Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 26.4.2018
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Саясаттану

Саясаттағы марксистік концепцияның алатын орны
Загрузка...
САЯСАТТАҒЫ МАРКСИСТІК КОНЦЕПЦИЯНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ
Марксизмге көзқарас қалай өзгерді? Марксизм – ХIХ ғасыр¬да дүниеге келіп, ХХ ғасырда көптеген елдерге кеңінен тараған философиялық, экономикалық, әлеуметтік көзқарастардың жүйесі. Бүгінгі таңда марксизм туралы әр түрлі баға беріліп, тұжырымдар жасалуда. Олардың басым көпшілігі марксизмді қатты сынап, тіпті бұл бағытты қате, теріс идеология деп көрсетуде. Әсіресе ТМД елдері деп аталатын бұрынғы Кеңес Одағының республикаларында марксизм өте төмен баға¬лануда. Оны оқу процесінен алып тастап, Маркстің, Энгельс¬тің, Лениннің еңбектерін саяси-қоғамдық пәндердің әдебиеттер тізіміне енгізуден бас тартып отыр. Кейбір жоғары оқу орындарында марксизм деген аттан безіп кеткен кафедралар да аз емес.
Марксизмнің беделін түсірген, ең алдымен объективті жағ¬дайлар. Бұл жағдайлар марксизмге тікелей байланысты емес. Шығыс Еуропаның Чехославакия, Польша, Алмания, Венгрия, Румыния, Болгария, Албания, Югославия сияқты елдерінде социализмнің күйреуі тез арада өтті де, осы аталған елдер капиталистік (мүмкін демократиялық) жолға бет бұрды. Алайда ең түбегейлі төңкеріс КСРО-ның кенеттен жойылуымен бай¬ланысты болды. Оның құлауы – қайта құру деген іс-әрекеттен басталды. Бұл мемлекеттердің стратегиялық бағыты социа¬лизм болмай, өздерінің жариялауы бойынша демократиялық қоғам болып шықты.
1990 жылға дейін дүние жүзінде 15 социалистік ел болса, қазір «социалистік елдерміз» деушілер саны 4-тен аспайды. Сонымен социализм де, коммунизм де қоғамдық құрылым ретінде аса ірі күйзеліске ұшырады. Осыған орай көптеген елдер коммунистік идеология, ресми идеология, марксизмнің негізі деген сипатынан толықтай айырылуға жақындап, бұл идеологияның беделі төмендеді. Ресми, мемлекеттік идео¬логия деген сипаттан айырылу – марксизмнің осалдануының ең үлкен, әрі түпкілікті себептерінің бірі болып отыр.
Екіншіден, капиталистік деп аталып жүрген елдердің Еуропада, Америкада, т.б. құрлықтарда экономикалық жағы¬нан соңғы жылдарда қатты дамып кеткенін ескермеске бол¬майды. Бұл жағдай капитализмнің қирап жатқан, болашағы жоқ деген маркстік тұжырымның дәлелденбегенін көрсетті. Жапония, Франция, Англия, Батыс Алмания, Италия, Испания, Швеция, Дания, Швейцария, т.б. капиталистік елдерде еңбекші халықтың тұрмыс жағдайы социалистік елдердегіден гөрі жоғары екендігі білініп, осы елдерде жұмысшы қозғалысы бәсеңдеп, орта таптың саны көбеюде. Шығыс Азия елдері, оның ішінде Түркия, Иран, Араб елдері соңғы он жылда біркелкі қарқынмен дамып, экономика саласында ілгері басты. Ал КСРО-дағы Орта Азия республикалары мен Қазақстан, керісінше, экономикалық дағдарысқа, күйзеліске ұшырап, осы тығырықтан шығар жол іздеуде.
Мәселен, бүгінгі күні ТМД елдерінде экономикалық ре¬форманың немесе, басқадай айтқанда, социализмнен капи¬тализмге көшудің жүрмей, терең тамырлы, кең алқымды эконо¬микалық дағдарысқа ұшырауының ең басты себептерінің бірі – экономикалық теорияның жоқтығы. Ешбір адам М. Горбачев, А. Яковлев, В. Медведев те, Н. Рыжков пен Л. Абалкин де, экономист ғалымдар С. Шаталин, Н. Петраков, П. Бунич, Г. Попов, Л. Пияшева, т.б. да капитализмнің социа¬лизмнен артықшылығын, социализмнің болашағы жоқтығын теория жүзінде дәлелдеп еңбек жазған жоқ. Бірін-бірі қайталап, бәрінің айтып жүрген жалғыз дәлелі – озат дамыған капита¬листік елдерде (олардың тілімен айтқанда, нарықтық эконо¬мика елдерінде) социализм өмір сүрген елдерге қарағанда еңбек өнімділігі жоғары.
