дейін мемлекеттік есеппен бірге елімізде ведомствалық есеп те бар болды, ол жеке министрліктер шегінде тұйықталған. Мемлекеттік статистика органдары халық шаруашылығын жоспарлау мен басқаруға арналған қажетті мағұлматтарды жинап онымен қатар оны өңдей алмады.

1957 жылға қарай мемлекеттік статистика органдарында статистикалық мәліметтерді ортақтастырып өңдеуді ұйымдастыру үшін жағдайлар жасалды. Орталық статистика басқармасында мәліметтердің жиналуы мен өңделуін шоғырландыру барлық статистикалық жүйенің әрі қарай нығайтуын талап етті — аудандық буыннан орталыққа дейін.

Осыған байланысты 1957 жылы Қарағанды статистика басқармасының жанында машина есептеуіш станциясы (МЕС) құрылды. Бастапқы кезеңде ол мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылды, ал 1959 жылдан бастап шаруашылық есепке ауыстырылды. Есептеуіш жұмыстарын тек мемлекеттік статистика органдары үшін ғана емес, сондай-ақ ақылы негізде өзге ұйымдар үшін де рұқсат етілді.

60—70 жылдары — облыстағы халық шаруашылығының аса қарқынды дамуы кезеңінде — статистика органдарындағы жұмыстар едәуір көп салалы және көп жоспарлы бола бастады: өнеркәсіп, көлік, байланыс, техникалық прогресс, еңбек, күрделі құрылыс бойынша өңдеу механизациясы игерілген, есептің бірнеше әдістемесі қабылданды. Қазіргі жылдары халық тұтынатын тауарлар өндірісі бойынша есеп берулер еңгізілуде, еңбек қорларының балансын есептеу дайындалуда, барлық салалар бойынша тоқсандық және жылдық есеп берулер мәліметтерін механикалық өңдеуге ауыстыру жүзеге асырылуда, масштабты біржолғы жұмыстар жүргізілуде.

Алпысыншы жылдары статистика алдында тұрған жаңа мәселелерді шешуде қазіргі заманға сай есептеуіш техникасын кеңінен қолданбау қиыншылық туғызды.

Осы кезеңде мәліметтерді өңдеуге арналған перфорациялық техникаларды еңгізу белсендетіле бастады, барлық статистикалық нысандар өңделетін, сондай-ақ статистика қызметкерлеріне еңбекақы есептелінетін, өзге да тапсырушылардың жұмыстары жүргізілетін автоматты және жартылай автоматты машиналар, Аскота-170 бухгалтерлік машиналар түріндегі есептеуіш машина станциясының техникалық арсеналы жаңартылды.

Статистикалық мәліметтердің өндірістік процессінде есептеуіш-перфорациялық машиналарды кеңінен еңгізілген. Облыстың ірі өнеркәсіп кәсіпорындарындағы статистикалық басқарманың филиалдар жүйесі дамыды, олар кәсіпорындардағы бухгалтерлік еңбек пен статистикалық есеп беруді жеңілдететін, Аскота-170 бухгалтерлік машиналарына, ЭФС-382 фактуралық машиналарына, перфорациялық есептеуіш машиналарына жинақталған.

Есептеуіш жұмыстарын механизациялауды еңгізумен қатар жаңа техниканың көмегімен статистикалық материалдар шығарыла бастады, алғашқы рет статистикалық бюлетеньдер мен жинақтардың шығарылымы реттелді.

1972 жылы басқармада МСС базасында қуатты есептеуіш орталығы, ал облыстың қалалары мен аудандарында — ақпаратты-есептеуіш станциялары (ААЕС, ҚАЕС) құрылды.

Қазіргі уақытта есептеуіш орталығының материалдық техникалық базасы жоғары деңгейге көтерілген.

Статистиканың әртүрлі салалары бойынша есептеуіш-статистикалық жұмыстарының орнын ЭЕМ-ді қолданумен статистикалық ақпараттың үлкен көлемін өңдеуге арналған программалық қамту болып келетін, статистикалық ақпаратты өңдеу жинақтары (САӨЖ) ауыстырды.

