Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 18.6.2018
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Саясаттану

Қоғамның саяси жүйесі
Загрузка...
ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІ
Саяси жүйенің мәні мен құрылымы. Ең алдымен саяси жүйе дегеніміздің өзі не, соны айқындап алуымыз керек. Оның табиғаты, мазмұны, атқаратын қызметі қандай?
Қалыптасқан дәстүр бойынша, қоғамның саяси жүйесі –(ұйым) мемлекет, құқық және басқа саяси құбылыстар, инсти¬туттар мен мекемелер сияқты таптық ұғым болып табылады. Олар оның өмір сүруі мен жұмыс істеуіне тікелей байланысты. Бүкіл өмір сүрген тарихында қоғамның саяси жүйесі үстем тап¬тардың мүддесін қорғайтыны белгілі.
Марксистік ілім бұл ретте жалпы адамгершілік, топтық, ұлт¬тық және басқа да мүдделерді жақтайды. Олардың мүдделері бір-біріне қарама-қарсы қойылмайды. Қоғамның саяси мазмұ¬нын біріктіре келе, ол шынында да мемлекет, саяси партия¬лар, әр түрлі қоғамдық ұйымдарды қамтиды. Сол арқылы саяси өмірге араласады.
Қоғамның саяси жүйесі өзіне қатысты бұл құрылымдардан тысқары тұрмайды. Қоғамның саяси жүйесі өзінің қалыптасу процесінде идеологияға, құқыққа және моральға кері ықпал жасайды. Бұл қоғамның саяси жүйесінің дербестігін көрсететін жағдай.
Сипаты жағынан қоғамның саяси жүйесі мен қоғамның материалдық базисі болып табылатын экономиканың арасын¬да да осындай жағдай қалыптасады. Басқа сөзбен айтқанда, «саясат – экономиканың жинақталған көрінісі». Экономика саясатқа шешуші ықпал жасайды. Өз тарапынан саясат та экономикаға ықпал етеді.
Қоғамның саяси жүйесінде бір-біріне қарсы тұратын эконо¬микалық мүдделердің иелерінен шығатын жағдай бар. Мыса¬лы, кейбіреулері билеуші таптардан тұратын ұйымдардың жүйесін құрса, басқалары бағынышты таптардың ұйымдары¬ның жүйесін құрады. Таптық белгілерімен қатар тапаралық, жалпы әлеуметтік, топтық және жалпы адамдық қасиеттері мен белгілері де болады.
Барлық саяси жүйелер әлеуметтік жағынан әртекті қоғам¬дарда өмір сүріп дамиды. Саяси жүйелердің әрқайсысы қоғам¬ды тұтасымен қамтиды. Әрбір саяси жүйе өзінің табиғаты бар, басқадай айтқанда, саяси табиғаты бар құрылым ретінде көрінеді. Кез келген саяси жүйе экономиканың типіне, әлеу¬меттік құрылымға және идеологияға сүйенеді. Кез келген саяси жүйенің құрылымдық элементі ретінде әр түрлі мемлекеттік, партиялық және қоғамдық ұйымдар болып табылады.
Қоғамның саяси жүйесі құбылыс ретінде және іс жүзіндегі факті ретінде көрінеді. Қоғамның саяси ұйымдарының барлық құрылымдық элементтеріне тәртіптілік, ұйымшылдық және аз да болса саясаттылық талабы қойылады.
Қандай болмасын ұйымның сипаттық белгілері ретінде: оның құрылуындағы, қызметіндегі тәртіптілік, жарғысы, құры¬луының заңдылығы, алдында тұрған нақты мақсаттары, қо¬ғамның мүддесіне бағытталған қызметі болуы керек.
