Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 20.9.2017
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Журналистика

ӨЗБЕКСТАН ЕЛІНІҢ ЖУРНАЛИСТИКАСЫ
Загрузка...
Бұл мемлекет өздерінің тәуелсіздігін 1991 ж. 1 қыркүйекте жариялады. Өзбекстандағы БАҚ «ӨзбекСССР БАҚ туралы заңға» жүгінеді. Өзбек Республикасы Конституциясының 67- бабында айтылғандай – БАҚ еркін. 1997 ж. Парламент екі бірдей заң қабылдады. 1) Еркін ақпарат алуға кепілдік. 2) Кәсіпқой журналисттің жұмысын қорғау. БАҚ мекемелері пресса мемлекеттік комитетінің қарамағынан өтуге тиіс. Телевидение және радиостанцияларда саяси партиялар мен жалпы қозғалыстар жөнінде заң бойынша ақпарат таратуға жол берілмейді (3 бап). Сонымен қатар Республикада тәуелсіз басылымдар бар. Мысалы: «Тәуелсіздік». Бірақ бұл газет ұзаққа бармады. Алғашқы редакторы Альберг Мусин 1992 ж. Алматыда болған ЮНЕСКО семинарында тәуелсіз басылымдарды жетілдіру жөнінде шағым түсірді. Ол тәуелсіздердің басылымдарының қызметкерлері билік басындағылар тарапынан қысым көретіндерін ашық айтты. Оның айтуы бойынша тәуелсіз басылымдар ұлтаралық қақтығысқа ұшырайды. Өзбекстанда тәуелсіз басылымдар жоқтық қасы. Альберг Мусин жабылған тәуелсіз газеттердегі редакторлар, журналистер мен репортерлердің қуғындалғанымен қоймай, басқа мемлекетке көшуге мәжбүр болатынын баяндаған. Тәуелсіз журналистиканың бұл баяндамасы Өзбек Республикасының Президенті күмәнін күшейтті.
Экономикалық жағдайдың қиындығына қарамастан өлкеде 160 аудандық, 32 республикалық, 11 облыстық газет шығып тұрды. 20 күнделікті газет болды. Алайда баспасөз мекемелері туралы нақты айта қою қиын. Өйткені қағаз жетіспеушілігіне әрі қаржы тапшылығына орай, бірде жабылып, бірде жұмыс істеп тұрды. Ал, үкіметтік органдар: «Народное слово» орыс тілінде, ал өзбек тілінде «Халк аузи», «Народный прогресс» газеті. Бұл басылымның айырмашлығы совет үкіметі кезіндегі сипатынан айырмашылығы аз-ақ. 1992 ж. Ташкентте 50-ге жуық халық аралық газет журналдар шығып тұрды. Негізгі басылымдары: «Правда востока», «Түркістан», «Өзбекстан Констакт» газеттер сұраныс беру арқылы ғана алынады. Себебі бұл басылымдар компьютерлік терминмен басылып шығарылады. «Үзбе адабияты» журналы ежелгі шығыс әдебиеті, мәдениеті, тарихы туралы мақалалар жариялайды.
1994 жылы қыркүйегінен бастап Өзбекстан тұрғындары Ресей басылымдарының тек 5-не ғана жазыла алады: «Рабочую трибуну», «Труд», «Медицинское газето», «Аргументі и факт», «Экономика», «Жизнь». Бұның газет тасмалдау қиындығы деп түсіндіреді. 1995 жылы желтоқсанда жеті бірдей Республикалық газеттің шығарылымы тоқтатылды. Бұның себебін полиграфиялық концерн «Шарк» полиграфиялық қызметке қарыздың көптігінен деп мәлімдеген. Ал қазіргі уақытта зерттеушілер аймақта 7 басылымның жарық көретінін мәлімдеген. Олар «Вечерний Ташкент», «Ташкент Акшамы», «Батан», «Молодеж Озбекстана», «Туркестан», «Ташкентская правда», «Ташкент ақиқаты» (апталық газеттер), «Халк сөзи» (тиражы 31 мың), «Народное слово» (12 мың). Бұл екеуі парламент қарамағындағы газеттер. Бұл газеттердің барлығы тек билікті қолдайды.
1998 ж. Мемлекеттік комитетке 538 мекеме тіркелген. Оның 327 – мемлекеттік, 42 – мемлекеттік емес, 88 – журнал, 21 – телерадио компония станциялары журналистиканың көпшілігі жасырын жарнамамен айналысады.
Республикада Өзбекстан телерадио компониясы ғана бар. Бағдарлама мазмұнына қатал түрде тексеру жүргізіліп отырады. Жаңалықтар әлемінің түкпір-түкпірінен беріліп тұрғанымен Президент И.Каримовтың саясатымен айналыспайды.
Бағдарламада әр түрлі тақырыптарда токшоулар бар. Орыс тілінде хабарлар жоқтың қасы. Тек ақпараттық бағдарлама ОРТ, ТРТ, (Время, Вести). Телевидениеде жарнамалық сервистер дамып келеді. Олар жарнама демеушілерінің өнімін жарнамалайды.
Өзбекстан 1992 ж. бастап Интелсат ұйымына кірді. Спутниктік жүйемен байланыс мүмкіндігін пайдалану, әр түрлі бағдарлама беру арқылы телекомуникацияның халықаралық байланысын нығайта түсті. Қазір кезеңгі хабар тарату Ресейдің «Гаризонт» жүйесі бойынша жүзеге асады. Телевидение және радио тарап Республиканың барлық аймағына қызмет көрсетеді. ББС-ң Ташкентте Орта Азиялық бюросы бар. Мемлекеттік емес, телевидение 1991 ж. п.б. Тәуелсіз телевидение үшін үкімет тарапынан 8 лицензия бөлінгенімен, оның біреуі ғана Самарқандта активті жұмыс істейді. 1994 ж. күзде Өзбекстан байланыс министрлігі телекөрермендерге Республика аймағында Ресей телевидение бағдарламаларын таратуды тоқтататындығын хабарлаған. Ал бос қалған каналдарға АҚШ, Түрік, Үнді телекомпонияларының бағдарламалары ұсынды. 1996 ж. 7 мамырда Президент И.Каримовтың бұйрығы бойынша Өзбекстан мемлекеттік компонияларына барынша жағдай жасау салықтың бар түрінен босатылған. Тек жеке меншік телерадиокомпонияларға бұл бұйрық қарастырылмады. Нәтижесінде бұл телерадиокомпонияларда мемлекет қарамағына өтіп, жеке меншігінен айырылды.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



29.0Kb
Категория: Журналистика | Добавил: Dastan
Просмотров: 1384 | Загрузок: 142 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Жүсіпбек Аймауытов
Жүрсін Ерман
Қазақстан опера өнерінің негізін салушы сахна жұлдыздары
Қазақстан Республикасы, туризм, туристік нысандар
Құдайбердіұлы Шәкәрім
Сапарғали Бегалин - халықтың сүйікті жазушысы
Қорғалжын қорығы (Ақмола облысы)
Халық ауыз əдебиеті
Мемлекеттік аппараттың түсінігі және оның нысандары
Ақыт қажының Жиһаншаһ дастанындағы Шаһзада бейнесі
Шәңгерей Бөкеев
Нәзір Төреқұлов
Мағжан - ақынның ақыны
Баймырзаұлы Балуан Шолақ
Ыбырай Алтынсарин