Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 26.4.2018
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Саясаттану

Саясаттану тарихындағы дара тұлғалар
Загрузка...
САЯСАТТАНУ ТАРИХЫНДАҒЫ ДАРА ТҰЛҒАЛАР

Саясаттану тарихында түрлі елдерді қоғамдық дамудың қай кезеңінде болмасын әлемдік үрдістердің жалпы азаматтық жетістіктері мен мұраларына қомақты үлес қосқан айтулы мемлекет, қоғам қайраткерлерінің есімдері ұшырасады. Олардың баршасының күш-жігері өз халқы мен елін өркениетке жеткізіп, мемлекет құрылымын жетілдіру жолына жұмсалағандығын аңғарамыз.

Қандай көсем, дана болсын балалық балғын шағынан бастап осы жоғары атаққа ие болар жолда өмірдің сан алуан соқтықпалы сүртеулерінен өтетіндігі белгілі.

Қазақ халқы «алты жасар баланы ақылы асса аға қой» деп үлкен-кіші, ұл-қыз деп бөлмей, ақыл аясы, ой-өрісіне қарай «үй баласы», «ел баласы» деп екіге жіктеген. Мақалға құлақ ассақ: «бір бала атаға жете туады, бір бала атадан өта туады, бір бала кейін кете туады» деп үшке де бөледі. Ежелгі саяси ой-пікірімізде қалыптасқан бұл ұғым қазіргі жағдайға бейімдеек, адам атаулының мінез-құлқы, өмір қалпы, көзқарасына қарай оны бес түрге бөліп қарауға болады:

- алпыста ақылы толмаған, жеке басын, болса от басын асырай алмаған, өзі білмеген, білгеннің тілін алмаған адамды - әйтеуір бойында жаны бар тірі адам дейміз;

- қара басы мен отауының қамын жеген, бірге туғанын білетін, олардан алғанды жақсы көретін, «өзім дегенде өгіз қара күші бар» адамды – бір адам дейміз;

- ағайын қамын ойлаған, төрт жұртын теңдей ұстаған, «ағайын ағарып алдыма шықпаса, қарайып артымда қалмаса дейтін» адамды – ірі адам дейміз;

- халқым дегенде қара басын ұмытқан, аларынан берері көп, «түбі бірге түртпейді» деп өзге ұлтты да туысым деп жүретін, отбасына жәйлі, ел-жұртына сыйлы адамды – жақсы адам дейміз;

- жоғарыда аталғандарға сыймаған, барша адамзат бақытын ойлаған, даналығымен тіршілік тынысын кеңітіп, өркениетімізді өрге тартар жаны жайсаң адамды дара адам дейміз.

Жоғарыда келтірілген жіктерге жататындардың әрқайсысының өзіне тән мінез-құлық, дүние таным, түсінік-түйсігі, ортаға деген көзқарасы, түрлі тұжырымы болады. Бозбала бейнесіне бек ұқсас, төменгі қабат өкілдері өзін өзгелермен салыстырағанда субъективизм сүрлеуіне түсіп, өз кемшілігін көрмей, өзгелердің олқылықтарын іздеумен күн кешеді. Өз мінезі «мінсіз», ақылы «айқын», өзгелерден өзін биік санап дараланып, өзімшіл өркөкіректікті қалыптастырады. Оның бақытсыздығына өзінен басқаның бәрі «кінәлі». Бұл адамзат қоғамының төменгі тұсы – теріс полюсіне тән мінез-құлық.

Әркім ата-анасы, шыққан тегі, өмір кешкен ортасы, қоғамның берер тәлім-тәрбиесінің арқасында, ақыл алғырлығы, мінезінің мінсіздігі, ұмтылысының ұшқырлығы, әсіресе, еңбекқорлығымен бес жіктің табанынан өмірін бастап, ұшар басына ұмтылыспен өмір кешеді. Тынымсыз тірлік төрінде олардың жоққа жуығы жоғарғы жіктің деңгейінен көрінсе, көпшілігі ол мұратына жете алмай, төменгі қабаттарда өмір жолын тәмамдайды. Абай қара сөздерінде айтылған бесіктегі балалардан байқалатын айырмашылық ақырғы демі бітерде айқын көрінеді. Отанына, отбасына, ағайын, дос-жарына жасаған жақсылықтарын жастанып, кейбіріміз ажалды үстіңгі қабатта қазылығымен күліп қарсы алса, көпшілігі басын тау-тасқа соғып тапқан табысын, ұйқысыз, күлкісіз өткен өксік өмірінің мақсат-мұраты – дүние-мүлікті көзі қиып кете алмай, төменгі қабат тамұғында, қабақ шытып, қазымырланып қиналып өтеді. Соңғы сәт салқыны әпсәтте адам санасын сергітіп, кеткен көп қателігі, ашкөз дүниеқорлығы, сол үшін жат пен жақынға жасаған қиянаты қабырғасына қадалып өкініш өзегін өртесе, жадауға берген көмегі, жайдары мінезі, жомарттығы жанын жадыратады, өмірі еш кетпей жақсылық мәңгі жалғасатынына қуанады. Қара мен ханның, кедей мен байдың, өмір мен өлімнің терезесін теңеген жалған жазмыштың таңғажайып құдіреті бір сәтте таразы басына түскен жақсылық пен жамандық тайталасын теңеуге тауаны жетпей, тауы шағылып, ар мен ақылдың төрелігі алдында төмен қарап, бас иеді.

