Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 20.6.2018
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Саясаттану

Идеология – қоғамдық қатынастардың құрамдас бөлігі
Загрузка...
ИДЕОЛОГИЯ – ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ
Идеология дегеніміз не? Идеология – ілім, қоғамдық сана (грекше – ідса – ой, пікір, идея + логос – сөз). Идеолог – тап¬тың немесе қоғамдық топтастықтың ойын білдіруші, идеялық мүддесін қорғаушы деген түсінік. Қазақ совет энциклопедия¬сының 4-томында оған «таптың, әлеуметтік топтардың мүд¬десін білдіретін, қоғамдық сана, философиялық, моральдық, эстетикалық және діни көзқарастар мен теориялардың жиынтығы» деген анықтама берілген.
Алғаш рет «идеология» деген терминді француз философы және экономисі Де Гресси (1754-1836) қолданды. Ол «Идеоло¬гияның элементтері» деген төрт томдық еңбек жазған. Оның пікірінше, идеология идеялар туралы ғылым, ол барлық таби¬ғат және қоғам туралы ғылымдардың, саясат, этика және тағы басқа әлеуметтік құбылыстардың негізіне жатуға тиіс. Бірақ «идеология» деген сөздің кең тарауына себепкер болған адам – Наполеон Бонапарт. Ол либерал журналистерді, саясат¬шыларды «идеологтер» деп атап, оларды жаратылыстанумен айналысатын ғалымдарға және шынайы әрекет иесі белсенді адамдарға қарсы қойды. Фрнацуз императоры саяси сайқал¬дыққа тұрақсыз және алдамшы қоғамдық пікірге көп көңіл аударатын мемлекеттік қайраткерлерге жиіркенішпен келе¬междеп қарайтын.
Осы кезде қоғамның күнделікті өмірінен, алдында тұрған көкейтесті мәселелерден және мемлекеттің шынайы саяса¬тына алшақ идеяларды қоштап таратушы адамдарды «идео¬логтер» деп атады. К. Маркс пен Ф. Энгельстің 1845 жылға дейінгі жазылған еңбектерінде де «идеология» деген термин осы мағынада қолданылады. Бұл кезде Германияда Гегельдің философиялық мектебі ыдырап, тұрпайы социалистік теория¬лар пайда болды. Маркс пен Энгельс осындай идея, түсі¬ніктердің жиынтығын менсінбей, «неміс идеологиясы» деп атады.
1845 жылдан бастап олар идеология туралы өз түсініктерін қалыптастырды. ХІХ және ХХ ғасырлардағы идеология туралы айтылған ой-пікірлер маркстік пікірмен ұштасып, сабақтасып жатыр. Маркстік идеологияның мәні туралы түсінігінің қалып¬тасуында екі кезеңді ажыратуға болады. Бірінші кезеңде идео¬логия өзіндік негізі, тірегі жоқ жалған сана деп түсіндіріледі. Идеологиялық ғылымға, әсіресе Маркс пен Энгельс қалып¬тастырған тарихқа материалистік көзқарас қарсы қойылады. Олар идеологияға философиялық идеализмді де жатқызады.
Идеологияның мәнін пайдаланудың екінші кезеңі К. Маркс¬тің «Капиталды» жазуымен (1857) байланысты. Бұл кезде идео¬логия тілек, мақсат (топтық, таптық және т.б.) тұрғысынан шындықты бейнелейтін сана ретінде түсіндірілді. Осылайша идеология дегеніміз – жеке тілек, мақсатты ғылым, көркем¬өнер, мораль, саясат, құқық тілінде көтермелеп өткізу, жұртшылықтың санасына арбап құю. Осы мақсатта ғылым тілінде, ғылыми терминологияға көп жүгінеді. Идеологиялан¬дыру саналы түрде және санасыз түрде де жүзеге асырылады.
