Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Саясаттану

Қазіргі отбасы және некелік қатынастар
Загрузка...
Қоғамдық құрылыста болған өзгерістер қазақ халқының отбасылық, некелік қарым-қатынастарында, әдет-ғұрыптарында, салт-санасында, жалпы мәдени өмірінде де үлкен өзгерістер жасап, жаңа қарым-қатынастардың қалыптасуына мүмкіндік туғызды. Кеңес өкіметі 1917 жылдың 18 желтоқсанында «Азаматтық неке, балалар және оларды тіркейтін кітаптар енгізу», 19 желтоқсанда «Некеден ажырасу туралы» қабылданған декреттерге В.И.Ленин қол қойды. Бұл декреттерге әйел мен еркектің отбасындағы теңдігі, неке құру мен айырылысу мәселесіндегі еріктілік, балалар тәрбиесі сияқты келелі шаралар жайы баяндалды . Келесі жылдары «Отбасы, неке және бала тәрбиесі жайындағы заңдар кодексі», «Ұждан бостандығы мен шіркеу және діни әдеттер» жөнінде декреттер қабылданды.
Мәселен, 1919 жылы Түркістан Автономиялық Кеңестік Социалистік республикасында отбасы, неке құқылары мен некелесушілерді ЗАГС орындарында тіркеу мәселелері іске асырыла бастады. 1920 жылы Қазақ КСР-нің бірінші Құрылтай съезінде 1917-1918 жылдары қабылданған қарарларын қарап, оларды Қазақстанда іске асыру шаралары белгіленді. Бұл шаралардың белгіленуі қазақ жұртшылығына тән көптеген патриархалды-феодалдық қатынастардың сарқыншақтарымен күресуді күн тәртібіне қойып, ерлі-зайыптылар теңдігін, әсіресе олардың арасындағы мал-мүлікке иелігін, яғни мұрагерлік құқығының бірдейлігін, неке құруда ешбір зорлықтың болмай, еріктілік негізінде жүргізілетіндігін уағыздауымен бірге, жалпы әйел қауымының ар-ұят, ұжданына нұқсан келтіретін қалыңмал төлеу, көп әйел алу және жесір алу құқына тыйым салынды. 1928 және 1938 жылдары неке құрушылардың жас мөлшері туралы мәселе күн тәртібіне қойылып, заң бойынша 18-ге толмай үйленуге не тұрмысқа шығуға рұқсат етілмейтін болды.
Алдымен әйелдердің сауатын ашып, оларды қоғамдық еңбекке тарту керек болды. Алғашқы кезде ликбездерге (сауатсыздықты жою үйірмелері) тек еркектер қатысып, әйелдер саны өте аз болды. Егер қатыса қалса, күйеуі бар әйелдер ғана қатысты.Ал бойжеткен қыздарды ликбездерге тарту өте қиын болды. 1926-1927 оқу жылынан бастап қыздарды оқытатын арнайы мектептер ашуға, басқа да мәдени-ағарту жұмыстарына әйелдерді кеңінен тартуға қаулы алынды. Мұндай қаулы іске асырылып, табысқа жеткізді.
Қазақ әйелдері тек тағдырының ғана қожасы болумен шектелмей, қоғамдық өмірге, саясатқа, мемлекет ісіне, ғылым мен мәдениет майданына белсене араласып, еркектермен бірге қоғамның тең құқылы азаматтарына айналды.
Отбасы басында әйелдердің тұратындығы олардың күйеулері өлген соң балаларының әлі үйленбегендігінен, тіпті кейбірі үйленсе де, отбасы тағдырын қолына алып, басшылық етуге әлі тәжірибесінің болмауынан деп қараған жөн. Мұндай отбасылар әсіресе соғыс уақытында, соғыстан кейінгі он жыл ішінде көп болды.
Егер отбасы қорының көпшілігі әке табысынан тұрып, әке әлі тұғырдан түспеген жағдайда қолындағы жас баласымен келіні толық әке ықпалында болады. Ал егер отбасы қоры негізінен бала мен келін табысынан тұрып, әке-шеше қартайып, үй шаруашылығымен айналысатын жағдай туғанда, әсіресе зейнетке шыққан кезде, отбасы тізгіні балаға өтеді. Әрине, үлкенді сыйлау дәстүріне байланысты олардың ой пікірімен санаса отырып, кейде тіпті көрер көзге отбасы тізгінін соларға берген болып, іс жүзінде өзі басшылық етеді. Мұндайда әке-шеше баласының келісімінсіз өз беттерімен отбасы өміріндегі маңызды мәселелерді шешпейді.
Ауылдық жерлерде әлі де болса үй шаруасын істеуге байланысты ескі дәстүр сақталып келеді. Үй шаруасының аса бір қатты қайырымы болмаса, күнделікті күйбең негізінен әйелдер үлесіне тиетіндігі айрықша дәлелдеуді керек етпейді. Сондықтан ең алдымен үйдегі әйел еңбегіне тоқталайық.