Тағы бір қойылатын талап: олардың аз да болса қызмет жа¬сау механизмінің саясаттылығы қажет. Қоғамның саяси ұйымы¬ның әрбір құрылымдық элементі жай ғана ұйым емес, сипаты жағынан саяси ұйым болып қалыптасуы қажет. Біріншіден, белгілі бір таптың немесе кез келген басқа әлеуметтік қауым¬ның саяси мүддесін көрсетуі қажет. Екіншіден, саяси өмірге араласушы және саяси қатынастарды жеткізуші болуы қажет. Үшіншіден, мемлекеттік билікке қатысы болуы керек, жақтаса да, қарсы шықса да. Төртіншіден, күнделікті қызметінде елдегі қалыптасқан саяси нормаларды басшылыққа алып отыруы шарт. Қоғамның саяси жүйесінің құрылымдық элементтерінің баршасында мазмұны жағынан саяси аспектілері бірдей болып келеді. Осыған байланысты қоғамның саяси ұйымының құры¬лымдық элементтері тікелей саяси (собственно политические) және тікелей емес саяси (несобственные политические) ұйым¬дар деп бөлінеді. Тікелей саясиға: мемлекет, саяси партиялар және кейбір қоғамдық бірлестіктер жатады. Тікелей саяси ұйымдарда мемлекет шешуші рөл атқарады. Қоғамның саяси жүйесінде мемлекет объективті түрде ауадай қажет және ажырамас құрамды элементі болып табылады. Ал қалғандары белгілі бір функцияларын атқарғаннан соң жойылуы да мүмкін.
Тікелей емес саяси бірлестіктерге: саяси қажеттіліктен емес экономикалық немесе басқадай себептермен құрылатын бір¬лестіктер жатады. Оларға кәсіподақтар, кооперативтер сияқты¬лар жатады. Олардың қызметінің негізін саяси мақсаттар емес, өндірістік, әлеуметтік-тұрмыстық, мәдени, сауда және тағы басқалар құрады.
Көптеген ұйымдардың ішінде жеке мүдделері бойынша құрылатындары да бар: нумизаттар, филателистер, авто¬әуесқойлар, туристер және басқалары.
Саясаттанушылар қоғамның саяси жүйесін қарастырғанда біреулері оның құрылымдық элементтерімен қоса әр түрлі қоғамдық-саяси институттармен қоса саяси қатынастарды да қарастырмақшы, екіншілері құрылымдық элементтеріне, инсти¬туттарына қоса еңбек ұжымдарын, таптарды, халықты, ұлтты, отбасын, түрлі қоғамдық ұйымдарды, бұқаралық ақпарат құралдарын, демократияның тікелей формаларын және басқа¬ларды жатқызады. Үшіншілері құрылымдық элементтеріне саяси идеяларды, көзқарастарды, нанымдарды, саяси сананы, саяси идеологияны, т.с.с. жатқызады.
Қорыта келгенде, саяси идеялар, көзқарастар, нанымдар қо¬ғамның саяси ұйымының материализацияланған құрылымы бо¬лып табылады. Осыдан келіп қоғамның саяси ұйымы мате¬риалдық жүйе болғандықтан, оның құрамды бөліктері де мате¬риалдық болып келеді деп тұжырымдай аламыз. Бірақ олардың барлығы өзара тығыз байланыста ғана, комплексті түрде қоғам¬ның саяси жүйесінің элементтері ретінде көрініс таба алады.
Шетелдік саясаттанудағы саяси жүйе проблемалары. Проблеманы толық түсіну үшін шетелдік саясаттанушылардың көзқарастарын білу қажет. Бұл ретте отандық және шетелдік көзқарастар сәйкес келуде. Дегенмен батыс саясаттануында қоғамның саяси жүйесі туралы бір нақты түсінік жоқ.
Сонда батыс саясаттануында қоғамның саяси жүйесі қалай түсіндіріледі? Бірнеше нұсқалар бар. Әрқайсысы өзінің мүддесін көздейді. Мысалы, Дэвид Истон мен Габриэль Алмонд деген саясаттанушылардың бағыты жиі айтылады. Олар саяси жүйені құратындарды жиыстырып қарастыруды ескерген. Ал К. Дойтч¬тың «Ұлтшылдық және әлеуметтік байланыс», «Басқару нерві¬лері» деген еңбектерінде саясат саласында терминологияның атауларын механикалық жолмен енгізуді және кибернетиканың басты қағидаларын енгізуді көздейді. Бұдан басқа Д. Трумэннің «Американ саяси жүйесінің дағдарысы», «Басқарушылық процесі» деген еңбектерінде саяси жүйе теориясы әлеуметтік плюрализмнің негізгі қағидалары мен «қыспаққа алу топтары» теориясына сәйкес жағдайлар қалыптастырылған.