К. Маркс бұл кезде идеологияны тек ғылымға ғана емес, жалпы еркін рухани өндіріске, яғни барынша объективті, сондықтан да жалпы (жеке емес) тілек, мақсатты білдіруге бағытталған танымдық, көркемдік және басқа қызметке қарсы қояды. Экономикалық теория саласында К. Маркс экономи¬калық шындықты объективті түрде танып білуге ұмтылған классикалық саяси экономияны және осы теория құралдарын пайдаланып, таптық мүддені анықтап, шындықты танып білуге ұмтылатын тұрпайы саяси экономияны ажыратып көрсетеді. Сол сияқты К. Маркс ғылым мен идеологияны бір-біріне жалпы, абстрактілі түрде қарсы қоюға болмайтындығын, ғылымының өзінде идеологияландыру кезеңі, сәті кездесе беретіндігіне көңіл аударады.
Осы жайды ол физиократтардың, А. Смит, Д. Рикардо ең¬бектерін талдау үстінде байқап көрсетеді.
Идеологияның бұл түсінігі бірінші кезеңде қалыптасқан түсініктен ерекше, сонымен бірге оның негізгі сәттерін де ұмыт қалдырмай қабыл алған. Өз ілімдерін Маркс пен Энгельс жалған сана ретінде идеологияға қарсы қояды, әрі оны объек¬тивтік таным және білімнің синонимі ретінде теория не ғылым деп есептеді. Осы жайды дұрыс түсінбеген В.И. Ленин кейін «ғылыми идеология» деген жаңсақ пікірді ұстанған СОКП «партиялық идеология», «партияның идеологиялық саясатын» тым жоғары көтерді. Бірақ К. Маркстің кемеңгер ғалым, оның мұрасының уақыт таразысынан өтіп, болашақпен үндесіп жатқан жақтарын да мол екендігін де ұмытпаған жөн. Маркстің идеология туралы айтқандары – соның дәлелі.
Сонымен идеология бүгін ғана қалыптасқан ұғым емес. Қоғамдық-экономикалық формациялармен, мемлекеттік құры¬лыспен қатар туып, байланысты дамып келе жатқан табиғи да толассыз қоғамдық құбылыс. Идея, идеология дегеніміз – тек қалыптасып қалған қасаң түсінік емес, даму барысында күн тәртібіне қойылып отыратын мақсат-мүдде. Болмаса, идео¬логия дегеніміз – белгілі бір мақсатқа бағытталған идеялар жүйесі. Осы идеяларды жүзеге асыру арқылы ұлттық немесе әлеуметтік топтың түпкілікті мақсатқа жетуі көзделеді.
Сонымен идеология жеке мүддені қолпаштайтын белгілі бір жүйеге келтіріліп, өңделген көзқарастардың жинтығы болып табылады. Мұндай жүйелерді арнайы идеологиялық қызмет¬керлер жасайды.
Көппартиялық қоғамда айқын, анық бірнеше идеология өмір сүреді. Олардан мемлекеттік идеология жоғары тұрады. Мем¬лекеттік идеология – бүгінгі күнде үкіметті қолында ұстап отыр¬ған партияның идеологиясы.
Унитарлық мемлекетте жалғыз ресми идеология болады. Ал басқа идеологиялар болса олар қалтарыста өмір сүреді. Егер үкімет қатаң тәртіпті ұстанса, мемлекеттік идеология міндетті, оның идеялары, қағидалары, ұрандары жұрттың барлығы бұл¬жытпай орындайтын заңға айналады. Мұндай тәртіп орнаған елдерде мемлекеттік идеология екі дәрежеде кездесуі мүмкін. Мысалы, нацистік Германияда мемлекеттік идеология, бірін¬шіден, халық бұқарасына бір талап қойса, екіншіден, элита, ел басшыларына басқа міндет жүктейді. Ал И.В. Сталиннің диктатурасы кезінде біздің елде мемлекеттік идеология қарапайым халық пен басшылардың барлығына бірдей ортақ міндет жүктеді.
Сонымен идеология – адамдарды саяси және эконо¬микалық міндеттерді шешуге топтастыру мен жұмылдырудың уақыт таразысынан өткен тәсілі, әлеуметтік мінез-құлыққа қалыптастыру механизмі.
Осы тұста бір-екі жанама мәселерге назар аударған жөн. Оның бірі – түсініксіз қоғамдық пікір қалыптасып қалғандай: кешегі коммунистік идеология мен бүгінгі тәуелсіз еліміздің идеологиясы арасында бір бос кеңістік, қуыс (вакуум) пайда болды, қоғам бір кезең идеологиясыз қалды деген қағида. Осының өзі ақиқатқа жата ма деген сұрақ туады.
