Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 26.4.2018
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Саясаттану

В категории работ: 28
Показано работ: 16-28

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
Саяси биліктің түрлері. Қоғам өзінің саяси жүйесінде әлеуметтік міндеттерді билік арқылы, құқықтық заң-жобалар, на¬нымдар және басқа шартты қалыптасқан дәстүрлер арқылы жүргізіп отырады. Бұл ретте саяси жүйенің өз ішінде саяси рөлдердің өзі бөлініп отырады. Мемлекет саяси билікті жүргізудегі ең негізгі буын болып табылады. Мемлекет мынандай си¬паттармен айқындалады
Читать полностью

Категория: Саясаттану

Біздің елдің болсын, шетелдердің қоғамтану ғылымдарында болсын ұзақ жылдар бойы үлкен саяси қопарылыстар тұрсын, өткір қайшылықтар, терең дағдарыстар болса, мемлекеттің қалыпты, ойдағыдай дамымағандығы, жетілмегендігі, ауруы болып саналды. Ол үшін мемлекет тұрақты, тепе-теңдік жағдайында бірқалыпты дамуы керек сияқты болып көрінді. Сондықтан тұрақтылық қоғамның негізгі мақсаттарының, құндылықтарының бірі саналатын.

Қазіргі заманның елеулі ерекшеліктерінің бірі – адамзат қоғамының демократиялық даму жолына түсуі, жалпы¬адамзаттық қазыналарды ту етіп көтеріп, оларды басшылыққа алуы. Бұл ерекшеліктердің ойдағыдай өрістеп, жан-жақты өрбуінің кепілі – саяси мәдениет. Ол әдетте адамның саяси өмірді оңды қалыптастырудағы рөлін, қоғамдық топтардың саяси санасы мен қоғамдық өмірдегі әр түрлі саяси жағдайда өзін-өзі ұстау ерекшеліктерін, қандай болмасын мемлекеттік құрылыстың, сондай-ақ белгілі бір саяси жүйенің сын-сипатын, өріс-өзгерісін, саяси процестің бағытын дұрыс түсінуге мүмкіндік береді.

Саяси партия ұғымы. Қазақстан өз дамуының жаңа белес¬терін бастан кешіріп жатыр. Саяси партиялардың құрылуы – мемлекеттің саяси институттарының нығая түскендігінің белгі¬сі. Партиялық құрылымдардың калыптасуының кәсіби кезеңі басталды. Мұның мемлекет үшін қажеттігі бар. Қазақстанда бүкіл қоғамдық-саяси институттар орнығып жатыр.

Төңкеріске дейін қазақ арасында патриархалдық – рулық қатынастың сілемі сақталып келгенін – олардағы туысқандық қарым- қатынастан да анық көруге болады. Айталық, жеті атаға дейін қыз алыспау, яғни экзогамия заңына негізделген бұл жора олардың санасындағы өте әріге кететін тектік жақындықты ұмытпаушылықты көрсетеді.

Халықаралық саясатта әлемдік дамудың негізгі бағыттары әрдайым басты назарда болатыны белгілі. Егер зер сала қарасақ дүние жүзінің саяси картасының құрылысы өте күрделі. Ондағы алып жатқан мемлекеттердің әрқайсысының өзіндік орны бар. Мемлекеттердің көпшілігі бір-бірімен шекара¬лас жатыр. Саяси шекараның сипаты іс жүзінде мемлекеттік шекара бола бермейді.

Саяси партиялар деген не? Партия – латын сөзінен алған¬да «бөлік», «бөлісемін» деген мағынада ХІХ ғасырға дейін партия деп үкіметтің және парламенттің құрамында бәсекелес топтарды атаған. Неміс ғалымы Макс Вебер партияның дамуын үш кезеңге бөледі: аристократиялық топ, саяси клуб, бұқаралық партия. Алайда аталған үш кезеңнен өткен ағыл¬шынның екі партиясы ғана болды: либералдар (вига) және консерваторлар (тори).

Қоғамдық құрылыста болған өзгерістер қазақ халқының отбасылық, некелік қарым-қатынастарында, әдет-ғұрыптарында, салт-санасында, жалпы мәдени өмірінде де үлкен өзгерістер жасап, жаңа қарым-қатынастардың қалыптасуына мүмкіндік туғызды. Кеңес өкіметі 1917 жылдың 18 желтоқсанында «Азаматтық неке, балалар және оларды тіркейтін кітаптар енгізу», 19 желтоқсанда «Некеден ажырасу туралы» қабылданған декреттерге В.И.Ленин қол қойды.

Қазақ қоғамындағы билердің рөлі мен билер алқасы тура¬лы. Егемен ел болғалы қазақ халқының табиғатынан туындай¬тын талай тағылымды тұстарды ауызға алып, қайта жаңғыр¬тып, ұлттық үрдіске лайықтап кесіп-пішіп жатқанымыз белгілі. Қазақтың үш ұлы биінің, әрі батыр, әрі би Сырым Датұлының мерейтойларын атап өткенде көптеген ойлар туындаған. Шынында да өз заманында бұл бабаларымыз ел бастаған көсем, сөз бастаған шешен ретінде танылған еді.

Қазақ – ойшыл, философ халық. Қазақ халқы – ойшыл, не айтса да мәселенің байыбына жетіп барып айтатын, сөздің түйініне мән берген халық. Бейпіл ауыздарды, аузына не келсе соны сөйлей беретіндерді әсте жаратпаған. Халқымыздың тағы бір ерекшелігі естігенін қағып алып, бұлжытпай қайталай білген. Бұл сірә қазаққа ұлы дала, ұлан байтақ, алып сахара сіңірген игі қасиет болса керек.

Саяси жүйенің мәні мен құрылымы. Ең алдымен саяси жүйе дегеніміздің өзі не, соны айқындап алуымыз керек. Оның табиғаты, мазмұны, атқаратын қызметі қандай?
Қалыптасқан дәстүр бойынша, қоғамның саяси жүйесі –(ұйым) мемлекет, құқық және басқа саяси құбылыстар, инсти¬туттар мен мекемелер сияқты таптық ұғым болып табылады. Олар оның өмір сүруі мен жұмыс істеуіне тікелей байланысты. Бүкіл өмір сүрген тарихында қоғамның саяси жүйесі үстем тап¬тардың мүддесін қорғайтыны белгілі.

«Қырғи қабақ соғысы» - тарих және саясаттануда қолданатын ұғым, Екінші дүниежүзілік соғысынан кейін бастап Кеңес Одағының ыдырауына дейін созылған АҚШ басқарған "батыс мемлекеттерінің" және КСРО басқарған социалистік лагерінің идеологиялық қақтығысы (яғни либерал және коммунистік екі идеологиясының қақтығысы) және сол себептен жүргізілген АҚШ пен КСРО арасында қаруландыру бәсекесі.

Қазақ арасындағы әке мұрасы мен мұрагерлік құқы өз алдына бөлек сөз етуді қажет ететін қызық мәселенің бірі. Бұл мәселеге ежелден бері көңіл бөлінуде, тіпті Тәуке ханның «Жеті жарғысында» да ол көрнекті орын алған.
Қазақ – қазақ болғалы, әке артында қалатын мұраға жазба түрде өсиет қалдыру дәстүрі болған, өкінішке қарай, сол өсиет жазылған деректердің бірде-бірі біздің заманымызға келіп жетпеген.

Загрузка...
Предыдущая 1 2