Мұндай теориялардың көптеп қалыптасуы олардың қоғам¬ның саяси жүйесі туралы бір-біріне қарама-қайшы теориялар¬дың жасалғанын көрсетеді. Олардың біреулерінде саяси жүйе қоғамдағы субъектілердің бірлесе қарым-қатынас жасау арқы¬лы қоғамдағы құндылықтарды билік арқылы бөледі деген ұғым қалыптасқан. Келесі біреулерінде саяси жүйеге анықтама – принциптердің, заңдардың, доктриналардың, т.с.с. комплексі деген анықтама берілген.
Алайда қаншама әркелкі анықтамалар болса да, олардың баршасын ортақ экономикалық, саяси, идеологиялық негіздер біріктіреді. Олардың барлығы бірдей іргелі (әдістемелік) және қолданбалы рөл атқарады.
Осы рөлдер қалай орындалады деген мәселеге келетін болсақ, ең алдымен саяси теориясының әдістемелік аспектісі¬нен бастаған жөн. Батыс саясаттанушылары саяси жүйе теориясын даралап қарағанда оны «әлеуметтік және саяси талдаудың өте бағалы құралы» деп атайды, «саяси ғылымдар саласында ғылыми зерттеулердің жалпы шеңберін» айқын¬дайтын перспективасы бар тұжырымдама дейді, басқалары құрылымдар мен процестерді талдауда басты доктрина болып келеді дейді. Болашақты бағдарлап білуге көмектеседі дейді. Сонда саяси жүйе теориясының қолданбалы, практикалық та маңызы бар болып шығады.
Бұл теорияны батыс саясаттанушылары практикалық проблемалар саясаты саласындағы толғағы жеткен істерді шешудің маңызды құралы деп қарастырады. Қиындықтарды жеңу үшін адамдар өздерін саясатқа әкеп түсіреді және саяси жүйені не жоюға немесе қалыптастыруға бағыттайды дейді саясаттанушы Р. Голдмэн. Саяси жүйе теориясының практика¬лық шешетін міндеттері:
– саяси жүйенің құрылымын жетілдіруге бағытталған нұс¬қаулар жасауға көмектесу;
– бұқара арасындағы тірегінен айырылып бара жатқан саяси жүйенің экономикалық, саяси және әлеуметтік негіздерін нығайтуға, кеңейтуге жәрдемдесу;
– саяси жүйе теориясы қоғамдық-саяси институттар, атқару¬шы, жарлық беруші органдар, қоғамдық бірлестіктер, саяси партиялар, т.с.с. мемлекеттік органдарды оқып білуге, оларды жетілдіруге кеңінен қолданылады. Бұлардың әрқайсысын ба¬тыс зерттеушілері подсистема ретінде қарастырады;
– саяси жүйе тұжырымдамасы «қысылшаң» (стрессовый), саяси, әлеуметтік шиеленістерді айқындауға және оларды жоюға қолданылатын теориялық құрал болып табылады;
– қай елде болмасын саяси тұрақтылықтың деңгейін айқын¬дауға қолданылады.
Сондықтан басқа елдерде капиталы бар іскер адамдар ол елдің саяси климатын қырағы бақылап отыруы тиіс. Әсіресе революциялар өте қорқынышты, қатерлі екенін олар әр кезде назарда ұстайды.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



44.5 Kb
Категория: Саясаттану | Добавил: Dastan
Просмотров: 3422 | Загрузок: 194 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Фариза Оңғарсынова
Ақан Сері
Төле би
Текстік құжатты редакциялаудың базалық функциялары
Бақытжан Қаратаев
Шуберттің вокалдық лирикасы
Талғат Бигелдинов
Экоголияның экономикалық мәселелерді шешудегі орны
Қазақ халқының әншілік-өнері.20 ғасырдағы атақты әншілер
Алпамыс батыр дастанының зерттелуі
Қазақстан Республикасы мен Оман Сұлтандығы арасындағы қатынастар
Биосфера
Абай шығармаларындағы нәзирагөйлік дәстүрдің зерттелу жайы
Кали Байжанов
Жұмабаев Мағжан