Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 3.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Журналистика

Телебағдарламалар мазмұны мен түріндегі ұлттық элементтер
Загрузка...
Телепублицистің даралық сипаты, шеберлігінің ауқымы, парасат-пайымы үемі көрерменнің көз алдынан өтіп отырады. "Атамекен” хабарындағы Қ.Игісіновтің студияда әңгімелеу өнері, кейіпкер бейнесін ашу шеберлігінен кең тынысты, эпикалық серпілісті, С. Оразалиновтың хабарында адамда болуға тиісті табиғи сезімдер, үміт, арман, күйіну, сүйіну, ризалық, өкінішті, Б.Омаров жүргізген "Жеті күн”, "Бетпе - беттегі” тереңдік пен болмысқа, өмір құбылысына көзқарастағы жүйелі тұтастықпен, өмір иірімдерінің қоғамдық-әлеуметтік мәнін аша білгендігіне жан-жақты талдау жасалынды.

Қазақ тележурналистикасының даму жолындағы негізгі бағыттарды экандағы бағдарламалардың түрлік және мазмұндық үндестігімен тамырластыра отырып саралауға ден қойдық. Олар: әлеуметтік-саяси, көркемдік-танымдық, ойшылдық-поэтикалық, талдау-проблемалық, танымдық бағыттар ретінде қарастырылды. Телепублицистиканың экрандық ерекшеліктері, тақырыптық- мазмұндық сипаты, көркемдік-идеялық мән-маңызы С. Масғұтов, С.ОРазалинов, Қ. Игісінов, Қ. Қорғанов, Ғ. Шалахметов, С.Әшімбаев, Н.Иманғалиұлы, С. Байхонов, М. Ерғалиев, Ж. Ерман, Б. Омаров, Б. Құсанбек, Ғ. Боқаш т.б. телепублицистердің бағдарламалары арқылы талданып, сараланады.

Теледидардағы алуан жанрлардағы ақпараттарда телепублицистика сарыны мен пайымды талдау да, телекөрерменнің жеке пікірлері мен өрнекті ойлары да, жұртшылықтың белгілі бір құбылысқа өзіндік көзқарасы да қатарласа жүріп, өзектесе өрбиді. Бірмізгілде телепублицист өзі көтеріп отырған мәселеге көрерменнің назарын аударып, оларды ой-толғақ әрекетіне қатарластыра алып шығады. Мәселен, "Алтыбақан” хабары – таза, бабиғи, ұлттық бояуы қанық, реңі қою, халық табиғатына жақын, ауыл тұрғындарының салт-дәстүр аясындағы өнерін дамытуға арналса, "Кездесуде” жазушының шығармашылық өмірін жолын аудиториямен әңгімелесу арқылы таныстыру, ал "Сұхбатта” қаламгердің шығармашылық зертханасын ашу, өмірлік ұстанымын айқындау, азаматтық болмысын танып-білуге тележүргізушілердің бағыт ұстанғандығын байқауға болады. Әсіресе, жан әлемін құпиялап ұстайтын жазушылардан сыр тартып, өзектесе ой өрбітіп, қалтарыстағы көзге көп шалына бермейтін асылдарын көпшілікке жайып салатын тележүргізушінің шеберліктерінтеледидардағы жаңаша ізденіс, тың үлгі деп бағалауға болады.

Экрандағы телеавторлар мен шығармашылық және техникалық топтың әрбірі теледидар табиғатын ескере отырып, өздерінің біліктілігі мен парасат-пайымының деңгейінен көрермендеріне үлгі-өнеге тұтар ғибратты шынайы көркем туынды ұсынуға ұмтылыс танытқан. Сондықтан олардың шығармашылық ерекшелігін мына бағыттардан қарастыруға болады. Біріншіден, теледидар сценарийіне айқын, анық айтылатын, жарқын, жарасымды сезілетін, ауызекі сөйлеуде әлеуметтік мәні басым, толғақты әрі толымды ой қосылып, өмірдегі азаматтық мұрат бейнелі, отты, қуатты сөздермен айшықталды. Екіншіден, ағартушылық-тәрбиелілік, рухани-мәдени бағыттағы хабардың тақырыптық өрісі кеңейді, кейіпкердің алғырлығы мен сезімталдығы ұшқырланып, телеэкрандағы жүргізушінің сұрағы мен қонақ жауабынан үйлесімділіктің тұтас бейнесін байқауға болады. Үшіншіден, теледидардың тіл байлығына жаңа тіркестер мен ұғымдар қосылды. Өйткен, ой мен ұғымды білдіретін сөз іздеу, сөздің жігін білдірмей қалау шеберлігін игеру қажеттілігі туды. Төртіншіден, теледидар хабарларынан сан алуан құбылыс, түрлі суреттерді, кескін мен көңіл-күйдің терең түкпіріндегі сезімдер, алуын, өршіл мәнездерді байқауға болады.

