Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Саясаттану

Туыстық қарым – қатынастар
Загрузка...
Төңкеріске дейін қазақ арасында патриархалдық – рулық қатынастың сілемі сақталып келгенін – олардағы туысқандық қарым- қатынастан да анық көруге болады. Айталық, жеті атаға дейін қыз алыспау, яғни экзогамия заңына негізделген бұл жора олардың санасындағы өте әріге кететін тектік жақындықты ұмытпаушылықты көрсетеді. Жоғарыдағы айтылған мұрагерлік хақы да туысқандық қатынастың әріге кететіндігін дәлелдейді. Мәселен, тікелей мұрагері немесе әмеңгері қалған жағдайда мал-мүліктің де, жесірдің де, өлген адамға туысқандық жақындығына қарай енмере, шөбере енмесе аталас және руластарының иелігіне өтуі – қазақ арасында туыстық қатынастың беріктігіне дәлел бола алады.
Туыстық қатынас өлгеннің артында қалған мұраға иелік етуге ғана байланысты емес. Өйткені туысқандық қарым-қатынас бір-біріне әр түрлі жағдайда көмек көрсету кезінде де байқалады. Мәселен, қыз ұзату, келін түсіру, енші бөліп беру сияқты қуаныш кезінде, немесе кісі өлген үйге аза салу, оның жетісі, қырқы, жүзі және жылын беру, яки әр түрлі кездейсоқ апаттарға (жұт, өрт т.б.) ұшырап, мал-мүліктен жұрдай болған туысқа туыстық жақындығына немесе өз шамашарқына қарай «қосқаным» деп көмек көрсету әдеті бұған дәлел. Мұндай көмек қазақ арасында «жылу», «немеурін», «үме» деп аталған. Осындай туыстық, қала берді рулық ауызбірлік, ынтымақтық нәтижесінде «көп жиылса көл» болар деген мақал қалыптасса керек.
Бір-біріне көмек беру әдеті өте ертеде қалыптасқан, яғни оның түп тамыры рулық құрылысқа кететіні даусыз. Сондықтан да ол кездегі әрбір ру мүшесінің қоғамдағы орны, салмағы бірдей болды. Келе-келе жеке меншіктің, таптың шығуына байланысты өзара сілетсіз көмектің де мәні өзгерді, таптық сипат алды. Туыстық көмек дегенді желеу етіп, ауқатты, ықпалды адамдар өздеріне көбірек көмек жинаса, яғни оған маңайдағы толып жатқан ел түгел үлес қосса, кедейлерге арналған көмекке қосылатын үлестердің мүшелері де тым шағын болумен бірге, оған азғантай ғана жақын туыстар қосылатын. «Алмақтың да салмағы бар» немесе «Бай – байға, сай сайға құяды» деген мақалдың өзі осыны дәлелдейді.
Қазақ арасында рулық қатынастың болымсыз сілемі болмаса, ежелгі замандағы оның қоғамдық берік түрі сақталды деуге болмайды. Қазақ қауымындағы бай мен кедей арасындағы таптық қайшылықтың айқындала түсуі, товарлы ақшалы қарым-қатынастың жедел енуі рулық қатынастардың негізін шайқалтып, оның күйреуіне әкеп соқты. Ел арасында қалыптасқан «Туыстан жүріс жақын» немесе «Аталастың аты озғанша, ауылдастың тайы озсын» деген мақалдар мұны ашық дәлелдейді.
Қазақ арасындағы туысқандық қарым-қатынас тек ерлер тарапынан ғана болып қоймайды, қыздар ұрпағы, жиендер мен нағашы арасындағы қарым-қатынас та ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Нағашыға жиен батыл келеді, халық дәстүрі бойынша нағашысы жиеніне «қырық серкеш беруі» керек. Сондықтан болар, жиен көңілі түскен нәрсесін: жүйрік ат, қыран бүркіт, қаршыға, алғыр тазы, берен мылтық т.б. осы сияқты бұйымтайын нағашысы қолынан бермесе, жиен жолынан алуға ерікті, ол үшін жиен айыпты болмайды. Жиеннің қандай еркелігі болсын, нағашы жұрты көтереді де, оған әрдайым қамқорлық жасап отырады. Сондықтан да халық даналығы жігіттің үш жұртының болатынын айта келіп: «Өз жұртың – күншіл, қайын жұртың – сыншыл, ал нағыз қалтқысыз тіреуқорың – нағашы жұртың» дейді. Жиенді баласындай ардақтау – қазақ халқының қанына сіңген дәстүр.