Сонда, неге бір елдерде саяси басқару формасы ғасырлар бойы өзгермегенімен, олар тұрақты, мықты елдердің қатарынан түспей кетеді, ал, енді біреулер оны киім ауыстырғандай өзгертіп тұрса да – табысқа жете алмауда деген сұрақ туады. Мүмкін мемлекеттің тағдырын – ақыл, жазмыш, әлде кездейсоқтық анықтайтын шығар?

Жарық дүниеден өткен әрбір ғұлама бұл сұраққа өзінше жауап берген. Конфуций мұның себебін ақыл-санамен түсінуге болмайды деген идеалистік ағым-трансцендентальдық болмыста деді. Платон басқаратын патшалардың ақылдығы мен көрегендігінде деді. Аристотель – мемлекеттің құрылымында десе, Монтескье – заңдардың қабылдануы мен орындалуында деп өтті, ал Макиавелли – патшалардың екіжүзлігінде десе, біздің замандасымыз Лев Гумилев – сол мемлекеттің азаматтарының пассионарлығында дегенді дәлелдеген.

Қай мемлекеттің тарихында болмасын, әсіресе, ауыр өтпелі кезеңдерде елдің, халықтың тағдыры үшін елбасылардың атқаратын рөлі өте зор. Ондайлардың қатарында А.Македонскийді, Октавиан Августі, Аттиланы (Еділ), Байбарысты, Шыңғысханды, Темірланды, Бабырды, Абылайханды, Наполеонды, Ататүрікті, Рузвельтті, Шарль де Гольді және Дэн Сяопинді жатқызуға болады.

Тарихи тұлғалардың негізгі екі тұрпаты бар сияқты. Наполеон – ұлы тұлға. Ол адам қанын қаншалықты судай шашса да сондай ұлы тұлға болып қалды. Қазір Гитлер, Сталин, Муссолини туралы кім не айтса да, олардың тарихи тұлғалары екені шындық. Сондықтан оларға да ұлылық тән. Жаман жағынан болса да солай. Адамзат тарихында басқа тұрпатты ұлы адамдар да бар. Олар жасампаз, бәрін де жөнге салып, жетілдіруші, заңдастырушы адамдар. Мысалы, Аврам Линкольн мен Джордж Вашингтонды алайық. Немес Шарль де Голль сияқты сирек кездесетін қабілетті адамды алайық. Ол қаншалықты қорлық көрсе де, эмиграцияда болса да, орасан зор ерлік танытты – Францияны азат мемлекет ретінде қалпына келтіріп қана қойған жоқ, сонымен қатар Алжирден де абыроймен кете білді, азамат соғысының өртіне жол бермеді, АҚШ-қа әскери жағынан тәуелді болудан арылды. Батыс әлемінде Францияның өзіндік ерекше мәртебесін мойындатты. Немесе Осман ипериясының қираған қалдықтарына ғана «қабылдап алған», бірақ соған қарамастан, Түркияның халқына Батыс әлемінің қымбат қазыналарын игеруді, атап айтқанда, еңбекке деген батыстық көзқарасты дарыта білген Кемаль Ататүрік ше? Түркия - өте күшті ел.

