Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 6.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Саясаттану

Некелесу түрлері, әдет-ғұрыптар
Загрузка...
Отбасы және неке туралы заңға байланысты қазіргі жастар арасындағы неке құру қажетті жағдай – екі жыныстың да кәмелеттік жасқа келуі, яғни 18 жасқа толуы болып есептеледі. Қазақ жұртшылығы да осы жас мөлшерін дұрыс көреді, бұған дейін қызын ұзатуға, ұлын үйлендіруге асықпайды. Өйткені әрбір ата-ана балаларының оқу бітіріп, өз бетінше өмір сүруге дайын болған кезінде ғана жеке отбасы болуын қалайды. Қазіргі ауыл жастарының арасындағы алғашқы неке құру негізінен 18 бен 25 –тің арасында болып отыр. Қыз бала негізінен 20 жасқа дейін тұрмыс құруды ұнатса, ал ер балалар әскер қатарында қызмет ету борышын өтеп қайтқаннан кейін үй болуды қалайды.
Неке құратын екі жас әке-шешесімен, жақын туыстарымен ақылдасып, олардың келісімін алады, өздері де уәделеседі. Әдетте, қыздың ата-анасы баласын той жасап, қолынан бергісі келсе, жігіт жағынан ресми түрде құда түсуінің қажеттігін білдіреді. Мұндай жағдайда жігіттің ата-анасы, туған-туыстары алдын-ала дайындалып, 3-4 кісіні құдалық сөйлесуге аттандырады. Олар қыз әкесіне келіп, жастардың өзара келіскендігін айтып, осы некеге олардың ризашылық беруін өтінеді.
Содан соң жігіт жағынан келген құдалар рахметін айтып, «үкі тағарға» әкелген ақшасын қыздың әке-шешесіне, аға-жеңгесіне әкелген сыйлықтарын ұсынып, ұзату тойын өткізуге қажет болған көмектің қандайына болсын дайын екендігін айтады. Кейбіреулер жігіт әкесінен қайткен күнде де молырақ ақша алу мақсатында көмек мөлшерін де өзі айтады. Халық арасында мұны «салық салу» деп атандырған. Салық мөлшері кейде тіпті көбейіп кетеді. Мұның сыртында «өлі тірі», «той малы», «қоржын апару» әдеттеріне байланысты апаратын малдары мен бұйымдары өз алдына.
Құдалық келісімі аяқталғаннан кейінгі міндетті түрде орындалатын ғұрып – «қоржын апару». Құдалар ауылдары бір-бірінен алыс болса, қоржын мен «өлі-тіріні» ұзату тойына барғанда апарады. Ал ауыл арасы жақын немесе ауылдас болған жағдайда ұзату тойының алдында апарылады. Күйеудің қоржын апару сапарында оның жақын жеңгесі, ағасы және бірер жолдасы ілеседі. Қоржын апару ғұрпына байланысты қыз аулында «қоржын той» ұйымдастырылады. Төңкерістен бұрын қоржын апару өз алдына орындалатын ғұрып емес-тін. Күйеу ұрын барғанда апаратын сыйлықтарды қоржынға салып апаратындықтан да күйеудің қоржыны атанған. Ал қазір «ұрын бару» салты өмір қажеттігінен шығып, ол атымен жойылды да, оның орнына «қоржын апару» әдеті қалыптасты. Қоржынның бір басына қант-шай, өрік-мейіз сияқты шай дәмі салынса, екіншісіне қыздың өзіне, ата-анасына, жеңгелері мен бауырларына арналған өңкей киімдер, қоржынды да, чемоданды да ашушы әйелдерге арналған 30-40 м кездеме, ақша, сақина, жүзіктер мен білезіктер болады. Әдетте қоржын сөгу не чемодан ашу қыз шешесінің үлкен абысындарының біріне тапсырылады. Сыйлықтарды бөлісіп, қоржын той өткен соң күйеу жанына ерген серіктерімен ауылына қайтады. Бұларға да кит кигізеді.
Қоржын той өткен соң, екі жақ та үйлену тойына дайындық жасайды.
Ең алдымен екі жақ та өздерінің туысқандарын шақырып ақылдасады, әр туыс шамасына қарай тойға өз үлесін береді.
Тойдың ең алғашқы күні ауыл үлкендері шақырылады. Кемпірлер тойға шашусыз келмейді. Тамақтан кейін той бастар айтып жолын ашады. Әйелдерге жыртысқа деп 40-50 метр штапель, сәтен, сиса сияқты маталар беріледі, оны әйелдер өзара бөліседі. Сол күні кешке қарай ауыл активі, интеллигенттері мен жастары әдейі дайындалған шақыру билеттері бойынша келеді. Қалыңдық пен күйеу жастармен бірге отырады. Қыз ұзату тойында жастар баян, аккардеонға қосылып жаңа мазмұнды жар-жар айтса, келін түсіру тойында беташар айтады.
Әдетте, тойға шақырылған адамдар, зиялылар және жастар бірігіп той иесіне тарту әзірлейді. Оған жаңа жиһаз, кір жуғыш, тоңдатқыш, теледидар, самаурын, ыдыс-аяқ сияқты жаңа отбасы мүддесіне керекті бұйымдар алады.
Қызды аттандырарда қызға берілетін жасауды құдаларға көрсетіп, көрімдік алады. Бұдан кейін «төсек буар» кәдесін алып, төсек-орынды теңге буады. Тең арасына көйлектік мата, орамал, т.б. уақ-түйектер салынады. Оларды күйеу аулындағы тең шешетін әйелдер алады.
Осы күні ұзатылатын қыздардың аттанар алдында сыңсу, қоштасу деген әдттер кездеспейді.
