Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 21.1.2018
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Саясаттану

Орта ғасырлардағы саяси ілімдер
Загрузка...
ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ САЯСИ ІЛІМДЕР
Батыс Еуропаның феодалдық қоғамының саяси-құқықтық ой-пікірлері. Батыс Еуропада феодалдық құрылыс 1 мың жылдан астам уақыт дамыды. Үш тарихи кезеңнен өтті: біріншісі – V ғасырдың соңы мен ХI ғасырдың ортасына дейінгі уақытты қамтыған ерте феодалдық кезең; екінші кезең – гүлдену дәуірі, ХI ғасырдың ортасынан ХV ғасырдың аяғына дейін созылды. Ал феодализмнің құлдырау дәуірі ХV ғасырдың соңынан ХVI ғасырдың аяғына дейінгі уақытты алды.
Осы аталған кезеңдерде рим-католик шіркеуі мен папаның және феодалдардың арасында қоғамдағы жетекшілік рөл үшін күрес бір толассыз жүріп жатты. Бұл күрестің өн бойында рухани немесе шіркеулік билік пе, әлде зиялы немесе мемлекеттік билік пе деген сұрақ күн тәртібінен түсіп көрген жоқ. Шіркеу төңірегіндегілер билеушілердің құдіреті шіркеуден, Иисус Христостың абыройынан деп дәріптеді. Сондықтан христиандық мемлекеттердің басшылары христиан шіркеуінің басшысына бағынуға міндетті болды. Аталған дәуірге догматизм мен схоластика тән еді. Схоластар жарыссөзге ерекше мән қойды, рационализмге жол ашты.
Орта ғасырлық саяси ой-пікірдің көрнекті өкілдерінің бірі –орта ғасырлық діндар-философ, ғалым Фома Аквинский болды (1225-1274 жж.). «Билеушілердің басқаруы туралы», «Теоло¬гияның қосындылары» деген еңбектерінде мемлекет, заң, құқық туралы мәселелерді қарастырады. Аквинский Аристо¬тельден адам табиғаты жағынан «қарым-қатынас жасайтын және саяси жануар» деген қағиданы алды. Ол мемлекеттік биліктің үш мынандай элементін енгізді:
– мәні;
– формасы (шығу тегі);
– қолданылуы.
Биліктің мәнін ол құдайдан деп түсіндірді. Алайда қолында билік бар адам құдайдың өсиетін ұмытып, зұлымдық жасауы да мүмкін дейді. Ондай тиранды халықтың тақтан түсіруі де мүмкін.
Аквинский саяси биліктің аристократиялық, олигархиялық және демократиялық түрлерін атап көрсетеді. Сонымен қатар монархиялық құрылымның абсолюттік және саяси түрлерін ажыратады. Ол заңның ерекше теориясын жасап та шығарды. Барлық заңдардың негізі алла-тәңірден деген пікір айтады. Ал табиғи заңдар болса, содан негіз алады. Адамдық заңдар да содан шығады. Адамдық заңдар туралы түсінікті енгізгенде Аквинский феодалдық заңдар туралы айтады. Оның ілімінде Інжілден негіз алатын құдайшылдық заңдары да бар. Өйткені заңдар зұлымдық атаулының баршасын бірдей жоя алмайды екен.
Сонымен Фома Аквинский папаны, феодалдық-монархия¬лық құрылысты жақтаушы ретінде олардың дұшпандарына мейірімсіз екен. Рим-католик шіркеуінің оны жоғары бағалап, «періштелік доктор» деген атақ беруі де содан. Ал папа ХIII Лев Ф. Аквинскийдің схоластикалық жүйесін «католицизмнің бірден-бір шыншыл философиясы» деп бағалады. Бұл ағым қазір марксизмге, социализмге шабуыл жасауға қолданылады.