Айта берсек адамазат тарихында мемлекеттер басында болаған тарихи тұлғалардың сан алуан іс-әрекеттері туралы мәліметтер өте көп. Тағы да бірер мысалдарға кезек берелік. Октавиан - өзі керемет ақылды, шешен болмаса да дәл осы адам бірінші рет баяндамалар мен хабарларды қағазға қарап оқуды іс-тәжірибеге алғашқы болып енгізген көрінеді, оның мемлекеттік үлкен қабілетті бар еді. Соның арқасында ол ақылды, дарынды адамдарды өз жағына тартып, мемлекет ісін жүргізуге пайдаланды. Оның кезінде таланттар айырқша қолау тауып, ақылға жол берілгендіктен, Рим азамат соғысынан, бүлік пен талан-тараждан аман қалып, үлкен беделге ие болды. Сондықтан оны тірі кезінде – ақ Октавиан Август (пайғамбар) деп атап кеткен. Дүниеден өтер алдында ол құпия күлкімен езу тартып: «қалай, мен өз рөлімді жақсы ойнап шықтым ғой деймін» деп бірақ ауыз сөз айтыпты. Бұл сұраққа жанында тұрғандар «тамаша» деп ризашылық білдірген екен.

Байбарыс – қыпшақтан шыққан, мамлюктердің Египетті билеген төртінші сұлтаны. Қазақ даласында туғандықтан өмірінің ақырына дейін негізінен ана тілі – қыпшақ тілінде сөйлеп өткен. Байбарыс араб басқыншылығы тұсында бала кезінде құлдыққа түсіп, бір көзінің кемдігіне қарамастан асқан қабілетінің арқасында Египет әмірлері бірауыздан сұлтан деп жариялануына қол жеткізеді. Ол бар күш-жігерін крест жорығына қарсы қойды. 1265 жылы крест тағушы франктерді бағындырды. Кіші Арменияға, Кіші Азияның салжұқтарына қарсы жасаған жорықтарында мол олжаға батты, берберлерді бағындырды. Байбарыстың патшалық құрған тұсында медреселер салынды, көптеген қаналдар плотиналар жөнделіп іске қосылды. Хулагу әулетінде қарсы күрес мақсатымен Байбарыс Алтын Ордамен одақ жасады. Ордаға Византия арқылы бірінші елшісін жіберді. Осы кезден бастап Египет пен Алтын Орданың арасында елшілік және дипломатиялық тығыз байланыстар орнап, екі ғасырлық уақыт ішінде Каир мен Сарай 50-ге жуық елшілік алысты. Дипломатиялық және елшлілік қатынастардың қалыптасуы әскери, сауда, мәдени, діни және т.б. байланыстың орнап, дамуына ұласып жатты. Елшіліктер алысу кезінде екі жақтың бір-біріне мол сый-сияпат жолдап отыру келе –келе материалдық және рухани мәдениет саласына өзара әсер тигізіп отырды.

Байбарыс туралы түйіндеп айтар болсақ, әуелі Мысырдың, одан соң бүкіл арабтық Таяу Шығыстың әміршісі дәрежесіне жеткен, ел шетіне басып кірген кресшілерді де, монғолдарды да талқандап, зор абыройға ие болған қазақ топырағынан шыққан тұлғаға мақтаныш, таңырқау сезіммен қарау бүгінгі ұрпақтың үлесіне тиген енші іспеттес.

Шыңғысхан – көшпелілердің бет-бетіне бытырап жүрген ордадан тамаша қолбасшы-түмен басыларын тауып, соның арқасында сол кездегі бүкіл әлемді жаулап алды десе де болады.

Шыңғысхан Еуразия ойкүмегіндегі барлық көшпелілердің билеушісіне айналды. Көрнекті шығыстанушы ғалым В.В.Бартольдтың жазғанындай, «моңғолдар империясы өзінің көлемі жағынан осығанға дейін әлемдегі барлық мемлекеттерден асып түседі». (В.В.Бартольд, шығармалары, 5-том, 253-бет).

Шыңғысхан мен оның ұрпақтары Қытайды, Кореяны, Орта Азияны, Шығыс Түркістанды, Аббасид халифатын, Персияны, Грузияны, Арменияны, Киликийлік Арменияны, Арранды, Ширванды, Еділ және Дунай булгарларын, Русьті, Қыпшақ даласын, Қырымды, Сібірді, Жетісуды, селжук сұлтандығы Румды, Сирияны, Солтүстік Месопотамияны, Ауғанстанды және басқаларды бағындырып алды. Вьетнамға баса көктеп кіріп, өзінің атты әскерімен құрамында теңіз флоты, соғыс ісіне үйретілген пілдері бар корольдің әскерін талқандады. Бирма королінің 1200 соғысқа машықтанған пілі бар әскерін талқандап, одан әрі тіпті Жапония мен Яваны басып алуға әрекет жасады.

Иерусалимге жорыққа аттануға дайындалды.