Электронды-есептеуіш құралдарының дамуындағы прогресспен және статистикалық ақпараттардың өңдеу көлемінің жоғарлауымен 70 жылдың басында Есептеуіш орталыққа үлкен Минск-22 (1974 ж.) электронды есептеуіш машинасы, одан кейін аса қуатты техникалық көрсеткішті Минск-32 машинасы келіп түсті, олар ақпаратты-статистикалық жинақтарды өңдеуде қолданылды.

Басқа тапсырушылардың ақпараттарын ақылы негізде өңдеу мүмкіншілігі өңделетін ақпарат көлемінің күрт ұлғаюына әкелді. Осыған байланысты 48 адамнан тұратын, қосымша 3 программалау бөлімі, мәліметтерді дайындау бөлімі және ЭЕМ-ді пайдалану бөлімі құрылды.

Программалау бөлімдерінің алдындағы басты мақсат — басқармада алынатын барлық статистикалық есептіліктерді механизациялау болды. Онымен қоса облыстың көптеген кәсіпорындары мен ұйымдарының техникалық қамтылуының төмендігіне және бастапқы есепті өңдеуді механикаландырылған негізге ауыстыру қажеттілігіне байланысты бұл бөлімдерде программалау бойынша қарқынды қызметтер көрсетілді.

Сол уақытта Облыстық статистикалық басқарма ірі статистикалық зерттеу мәліметтерін электронды есептеуіш машиналарында өңдеді: көбіне, облыстың отын-энергетикалық және салааралық баланстары есептелінді, өнеркәсіп өнімі, күрделі құрылыс, ауыл шаруашылығы, көлік, қаржы, еңбек, негізгі қорлар өндірісі бойынша статистикалық есептіліктер өңделді, халық санына есептеу жүргізілді.

70-ші жылдардың соңында — 80-ші жылдардың ортасында облыстық статистикалық басқарманың есептеуіш орталығындағы негізгі есептеуіш техникасы ЭЕМ ЕС-1020, ЕС-1022, ЕС-1035, ЕС-1036 есептеуіш машиналары болды, сондай-ақ әрбір кейінгі модель алдыңғысынан бірден бірнеше экономикалық-статистикалық есепті өңдеу мүмкіншілігін беретін, жетілдірілген қуатымен, жедел жады көлемінің сыйымдылығымен және жылдамдық көрсеткіштерімен ерекшеленді.

1984—1988 жылдары халық шаруашылығы үшін СМ-1600 ЭЕМ-дері кеңінен қолданылды, оларда жедел тапсырыстар үшін еңбек және еңбекақы есебі, материалды құндылықтар мен бухгалтерлік есептіліктер өңделді.

Осының барлығы Қарағанды облысының статистика басқармасының жұмыс сапасына оң әсерін тигізді және 70-ші жылдардан бастап Қарағанды облысының статистикалық басқармасы алдыңғы қатарлы статистикалық басқармаларының қатарына кірді, бірнеше рет ауыспалы Қызыл Туды жеңіп алды.

80-ші жылдары үлкен электронды-есептеуіш машиналарының орнына «статистиканы жалпы компьютерлеу дәуірін» ашқан, компьютерлер келді.

1987 жылы облыстық статистика басқармасымен статистикалық ақпараттың жеделділік деңгейін едәуір жоғарлатуды қамтамасыз ететін, бірінші жеке ЕС-1840 және ЕС-1841 компьютерлері алынды. 1989 жылғы халық санағы жеке ЕС-1840 және ЕС-1841 компьютерлерінде өңделді, сол уақытта алдыңғы 1979 жылығы санақ ЭЕМ ЕС-1020 электронды-есептеуіш машиналарының көмегімен жүргізілді.

ЕС-1840, 1841 компьютерлерін еңгізу сол кезеңде статистикалық өнімнің жаңа түрлерін туғызды: экспресс-бюллетеньдер, экспресс-ақпараттар, экспресс-баяндамалар, олар алғашқы статистикалық жинақтар өңделгенен кейін санаулы сағаттар ішінде шығарылды. Барлық материалдар жедел түрде жергілікті жетекші органдарға жіберілді.

