Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 26.4.2018
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Саясаттану

Саясаттану пәні және оны оқып үйрену әдістері
Загрузка...
САЯСАТТАНУ ПӘНІ ЖӘНЕ ОНЫ ОҚЫП ҮЙРЕНУ ӘДІСТЕРІ
Саясаттану – саясат туралы пән. Біз күнделікті өмірде саясатты сөз етпей тұра алмаймыз. Әңгімені көп жағдайда нақты саяси білімі жоқ адамдар да жасай береді. Мысалы, авторитарлық, әміршіл-әкімшіл жүйе туралы айтылатын жайларды жиі естуге болады. Сонда олардың баршасы істің мәнін дұрыс түсінеді ме екен? Айталық, біздің қоғамның даму бағыттарын немесе консенсус, саяси оппозиция, билік дағда¬рысы, т.с.с. саяси ұғымдарды толығымен түсінеміз бе? Қоғам дамуының шым-шытырық бағдарын түсіндіретін саясат¬тану пәні болып табылады.
Марксистік саяси ғылым туралы пікірталас ХХ ғасырдың 60-жылдарының ортасынан басталған болатын. Мәселе саясат¬танудың қажеттілігі жайлы емес, керісінше, оны басқа қоғам¬дық ғылымдардан ажыратып алып, оқыту қажет пе деп қойыл¬ды. Аталған кезеңде Г. Шахназаров, Ф. Бурлацкий, Ю. Красин, А. Бутенко сынды беделді ғалымдар қоғамтану ғылымдары қатарынан саясаттануға өз алдына дербес орын жеңіп алуға әрекет жасады. Бастапқыда нәтижесі болмаса да кеңес қоғамының тоқырау кезеңінің тереңдей түскен сәтінің өзінде саясаттануға деген оңды көзқарас қалыптаса бастағаны белгілі.
Бүгінгі беталысымызға қарасақ, қазіргі оқытылып жүрген қоғамдық пәндер – дүниежүзілік мәдениеттің ажырамас бір тармағы екендігіне көз жеткізер едік.
Ең алдымен саясаттану пәнінің түп-төркінін, мән-мағынасын ажыратар болсақ, саясаттану – политология – грек сөзі «политика» – мемлекетті басқару өнері деген ұғым, «логос» – ілім деген түсінік береді екен. Сол себепті саясаттану пәніне алдымен саяси қатынастарды оқып-үйрету өнері жатады. Пәннің құрамына одан басқа мыналар енеді: қоғамның саяси жүйесінің принциптері, саяси жүйенің рөлі мен негізгі құрам¬дарының өзара қарым-қатынастары болып келетін – мемлекет, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар; мемлекеттік саясат¬ты жасау мен жүзеге асырудың әдістері; қоғамдық-саяси қатынастарды реттеу; демократия деген ұғымды құратын проблемалардың біртұтас комплексі. Саясаттану сондай-ақ сыртқы саясатты да, халықаралық қатынастарды да оқып, үйретеді.
Саясаттануды барлық жоғарғы оқу орындарында міндетті түрде оқыту туралы 1948 ж. ЮНЕСКО-ның шешімі қабылдан¬ған болатын. Саясаттану қазір көптеген елдерде қоғамдық пәндер қатарынан жетекші орын алып отыр.
Бұрынғы КСРО-да 1995 ж. саяси ғылымдардың кеңестік ас¬социациясы құрылып, 80-ші жылдардың аяғына дейін саясат¬тануды ғылым ретінде тек КСРО-ның халық депутаттары ғана оқып келді. Қазір жоғарғы оқу орындарының барлығында оқытылады. Саясаттанудың негіздері кейбір жалпы орта білім беретін оқу орындарында да арнайы курс немесе факультатив түрінде оқытыла бастағанын көреміз.
Сонымен саясаттану – мемлекетті басқару механизмінің қыр-сырын ашып, саяси билік пен қоғамдағы күнделікті процес¬тердің, өзгерістер мен заңдылықтардың себеп-салдарын талдайтын ілім. Дамыған капиталистік елдердің жоғарғы оқу жүйесінде саясаттану негізгі пәндердің бірінен саналады. Біз болсақ генетика мен кирбернетиканы оқу үрдісінен аласта¬ғанымыздай, саясаттану пәнінен де ат-тонымызды алып қашып келдік. Себебі тоталитарлық, диктаторлық жүйенің әкімдері қол астындағы халықтың көзі ашық болғанын қайдан қаласын? Соның кесірінен бүгін жапа шегудеміз. Халықтың саяси сауаты өте төмен. Әлемдік өркениеттің деңгейіне көтерілем деген елдің әр азаматы қоғамдық ғылымдарды мұқият оқып үйреніп, бес саусағындай білуге тиіс. Өйткені ол логикалық ақыл-ойдың, мәдениеттің, дүниені танып білудің, дамудың қайнар көзі деген сөз.
