Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 22.7.2018
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Саясаттану

В категории работ: 28
Показано работ: 1-15

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
ХIХ ғасырдың бірінші жартысындағы саяси-құқықтық теориялардың негізгі бағыттары. Бұл мерзімде капиталистік өркениет екі дәуірлік фактордың ықпалымен дамыды. Бірінші¬ден, Ұлы Француз революциясы капитализмге даму жолын тазартты; екіншіден, өнеркәсіптік төңкеріс капитализмді орнық¬тыра түсті. Монополизмге дейінгі капитализмде буржуазиялық бостандыққа, прогреске, заңдылыққа ұмтылысы байқалды.
Читать полностью

Категория: Саясаттану

Қазақ арасындағы әке мұрасы мен мұрагерлік құқы өз алдына бөлек сөз етуді қажет ететін қызық мәселенің бірі. Бұл мәселеге ежелден бері көңіл бөлінуде, тіпті Тәуке ханның «Жеті жарғысында» да ол көрнекті орын алған.
Қазақ – қазақ болғалы, әке артында қалатын мұраға жазба түрде өсиет қалдыру дәстүрі болған, өкінішке қарай, сол өсиет жазылған деректердің бірде-бірі біздің заманымызға келіп жетпеген.

Қарулы төңкеріс пен ақпараттық төңкеріс туралы. Үстіміздегі ғасырдың 80-ші жылдарының аяғында дүниежүзілік ең құдіретті елдердің бірі – КСРО ыдырап, тәуелсіз мемле¬кеттер пайда болды. Бұл адамзат тарихындағы аса ірі өзгеріс¬тердің бірі еді. Оны көптеген көзі қарақтылар «ақпараттық төңкеріс» деп атап жүр. Бұрынғы Француз немесе Ұлы Қазан сияқты ірі төңкерістерге қарағанда «ақпарттық төңкерістің» барысында әр қилы идеялар үшін мыңдаған адамның өмірі құрбан болған жоқ.

Саясаттану курсында демократия атаулы ұғымының алатын орны ерекше. Себебі демократия – бағзы заманнан бері халықпен бірге жасап келе жатқан қарапайым да, адам таңқаларлық ғажап ұғым. Мәселен, Геродот ұсынған антиктік демократияның белгілерін қарастырып көрелік. Біріншіден, адамдар қызметке жеребе тастау жолымен іріктелді.

Ежелгі шығыстың таптық қоғамындағы саяси ой-пікірлер. Ежелгі Шығыс елдеріне: Египет, Вавилон, Индия, Қытай, Персия; Батыс елдеріне: Грекия, Рим жатады. Бұл ел¬дерде саяси ой-пікірлердің қалыптасуы қоғамның таптарға жіктелуі мен мемлекеттер пайда бола бастағанда жүзеге асады. Саяси ой-пікірлердің пайда болуы бұл елдерде көбінде аңыздарға (мифтерге) тікелей байланысты. Адамның дүние¬дегі алатын орны да осы қиял-аңыздармен көрсетіледі. Бұл ой-пікірлер өз алдына білімдер саласы ретінде қалыптаспаған, мифология¬лық көзқарастың құрамдас бөлігі болып келеді.

Қайта өрлеу дәуіріндегі саясат пен құқық проблемалары. ХVI ғ. феодализмге қатты соққы жасалды. Капиалистік қаты¬настар ене бастады, буржуазия мен пролетариат пайда бол¬ды. Шаруалар қозғалысы өршіді. Әлеуметтік, саяси револю¬циялар дәуірі басталды. Католик шіркеуінің о дүниелік игілік теориясына қарсы адамның ақыл-ой, тәжірибесі, жасампаздық күші күреске шықты. Жаңа заманның саяси ілімдерінде адам, жеке адам мен мемлекеттің қарым-қатынасы туралы пробле¬малар маңызды орын ала бастады.

Идеология дегеніміз не? Идеология – ілім, қоғамдық сана (грекше – ідса – ой, пікір, идея + логос – сөз). Идеолог – тап¬тың немесе қоғамдық топтастықтың ойын білдіруші, идеялық мүддесін қорғаушы деген түсінік. Қазақ совет энциклопедия¬сының 4-томында оған «таптың, әлеуметтік топтардың мүд¬десін білдіретін, қоғамдық сана, философиялық, моральдық, эстетикалық және діни көзқарастар мен теориялардың жиынтығы» деген анықтама берілген.