Осыған байланысты талдамалық жұмыстар анағұрлым жоғары деңгейге көтерілді. Осы кезеңде Қарағанды статистикалық басқармасында жетекші мамандардан экономикалық талдау бөлімі құрылды, олардың негізгі міндеті облыстық әлеуметтік-экономикалық өрісіндегі даму процессін бақылау болды.

Сол кезеңдегі экономикалық баяндамалар ең өзекті және қазіргі қажеттер тақырыбында дайындалды, олар республикалық деңгейде жоғары бағаланып және тәжірбие алмасу тәртібінде Қазақстан Республикасының облыстық статистика басқармаларына жіберілді.

Осы кезеңде статистикалық материалдарды насихаттауға және жариялауға көп көңіл бөліне бастады.

Жариялау қызметі кең құлаш жайды. Облыстық әлеуметтік-экономикалық жағдайларының әртүрлі аспектілері туралы облыстың статистика басқармасының басшылары мен мамандарының сөз сөйлеулері мен мақалалары бұқаратты ақпараттар құралдарында жиі жарық көрді.

Есеп беру мәліметтерінің айқындылығы бойынша тексеру жұмыстары кең етек алды. Статистикалық есептілікті құру бойынша облыстың қалалары мен аудандарына аумақтық-жинақ тексерістерін, кәсіпорындар мен ұйымдарға салаарлық тексерістерін жүргізу, заңсыз есептілікке тексеріс жүргізу мен тәжірбиелік және әдістемелік көмек көрсету кең түрде тәжірбиелене бастады.

Осы жылдары Қарағанды статистикалық басқармасының қызметі ортақтастырыла және еліміздегі статистиканы жетілдіру Бағдарламасына сәйкес мақсатпен құрылды. Осы Бағдарламаны жүзеге асыру барысында Қарағанды статистика басқармасында жаңа статистика бөлімдері құрылды, дәлірек айтсақ: ұлттық есеп және төлем балансы, баға, жүйелі жіктегіш пен тіркеме. Осы жаңа бөлімдер экономиканың өтпелі кезеңіндегі зерттелмеген құбылыстарды - макро- және микроэкономика, тапшылық, статистикалық есепті жүргізудегі халықаралық стандартты бақылау үшін құрылған.

Бұл кезеңде облыстың барлық шаруашылық субъектілерінің тіркемесі бойынша үлкен жұмыстар атқарылды. 2003 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 12736 бірлікті құратын, шаруашылық субъектілерінің Әкімшілік тіркемесі құрылды, оның базасында статистикалық тіркеме жүргізіледі. 1997 жылдан бастап жеке кәсіпкерлердің тіркемесі жүргізілуде. Статистикалық тіркеменің құрылуы статистиканың барлық салаларында қазіргі уақытта кеңінен қолданылатын, статистикалық бақылаудың ішінара әдістемесіне көшуге мүмкіндік берді.

Статистикалық жұмыстардың механизациясы мен автоматизациясының деңгейі жоғары, әрі сапалы деңгейге көтерілді. 90-шы жылдардың соңында ақпаратты технологияның дамуы ерекше өріс алды. Ақпаратты-есептеуіш орталығының материалды-техникалық базасы PC Pentium, Pentium-II және т.б. компьютерлермен толықтырылды. 1999 жылғы облыстағы Бірінші ұлттық санақтың өңдеу материалдары осы компьютерлерді және есептеуіш қондырғы-сканерлерді қолданумен жүргізілді. Қарағанды облысының статистика басқармасының қазіргі заманға сай ақпаратты-есептеуіш потенциал қуатының өсуіне халық санағының нәтижесін тек Қарағанды облысында ғана емес, сондай-ақ Ақмола, Қостанай облыстары мен Астана қаласында компьютерлік өңдеу мүмкінділігін қамтитын, санақ материалдарын өңдеу бойынша орталықтың құрылғаны айғақ болады.