Келін көші күйеу үйіне келгенде, оны үлкенді-кішілі әйел, еркек, бозбалалар қарсы алады. Кемпірлер шашу шашып, арнайы дайындалған бөлмеге енгізеді. Жас келіннің жанында бірге келген келіннің жеңгесі мен жолдас қыздары және күйеу жұртының бойжеткен қыздары той біткенше бірге болады. Ал жас келінді шымылдық ішіне отырғызып, үлкендерден көрімдік сұраған.
Келін түсіру тойы аяқталған соң қызды ертіп келген құдалар киттерін киіп, сый-құрметті көріп, 3-4 күн ішінде ауылына қайтады.
Қазақстанның қай өңірінде болмасын, неке қиюдың тағы бір жолы – қызды өз еркімен алып қашу арқылы үйлену. Қазіргі күндегі қыз алып қашудың себебі де, мазмұны да бұрынғыдан өзгеше. Қыздың күйеуге қашып кетуі немесе оны алып қашудың негізгі себебі – екі жақтан да жұмсалатын толып жатқан шығынды, қыруар еңбекті азайту мақсатына байланысты.
Жоғарғы оқу орнында оқып жүрген жастардың үйлену тәртібі тіпті басқа, олар бірнеше жыл бір институтта немесе бір қаладағы институттарда оқып жүріп танысады да, қалада жүріп неке құрады.
Кейінгі 20-30 жылдың ішінде отбасын құрған қазақ жастарының арасында қыз бен жігіт неке сақинасымен алмасып, оны он қолына салып жүру дәстүрі күннен-күнге дамып келеді. Неке сақинасы аса берік және өмірдегі ең жақын серігінің ескерткіш тартуы есебінде ерлі-зайыптылардың екуінің де көңіліне медеу боларлық із қалдырады.
Ауылдық жерлерде қазақ жұртшылығы арсында әйел тастау не күйеуінен айырылысу қалаға қарағанда сиректеу. Жалпы отбасын бұзу әрекетін халық ұнатпайды. Дегенмен халық соттарының архивін ашар болсақ, айырылысу фактілері болып тұрғандығына көз жеткізуге болады. Айырылысудың негізгі себептері – бала болмауына, күйеуінің араққа әуестігінен туған келіспеушілікке, кейде ата-анаға байланысты.
Қазір Қазақстан жерінде жүзден аса ұлттар тұрады. Дұрыс, ұлт саясатының нәтижесінде ұлттар арасындағы тұрақты қарым-қатынастар нығаюда. Мұндай достықтың нәтидесінде интернационалды отбасын құру қазіргі таңда кең етек жайып отыр. Аралас отбасын құруды барлық халық қолдайды деп айту қиын. Әсіресе қарттар жағы қарсылық білдірмей қалмайды. Әдетте аралас некеге қарсы болатын қарттар, әр ұлттың өзіне тән әдет-ғұрпы, салт-санасы болатындығын, оларды өзге ұлттардың түсіне бермейтіндігін көлденең тартады.
Алайда, қазіргі қазақ отбасыларында көптеген көне әдет-ғұрыптар осы күнге дейін берік сақталып келеді. Оның бірі – рулық экзогамиялық дәстүрді сақтай отырып неке құру. Неке құруда экзогамиялық тәртіпті сақтаудың жаңа қоғам идеологиясына ешбір қайшылығы жоқ.
Қазақ халқы жеті атаға толмай қыз алыспайтын. Дәл осы жағдай қазіргі күнде де сол күйінде сақталған. Айталық, Ұлы жүздің кейбір руларының ішінде 10-13 атаға толса да қыз алыспау тәртібін сақтайды. Мәселен, жалайыр тайпасының 12 атасы, албан тайпасының сары, қоңырат тайпасының божбан, жетімдер атты рулары осы күнге дейін өз ішінен қыз алыспайды. Жазатайым бұл тәртіпті бұзып неке құрған күннің өзінде де, ол неке тұрақты болмайды.
Кеңес өкіметі орнағаннан кейінгі әйел теңдігіне байланысты шыққан декреттердің және халық-ағарту жұмыстарының нәтижесінде әмеңгерлік әдет бойынша әйел еркінен тыс жесірге үйленуге тыйым салынды.
Сөйтіп, қазіргі қазақ отбасында, халықтың материалдық және рухани мәдениетінде жарты ғасыр ішінде маңызды өзгерістер болды. Еліміздегі жаңа құбылыстың барысында әйел мен еркектің еріктілігі мен тең құқылылығына негізделген моногамиялық отбасы қалыптасты. Мұндай жаңа отбасының мақсаты – отбасы бірлігін сақтай отырып, балаларды тәрбиелеу және өз қоғамына адал қызмет етіп, азаматтық борышын ақтау. Неке құру үшін жастардың еріктілігі, өз тағдырын өзі шешіп, сүйіспеншілік сезімі негізінде жар таңдауға шын мәнісінде бостандық, ерлі-зайыптылардың тең құқылығы іске асырылды.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Саясаттану | Добавил: Admin
Просмотров: 3351 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Жабаев Жамбыл
Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамның құқықтық дамуы
Ыбырай Жақаев
Палеозой заманында тіршіліктің дамуы
Б. Адамбаев - фольклортанушы
Тұран жазығының физикалық-географиялық орыны, қалыптасуы
Компьютерлік Вирустар
Қазақ халық көне аспаптарының тарихи даму кезеңдері
Қазақстан Республикасының климаты
Медетбай Тәжіұлы
Бауыржан Момышұлы шығармаларындағы Абай дәстүрі
Микроорганизмдерді мал азығын дайындауда қолдану
Байжанұлы Жаяу Мұса
Бейімбет Майлин
Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен қызметі