Орта ғасырлық ерестер – діни догмаға қарсы күресушілер. Оның алғашында бұқара арасында тірегі болмады. Ерестік қозғалыс ХI-ХII ғғ. Солтүстік Италияда, Оңтүстік Францияда, Алманияда қалалық жерлерде жаппай етек алды. ХIV-ХV ғғ. өз алдына плебейлік (шаруа) және бюргерлік (қалалық) еретиктер дамыды. Олар алғашында Х-ХIII ғғ. Болгарияда құдайды қолдамаушылар болып, шіркеудің өктемдігіне қарсы шықты. И. Христостың ілімін бұрмалап, шексіз байлыққа батқан шіркеу қызметкерлеріне қарсы антифеодалдық күресті өрістетті. Ерте христиандық теңдікті орнатуды көздеді. Інжіл еретиктердің қолында күшті қару болды.
Бюргерлік еретиктердің көрнекті өкілдері қатарына Оксфорд университетінің дін профессоры Джон Уиклиф (1324-1384), чех теологі Ян Гус (1371-1415) жатады. Олар басшылық еткен діни қозғалыстар ұлт-азаттық күреспен қабаттасып жатты. Аталған ойшылдар «мыңжылдық патшалық» пен теңдік орнап, ортақ істер халықтың араласуымен шешіледі деп ойлады. Бірақ олардың іс-әрекеттерін феодализмнің рухани және зиялы өкілдері жоққа шығарып отырды.
Араб Шығысы мен Орта Азиядағы және Закавказьедегі саяси ой-пікірлер. Бұл жерлерде феодалдық қанаудың кесірінен азаттық ой-пікірлер қалыптаса бастады. Өзекті мәселесі адам теңдігі мен бостандығы болды. «Құдайға құлшылық ету» түрінде ислам пайда болды. Алайда исламда қайшылықтар да жоқ емес. Құран жеке меншікті қорғаудың қажеттігін айтады. Құранның идеологиясы – құдайға бас ию мен бағыну.
Ислам суннит пен шийт ағымына бөлінеді. Ислам саясатын дәріптеушілердің бірі Ибн Рушд (1126-1198) Аристотельдің материалистік бағытын дамытты. Ғылыми ілімдер негізінде қоғамдық өмірді құруға болады, биліктен діншілерді, құдайшылдарды аластатуға болады дейді.
Саяси ойшыл Ибн Халдун (1332-1406) өзінің «Өсиеттер кітабында» қоғамдық өмір заңдылықтарын зерттеу ерекше ғылым саласы деп көрсетті. Ол діни көзқарастарға бейім болса да ғылымдық негіздерге де жол берген. Қоғамның дамуын екі фазаға бөлген: жер мен мал шаруашылығы дамитын «ауылдық тұрмыс»; қолөнер мен сауда дамитын – «қала тұрмысы». Әр фазаның өзіне тән билеушісі бар. Біріншісінде көсемдер мен билігі шектеулі старейшиндер, екіншісінде мемлекет басында шексіз билігі бар патша отырады. Мемлекеттің мәні жеке меншікті қорғауда деп тұжырымдады. Мемлекеттің құрылу, ыдырау және күйреу процесінде географиялық факторларға, әсіресе ауа райы жағдайларына көп назар аударды.
Орта Азиялық саяси ой-пікірлер тіпті III-V ғғ. алғашқы феодалдық қатынастардың дамуымен қатар қалыптаса баста¬ды. V ғасырдың соңы мен VI ғасырдың басында халықтық маздакизм қозғалысы өрістеп, зұлымдық пен мешеулікке қарсы игілік пен азаттықтың күресі басталды. Қозғалыс көсемі Маздак жеке меншікті зұлымдықты тудыратын фактор деп түсіндірді. Маздакизмнің басты әлеуметтік-саяси идеясы – әлеуметтік теңдікті орнату. Орта Азиядағы барлық антифео¬далдық қозғалыс маздакизм туы астында өтті.
Әбу-Насыр әл-Фараби (870-950) «Тамаша қала тұрғындары¬ның көз-қарастары туралы» деген саяси трактатында мемле¬кеттің шығуы, қызметі проблемалары өзара байланыста қарас¬тырылады. Мемлекет адамдардың өз қажеттерін мүмкіндігінше жақсы құру мақсатымен бірігуі арқылы қалыптасады дейді. Қысымға, өктемдікке негізделген, сыңаржақ адам басқарған мемлекетті айыптады.