Қарағанды облысы статистика басқармасындағы ақпараттық технологиялардың дамуына байланысты 2002 жылы қарапайым есептеуіш жүйеден VPDN технологиясын қолданумен, қуатты корпоративті интер жүйеге көшу жүзеге асырылған. VPDN Интертетті алынған бөлімшелердің корпоративті жүйесіне қол жеткізуді қамтамасыз етуге арналған, магистральді жүйе ретінде қолданумен ерекшеленеді.

Бұл корпоративті жүйе қалалық және аудандық бөлімдерді қоса алғанда, статистика басқармасының барлық құрылымдық бөлімшелерін біріктіреді. Телекоммуникациялық арналарды жеткізуші «Казақтелеком» ААҚ болып отыр.

2001 жылғы 1 маусымнан бастап Интернет жүйесінде Қарағанды облысының статистика Басармасының Web-бет құрылған (провайдер ЖАҚ «НИТ»), онда бүкіл әлемдік жүйені қолданушылар статистика басқармасының статистикалық қызметінің әртүрлі аспекттері бойынша ақпараттар ала алады.

Аудандық және қалалық статистика бөлімдері ауыл мен қалаларда статистикалық ақпаратты жариялау мен насихаттау орталығы болып табылады. Жергілікті газеттерде өңiрлiк әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы статистикалық мәліметтер жиі жарияланады, ауыл және қала тұрғындарының өмірі мен қызметінің әр түрлі аспекттері бойынша көрсеткіштер көрсетіледі.

1997 жылдан бастап, республикада бірінші болып, Қарағанды облысының статистика басқармасының экономикалық бөлімдерімен облыстағы шағын бизнестің мәселелерін зерттеу мақсатында шағын кәсіпорындар жетекшілеріне жиі сауалнама жүргізілуде.

1998 жылы облыс әкімінің қолдауымен, республиканың барлық статистикалық басқармасын біріктіргенде, бірінші болып, Қарағанды статистика басқармасында облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарында әлеуметтік-еңбек саласындағы нарықтық қатынасқа әлеуметтік зерттеу жүргізілді.

Статистикалық ақпараттарды насихаттау және жариялау арналары кеңейді. Облыстық «Индустриальная Караганда», «Орталық Қазақстан» газеттерінің редакцияларымен, облыстық радио және теледидар, коммерциялық баспа редакцияларымен қатар «Қаржы-Қаражат-Финансы» республикалық экономикалық журналмен тығыз байланыс орнатылды, онда 1998 жылдан бастап бірнеше рет облыстағы шағын бизнесті дамытудағы өзекті мәселелер бойынша экономикалық мақалалар, сауалнама материалдары және әлеуметтік сұраныстар жарық көрді. Республикада «Тілдер туралы Заңды» қабылдауға байланысты статистикалық материалдарды мемлекеттік тілде жариялау кең етек алды.

90-шы жылдардың соңында статистикалық өнімнің сапасына көңіл бөліне бастады. Статистикалық ақпараттардың мәні мен құндылығының қазіргі заманның көптеген құбылыстары жөнінде білім көзі ретінде өсуіне байланысты бұл ақпаратты тұтынушыларға дейін жеткізу, оның тарату аумағын және арналарды ұлғайту қажеттілігі туындады.

Осыған байланысты 1999 жылы статистиканың аумақтық органдары қайта құрылымды тағы да бастан кешірді. ҚР статистика жөніндегі Агенттіктің 1999 жылғы 18 мамырдағы № 59 бұйрығына сәйкес Қарағанды облысының статистика басқармасы 2 мемлекеттік мекемеге бөлінді: басқарушы және тексеру-бақылау міндеттерін атқаратын, Қарағанды облысының статистика Басқармасы және Қарағанды облысының «Ақпаратты-статистикалық орталығы». Ақпаратты-статистикалық орталықтың басты міндеті - статистикалық мәліметтерді жинау, өңдеу және оларды статистика басқармасы мен республикалық деңгейге ұсыну.

Сонымен қатар 1999 жылы ҚР үкіметінің 1999 жылғы 1 шілдедегі № 910 қаулысына сәйкес Қарағанды облысының статистика басқармасының жанында «Статистика бойынша Есептеуіш орталық» Еншілес мемлекеттік кәсіпорын құрылды, оның міндеті статистикалық ақпаратты тұтынушылар шеңберін кеңейту және оның ресімдеу сапасын жақсарту болып табылады.