Әдетте жиен нағашы атасынан гөрі, нағашы ағаларына өте батыл келеді. Олардың әрқайсысындағы мұндай қарым-қатынас (авункудат) аналық рудың қалдығын байқатады. Жиенді қадірлеу – ескі гректер мен герман тайпалаларында да ерекше болған. Олай болса, бұл ғұрыптың қазақ арасында осы уақытқа дейін сақталуы, басқа халықтар сияқты, қазақтардың өз дамуында аналық ру дәуірін өткізгенін дәлелдейді.
Бір ел мен екінші елдің арасында қыз беріп, қыз алу арқылы құдандалық қарым-қатынаспен бірге, күйеу мен қайын жұрт арасында қарым-қатынас болады. Қайын жұрты күйеуді әр уақытта сый тұтады. Қыздарына дұрыс қарап, жақсы адамгершілік қасиетін білдірген күйеулер қайын жұртына сыйлы, ерке болады. Қайын жұрттың әр шаңырағы күйеуге деп әрдайым төс сақтайды. Күйеуге тартылған табақта төс болмаса, күйеу төсін даулап, жеңгелерімен қалжыңдасып жатады. Тартылған төсті міндетті түрде табақтан күйеудің өзі алып, бөліседі.
Күйеу мен қайын жұрттың арасындығы қарым-қатынастың ұзақтығы – қыздың ұзақ өмір сүруіне, төркінін ұмытпай жиі қатынас жасап тұруына, ақылына, күйеуі мен түскен жұртындағы беделіне байланысты болады. Ал ұзатылған қыз ұзақ жасамаса, оның орнына балдыз беру әдеті орындалмаса, сол жылдан бастап басқа жерден екінші әйел алған күйеудің де алғашқы қайын жұртымен қарым-қатынасы аяқталады. Бірақ бұған байланысты екі елдің арасындағы қарым-қатынас тоқтамайды. «Сүйек жаңғыртайық» деп қайта құда бошлып, бір-біріне тағы қыз алысып, қарым-қатынас созыла береді. Сондықтан да болу керек, қазақта «Күйеу жүз жылдық, құда мың жылдық» деген мақал қалыптасқан. Сыйлас құдалар бір-біріне керек болған жағдайларда көмектесіп, бір-бірінің қуанышына бірге қуанысып, ренішіне бірге қайғырысып, біріне-бірі сүйеу болатын.
Әр елге ұзатылған апалы-сіңлілі қыздардың, немере-шөбере, тіпті аталас елдің қыздарының балалары бір-біріне «бөле» болып келеді. Бөлелер арасында олардың аналарының туыстық жақындығына байланысты ас бір сыйласымды, сілетсіз қарым-қатынас болады. Өйткені бөлелердің елдері бірінен-бірі бөлек болғандықтан, ата-аналар арасында бәсекелестік, бірін-бірі көреалмаушылық қызғаныш сезімі тіпті болмайды. Олар туыстық жағынан жалғастыратын – нағашы жұрты, яғни бұл екі жаққа да бірдей шешелерінің төркіні.
Ал енді бір елге келін боп түскен апалы-сілілердің балалары да бір-біріне бөле болып есептелгенмен, олардың әкелері тарапынан туыстық қатынасы жақын болса бөлелік сезім, бөлелік қарым-қатынас жөніне қалып, туыстық қатынаста болады. Бөлелердің әкелерінің әрқайсысы бір-бірінен қыз алысатын елдерден болса, олардың шешелерінің бір әке, бір шешеден туған қандас туыстарының өзі бөлелерінің неке құруына кедергі болмайды. Өйткені қазақ қауымында қандас туыстық қатынас тек еркектер тарапынан ғана есептеледі. Бір-бірімен қарым-қатынасын үзбей жүрген апалы-сіңлілі туыстар, әсіресе түскен жерінде беделді болып, өз балаларының тағдырын шешуге араласа алатындай жағдай болса, балаларын, яғни бөлелерді бір-бірімен үйлендіруді теріс көрмейді. Мұндай мүмкіндік «Аяғын көріп асын іш, шешесін көріп қызын ал» деген мақал мәніне де жат емес.
Сөйтіп, қазақта туыстық және құдандалық қатынастарға байланысты әр түрлі қарым-қатынас, алыс-беріс, өзара көмек сияқты шым-шытырық қатынастар болады. Бұл қатынастардың әрқайсысының өзіне ғана тән, сан қилы әдет-ғұрыптарға байланысты, өзара міндеттіліктері мен жауапкершіліктері бар.