Уақыт өткен сайын теледидар халықтың көзі мен тілі, һәм құлағы болып елмен бірге өзгеруде. Әр жылдары, әдебиет, әдет-ғұрып, салт-сана және өзге де бағыттағы жаңа мазмұндық телебағдарламалар өмірге келді. "Алтыбақан”, "Көкпар”, "Тайбурыл”, "Бойтұмар”, "Терме”, "Үкілі домбыра” т.б. телебағдарламалардың әрбірінен ұлттық әдет-ғұрып, салт-санаға қатысты халықтық дәстүрлердің нышанын айқын аңғарамыз.

ХХ ғасырдың орта тұсынан бергі жер шарында бір халықтың басқа ұлт туралы түсінігі кино және телеэкран арқылы қалыптасатыны аңғарылды. Сондықтан телеэкран ауқымының шексіз, көрерменнің сан алуан және онда шекара жоқ екендігін ескере отырып, эфирдегі әрбір телехабардың өзегінен тағылымды әрі танымды тұстарын іздеп, оларды кезең талабына сай қарастырдық.

Автордың ізденісі мен ақыл-ойынан, режиссердің өзіндік қолтаңбасы мен оператордың қырағы көзінен экранға шектелген дүние ғұырының қысқалығын мына жайлардың астарынан іздеуге болады. Біріншіден, басшылықтағы жиі-жиі ауыс-түйіс. Басшы не журналист болсын, экранға өз ойы, өз пікірі, өз жобасымен келді. Демек, бұрын көрерменге көзтаныс, эфирге сіңісті бола бастаған көркем дүние көрерменімен қош айтысады. Бұған Ш. Мұртаза кезінде "Таңшолпан”, "Шарайна”, "Тайбурыл”, "Жігіттің сұлтаны”, "Қыз сыны” т.б. телебағдарламалар дәлел. Екіншіден, уақыт ағымының өзі заман тынысына орай, аудиторияға жаңа түр, соны пішіндегі хабарлар легін әкелді, не оны уақыттың сұранысы тудырады. Сондықтан бағдарлама легінің өзгеріп, түрленіп, сипатын, түрін өзгертіп отыруы заңдылық. Үшіншіден, бүгінде шетел арналарының түрлі бағыттағы бағдарламаларының көптігі. Олардың техникалық мүмкіндіктері, жүргізушінің аудиторияны меңгеруі, көтерген тақырыбының өзектілігі, көрерменнің хабармен бүтіндікке айналуы секілді сипаттардың бағдарлама өзегінен көрініс табуы. Осы орайда: "Бүгін ұлттық сана жетілмей тұрып, ар-намыс шыңдалмайды. Ар-намыссыз азамат өзгелердің көсегесі түгіл, өзінің көсегесін көгерте алмайды. Онсыз ұлттық сана мен ұлттық намыс тұл”,-деген Президент сөзі орынды.

Теледидар арнасы: танымдық-тәрбиелілік әрі көркем хабралрдың үлес салмағы көбейтуі, халықтық салт-дәстүр, ұлттық қасиеттер, көнекөз жәдігерлерімізді насихаттау арқылы бабалар дәстүрінен алыстап бара жатқан ұрпақ тәрбиесін қолға алуы, ұлттық ойындарды телеарнаның ерекшелігіне сай жаңа мазмұнда өрістетуі, ұлттық тарихын, мұрат-мүддесін толыққанды жеткізетін хабарлар жасауды басышылққа алғандары жөн.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Журналистика | Добавил: Admin
Просмотров: 1233 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Франция мемлекеті
Депозиттерді тарту және қайтару есебі
Қазақ фольклористикасы
Есенжанов Хамза
ЖИТС-21 ғасыр дерті
Алғашқы қазақ газеттерінің тарихы
Майқы би
Сәтбаев Қаныш Имантайұлы
Қазанғап күйші
Міржақып Дулатов
Балқаш аңызы
Қазақ халық көне аспаптарының тарихи даму кезеңдері
Компьютерлік Вирустар
Адам болам десеңіз (білім сайысы)
Мәшһүр Жүсіп