Қазақ қоғамындағы билердің рөлі мен билер алқасы тура¬лы. Егемен ел болғалы қазақ халқының табиғатынан туындай¬тын талай тағылымды тұстарды ауызға алып, қайта жаңғыр¬тып, ұлттық үрдіске лайықтап кесіп-пішіп жатқанымыз белгілі. Қазақтың үш ұлы биінің, әрі батыр, әрі би Сырым Датұлының мерейтойларын атап өткенде көптеген ойлар туындаған. Шынында да өз заманында бұл бабаларымыз ел бастаған көсем, сөз бастаған шешен ретінде танылған еді.

Қазақ – ойшыл, философ халық. Қазақ халқы – ойшыл, не айтса да мәселенің байыбына жетіп барып айтатын, сөздің түйініне мән берген халық. Бейпіл ауыздарды, аузына не келсе соны сөйлей беретіндерді әсте жаратпаған. Халқымыздың тағы бір ерекшелігі естігенін қағып алып, бұлжытпай қайталай білген. Бұл сірә қазаққа ұлы дала, ұлан байтақ, алып сахара сіңірген игі қасиет болса керек.

Саяси партиялар деген не? Партия – латын сөзінен алған¬да «бөлік», «бөлісемін» деген мағынада ХІХ ғасырға дейін партия деп үкіметтің және парламенттің құрамында бәсекелес топтарды атаған. Неміс ғалымы Макс Вебер партияның дамуын үш кезеңге бөледі: аристократиялық топ, саяси клуб, бұқаралық партия. Алайда аталған үш кезеңнен өткен ағыл¬шынның екі партиясы ғана болды: либералдар (вига) және консерваторлар (тори).

Қоғамдық құрылыста болған өзгерістер қазақ халқының отбасылық, некелік қарым-қатынастарында, әдет-ғұрыптарында, салт-санасында, жалпы мәдени өмірінде де үлкен өзгерістер жасап, жаңа қарым-қатынастардың қалыптасуына мүмкіндік туғызды. Кеңес өкіметі 1917 жылдың 18 желтоқсанында «Азаматтық неке, балалар және оларды тіркейтін кітаптар енгізу», 19 желтоқсанда «Некеден ажырасу туралы» қабылданған декреттерге В.И.Ленин қол қойды.

Саяси жүйенің мәні мен құрылымы. Ең алдымен саяси жүйе дегеніміздің өзі не, соны айқындап алуымыз керек. Оның табиғаты, мазмұны, атқаратын қызметі қандай?
Қалыптасқан дәстүр бойынша, қоғамның саяси жүйесі –(ұйым) мемлекет, құқық және басқа саяси құбылыстар, инсти¬туттар мен мекемелер сияқты таптық ұғым болып табылады. Олар оның өмір сүруі мен жұмыс істеуіне тікелей байланысты. Бүкіл өмір сүрген тарихында қоғамның саяси жүйесі үстем тап¬тардың мүддесін қорғайтыны белгілі.

«Қырғи қабақ соғысы» - тарих және саясаттануда қолданатын ұғым, Екінші дүниежүзілік соғысынан кейін бастап Кеңес Одағының ыдырауына дейін созылған АҚШ басқарған "батыс мемлекеттерінің" және КСРО басқарған социалистік лагерінің идеологиялық қақтығысы (яғни либерал және коммунистік екі идеологиясының қақтығысы) және сол себептен жүргізілген АҚШ пен КСРО арасында қаруландыру бәсекесі.

Мемлекеттің негізгі белгілері. Мемлекет белгілі бір тер¬ритория шеңберіне халықты ырықсыз көндіру монополиясына ие, бүкіл қоғам атынан ішкі және сыртқы саясатты жүргізіп отыру құқығына ие, барлық жұртқа міндетті заңдар мен ережелер шығарудың ерекше құқығына, салық салып отыру құқығына ие болатын құрылым.

Отбасы және неке туралы заңға байланысты қазіргі жастар арасындағы неке құру қажетті жағдай – екі жыныстың да кәмелеттік жасқа келуі, яғни 18 жасқа толуы болып есептеледі. Қазақ жұртшылығы да осы жас мөлшерін дұрыс көреді, бұған дейін қызын ұзатуға, ұлын үйлендіруге асықпайды. Өйткені әрбір ата-ана балаларының оқу бітіріп, өз бетінше өмір сүруге дайын болған кезінде ғана жеке отбасы болуын қалайды.

Загрузка...
1 2 Следующая