Әл-Фарабидің еңбектерінде үлгілі қоғамның жобасын жасау¬ға талпыныс бар. Ол мемлекетті адамдардың қажеттігін қана¬ғаттандыру мақсатымен жасалған бірлесудің нәтижесі деп есептеді. Адамзат қоғамын Фараби мынандай жіктерге бөледі: ұлы қоғам (жер бетіндегі мекендеген барлық адамдардың, халықтардың бірлестігі); орта қоғам (белгілі бір халықтың қоғамы), кіші қоғам (адамдардың жеке қалаларға бірігуі). Ол сондай-ақ мейірімділік, зұлымдық, еңбекке көзқарас туралы моральдық категорияларды басшылыққа ала отырып, қала-мемлекеттерді игілікті, ұжымдық, жеккөрінішті деп те жіктейді.
Өзінің «Фусул ал-мадани» («Мемлекет қайраткерлерінің нақыл сөздері») деген шығармасында: «Адам ғылымға түрліше тосқауыл жасайтын мемлекеттен кетіп, ғылыми өркен жайған елде тұруға тиіс», – дейді. Аталған трактаттың тақырыптары әр түрлі болса да негізінен бір мақсатқа – адам мен қоғамның арақатынасына, оның жетілуіне арналған. Еңбектің өзіне тән бір ерекшелік сипаты – денелік және рухани құбылыстардың салыстырылып отыратындығы.
Фараби «Азаматтық саясатта» қоғамдық мәселелерді талдауды қаладан бастаса, «Нақыл сөздерде...» ол мұны ең кішкене ұядан – от басынан немесе үйден бастайды. Аристотель сияқты ол үйді бірнеше бөлікке – ері мен әйелі, қожайыны мен қызметшісі, ата-анасы мен баласы, мүлкі және иесі деп бөледі. Үйдің өзіне тән мақсаты болады, бірақ қаланың бір бөлшегі болғандықтан, ол қала белгілейтін ортақ мақсатқа қызмет етуге арналады, сөйтіп бұл арада адамның өз басының мүдделерін қоғам мүдделеріне бағындыру туралы пікір айтылады. Бұл жерде Фарабидің қала дегенін мемлекет деп түсіне отырып, оның ойларынан үлкен азаматтық гума¬низмнің биік көріністерін табамыз.
Ғылым жолына әбден берілген әл-Фараби александриялық (мысырлық) ғалымдар, яғни бір кезде Александриядан ығыс¬тырылған несторианшыл христиандар тұратын Хорасанға келіп қоныс та тебеді. Өмірінің соңғы жылдарын Алеппо мен Дамаскіде өткізеді, мұнда солтүстік Сирияның жетекші саяси қайраткері Сейд ад-Дуаль Хамданиге аса қадірлі болды.
Әлішер Науаи (1441-1501) саяси ой-пікірлерінде халықты қыспаққа алған, қанаған рухани, діни басшыларды сынады. Халыққа қызмет етуді ең жоғарғы игілік дейді. Патшалардың қаталдығын да өткір сынайды. Дін мен оның қызметшілерін жек көрген. Дамып отырған феодализм жағдайында сауатты монарх басқарған мемлекет идеясын ұсынды. Бір орталыққа бағынған монархияны жақтады. Тұтасымен алғанда саяси ой-пікірлерінің өзекті мәселелері – мәдениетті дамыту, халыққа қызмет көрсету, жемқор феодалдарды сынау, халықтар дос¬тығы идеясы болды.
Закавказьенің ой-пікірлері. Закавказьеде феодализмнің дамуы араб басқыншыларына қарсы бағытталған күреспен қабат келді. Әзірбайжандағы Бабек бастаған шаруалар соғысы (816-837) маздакизм идеясын ұстады. Антифеодалдық, анти¬исламдық сипатта өрістеді. Феодалдық тәуелділік пен фео¬далдық жер меншігін жоюды, шаруаларды азат етуді, «баршаға бірдей теңдік» орнатуды көздеді.