Қарсы пікіршілеріміз сол идеологиялық қуыстың дәлелі ретінде империялық идеологияның «қазасын», оның өзімен бірге ала кеткен идеологиялық мекемелерін уәж етеді. Идеологияны тек оны ұйымдастырушы, жүргізуші аппараттың қызметінде бағыныштылық жағдайда қоюға бола ма? Жаңа құрылып жатқан идеологиялық бөлім қызметкерлері де әлсін-әлсін сездіріп қалады: міне енді Президент те түсінді, әкімшіліктер де мойындай бастады, сондықтан ішкі саясат бөлімдері құрылды – идеологияның негізгі нұсқасы салынды, идеологиялық жұмысқа жағдай туа бастады. Осы дәлелдеме де қаншалықты өзін ақтар екен? Бір-ақ мысал келтіре кетелік, коммунистік партияның түкірігі жерге түспей, бір жақты моноидеологияның «патшасы» болып, бір орталықтан өзі пішіп, өзі шешіп тұрғанда да жергілікті идеологияны басқарған төрайымдар мен төрағалар арнайы мәжілістер мен жина¬лыстар, насихатшылар, лекторлармен кездесулер төрінің тұрақты «құрметті қонақтары» болғанымен, басым көпшілігі аузын бір ашпастан, идеологиялық иісін де ажыратпастан, қоғамнан өткені ақиқат емес пе? Бүгін де кейбір мәдени-рухани құбылыстар сол өткен кезеңдер ұқсастығын сездіреді. Осын¬дайда «… кешегі идеялық басыбайлылық пен идеократиялық үстемділікті қайта тірілтіп алмаймыз ба деген қауіп басым түсіп жатады» («Егемен Қазақстан», 16 қараша 1993 ж.).
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының өзіне тән мемле¬кеттік идеологиясын қалыптастыру, оны бұқара арасында жаю, сол арқылы қазақ қауымын, қала берді елімізді мекендеуші ұлт пен ұлыстарды ортақ іске мемлекетті нығайту ісіне жұмылдыру үлкен жұмысқа айналып отыр.
Кешегі коммунистік идеологиядан мезі болған Ресей жұрты ешқандай да идеологияның қажеті жоқ, мемлекеттің құдіретін адам құқығын сақтауға бағыттап, белгілі бір реттеушілік қызметтерді атқарумен шектеу керек деп жатқанда, біз Қазақ¬станда өз идеологиямызды қалыптастыруды қолға алғанымыз қалай деген заңды сұрақ көкейге оралары сөзсіз. Мұның өзі Ресей мен Қазақстанның қазіргі өміріндегі айырмашылық¬тардан – еліміздің демографиялық, геосаяси ерекшеліктерінен туындап отыр. Ұлтаралық келісім, олардың белгілі бір дүние¬танымдық идеялар төңірегінде топтасуы – біздің мемлеке¬тіміздің негізгі кепілі.
Тәуелсіздік жолына жаңа түсіп, өзінің көп ұлтты еліне, бай да кең байтақ жеріне, басқа да ерекшеліктеріне орай және демократиялық жолмен тез дамуды көздеп отырған Қазақстан Республикасы болса, дәп қазір өз мақсатына қызмет ететін идеологияны керек етіп отырғаны күмәнсіз.
Бұл орайда Назарбаевтың өз сөзімен келтірсек, қоғамда өзгерістерге сай келетін рухани ахуал туғызу, мұның өзі мемлекеттің барлық салаларында, соның ішінде идеология сияқты ерекше салада тек байсалды саясат арқылы ғана қолдау табады. Бүгінгі заманғы үлгідегі қоғам идеологиялық деп айқындайтын жүйе болмайынша өмір сүре алмаса керек.