Шыңғысхан империясының құрамына 720 халық пен ұлыстар енді. Дж.Неру Шыңғысханды «тарихтағы асқан әскери ғұлама және көсем» деп бағалады.

Совет тарихшысы академик И.М.Майский: «Шыңғысхан, сөз жоқ, өз дәуірінің ірі әскери және мемлекеттік қайраткері болды» деп мойындады. («Вопросы истории», 1962, № 5, 82-бет).

Шыңғысхан Еуразия көшпенділерінің жаңа империясын құрып қана қойған жоқ, сонымен қатар әлемдік жаңа тәртіпті, билеуші жаңа әулетті – Шыңғыс әулетін де негіздеді. Көрнекті қазақстандық тарихшы В.П.Юдиннің пайымдауынаша, монғол-татар шапқыншылығы замандастарының, әсіресе, көшпенділердің санасын сілкіндіргені сондай, адамдардың санасында тұтастай идеялық – психологиялық революция, шыңғысизм атты дін пайда болды деуге болады екен. Шыңғысизм Шыңғысхан ұрпақтарына бірнеше ғасырларға жоғарғы өкімет билігіне ие болуға құқық берді де, хан атағы тек Шыңғысхан әулетінен шыққандарға тән құбылысқа айналды.

«Вашингтон пост» газетінің инициативасымен құрылған арнайы сараптаушы комиссияның ұйғаруы бойынша Шыңғысхан өзінің жаулаушылық саясатымен біздің дәуіріміздің дамуына айтарлықтай ықпал еткен «Мыңжылдықтың адамы» деп танылған. («Мысль», 1997, № 12, 88-бет).

Абылайхан – екі бүйірден түртпектеп тұрған екі үлкен империяның қыспағында бола тұра және ру мен жүздердің өзара қырқысып, бір –бірін шағыстырып, сатып жатқанына қарамастан жүздер мен рулардың басын қосып, тұтас бір қазақ мемлекетін құра білді.

Мұсафа Кемаль Ататүрік – жалғыз өзі бүкіл Еупропаға қарсы тұра білді. Оның саясаткерлігі өте күрделі және оның тегі еуропалық түрік екендігі баршаға аян. Бірақ ол «империя кешенінен» аттап өтіп, Түркияның дүниежүзіндегі лайықты жаңа орнын мейлінше дәл таба білді. Ол түріктерді өздеріне өздері тіпті өзгеше көзбен қарауға мәжбір етті. Сөйтіп Түркия еуропалық елдердің даму жолдарна түсті де зор табыстарға қол жеткізді. Күні өтіп, келмеске кеткен империяны көксеп, көз жасын көлдетуге жол бермей, аяғын апыл-тапыл басқан жаңа мемлекетті нақта жасампаздық жолына жұмылдыру тіпті де оп-оңай шаруа емес. Ататүрік түрік халқын Осман империясын қайта орнатуға шақырған тудың астына топтастырған жоқ, қайта өздерінің ұлттық мемлекетін құру идеясына жұмылдыра білді. Сонымен бірге, түріктердің намысы мен ар-ұжданын сақтап қана ұоймай, ұлттық тәуелсіздігін де қорғап қалып, қираған империяның орнынан мүлдем жаңа мемлекет құрды.

Ататүрік право, мәдениет және тұрмыс саласында бірсыпыра реформа жүргізді, Түркияның капиталистік жолмен тәуелсіз дамуын қамтамасыз етуге батыл қадамдар жасады. Қазір Түркия өркениетті елдер қатарынан ойып отырып өз орнын алған мемлекет.

Франклин Рузвельт – АҚШ-тың президенті болған тұста американыдқтарға өздеріне деген сенімді ұялатты. Он екі жылдық президенттік қызметінде ол өзін көреген саясатшыл екенін танытты. Соның арқасында ол өз халқын ұлы Депрессиядан абыройлы алып шығып, екінші дүниежүзілік соғысқа да шешуші үлес қосты. АҚШ соғыстан жеңіске жетуші державалар қатарынан табылып, Ұлы мемлекеттер ынтымағын нығайту ісіне үлкен үлес қосады.

Шарль де Голль – алғашында Францияның бекітілмеген генералы, бар жоғы министрдің орынбасары болған. Ол өзінің тарих алдындағы міндетін жақсы түсінгендіктен басқа себептерге қарамай, бүкіл Францияның тағдырын өз қолына алып, өзінің шағын күшімен тек жауды жеңіп қоймай, сонымен бірге, оның мерейі одақтастарына да асып түсті. 1940 жылы ойсырай жеңілген, намысы тапталған Франция 1945 жылы Голльдің арқасында фашистік Германияны жеңген елдер қатарына қосылып, БҰҰ-ның Хауіпсіздік Кеңесіне мүше болып кірді. Францияны ең озық, өркениетті елдер қатарына дейін көтерді.