«Статистика бойынша есептеуіш орталығы» ЕМК-нің құрылуымен статистикалық ақпаратты тұтынушылар саны анағұрлым кеңейді. Тапсырушылармен жұмыс келісім негізінде құрылды. Статистикалық ақпаратты тұтынушылар шеңбері әкім аппаратымен бірге, оқу орындары, банк, облыстық кәсіпорындар мен ұйымдар, кітапхана, шетелдік ірі меншік фирмалары мен компаниялары және жеке тұлғалармен толықтырылды.

Жаңа ақпаратты технологияның дамуы нәтижесінде мәліметтерді таратудың жаңа құралдары пайда болды: ақпаратты электронды тасымалдаушылар (дискеттер, CD-ROM, электронды пошта), Интернет.

Статистикалық өнімді сату мен тұтыну нарығын зерттеудегі маңызды құрал статистикалық ақпаратты тұтынушыларға жиі сауалнама жүргізу болып отыр.

Қазіргі уақытта облыстық статистикалық басқарма облыстағы ең маңызды ақпаратты орталық болып саналады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтің тапсырмасына сәйкес жыл сайын Қарағанды облысында бекітілген негізгі бағдарламамен облыстық статистика басқармасы импортты алмастырушы өнімнің дамуын, жұмыссыздық пен кедейлік деңгейінің төмендегенін, жаңа жұмыс орындарының құрылуын және т.б.бақылайды.

Меншік ақпаратты базалары бар облыстың қазіргі экономикалық қызметтінiң (банктік, қаржылық, салық және өзгелер) серпінді дамуы облыста біріңғай ақпаратты-талдамалық жүйені құру қажеттілігін туғызады.

Қазіргі уақытта, әкімшілік, статистика органдары, экономикаға байланысты қызметтер, салық комитетінің күшін біріктіру жолымен облыста біріңғай ақпаратты-талдамалық жүйе құру бойынша маңызды жұмыстар жүргізілуде. Іс жүзінде сәтті жүзеге асырылатын, бұл бастаманың негізі облыстық статистика басқармасы болып отыр.

Облыстық статистика басқармасында жоғары білікті статистика мамандарын дайындау кең масштабта жүріп жатыр. Көптеген қызметкерлерде екінші жоғары — экономикалық білімдері бар және кейбіреуларі екінші жоғары білім алуда.

Қазіргі кезде Қарағанды облысының Статистика басқармасы — бұл 2000-2005 жылға статистика органын дамыту мен жетілдіру Бағдарламасын сәтті жүзеге асыратын, пікірлес, жоғары білікті мамандандырылған ұжым.

Қысқаша очеркте Қарағанды облысының Статистика басқармасының тек негізгі даму кезеңдері ғана баяндалған. Әрине, бірқатар жылдарда ұжымның өмірі көптеген жарық және әсерлі кезеңдерге толы болды, осының нәтижесінде тәжірибе алынып, іскерлікке, облыстағы ақпаратты-статистикалық қамтамасыз ету орталығының жетекші мәртебесіне ие боды.

Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



79.5Kb
Категория: Статистика | Добавил: Admin
Просмотров: 2258 | Загрузок: 213 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Қазақстан опера өнерінің негізін салушы сахна жұлдыздары
Мұнай және мұнай өнімдерінің топыраққа әсері
Сапарғали Бегалин - халықтың сүйікті жазушысы
Мұрат Мөңкеұлы
Аймауытов Жүсіпбек
Жасуша теориясының негізгі қағидалары
Ұлытау мұражай қорығы
Жер планетасы
Қастек Баянбаев
Ақыт қажының Жиһаншаһ дастанындағы Шаһзада бейнесі
Компьютердің құрылғылары
Атқарушы органдар
Қорғалжын қорығы (Ақмола облысы)
Microsoft Excel программасы. Математикалық функцияларды қолдану
Ыбырай Алтынсарин