Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 19.12.2017
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Журналистика

ШВЕЙЦАРИЯ ЖУРНАЛИСТИКАСЫ
Загрузка...
Швейцария газет-журнал ісінде ертеден тарихы бар елдер қатарына жатады. Мұнда алғашқы басылым парақшалары ХҮ-ХҮІ ғасырларда пайда болған. 1610 жылы "Ординари вохенцайтунг" (Әдеттегі апталық газет) нөмірі жарыққа шықты. Бұл Еуропада алғаш шыққан үш мерзімді басылымның бірі болатын. Ал 1634-1635 жылдары Женевада "Меркюр сюисс" (Швейцария меркурийі) және "Меркюр дэта" (Мемлекеттік меркурий) газеттері шығып, олардың арасында өткір айтыстар жүргізілді. ХҮІІІ ғасырда Ағарту дәуірінің идеялары таралуына байланысты жаңадан көптеген тиографиялар мен информациялық басылымдар, газеттер мен журналдар пайда болды. Бұдан соңғы ХІХ-ХХ ғасырларда Швейцарияда баспасөз жөнінде үлкен жетістіктер жүзеге асты. Көптеген басылымдар бай да, тұрақты дәстүрге сүйеніп отырады. Мәселен XIX ғасырдың 50-ші жылдары елде шыққан 406 саяси газеттің 8-і 1800-ші жылға дейін, 35-і 1848 жылға дейін шыққан. Одан соңғы 50-шақты жылда, яғни, XIX ғасырдың екінші жартысында 230-дай басылым жарық көрді. XX ғасырдың 20-шы жылдарына дейін 70-тен астам басылым дүниеге келді. Әрине, бұл көрсеткіштер елдегі баспасөздің қарқынды түрде өскенін білдіреді. Ал 1960 жылдары осындай процесс одан әрі жалғасып, 500-дей саяси басылымдар болды. Бұдан кейінгі уақытта біраз кіші газеттер жабылды.
Қазіргі кезде елдегі ең ірі басылымдардың бірі "Нойе цюрхер цайтунг" (Жаңа цюрих газеті) деп аталады. Аталған газет радикалды-демократиялық партиямен және іскер адамдармен өте жақын. Сондықтан газет Батыс әлеміндегі ықпалды финанстық мәселелерге араласып отыратын он шақты газеттің тобына қосылады. Мысалы, баспасөз зерттеушісі Мерилл осы газетті "Нью-Йорк таймс" газетінен кейінгі жоғары екінші орында деп есептейді. Газеттің ұзақ та, бай тарихи жолы бар, ол 1780 жылдан бері шығып келеді. Қазіргі тиражы 140 мыңнан асады. Басылым әлемнің барлық жеріне таралады десе де артық айтқандық емес. Өйткені, оны, тіпті, аздап та болса алдырмайтын ел жоқ. Тек жер жүзіндегі ең ірі қала - Нью-Йорктің 32 нүктесінде аталмыш газет сатылып тұрады. Осы секілді тағы бір кеңінен белгілі газет 1826 жылы негізі қаланған "Журнал де Женев" (Женева газеті) болып саналады. Бұл басылым Либеральдық партия мен өндірістік-финанстық ортаның мақсатын қолдайды. Оның тиражы өте көп болмаса да, банкілермен, монополиялармен байланысының арқасында әжептәуір салмақты газетке айналып отыр. Сондай-ақ елдің саяси өмірінде біршама ықпалға ие болған газеттер аз емес. Солардың қатарында "Блик" (Көзқарас), "Тагес анцайгер Цюрих" (Цюрихтің күнделікті шолуы) деген басылымдар бар. Ал кейбір газеттердің бірігуіне байланысты туған ірі газеттер қатарына "Бернер нахрихтенді", "Бернер Тагблатты", Бернер цайтунгті", "Базлер цайтунгті" жатқызуға болады. Швейцарияның еңбек партиясы социалистік және коммунистік қоғам мақсатындағы "Вореалите" (Жұмысшы үні шындық) деген апталықты Женева қаласынан француз тілінде шығарып тұрады. Енді Швейцарияның радиосы мен телевидениесіне келетің болсақ, олар өз хабарларын төрт тілде: неміс, француз, итальян, роман тілдерінде береді. Елдің электронды ақпарат құралдарының қызметі негізінен мемлекеттің мүддесін көздейді. 1987 жылы берілген телерадиокомпанияның лицензиясында оның программалары елдің мәдени қазыналарын дамытуға тиіс делінген. Яғни, рухани, моральдық, діни, азаматтық және мәдени ағарту салаларын өркендетуге күш салуды мақсат етуі қажет. Сонымен бірге пікірлердің бостандықта қалыптасуы айтылған. Телехабарлардың жартысына жуығы кабельдік телевидениені қамтиды.
Ал Швейцарияның телеграфтық агенттігі болса, 1895 жылы құрылған. Оның акционерлері елдің баспасөз органдары болып табылады. Агенттік ішкі саяси жоне халықаралық, экономикалық, спорттық және басқа көптеген салалар бойынша информация жинап, таратады. Оның хабарларын мысалы, 130 газет, радио мен телевидение, әкімшіліктер, байланыс мекемесі, транспорт, банк, жеке фирмалар, халықаралық ұйымдар, елшіліктер пайдаланады.
Ал Швейцарияның журналист кадрлары көбіне академиялық білім алуға негізделген. Мәселен екінші дүниежүзілік соғыстың қарсаңында елдің журналистерінің 65 проценті сондай білім алған еді. Сонымен бірге редакция қызметкерлері газет-баспалар мен Швейцария баспасөздерінің бірлестігі ұйымдастырған екі жылдық курстарда білімін көтереді. Лекциялар мен семинарлар негізінен Берн және басқа ірі қалалардағы университеттерде өткізіледі. Ондайда публицистика проблемаларына назар аударылады. Ал Фрибур университетінде журналистика институты бар. Оны бітіргендердің кейбіреуіне ғылыми атақ та берілуі мүмкін.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



30.0Kb
Категория: Журналистика | Добавил: Dastan
Просмотров: 1613 | Загрузок: 124 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Бұқаралық ақпарат құралдары
Архиваторлар
Жапония
Азаттық жырының ақтаңгері
Windows объектілі-бағытталған платформасы
Сарыбаев Болат (1927-1984) – қазақтың ұлы өнертанушысы
Қазақстан қонақ үйлеріндегі қызмет көрсету сапасының ерекшеліктері
Қазақ халқының қол өнері
Ғабиден Мұстафин
Сот билігі
Жасуша теориясы
Абай Құнанбаевтың әлеуметтік ой-көзқарасы
Латын Америка елдері мен Қазақстан арасындағы қатынастар
Махмұд Қашқари
Тұрар Рысқұлұлы