«Саясатпен айналыспасаң, саясат сенімен айналысады» деген өркениетті ерте дүниеден жеткен сөз бар. Расында, адам баласының қоғам мүшесі бола тұра саясаттан тыс қалуы мүмкін емес.
Саясат ең ауыр, сонымен бірге ең қадірлі де қасиетті және ең таза жұмыс. Сондықтан онымен айналысқан жандар жоғарғы мәдениетті меңгеруге тиіс. Оны «былғаныш» саясатқа айналдыратын да өзіміз, ішкі мәдениеті жоқ жан мінбеге көтерілгенде де, қолына қалам алғанда да таз қалпында қалады. Ондай адамның іс-қимылына қарап бүгінгі саясат пен демократияға баға беру үлкен қателік.
Қазақтың ортағасырлық ірі тарихи тұлғаларының бірі Жүсіп Баласағұн саясаттың маңызы туралы былай деген екен:
Саясатпен жұртың заңын түзетер,
Саясатпен елін-жерін күзетер,
Бұл саясат бек қақпасын зерлейді,
Саясатпен бектер елін жөндейді,
Ел былығы саясатпен арылар,
Алаяқтар есебінен жаңылар.
Елді тұтас ұстағысы, әділ билегісі келетін басшыға бұлар¬дан басқа да үш қасиет керек. Қаһарман жігерлілік, жомарттық және шырын тіл. Бек те, ұлық та, құл да, күң де тілге, сөзге жүгінген. «Түксиген жүз, іріген сөз, құр кердең» елді бектен жирендіреді, өнерлі, ойлы, «даңқы өсіп, төрден орын тиеді» дейді тағы да сол бабамыз.
Саясатты жетік білу әр адамға ісінің ілгерілеуіне кепілдік берері рас. Инженер бұрын тек өз ісін, өндіріс процесін ғана білсе, қазір оның қоғамның дамуына тигізер әсерін, пайдасы мен зиянын есептеп, біліп отыруы тиіс. Сонда ғана қоғамымыз тірелген әлеуметтік-экономикалық, керек десеңіз, рухани тығырықтан жол тауып шыға аларымыз хақ.
Қазір барлық қоғамдық ғалымдарда саяси сипат бар деп дәлелденетіндігі белгілі. Рас, экономикалық саясат, демогра¬фиялық саясат, экологиялық, жағрапиялық, энергетикалық, т.с.с. саясаттар бар. Ал қоғамдағы шиеленістердің баршасын саясаттану шешуге жәрдемдеседі.
Саясатта екі бағытты бөліп қарау керек. Бұл ретте Платон¬ның «Диалог» деген еңбегінде саясат екі тұрғыда қарас¬тырылады:
1 Саясат – билік, билікті жүргізу.
2 Саясат – жетекшілік, басшылық ұғымын түсіндіреді.
Саясаттың қиындығы оның көптеген адамдардың тобын қамтитындығында жатыр. Мысалы, дүкенде нан болмай қалды делік. Осыдан барып әр түрлі түсініктер мен өсек-аяңдар таратылуы мүмкін. Ол бара-бара саяси мәселеге де айналып кетуі ықтимал. Бүгінгі таңда нарықтық экономика да сондай саясат туғызып отыр. Саясатқа жеке адамдар ғана емес мемлекеттік құрылымдар да қатысады.
Черчилль айтқандай, саясат әлемінде мәңгі дос та, мәңгі жау да жоқ, мәңгі ұлт мүддесі ғана бар. Мемлекет тағдырының қашанда саясат арқылы реттелетіндігі содан болса керек. Алайда саясаттың да әр түрі бар. Мәселен, стратегиялық тұрғыдағы үлкен саясат болады, сонымен бірге кезеңдік шешімдерге негізделген тактикалық саясаттар болады. Айталық, Қазақстан бұрын мұнайды Ресей арқылы сыртқа шығарып жүрді. Оның толып жатқан күрделі жақтары бар. Іргедегі үлкен елдің біздің даму жолымызға әлі де ықпалы мол, сол себепті мүмкіндігінше оларды ренжітпеуге тырысамыз. Алайда тағы бір тиімді жобаның реті келіп тұр. Ол – мұнайымызды Иран арқылы сыртқа шығару. Не істеу керек? Ресей ренжиді деп отыра береміз бе, әлде тиімді деген ұғымнан келіп шешім қабылдаймыз ба? Жалпы экономикалық мүдденің тактикалық саясаттан биік тұрғаны абзал ғой.