Көрнекті ойшыл, ақын Низами Глянджеви (1141-1209) феодалдық қоғамның әлеуметтік және саяси құрылысын өткір сынады, езілген халықты жақтады. Шахтардың билігі зорлыққа негізделгенін айтты. Достықты, еңбекті мадақтады, ағартушы¬лық монархиясын қолдады. «Хосров пен Шырын», «Жеті сұлу» поэмаларында осындай монархияны жырлайды. Патшалар халық үшін өмір сүруі керек дейді. «Искандер-наме» поэма¬сында аңызға айналған үлгілі қоғамдық құрылысы бар елді суреттейді. Онда мемлекет те, мемлекеттік құрылыс та жоқ, мүлік пен әлеуметтік жағынан тең адамдар бар жағдайды армандайды. Соғыс атаулыны айыптап, бейбітшілікті дәріп¬тейді.
Шота Руставели (ХII-ХIII) «Жолбарыс терісін жамылған батыр» атты поэмасында күшті, тәуелсіз, бір орталыққа бағын¬ған мемлекетті дәріптейді. Сауатты басшының идеалын қолдаған, бірақ оның билігін дарынды мемлекет қайраткер¬лерінің кеңесі шектеп отыруы қажет дейді. Сыртқы жаулармен күрес идеясы да бар.
Арменияның саяси ой-пікірлері туралы сөз еткенде, оның IХ-Х ғғ. Византияның, сельжуктердің шапқыншылықтарына душар болған кезеңінен бастаймыз. Бұл тұста Арменияның өз феодалдарының соғыстары да қанауды күшейткенін атау қажет. Қанаушыларға қарсы және антифеодалдық идеология ретінде «Давид Сасунский» эпосы шықты. Эпостың басты идеясы – соғысқа кінәлілер елді билеушілердің өздерінен бас¬қа ешкім емес.
Мхитар Гош (1133-1213) «Судебник» атты шығармасында табиғи заңдар барлық халықтардың тәртіп нормаларында жатыр деген пікір айтады. Адам еркін болып жаратылған дейді. Материалдық теңсіздік адамдарды билеушілерге (князьдерге), қызметшілерге бөлді. Феодалдық қанауды жұмсартуды ұсына¬ды. Сыртқы жауларға халықтың күшін топтастыруды ұсынады. Салықтарды азайтып, феодалдық бытыраңқылыққа қарсы, бір орталыққа бағынған күшті мемлекет идеясын дәріптейді.
Ресейдегі саяси және құқықтық ілімдердің дамуы. VIII-IХ ғғ. Шығыс Еуропада славян мемлекеті құрылды. Киев Русінің басты кезеңі 988 жылы христиан дінін қабылдаудан бастау алды. Жаңа діннің енуі мемлекеттің нығаюна себепкер болды. Орыстың бірінші митрополиті Илларион «Заң және игілік туралы сөзді» жазды. Онда өзіндік діни-әлеуметтік тұжырым¬дама ұсынылды. Русьті билеуге енді Византияның митрополиті ықпал етпейтін болды. Илларион князь Владимирді әулие деп тануды ұсынды. Русьтің идеялары осыдан кейінгі жылнама¬ларда терең іздер қалтырды. «Новгород жылнамасының», «Лаврентьев жылнамасының», «Ипатьев жылнамасының», «Уақытша жылдар повесінің» шығуы соның айғағы. Бұл шығармаларда орыс князьдері варяг князі Рюриктен таралады деген идея айтылады. Шетелдікті негізге алуы орыс тайпаларының арасындағы билік үшін таласты тоқтату еді. Сонымен орыс жерінің тұтастығын сақтау жылнамалардың басты идеясына айналды. Князьдер соғысын тоқтату да басты мақсат болып есептелді. «Орыс правдасында» феодалдар табының саяси идеологиясы көрініс тапқан. Онда адамды өлтіргені үшін 40 гривень, ал князьді өлтіргені үшін 80 гривень айып салынатыны көрсетілген. «Игорь полкі туралы сөз» шықты. Ол бір орталыққа бағынған орыс мемлекетінің негізін қалауға игі ықпал етті. ХVI ғасырдың шығармасы «Даниил Заточниктің сыйынуы» атты жылнаманың негізгі идеясы – князьдің дара билігін дәріптеу. Феодалдық соғыстар айыптала¬ды. Князьдерді әлсіздерді, жәбірлегендерді жақтап қорғауға шақырады.