Бұл көрсеткіш екі жүйенің өзара жарысында, социализмде ол өзінің ең жоғары деңгейіне жете алады, соның нәтижесінде ол капитализмді жеңеді деп К. Маркс пен В.И. Ленин айтқан, оған қол жетпеді, жүзеге аспады. Ал капиталистік елдерде өндіріс тиімділігі, халықтың өмір деңгейі жоғары делінеді.
Қоғамдық, бүкілхалықтық, мемлекеттік меншік ешкімнің меншігі болмай шықты, оны көбейтуге, дұрыс пайдалануға ешкім де мүдделі емес, ешкімнің жаны ашымайды, қажырлы, өнімді, сапалы еңбек етуге жұмылдырмайды, жеке меншік аянбай жұмыс жасатады, «өзім дегенде өгіз қара күшім барға» әкелді дейді. Социализмнің болашағы жоқтығының капита¬лизмнің өміршеңдігіне келтіретін қысқаша дәлелдері осындай.
Әрине, нарықтық экономика деген (капитализмнің бүр¬кеншек аты ғой) – құрылысты мақтаушылар, ол өздігінен рет¬теліп тұратын жүйе, социализм болса тоталитарлық, әміршіл-әкімшіл құрылыс соңғысының ештеңе шығара алмайтындығын айтады. Жалаң сөзден басқа ғылыми негізде, үлкен тәжірибені жинақтауға сүйенген, дәлелі күшті, нанымды ілім жоқ.
Шығыс Еуропа елдерінде де, ТМД елдерінде де жоспарлы, мемлекеттік меншіктегі экономикадан жоспарсыз, жеке меншік¬тегі бәсекеге негізделген экономикаға үлкен дағдарыссыз көшудің өмір сынынан өткен теориясы да, тәжірибесі де жоқ екенін уақыт көрсетті.
Оның бергі жағында дамыған Еуропа елдерінде, Америка¬да, Жапонияда жұмысшы қозғалысы бәсеңдеп, коммунистер¬дің беделі түсе бастады. Әсіресе Шығыс Еуропада, Кеңес Одағында коммунистік режимнің құлауы жалпы коммунистік қозғалыстың ісіне зор нұқсан келтірді.
Қытайда, Солтүстік Кореяда, Вьетнамда, Кубада әлі де болса коммунистік режим сақталып отыр, ал марксизм осы елдерде ресми идеология ретінде өз әсерін тигізуде.
Марксизмнің беделін түсіріп отырған жоғарыда айтылған объективтік факторлар ғана емес, көптеген себептер марк¬сизмнің өзінің мазмұны мен мәніне, оның ішкі қайшылық¬тарына байланысты болып отыр. Тарихта орын алған идея¬лардың ешбірі қателікпен қашып құтылған емес. Қандай да болмасын философиялық, экономикалық, саяси-қоғамдық тұжырымдамаларды алсақ та олардың кемшіліктерін, жібер¬ген қателіктерін араға уақыт салып байқаймыз.
Марксизмге берілген қазіргі саяси баға. Маркстің, Энгельс¬тің, Лениннің және де басқа да марксистердің еңбек¬терінде теріс қорытындылар аз болған жоқ. Ол заңды да.
Біріншіден, Еуропа елдерін, оның ішінде Англия, Франция сияқты дамыған елдерді зерттеу нәтижесінде марксизм дүниеге келді. Бірақ марксистер Еуропа заңдылықтарын барлық елдерге, оның ішінде Шығыс елдеріне де тән дейді. Көпшілік зерттеушілерге Маркстің «Азия жолы» деген принцип¬ті ұсынғаны белгілі. Мұнда азиялық өндіріс әдісі тұжырым¬дамасын қолдады. Дегенмен Маркс бұл тұжырымдаманы әрі қарай дамыта алмады да, ал оның шәкірттері бұл мәселеге көңіл бөлмеді. Кейіннен Ленин, т.б. марксистер Азия елдерінің дамуында ерекшеліктің бар екендігін біле тұра, бұл принципті зерттемеді. Осының салдарынан Ресейде Қазан революция¬сынан кейін Орта Азия, Қазақстан, т.б. Шығыс елдері Ресейдің бағытымен социализмге қарай дами береді деген қорытынды жасалды. Марксизмді тек еуропалық ілім, оның жалпы адам¬заттың дамуына әсері жоқ деп айтуға болмайды. Дегенмен бұл ілімнің еуропалық дамудың негізінде пайда болып, ал Азия елдерінің ерекшеліктерін түсіндіре алмағаны сөзсіз.