Егер президент Шарль де Глль туралы сөз қозғайтын болсақ, онда оның жоғарыдан төмен қарай өте тиімді тік өкімет билігін құра білгенін, Францияның саясаты мен экономикасында жаңа тәртіп орната алғанын, бірақ соның өзінде де диктатор деп атау ешкімнің де ойына келмегенін айтқан жөн.

Дэн Сяопин – күллі әлем қауымдастығының көз алдында идеология шырмауына оралған елді – оның миллиардтан астам халқымен бірге – реформа мен прогресс жолына бұра білді. Алайда, батыс елдері мен есеп те айырылысқан жоқ, өз елінің тарихын да қараламады, тек өзінің ақылы мен көрегендігіне сүйеніп, өз халқын алға - тарих тағына апарып қойды.

Қорыта келегенде, қай елді, қай халықты алмайық, мемлекет басқару ісін қолына алып, саясат майданына түскен елбасыларының дені тарихи тұлға ретінде өз отандастарына мейлінше адал қызмет етуді жауапкершілігі аса биік қасиетті мәртебе деп санайтындығы белгілі. Керісінше, мемлекет басына дүние танымы тар, жігерсіз, білімсіз, халқының тағдырына жаны ашымайтын адам тұрса, оның төңірегіне бірден саяси сұрқиялар, жағымпаздар, шенқұмарлар топтасып, ойларына келгенін істеп, айта берді, жап-жақсы, гүлдеп тұрған елді аздырып-тоздырып жібереді. Мемлекеттің, халықтың қайыршыланғандығына қарамай, ең соңғы сағатқа дейін сол саяси сұрқиялар мемлекет басшысының құлағына «бәрі жақсы, бәрі ойдағыдай» деп сыбырлай береді. Сондай тағдырды Нерон, І-Карл, XVIII Людовик, ІІ Николай, М.С.Горбачев бастарынан кешті. Ондай кемшілік Борис Ельцинде де болған. Бірақ саясат ағымындағы дамитын тарих ол қателіктерді кешірмейтінін көріп келе жатырмыз.

Ұлы адамдар көп жағдайда үлкен бетбұрыстар мен терең өзгерістер, қиын-қыстау замандар мен гүлденген дәуірлер кедерінде тарих сахнасына шығады. Өйкені қоғамның дамуына немесе тығырыққа тірелуінде жекелеген мемлекеттік қайраткерлерінің жүргізген саясаты, қабылет-күші, қайрат-жігері, данышпандығы мен таяздығы және көптеген жеке басындағы ерекшеліктері айшықталып көрініс табары тағы бір заңдылық.

Тарихта өздерінің ұлылығына, ақылдығына, көрегендігіне қарамай, өмірінің соңында сатқындыққа, өз күшін асыра бағалау дертіне душар болып, тағдырдың аяусыз соққысына ұшырағандар да бар. Олардың қатарына: Ганнибалды, Помпейді, Наполеон Бонапартты, Бірінші Баязитті және қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлын жатқызуға болады. Дегенмен олардың әрқайсысы өздерінің бақытсыздығына дейін тарихи ұлы істер тындырып үлгерді.

Мінеки, саясат тарихының тоқтамайтын көш-керуенінде ел-жұрт танып, бас иген ұлы тұлғалардың пешенесіне осындай да санқилы тағдыр еншілес болады екен.

Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



60.0Kb
Категория: Саясаттану | Добавил: Admin
Просмотров: 1510 | Загрузок: 158 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Қазақ халқының қол өнері
Хамза Есенжанов
Ахмет Байтұрсынов - қазақ әдебиеттану ғылымының атасы
ЖИТС-тің жұғу көздері және жұғу жолдары
СӨСҚ қызметінің негізгі бағыттары
Мемлекеттік аппараттың түсінігі және оның нысандары
Жансүгіров Ілияс
Шерхан Мұртаза
Мұқағали Мақатаев
60-жылдарда қазақ би сахнасы
Отбасы түрлері
Жүрек ырғағы
Бунақденелілер
Сапарғали Бегалин - халықтың сүйікті жазушысы
Абайша сүйіп, Абайша күйіп жүрміз бе?