Қазақстандағы жаңа идеологияның бағдарлары. Қазақстан елінің қазір өткен мен болашақ ортасындағы өтпелі кезеңде тұрғандығы белгілі. Ондай қоғамның ішінара да, түбегейлі өзгерістерге де көп ұшырап жатуы ықтимал. Демек теориялық пайымдауда да қалыптаса бастаған қағидаларды оқтын-оқтын қайта қарауға тура келетін тұстар да болуы мүмкін. Оның ешқандай айыбы жоқ. Қайта қастандыққа ұрынбауға, бұрыс¬тыққа жол бермеуге оң ықпал тигізері сөзсіз. Мәселен, қоғам¬ның бір сападан екінші сапаға өтуін революциялық жолмен емес, эволюциялық жолмен қамтамасыз етуге баса мән беруде жатыр. Ол тек әлеуметтік жарастық жағдайында ғана мүмкін болды. Ендеше қоғамдағы ынтымақ – жас тәуелсіз мемлекет үшін ең басты саяси құндылық болып табылады.
Мемлекет тоталитаризм жолына түсіп, бір идеологияны ұстанса, көп өмір сүре алмайды. Нацизмді ту етіп көтерген Германия марксизмді теория емес, идеология деп таныған, КСРО – соның айқын айғағы. Енді халықтың көзі ашылып, дү¬ниеге, өзін қоршаған ортаға байыпты да парасатты қарайтын болды. Ал тәуелсіз Қазақстан үшін қолайлы даңғыл жол – демократиялық мемлекетке жету мүмкіндігі туды. Ондай мемлекеттің артықшылығы адамдар бір идеология, бір сүр¬леулі жол үшін жанын пида етпейді, өзгеріске, жаңалыққа мол мүмкіндік қалдырады. Жалпы бір идеология жолында адам құрбан болмауға тиісті. Керісінше, бұл адамға қызмет етпейтін идеология.
Болашақтан үміті бар мемлекет ғылымға бар күшін, шынайы өзгерістерді, реформаларды ғылымға және философиялық тұрғыдан негіздейтін модельді, үлгі, сүлбіні жасауға және халықтың санасына құюға жұмсау керек.
Біздегі мемлекеттік идеология – ұлттық мұраттардан туындай отыра жалпы қазақстандық мақсаттарға ұласатын идеялар мен көзқарастар жүйесі. Негізінен ұлттық идеология құрайтын Қазақстанның мемлекеттік идеологиясы жалпы азаматтық құндылықтар мен рухани мұра жетістіктерімен үнемі толығу, баю үстінде болмақ. Демек мемлекеттік идеология – қазақтың ұлттық идеологиясының өркениетті адамзаттық, планетааралық идеологиямен синтезделіп қауышуы, жаңа сапалық дәрежеге өтуі. Осындай жаңа мазмұндық және сапалық деңгейде Қазақстанның мемлекеттік идеологиясы қалыптаса бастайды. Өркениетті мемлекеттердегі және Қазақстанның төл ерекшеліктерін қамти отырып, қызмет ететін идеологияның қалыптасуы өте-мөте күрделі әрі ұзақ мерзімдік процесс. Сондықтан әнді, елдің барлық әлеуметтік және ұлттық топтарының мақсат-мүдделерін ескеретін мемлекеттік идеологияның қалыптасып, дамуы үшін ең алдымен қазақ халқының ұлттық идеологиясының дұрыс қалыптасуы айрықша маңызды. Екіншіден, қазақтың идеологиясының ең озық, ең өркениетті, адамгершілік, ізгілік пен адалдық мазмұнындағы үлгілері күллі қазақстандықтардың дүние¬танымының түйініне айналуы керек. Ұлттық идеология міне осындай үрдістерден дамып, жалпы қазақстандық мемлекеттік идеологияға барып ұласа алады. Кез келген мемлекет өз азаматтарын болашақ туралы идеямен қамтамасыз етуі керек. Онсыз адамның күнделікті іс-әрекеттерінің мәні болмайды. Үмітсіз шайтан, ал адамды үміт болашаққа, сенімге жетелейді.
Егер біздің мемлекетіміз ұлттық мемлекет болса, идео¬логиямызда ұлттық қатынас сипат, ұлттық рух болу керек. Одан «Қазақстанның идеологиясы түгел ұлттық болсын, біз ұлтшыл болайық» деген ой тумауы керек. Басқа ұлтта да жақсы құбылыстар, элементтер бар, оны қабылаудан бас тартпағандығымыз жөн. Сондықтан идеология дегеннің өзі – өте күрделі құрылым, ғылыми таным, көзқарас мәселесі. Бұл мәселе бір емес, көптеген фактор бола алады. Мәселен, осы идеологияны қалыптастыратын, құратын, зерттейтін ғалым¬дарымыз кімдер? Идеологияның болашағы міне осыған байланысты.