Екіншіден, Маркс, Энгельс, т.б. марксистер ХIХ ғ. өздерінің шығармаларында капиталистік қағиданы жан-жақты зерттеді. Әсіресе Маркс өзінің «Капиталында» капитализмді терең зерттеді. «Капиталды» ешкім теріске шығара алмайды. Бірақ Маркс монополизмге дейінгі сатысын зерттеді. Әр қоғамның, әсіресе оның бастапқы даму кезеңіндегі қайшылықтарының көп болатыны мәлім. Кейбір қайшылықтар шиеленісе келе революцияға, азамат соғысына апарып соғады. Міне осы жағдайлардың бәрі Маркс зерттеген капитализмде орын алды. Осы қайшылықтар шиеленісе түссе, пролетариат диктатурасы¬на әкеледі деп қорытады Маркс. Бірақ одан кейін капитализм қалай дамыды? Міне, мәселе осында. Ал қазіргі капитализмнің дамуы марксизмнің қорытындыларын дәлелдемей отыр.
Маркстің ХIХ ғасырдағы капитализм туралы тұжырым¬дамасын марксистер ХХ ғасырдың екінші жартысында сол күйінде пайдалануды талап етіп, барлық дүние жүзіндегі құбылыстарды осы тұжырымдама арқылы түсіндіруге тырысты.
Үшіншіден, марксизмнің догмалық көзқарасқа айналуына себепкер – коммунистік партиялардың басшылары мен олар¬дың идеологтері шығармашылықпен дамыта алмады. Тек Ленин марксизмнің кейбір принциптеріне өзгерістер енгізді. Ал ол өзгерістердің өзі де сол кездегі саяси жағдайларға байланысты болды. Қорытып айтқанда, нақтылы бір тарихи жағдайда дүниеге келген марксизм 150 жыл бойы шығарма¬шылық тұрғыда дами алмады. Марксизм нақтылы өмірден қалып қойды. Мұндай жағдайға қандай да болсын көзқарас, принциптер, тұжырымдамалар күйзеліске, дағдарысқа ұшы¬рап, догматизмге бас ұрады.
Төртіншіден, марксизмді қолайсыз жағдайға ұшыратқан – күштеу теориясы. Маркстің бұл теориясы бойынша, күшті тек күш қана жеңеді. Капитализмді тек пролетарлық революция арқылы ғана құртуға болады. Бірақ күшті революцияны қоғам дамуының заңдылығы деп қарау ХХ ғасырда адамзатты бұрын-соңды болып көрмеген апатқа ұшыратты, көптеген адам осы теорияның құрбаны болды. Большевиктер осы теорияны басшылыққа ала отырып Ресейде, т.б. бұрынғы Ресейдің қол астындағы елдерде пролетариат диктатурасын орнатып, еш¬қандай келісімге келмейтін тап күресін бастады. Оның ақыры немен тынғаны баршаға аян.
Бесіншіден, марксизмнің ең маңызды, басты бөлімі – социализм мен коммунизм туралы ілімнің марксизмнен бұрын тарихта орын алып келуі. Ондай көзқарастарды марксизм қиялды социализм деп атап, қатты сынға алды. Маркс, Энгельс, кейіннен Ленин өздерінің дүниеге көзқарастарын ғылыми коммунизм деп атады. Марксизм бойынша коммунизм дегеніміз – адам қоғамының дамуындағы ең әділетті қоғам. Адам ежелден бері осындай қоғамды қиялдап келді. Сондықтан коммунистік идея адам санасын билеп алды да, ал коммунистер осы идеяны шындыққа айналдырып, іске асыруға, осындай қоғам құруға кірісті. Нәтижесінде социализм деген құрылым пайда болды. Ал қазір ол құлаған соң «бізде шын мәнінде социализм болған жоқ, тек казармалық социализм орнады» деп жүр. Шындығында солай да шығар, мүмкін ешқандай социализм болмаған да шығар. Қайткен күнде де өркениеттің болмай қоймайтын заңдылықтарын социализм жемісі деу – ешқандай логикаға сыймайтын іс. Электр шамын «Ильич шамы» деген сандырақтан арылудың соншама ауырлығына таңқалмасқа болмайды. Айталық, жерді трактормен жыртып, тұқым сеуіп, оны комбайнмен жинап алу, суы ішінде, газы ішінде үйде тұру, пәуеске орнына жеңіл машина міну, мектепке, университетке барып оқу сияқты істерге социализмнің қандай қатысы бар. Мұндай жетістік Африка, Азия елдерінің қайсысына болсын тән емес пе?