Бір орталыққа бағынған орыс мемлекеті тұсындағы ой-пікірлер Спиридон-Савваның «Послание о Мономаховом венце» деген жылнамада көрініс тапқан. Онда орыс князьдері Рим патшасы Августен таралады деген идея бар. Ал «Послание о князьях Владимирских» атты шығармада орыс князьдері жалпы Рим патшасынан негіз алатыны айтылады. Орыс мемлекетінің даңқының артуына «Москва – үшінші Рим» теориясы көп қызмет етті. Аталмыш теорияны дәріптеген Псков монахы Елизаров болды. Ол тарих тұтасымы құдайдың құдіретімен дамиды деген пікірде болды. ХVI ғ. шіркеулік, әсіресе монастырлық жериелік туралы мәселе өткір қырымен қойылды. Өйткені пайдалы жердің үштен бірі шіркеудің қарамағында болған. Патша үкіметі шіркеуді әлсірету мақсатымен жерді мемлекеттің қарамағына бере бастағаны¬мен үкімет пен шіркеу уақытша ымыраға келеді.
Осы тұста А.М. Курбский (1528-1583) боярларды қолдап шықты. Дворяндар мүддесін И.С. Пересветов қолдады. Ол «Константин патша туралы аңызында» патшаны вельмож¬дармен өте қатал күреске шақырды. Ең күшті мемлекет деп шексіз самодержавиені атады. Мықты әскер ұстауды нұсқады. Қуатты сыртқы саясат жүргізуді көрсетті. Қазан патшалығын басып алуды айтты. Холоптықты жою керек, олардан ержүрек жауынгер шықпайды деді.
Феодалдық езгіге қарсы пікірлер ең алдымен ХVII ғасырдың басындағы И. Болотников бастаған шаруалар соғысынан көрі¬ніс тапты. Ерестер қозғалысы да дамыды. Еретиктер Матвей Башкин мен Феодосий Косойдың саяси ой-пікірлері осы кезең¬ге жатады. Башкин холоптыққа қарсы шықты, мемлекеттің шіркеуге бағынбауын айтты. Осы ойлары үшін ол өртеліп жіберілді. Екінші бір еркін ойшыл Косой холоп болған. Қуғынға ұшыраған соң шетелге қашып кеткен. Онда монахқа айналып, «өзінің жаңа ілімін» уағыздады. Дегенмен оның көзқарасында радикализм көбірек. Ресми шіркеуді мойындамады, шіркеулік жериелікке қарсы болып, «христиан қоғамын» құру идеясын насихаттады. Жалпы ілімі плебейлік деп есептелді.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



51.0Kb
Категория: Саясаттану | Добавил: Dastan
Просмотров: 3209 | Загрузок: 288 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Түмән ұлы Мүде қаған
Араб халифаты және Исламның таралуы
Үстірт қорығы (Маңғыстау облысы)
60-жылдарда қазақ би сахнасы
Шоратанбай Қанайұлы
ЖИТС-21 ғасыр дерті
Қазақстан Республикасының климаты
Жасуша теориясының негізгі қағидалары
Мемлекеттік аппарат қызметінің және ұйымдастырылуының негізгі қағидала...
XVIII ғасырдағы Қазақстан мәдениеті
Адамға сәуле алудың қауіпі
Айдың табиғатқа және тіршілікке тигізетін маңызы
Сәбит Мұқанов
Қасым Аманжолов
Марқакөл қорығы (Шығыс-Қазақстан облысы)