Қазақ халқында туыстық есеп еркектер тарапынан жүргізілгендіктен, бабалынан бастап неменесіне дейін жеті атаға, яғни жеті ұрпаққа толады. Ал жетінші ұрпақты қазақтың «немене» не «шөпшек» атандыруы тегін емес. Оның өзіндік мәні бар сияқты. Айталық, «немене» деген атаудың өзі белгісіз деп сұрақ қойып тұрған тәрізді, ал «шөпшекке»келер болсақ, бұл атаудың мәні тіпті анық. Қазақ шөпшек деп ағаштың қурап сынып түскен жіңішке бұтақтарын айтады. Осыған қарағанда, жеті атаға толғанда сегізінші ұрпақтың туыстық қарым-қатынасы жойылып, олардың арасында туыстық қарым-қатынас үзіледі деген ұғымды білдіретін тәрізді.
Осыған қарағанда, қазақ арасында жеті атаға толмай қыз алыспау әдетінің мәні өзінен өзі-ақ айқындала түседі.
Төңкерістен бұрын балаларын ерте үйлендіретіндіктен 17-18 жасар әкелерді олардың балалары әке деп ешуақытта айтпайтын, олар балаларының ағасы тәрізді болатын да, көбінесе әкесін «аға» дейтін. Ал «әке» деп немерелері әкесінің әкесін атаған. Үлкен әкесін «ата» деп те атайды.
Қазақ дәстүрінде ат тергеу ғұрпы әсіресе келіндерден қатты талап етілді. Бұл туралы әдебиетте бірінші рет Н.Ильминский «Күйеуінің туыстарының атын келін ешуақытта атамайды. Оның – аға-інілеріне, апа-қарындастарына арнайы ат қоятын» деп көрсеткен. Келін тарапынан ат тергеу күйеу туыстарының жасына, жынысына, туыстық қатынасының алыс-жақындыелін тарапынан ат тергеу күйеу туыстарының жасына, жынысына, туыстық қатынасының алыс-жақындығына байланысты.
Қазақ әйелдері күйеуінің де атын атамайды, оларды «отағасы», «біздің үйдің кісісі», «әлгі» немесе үлкен балаларының атымен бәленнің, түгеннің әкесі дейтін. Күйеуінің құрдастарының атын да атамай, оларды «құрдас» атандыратын.
Ат тергеудегі қазақ әйелдерінің аса ізгілігі мен тапқырлығын дәлелдейтін, әдеби мұраларды кеңінен тараған бір аңызды келтірейік.
Бір келіннің қайын жұртында Көлбай, Бұлақбай, Қамысбай, Қасқырбай, Қойлыбай, Қайрақбай және Пышақбай деген қайнағалары болса керек. Бір күні суға барған келін кішкене бұлақтың ар жағында, көлдің бер жағындағы қамыс ішінде қойға тиген қасқырды көріп, шелегін тастай салып ауылға жүгіріпті де, үйге жетер-жетпесте атасына көзі көрген жағдайды «Ата-ата! Сарқыраманың ар жағында,жылтырамының бер жағында, салдырамының ішінде маңыраманы ұлыма жеп жатыр, жанымаңызды білемеге білеп-білеп алып, тез жетіңіз» деп баяндайды.
Сөйтіп, қазақ халқындағы туыстық қарым-қатынас негізінен жеті атаға дейін созылып, одан ар арғы қатынас құдандалық байланысқа айналды. Бұлай дейтініміз қазақта экозогамиялық тосқауыл ру ішіндегі жеті атаға дейін берік сақталуы, ал сегізінші ұрпақтардың бірімен-бірі некелесуге хақы бар.
Жеті атаға дейінгі туыстық қатынастың қазақ арасында күшті болғандығын классификациялық туыстық жүйенің қазақтағы мол атаулары да дәлелдегендей. Мұндай туыстар арасында бірін-бірі қосылғанда қолдау, өзара көмек әрдайым болып тұратынын да жоғарыда айттық.
Туыстық жүйе атауларымен бірге, қазақта құдандалыққа негізделген жақындақ атаулары да молшылық. Бірақ бұларға байланысты атау 3-4 ұрпақтан аспайды да, құдалар арасындағы қарым-қатынас осы шеңбердің көлемінде ғана болып тұрады. Қазақтағы туыстық және жақындық жүйе әлі жете зерттелмеген мәселе.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Саясаттану | Добавил: Admin
Просмотров: 3368 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Денсаулық - басты байлық
Қастеев Әбілхан
Қазақ фольклористикасы
Дербес компьютерде құрылымының функциональді-логикалық негізі
Топырақтың адамзат үшін маңызы
Сапарғали Бегалин - халықтың сүйікті жазушысы
Абай Құнанбаевтың әлеуметтік ой-көзқарасы
Магниттік дауыл және ғаламзат
Валеология бойынша бағдарламаны енгізу
Бейімбет Майлин
Ұлытау мұражай қорығы
Тірі ағзалардың бірлестіктері
Жыр жампозы - Жамбыл
Қазақтың демократ ағартушылары
Сәбитұлы Асанқайғы