Ал 70 жыл бойы біздің Кеңес елі деп аталып келген елде орын алған қоғам диктаторлық, әділетсіз, бюрократиялық күшке негізделген, тоталитарлық қоғам екені дәлелденіп отыр. Міне осы жағдай марксизмнің коммунистік теориясына өте қатты соққы болып тиді.
Алтыншыдан, марксизм өзін-өзі белгілі бір таптың, белгілі бір партияның идеологиясы деп жарияланды. Өзін басқа көзқарастармен, оның ішінде буржуазиялық көзқараспен еш¬қандай келісімге бара алмайтынын айқын айтты. Таптық идеология болғандықтан, марксизм көптеген адамгершілік идеяларға, құнды көзқарастарға өзін-өзі қарсы қойды. Сондық¬тан да марксизм бірте-бірте адамзаттың, халықтардың ғасыр¬лар бойы жинаған рухани қазынасына, байлығына күмән кел¬тіре бастады. Тек қана пролетариат пен коммунистер халыққа рухани байлық бере алады, ал буржуазияның, басқа да тап¬тардың мәдениеті, рухани дүниесі халыққа жат деп больше¬виктер күрес жүргізді. Осылайша марксизм өзін-өзі дүние¬жүзілік рухани өркениеттен алыстатты. Еуропа, Америка, Шығыс елдерінің көпшілігі ХХ ғасырдағы марксизмді қабыл¬даудан бас тартты.
Бізге идея керек, идеологияның қажеті жоқ, себебі көп¬партиялық кезінде мемлекеттік идеология болуы керек деу ақылға сыйымсыз жағдай. Мәселе идеяда, ал оны кім қалай түсінеді, ол оның өз шаруасы. Сен мен сияқты ойла деудің күні өтіп барады. Міне осы тұста әркім өзіне-өзі неге деп сауал қойса, ойланса, толғанса, өзіне-өзінің сенімін нығайтса, Абай айтқандай:
«Өзіңе сен өзіңді алып шығар,
Ақылың мен қайратың екі жақтап ...».
Жетіншіден, марксизм дүниеге келісімен дінге қарсы шығып, атеистік көзқарасын ашықтан-ашық жариялады. Діннің адам¬заттың рухани өмірінде ғасырлар бойы аса үлкен орын алғаны белгілі. Сондықтан да марксизмді дінге сенушілердің басым көпшілігі тек өкіметтен қорыққанынан ғана мойындады.
Дегенмен дін дегеніміз – сенім. Ал сенімді жоққа шығаруға болмайды. Сенім адамға рух береді, ал адам еш нәрсеге сенбесе, ол рухани жағынан өте жарлы адам болады. Сондықтан да марксизмнің адамдардың діни сеніміне қарсы шығып, қатал күрес жүргізгені гуманизмге жатпайды. Сонымен марксизмнің дінге қарсы мейірімсіз күресі көп адамдарды өзінен алыстатты.
Сегізіншіден, марксизмнің ең құнды жағы – материализм мен диалектика. Шындығында, марксизмнің саяси-қоғамдық, экономикалық теориясымен салыстырғанда, оның философия¬сы анағұрлым жоғары тұрады. Бірақ Маркс материалистік дилектиканы – диалектиканың дамуының ең ақырғы формасы деп түсіндіреді. Бұл тұжырым – диалектикаға қайшы тұжырым.
Әрине ХIХ ғасырдың ортасында пайда болған марксистік философия бұрынғы философиялық жүйелердің, оның ішінде немістің классикалық философиясын пайдалана білді және философияны ғылым жаңалықтарына негіздеді. Сондықтан оның құнды жақтары аз емес. Қателіктерден де құр алақан болмады. Бірақ ол басқа әңгіме.
Тоғызыншыдан, Компартияның негізгі әрекеті – идеология¬ны өмірмен байланыстыру болатын. Ал ресми идеология марксизм болды. Марксизмді нақты істерге пайдалану оңай нәрсе болмай шықты.
Марксизм дегеніміз – теория, идеялардың жүйесі, белгілі бір дүниеге көзқарас. Оның методологиялық маңызы болуы мүмкін, ал нақтылы істі шешуде ол әлсіз. Пленум сайын баспасөз арқылы қоғамдық ғылымдардың өкілдері қатты сынға алынып, тіпті кей жылдары оларды абақтыға жауып, ісін сотқа беріп, өмірден артта қалған, схоластика мен догматизмге түсіп кетті деп айыптады. Марксизмді Орталық Комитет өзінің күн¬делікті саясатына бағындырып, оның стратегиялық маңызын кемітті.