Жаңа буын жаңа идеология әкеле жатыр. Жаңа буынның өзіндік идеологиясы – Қазақстанның тәуелсіздігі, қазақ тілінің мемлекеттік тіл болғандығы, Қазақстанның тарихының жаңаша әрі жан-жақты жазыла бастауы. Идеологияның түп қазығы осыған негізделетін болады. Қазақстанның өз бағыты бар: ол қандай еңбектерге сүйенеді, іргетасы қалай болмақшы? Біз жаңа буынды мамандарды осыған баулуымыз керек.
Қоғамдық дамудың басты мақсаты – жеке адамның рухани тұрғыдан өзін-өзі жүзеге асыруын қамтамасыз ету. Дарын, қабілет – ұлттық игілік, оның иелері қоғам, мемлекет көзінен таса қалуға тиісті емес. Америка Құрама Штаттары, Жапония өз елдерінде балаларды бүлдіршін кезінен бастап, өсіп ержеткенге дейін қайта-қайта тексеріп, сынап, дарындыларын іріктеп алатын тәрбие, оқу жүйесін жасады. Бұл елдерде баланың болашағы ата-ананың қызмет дәрежесі, қалтасының қалыңдығына емес, жеке басының қасиеттеріне байланысты. Осы тұрғыдан келер болсақ, тәуелсіздікке, құқықтық мемле¬кетке, демократияға және нарықтық экономикаға жету прогрес¬сивтік дамудың жолындағы қажетті, бірақ өтпелі сатылары болып табылады. Ал мұның өзі тәуелсіздіктің, құқықтық мемле¬кеттің, демократияның жақсы жақтары мен жаман жақтарын саралап, мезгілімен байқап, реттеп отыруды қажет етеді. Тарихи дамудың түбегейлі мақсаты – адам, оның өсіп-өнуі, гүлденіп, дамуы, жан-жақты жетілуіне жол ашу, жағдай жасау. Экономикалық, саяси өзгерістер осы мақсатқа жетудің құралдары ғана.
Егер осы тарих тәлімін мемлекет басшылары түсініп, ұғып, өз қызметінің көрсеткіші, критерийі ретінде қабылдаса, көп¬теген әлеуметтік мәселелер өз шешімін оп-оңай табар еді.
Шын мәнінде идеология дегеніміз – адамдардың қоғам¬дастығын саяси және экономикалық міндеттерді шешуге топ¬тастыру мен жұмылдырудың уақыт тезінен өткен тәсілі, бұл әлеуметтік мінез-құлықты қалыптастыру механизмі, бірақ бұл күштер – зорлау тәсілі емес, қайта мемлекеттік және оның тұғырнамасын қолдайтын партиялардың, қоғамдық қозғалыс¬тардың адамдардың ақыл-ойына өркениетті түрде ықпал ету тәсілі. Ал осы анықтамаға үңіле көз салсақ, ол – жай ғана идеология мақсаттары туралы ой тастау емес, жаңа мемлекет¬тік идеологияның тұжырымдамасы екенін айқын сезінеміз.
Ішкі саясат жайлы сөз болғанда, ішкі саяси тұрақтылықтан кейінгі тағы бір мәселе, ол – саяси партиялар мен қозғалыс¬тар, олардың саяси мақсаттары мен істері қандай, халықтың басым көпшілігінің мүддесіне, конституцияға, заңдарға сәйкес келеді ме, халықты жасампаз еңбекке жұмылдыра ма, жоқ, қит етсе көшеге, алаңға, митингіге, жұмысқа шықпауға шақыра ма, осы жағын реттегеніміз жөн. Бұл ретте үкімет те, Президент те белгілі бір саяси партияға арқа сүйеп, иек артқаны жөн сияқты. Ішкі саясаттағы егемендікке жеткізетін басты бағыттың бірі – сөз бен істің алшақ, екі басқа болмауы. Әрине елбасының, үкімет басшыларының сөзі де жиі өзгере бермеуі керек. Кейінгі кезде сөз бен істің алшақтығы айқын көріне бастағаны шын¬дық. Мұндай жағдайда Президенттің де, үкіметтің де халық алдындағы беделі тез түсетіндігі даусыз.
