Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 20.9.2017
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Журналистика

ҚЫРҒЫЗ ЕЛІНІҢ ЖУРНАЛИСТИКАСЫ
Загрузка...
1991 жылы 31 тамызда Қырғызстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін жариялады. 1993 жылы мамырда парламент жаңа заң қабылдады. Алғашқы жылдары Республикада 16 партия құрылды. Сонымен қатар социал демократиялық «еркін» демократиялық қозғалысы. Қырғызстан Республикасында конституция боцынша БАҚ еркін. 14-ші, 16-шы статья бойынша азаматтардың еркін сөйлеуіне, ойлауына, өз ұсыныстары мен пікірлерін еркін білдіруге құқылары бар. БАҚ туралы заң 1992 жылы 2 мамырда қабылданды.
Тәуелсіздікке дейінгі жылдарға қарағанда 1992 жылы газеттер саны үш есеге көбейіп, бес жүзге жетті. Басқа Республикаларға қарағанда бұл үлкен көрсеткіш. Негізгі басылым бұрынғы орталық Қырғыз Компартиясының органы «Киргиз 2 ТУУСУ» ( Киргизская знамя) 1991 жылға дейін тиражы 100 мың экземпляр болған. Қазір аптасына үш рет шығады. Тиражы 17 мың. Ал, Қырғызстанның демократтық қозғалысының газеті «Майдан» елеулі басылымдардың бірі. Сонымен қатар «Вечерний Бишкек» сыни басылым саясатқа да араласады. Республикадағы ең атақты басылым аптасына төрт рет 47 мың тиражбен шығады. 1991 жылғы кезең барлық коммунистік басылымдарға тиым салынған жыл болды. Бұрынғы коммунистік журналдар партиясы өз бағытын өзгертіп, экологиялық бағытқа бет бұрды. Ал, кейбір журналдар әр түрлі әлеуметтік бағытта жұмыс істеді. Мысалы: «Диқан шаруа» журналы ( Диқандар газеті) халық емшілерінің басылымы. «Улугман» ақсақалдар кеңесі насихаты, ал спорттық басылым «Бәйге» және тағы сол сияқтылар.
Қырғыз Республикасында «Заман Қырғызстан» газеті бар. Түрік және Қыоғыз тілінде, ал хроникалар ағылшын тілінде шығып тұрады. Демеушісі- Д. Сарығұлов. «Бизнесмен И К» газеті де өз жұмысн атқарып келеді. Демеушісі- «Азат» корпорациясы. Кәсіптік деңгейі төмен дәрежедегі журналистердің еңбек ақысы БАҚ-да мекемеге байланысты. Жеке меншіктер мемлекеттік мекемелерге қарағанда гонорарды көп төлейді. Ал, орыс тілді басылымдардағы еңбек ақы одан да көп. Мысалы: «Кешкі Бішкек» айына 130 доллар, ал орыс тілді басылымдардың айлық төлем ақысы- ең төменгі көрсеткіші 26 доллар. 1991-1995 жылдары Қырғызстан Кеңес өкіметі кезіне қарағанда сөз бостандығына еркіндік берді. Алайда 1994 жылы Республикада жағдай төмендей бастады. Осы жылдың маусым айында сөз бостандығын шектейтін «Мемлекеттік құпия туралы» заң шығарды.
Қырғызстан Юстиция Министрлігінде қазіргі күні 14 телекомпания, 13 радиостанция, 11 аралас телерадиокомпания бар. Таулы аймақ болғанына қарамастан Қырғыз мемлекеттік телерадио кешені барлық каналдарынан жоғары деңгейлі хабар жүргізеді. Мысалы: «1 канал» Президенттік администрация қарамағында. Канал бағдармаларында жаңалықтар, әр түрлі хабарлар, сондай-ақ, үкіметтік болғанымен сыни токшоулар да беріліп тұрады. Ал халақаралық хабарлар деңгейі аз. Бағдарламаның 70 пайызы қырғыз тілінде. Каналда спутниктік телевидение «Авразиядан» бірнеше сағат түрік бағдарламалары да беріліп тұрады.
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ТЕЛЕВИДЕНИЕЛЕР:
«Азия», «Алмаз», «Кыргыз жер», «Восет», «Салам», «Пирамида», «Орда», және Ош қаласындағы «Еркин Алатоо».
«Пирамида» -1991 жылы құрылған, 3 уақыт жаңалықтар береді. Эфирде лицензиялық және лицензиялық емес телешоулар Ресей станцияларынан беріліп тұрады. «Пирамида» көбіне орыс тілді көрермендерге арналған.
«Тәуелсіз Бішкек» -жеке меншік станция. 1996 жылы қаңтарда құрылған. Халықтың 20 пайызын қамтиды. Миграция, заң, әлеуметтік проблемалар жөнінде хабарлар береді.
«Асман» -атақта бизнесмен, администратор Д. Сарығұлов демеушілігімен 1996 жылы қазанда құрылған. Лицензиясыз фильмдерді, Ресей ток-шоуларын көрсетеді. Жаңалықтар берілмейді. Аудиториясы белгісіз.
Радио бағдарламалар 5 каналдан берілген. Ұлттық станциялар тәулігіне 12 сағат хабар таратады. Негізгі радиоканал «Радио 1». Жоғары деңгейдегі кәсіпкерлікке ие. Орташа деңгейдегі сыни бағдарламаларды қамтыған жаңалықтар беріп тұрады. Өлкенің барлық аймағына тарайды.
«Радио Пирамида» - жеке меншік радио станция. Жергілікті жердің жаңалықтарын беріп тұрады.Көбіне музыкалық хабарлар жүргізіледі. Кәсіпкерлік деңгейі өте жоғары дамыған. Сонымен қатар жаңалықтар қылмыстық хабарлар да радиобағдарламасында орын алған. Бұл радио астакалық және Шу қаласының 55 пайыз халқын қамтиды. Радио ЮНЕСКО грантын жеңіп алған.
«Алмаз Радио» -жекеменшік радиостанция халықаралық жаңалықтар беріледі. Әрбір 10 минут сайын өз жаңалықтарын орыс және қығыз тілдерінде эфирге шығарады. Саясатқа араласпайды.
«Радио Вост» -жеке меншік станция. Тек орыс тіліндегі музыкалық хабарларды береді. Қырғыз Республикасында телеканалдарға қарағанда радиостанциялар жоғары деңгей көрсетуде.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



28.5Kb
Категория: Журналистика | Добавил: Dastan
Просмотров: 1190 | Загрузок: 135 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Байсерке күйші
Сәбитұлы Асан қайғы
Сапарғали Бегалин - халықтың сүйікті жазушысы
Дербес компьютерде іс-қағаздарын жүргізу
Қорғалжын қорығы (Ақмола облысы)
Қазақ халық аспаптар оркестрін ұйымдастыру
Аймауытов Жүсіпбек
Атқарушы органдар
Қазақстан Республикасы, туризм, туристік нысандар
Шығайұлы Дәулеткерей
Халық ауыз əдебиеті
Шоқай Мұстафа
Арқа күйшілік мектебі
Жер планетасы
Мұрат Мөңкеұлы