Біздің елде партия және мемлекет басшысы болған адам кемеңгер, данышпан болып шыға келеді де, ғылымдағы соңғы жетістіктерді, соңғы жаңалықты сол айтады, содан естиміз, содан үйренеміз, соны марапаттаймыз, содан үзінді келтірмей жазбаймыз да, сөйлемейміз де. Сол аурудан әлі жазылғамыз жоқ. Қазақстанда бүгін Президенттен басқа білікті экономист жоқ сияқты. Оның шақырып әкеп, қошаметпен шығарып салған американдық экономисінен (Бэнг мырзадан) бізге қалған жал¬ғыз белгі – қайда пайдалатынымызды білмей, қол уыстап отырған тұрғын үй купондары. Түркия мен Ираннан келген экономист-кеңесшілер не үйретті, қашан үйлеріне қайтты – оны тірі жан білмейді. Ал сол шетелдік ақылшылар біздің жағдайымызды бақайшықтап біліп, жанашырлық кеңес берді ме екен?
Міне осылайша теорияны кейбір практикалық істермен саясаттандыру оның ғылыми құнын жоя бастады. Бұл марксизмге тиген ең ірі соққы болды, оның беделін түсірді.
Марксизм теория ретінде ХХ ғасырда дами алмады. Партияның Орталық Комитеті марксизмді дамыту тек қана өзінің ісі деп білді. Бірақ та марксизм шығармашылық тұрғыда дамығанда да оның негізгі принциптері – пролетариат дикта¬турасын күштеу теориясы, тап күресі, социалистік революция, коммунистердің басшылық рөлі, т.б. тұжырымдамалары өзгер¬меген болар еді. Қазіргі кезеңде осы негізгі принциптердің дұрыстығын тарих дәлелдей алмай, керісінше, оларды теріске шығарып отыр. Дегенмен марксизмді зерттеуден бас тартуға болмайды. Бұл көзқараста тарихи шындық аз емес.
Батыс Еуропаның көптеген елдерінде, Америкада, Жапо¬нияда, Қытайда, Үндіде, Вьетнамда, т.б. елдерде бұл ілімді миллиондаған адамдар оқып үйренуде. Ал бізде бүгінгі таңда марксизмге шабуыл баяғы Компартияның Орталық Комитетінің кезекті науқанына айналған сияқты.
Саясаттанушылар таптар туралы және тап күресі туралы ілімді тіптен де Маркс ойлап таппағанын білмеді. Шынын айтсақ, ол ілімді буржуазиялық тарихшылар ашқан болатын. Олар Гизо, Минье, Тьер, Тьерри деген ғалымдар еді. Және ол ілім күні осы уақытқа дейін марксистік емес саясаттануда қолданылады.
Қорыта айтқанда, марксизм-ленинизм үшін Маркске, Ленин¬ге кейіс білдірудің және бұрынғы КСРО-да социализмнің сәтсіз болғаны үшін де Ленинге кейіс білдірудің қажеті жоқ сияқты. Өйткені жалпы алғанда социализм – идеясы мүлде жоғалып кетпейтін, адам санасында ылғи болып тұратын идея. Себебі адамдар теңдігін, бір-бірінің құлы болмауды қолдайтын идея өлмек емес. Бұдан 500 жыл бұрын жасаған Кампанелланың «Күн қаласы» еңбегі қанша идея болғанымен, ақыл-сананы өзіне тартпай тұрмайтынын мойындамау қате болар еді. Марксизм-ленинизм бүгін туған ілім емес, оның тегі әріде жатыр.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



60.0Kb
Категория: Саясаттану | Добавил: Dastan
Просмотров: 1716 | Загрузок: 255 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Мемлекеттік аппараттың түсінігі және оның нысандары
Сүйінбай Аронұлы
Мұстафин Ғабиден (1902-1985)
Фотосинтез
Жұбан Молдағалиев
Шерхан Мұртаза
Әлихан Бөкейханов
Мағжан - ақынның ақыны
Хамза Есенжанов
Көмірсулар жане липидтер
Қонақ үйдегі қызмет көрсету сапасы мен тиімді жұмыс істеуінің байланыс...
Аймауытов Жүсіпбек
Кіші өзендердің энергетикалық мүмкіндігін пайдалану
Мыңзықұлы Еділ (Аттила) қаған
Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен қызметі