Президенттің Жоғарғы Кеңеске жолдауына: «Министрлер Кабинеті өз алдына, облыстар өз алдына қызмет атқарып жатыр... Үкіметтің өзі, ... бірнеше блокқа бөлініп отыр. Микро¬экономикалық, сыртқы экономикалық, әлеуметтік және сала¬лық блоктар арасындағы ауызбірліктің жоқтығы айқын көріну¬де», – деді («Ақиқат» 8, 1994, 24-б.). Бұл елдің көбіне белгілі және шын егемендікке жетудегі бөгеттің бірі. Бұл кемшілік таяу мерзімде түзеледі деп ойлаймыз.
Мемлекеттік идеологияның қызметі қаншалық кең көлемді болғанымен ол Президенттің ойынша үш түрлі бағыттарды қатар ұстауы идеологиясы болу керек:
– адамдардың қоғамдастығын топтастыру;
– әлеуметтік мінез-құлықты қалыптастыру;
– адамдардың ақыл-ойына өркениетті түрде ықпал ету [«Ақиқат», № 8, 1994, 6-б.].
Қазақстанның экономикалық кеңістік пен мерзімді суырылып алға шығуына орай экономика саласындағы идеологиясының негізгі принциптерін тұжырымдау қажет. Ол принциптердің бағыттары мыналар:
– өзіміздің кәсіпкерлікті қолдау;
– өндірісті құрылымдық жағынан қайта құру;
– халықты әлеуметтік қорғау;
– мемлекеттік байланыстар үшін экономикалық саяси серік¬тестіктер таңдауда байыптылық таныту;
– бұдан туындайтын қорытынды, өтпелі кезеңде тұрған Қазақстан Республикасының басқа да қоғамдық қатынастары мен идеология аралығында осындай диалектикалық тығыз байланыс жатқандығы болу керек.
Қорыта келгенде, идеологияға екі тұрғыдан қарауға болады. Біріншіден, сөздің кең мағынасында – идеологиялық эконо¬микалық, әлеуметтік және саяси қоғамдық қатынастармен диалектикалық байланысы, екіншіден, идеологияны қоғамдық қатынастардың өзіне ғана тән қасиеттері мен ерекшеліктері бар нақтылы сала ретінде пайымдау. Идеологияның тағы бір міндеті – қоғамның көп ұлттылығын тұрақты бірлесуші фактор¬ға айналдыру. Ұлтаралық жарастықты нығайтумен қатар Қазақстан қоғамының бірлесуі идеясын жүзеге асыра отырып, ұлт ішіндегі бірлікті нығайту. Аса маңызды идеологиялық міндеттердің бірі – қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін-өзі билеуін қалыптастыру. Идеялық бірігу арнасында қоғамда жоғары тіл мәдениеті орнығуы тиіс. Қоғамның бірігуін нығайтуға тұрақтылық, азаматтық келісім ахуалын құру елеулі әсер етеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев: «Біз бүгінгі таңда дәуірлік идеологиялық құрылымды орнатып жатқан жоқпыз», – дей тұрса да, мемлекеттік идеологияның негізгі бағдарларын жүйеге түсіріп бергені күмәнсіз.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



60.0 Kb
Категория: Саясаттану | Добавил: Dastan
Просмотров: 2842 | Загрузок: 340 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Дербес компьютерде іс-қағаздарын жүргізу
Әке мұрасы және мұрагерлік құқы
Шоқан және музыка
Windows Commander программасының мінездемесі
Айқап журналындағы оқу-тәрбие мәселелері
Қаржының мәні мен рөлі
Халел Досмұхамедов
Жұбан Молдағалиев
Хайуанаттардағы сәулелену ауруы
Жансүгіров Ілияс
Аристотель
Ақан сері Қорамсаұлы
Жасуша
Мәліметтер қорының классификациясы
Өсімдік қорғау және карантин мамандығы бойынша Емтихан билеттері