Үй шауасындағы әйел еңбегін жеңілдететін көптеген жаңалықтар ауыл өміріне еніп жатыр. Айталық, қазіргі әйелдер бұрынғыдай тезек теріп, тобылғы, қурай алып, оны жаяу арқалап тасып отқа жақпайды. Көпшілік жердің отыны көмір, ағаш, қи, газ болып отыр. Бұларды түсіру қазір әйелдер үлесіне тіптен жатпайды. Ал тамақ дайындау мен үйге от жағуда да көптеген жеңілдіктер туып отыр.
Қазіргі күні ауылдық жерлерде салынып жатқан үйлердің көбеюі мен қала үй жиһаздарының көптеген түрлерінің кеңінен таралуы үй шаруасындағы әйел еңбегін жеңілдетуде әсерін тигізіп отыр.
Осы күні үй шаруасына еркектер де араласады. Қоғамдық жұмыстан бос кезінде малға қарау, үйді жинау, малдың қысқы жем-шөбін дайындау, отын түсіру, диірменге ұн тартқызу, бақшаға қарау т.б. жұмыстарды еркектер істейді.
Сөйтіп, жаңа тіпті қазақ отбасында қарым-қатынастың қалыптасуы, ең алдымен, келіннің күй-жайының жақсаруымен, оның қайын жұртымен қарым-қатынасының жаңа жағдайға байланысты мүлдем өзгергенінде болып отыр. Қазіргі келіндердің отбасындағы бар мәселелерге тікелей араласып, ақыл қосып отыртын шын мәнісіндегі тең құқысы бар екендігін қажет етпейді. Жаңа отбасын құрушы қазіргі жастардың ішінде он жылдық, қала берді жеті жылдық мектеп бітірмегені кемде-кем. Орта және жоғары дәрежелі мамандық алғандары қанша. Мұндай жағдай жас жұбайлардың білімділігін, мәдениеттілігін, парасаттылығын, адамгершілік қасиеттерін молайтып, жаңа өмірдің кілтін өз қолына ұстай білуіне мүмкіндік береді. Олар үйде де, түзде де қол ұстасып, отбасы және қоғам мүддесіне сай еңбек етіп, өнегелі жастар қатарынан табылуды мақсат етеді.
Қазақ қауымында ежелден бері қалыптасып келген жақсы дәстүр – үлкенді сыйлау. Бұл дәстүр қазір де қажеттілігін жойған жоқ. Патриархалды әдетке байланысты бұрынғы келіндер өзі келін болып түскенге дейінгі туған күйеуінің барлық туыстарына ат қойып, олардың атын атамаса, қазіргі келіндер үлкен туыстарының ғана атын атамайды. Ал өзінен, күйеуінен кіші туыстарына ат қоюды бұрын әдептілік делінгенмен, қазір мүлдем салттан шықты. Қазіргі келіндер: қайын атасын – ата, енесін – апа, қайын ағаларын – аға, көке, жәке, үлкен абысындарын тәте деп атайды.
Қазіргі амбулатория және әйелдер босанатын орындар бар. Сондықтан екіқабат әйелдер алғашқы күннен бастап дәрігердің бақылауында болады. Орталықтан алыс жатқан мал жайылымдарында да дәрігерлік пункттер бар.
Перзентханадан шығысымен жас баланы шомылдыруды тәжірибелі енелердің бірі немесе үлкен абысыны ұйымдастырады.
Ауылдық жерлерде негізінен жас баланы қазақ бесігіне салады. Бұған қолдан жасалған, сатып алынатын темір не ағаш кереуеттер де, бесік арбалар да пайдаланылады. Әсіресе отбасында үлкендері барлар қазақ бесігін дұрыс көреді.
Баланың туылғанына 7-9 күн толысымен бесікке салу, отпен аластау, салушы әйелге көйлектік таза мата беру, туғанына қырық күн толысымен нәрестені қырқынан шығару ғұрпы өткізіледі.
Емшектегі жас баланы бағу түгелдей ананың үлесіне тиеді. Егер баланың әжесі не ересек апалары болса, олар да көмектеседі. Әсіресе үнемі үйде болатын әжелердің жас баланы қараудағы еңбегі өзгеше.
Қазіргі күнде ауылдық жердегі қазақ отбасындағы бала тәбиесінде балалар бақшасының, мектептің, әр түрлі қоғамдық ұйымдар мен үйірмелердің, қоғамдық еңбектің, орта және жоғарғы оқу орындарының алатын орны өзгеше.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Саясаттану | Добавил: Admin
Просмотров: 1814 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Нәзір Төреқұлов
Қазақ халық аспаптар оркестрін ұйымдастыру
Шығыс Қазақстан табиғаты және оны қорғау
Топырақтың адамзат үшін маңызы
Валеологиялық білім берудің теоретикалық негізі
Ар жақта дүмбірлеген Арынғазы...
Ақыт қажының Жиһаншаһ дастанындағы Шаһзада бейнесі
Бауыржан Момышұлы шығармаларындағы Абай дәстүрі
Мәлімет алмасуды ұйымдастыру
Ұлы Жібек жолы
Бейімбет Майлин
Елбасы мақсаты- ел мұраты, гүлденген Қазақстан
Салауатты өмір салтын ынталандыру
Қазақтың ұлы ақыны - Абай
Электрокардиограмма