Саяси билік саясаттануда жетекші рөл атқарады. Істің мәні кім кімге билікті жүргізуінде жатыр. Мәселенің түйіні саяси билік жән материалдық билікте тұр. Саяси билік – қоғамға экономикалық жағынан үстем таптардың, топтардың, жіктердің жүргізетін билігі.
Саясаттың басты элементі – саяси билік. Саяси билік саяси шындықтың идеяларын құрады. Осының барлығы саясаттану пәнінің зерттеу объектісі. Дегенмен саясаттануда негізгісі –саяси биліктің қалыптасуы туралы заңдылықтар. Оның объектілері мен субъектілері саясаттанудың пәні болып табылады.
Саясаттану ілімдерінің құрылымы. Батыста саяси филосо¬фия, саяси ғылым, саяси социология, саяси психология бар. Олардың әрқайсысын ажыратып қарау қалыптасқан. Мысалы, саяси басшылықты саяси ғылым, саяси социология, саяси психология қарастырады. Әрқайсысы өз тұрғысынан зерттейді. Нәтижесінде әрбір қоғамдық ғылымның иесі өз тарапынан тарихшы-саясаттанушы, экономист-саясаттанушы, философ-саясаттанушы, заңгер-саясаттанушы, социолог-саясаттанушы, психолог-саясаттанушы, т.с.с. болып келеді.
Десек те, саясаттанудың объектісі: саяси жүйелердің теориясы мен әдістерін, оның ішінде саяси қатынастарды, саяси институттарды, саяси процестерді зерттеу.
Саясаттанудың функциялары. Саясаттану пәні адам мен қоғамға пайдалы қызмет атқарады. Бізді қоршаған ортаны танып-білуге үйретеді. Адамды саяси өмірге тартқанда саясат¬танудың рөлі арта түседі. Әр түрлі қоғамдық ұйымдардың қызметі өзгерген сайын саясаттануды игерудің қажеттігі айқын¬дала түседі. Мысалы, парламент депутаттарының қызметінің өзгеруі қазіргі уақытта көп мәселелерге өзгеше қарауды қажет етуде. Жариялылыққа, демократияға деген көзқараста да сондай өзгерістер қажет. Қоғамдағы соңғы жаңалықтарды білмеу көптеген адамдарға дұрыс саяси бағдар ұстауға кедергі жасайтыны да содан. Мұны кейбір саяси топтар пайдаланып кетуі мүмкін. Депутаттардың өздерінің ішінде саясаттанымдық білімдерінің жетіспей жататындары да бар. Сондықтан олар¬дың саяси белсенділіктерінің кеміс түсетін сәттері жиі кезде¬седі. Саясаттану осы кемшіліктерді жоюға жәрдемдеседі.
Саясаттану теориялық-әдістемелік функция атқарады. Бел¬гілі бір қоғамдық-экономикалық формацияның саяси режимін талдауды, баға беруді осы ілім арқылы жүзеге асыруға бо¬лады. Саясаттану саяси шындықты көрсететін пән болған¬дықтан ол саясатқа әсер ете алады.
Қоғамда қолданбалы, практикалық-саяси функция атқара¬ды. Мемлекеттің заң актілерінің дұрыстығына саясаттанудың негізінде көз жеткізуге болады.
Саясаттануды саяси болжамдар жасауға да қолданады. Күні кешегі қайта құру процесінің кемшілігі де дәл осы саяси болжамның дер кезінде толық болмауының кесірінен еді. Экономикада, әлеуметтік салада, ұлтаралық қатынастарда, мемлекеттік құрылыста, рухани өмірде орын алған кемшілік¬терге алдын ала жасалған саяси болжам болғанда жол бермеуге болар еді.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



48.5Kb
Категория: Саясаттану | Добавил: Dastan
Просмотров: 3992 | Загрузок: 217 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Бағдарлама - Әлем музыкасы
Мыңзықұлы Еділ (Аттила) қаған
“Салауаттану – денсаулықты сақтау” бойынша салауатты өмір сүру салтын ...
Жұбан Молдағалиев
Шерхан Мұртаза
Қазақ халқының қол өнері
Жүрсін Ерман
Медетбай Тәжіұлы
Абыл Тілеуұлы
Арқа ән мектебіндегі Мәди шығармашылығының сипаты
Мұстафин Ғабиден (1902-1985)
Мүсірепов Ғабит Махмұтұлы
Кіші өзендердің энергетикалық мүмкіндігін пайдалану
Дербес Компьютер есте сақтау құрылғысы
Көмірсулар жане липидтер