Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Журналистика

Радиожурналистиканың техникалық құралдары, радиодағы журналистік мамандықтар
Загрузка...
Микрофондар - акустикалық тербелісті электрлі тербеліске айналдыратын құрал. Ол телефон және радиобайланысында, теледидарлар мен радио хабарларын таратуда, дыбыс жазу орындарында және күшейту жүйелерінде қолданылады. «Микрофон» сөзі - гректің «микро» - аз, шағын, «фоне» - дыбыс деген сөзінен шыққаны этимологияда дәлелденген. Дыбыстық тербелістерді қабылдап, бірден электрлі сигналға айналды-ратын бірден-бір құрал. Яғни, микрофон алдында сөйленген сөз төменгі жиіліктегі электр тогына өзгертіледі. Дыбыс ауа толқындарьшың әсерінен тербеліске түсетін жұқа диафрагма катушкаға тиеді. Катушкаға диафрагма тиген кезде магнит өрісі пайда болады. Оның әсер етуі арқылы ток индукцияланады. Иидукцияланған ток жіңішке сым арқылы күшейткішке жіберіледі де дыбыс жазғыш тетікке беріледі. Ол өзінше жанасып қозғалатын магниттік үнтаспага түсіріледі.

Микрофондардың басты сипаты бағытталуында болып табыылады. Әр микрофон түрлі бағыттардан келетін дыбыстарға сезімталдығы да әр түрлі болып келеді. Сондықтан микрофоидарды екі топқа бөлуге болады: бағытталған және бағытталмаған деп. Ал, атқаратын функцияларына қарай, микрофондар электродинамикалық (катушкалы, ленталы), кондансаторлы, пьезоэлектрлі, электромагнитті, көмірұнтақты болып бөлінеді. Сонымен бірге, стерефониялық, тік бағытты, көп бағытты, шағын көлемді радиомикрофондар болып та сараланады. Радиода, теледидарда катушкалы, конденсаторлы, ленталы микрофондар көп қолданылады. Электродинамикалық катушкалы микрофондардың теледидар орталықтарында және радиоүйінде қолданылуы тиімді болып отырғандығы тәжірибеде дәлелденген. Заман талабына орай, электронды дәуірдің жаңалықтары күннен-күнге жаңартылып, өндіріске қолданылу үстінде. Пішіндері өзгертілгенмен де, қолданылу аясы кеңейгенімен де дзаиндық сапасы жақсарғанымен қызмет көрсету функциясы, дыбыс жазу технологиясы бұрынғы негізде сақталған. Микрофон құралдарының бәріне ортақ элемент - диафрагма болып табылады. Ол пластинка, мембрана, лента түрінде болады. Металдан, диэлектриктен, пьезоэлементген жасалуы мүмкін. Ең алғашқы микрофондардың түріне көмірұнтақты микрофондар жатады. Көмір ұнтағының ауа тербелісінен қозғалысқа түсуі арқылы жұмыс істейтін микрофондар қазіргі кезде өндірісте қолданылмайды. Пьозоэлектрлі микрофондар сапасы жағынан аса жақсы болмағанымен қарапайым жұмыс жазуда немесе дыбыстық эффект беру үшін қолданылады. Ал, ленталы микрофондардың дүниежүзілік ра-диобайланысында ұзақ жылдар пайдаланылып, өз сапалылығын тәжірибеде көрсеткен микрофондар қатарына жатады, әрі табысты қолданылу үстінде. Олар сыртқы әсерге аса сезімтал келеді, сондықтан сыртқы жағдайдан сақтауды қолдайды. Ленталы микрофонның ішіне полюстері көрсетілген таспа сияқты магнит орналастырылып, арасына фольгадан жасалған осы тәрізді жұқа пленка бекітілген. Дыбыстың әсерінен лента қозғалысқа түсіп, магнит өрісіне әсер ету арқылы электр қуаты пайда болады. Ал, электродинамикалық микрофондарда полюстердің арасына катушка орналастырылған. Диафрагманың тербелісі кезінде катушка бірге тербеліп, сол арқылы электр тогы пайда болады .

Конденсаторлы микрофон - сапалы, қызмет көрсету мерзімі ұзақ микрофондар типіне жатады. Бұлар өздігінен электр куатын шығармайды, сондықтан жұмыс барысында қосымша ток күші қозғалмалы электродқа әсер ететін полимер пленкадан жасалынған. «Дөңгелек үстел» өткізгенде, немесс шағын топ қатысқан хабарларды жазған кезде осы конденсаторлы микрофон ыңғайлы болып табылады. Конденсаторлық микрофондардың конденсаторына тұрақты электр заряды қосылған, яғни косымша ток күшінің қажеті жоқ.

Қоршаған ортадан түсетін дыбыс толқындары микрофон диафрагмасына эсер еткен уақытта эр түрлі тербелісте болады. Әр түрлі болуы дыбыс толқынының қай жақтан эсер етуіне қарай өзгереді. Сол себепті, микрофон диаграммасын негізі үш типке бөлуге болады: дөңгелек, жүрекше тәрізді және сегіз санының пішіні түрінде. Бағытталу диаграммасының формалары микрофондардың жұмыс принциптеріне байланысты. Микрофонның сезімталдығы деген ұғым түскен сигналмен шығатын дыбыс қысымының бірлігімен айқындалады. Ол бірлік децибелмен өлшенеді. Сонымен, микрофонның сезімталдығы ең төменгі электрлі сигнал арқылы анықталады, күшейткіштен дыбыстың шығуы арқылы байқалады. Кейбір бағытталған микрофондардьщ сезімталдығы аса нәзік, егер микрофон өздігінен сәл ауытқитын болса қабылдағыштық қасиеті азаяды. Микрофонға қойылатын өзіндік талаптар бар: берілетін дыбыс деңгейінен электрлі сигнал жасалуы қажет және ол құралдың өзіндік электрлі шуларының деңгейінен аспауы керек; шыққан сигналға кедергілер болмауы тиіс; аппаратқа қосылған соң жиіліктегі дыбыстардың біркелкі берілуі қажет.

Магнитафондар. Магнитофондармен қабылданған дыбыс әлсіз ауыспалы электр тогына айналады да, магнитофон құралында бірнеше рет өңдеуден, коррекциядан өтеді. Алдымен микросхемадағы немесе транзистордағы күшейткішке түседі. Күшейтілген микрофондық сигналды бірден жазу тетігіне беруге болар еді. Алайда, қандай жақсы сападағы күшейткіш болса да әр түрлі жиілікті бірқалыпты күшейте алмайды. Сондықтан, міндетті түрде дыбыс деңгейін өлшеуіш құрал - индикатор қажет.

Күшейтілген, коррекцияланған дыбыс магнит тетікке (маг. головка) түскен соң магнитті дыбысқа айналады. Бұл магнитгі головка - таға тәрізді, жұқа магниттелмеген денемен бөлінген ұш жағында 2 полюс белгіленген жүрекше орналастырылған қарапайым тетік. Жазу головкасына шағылған магнитті өріс магнитті үнтаспаға әсер етіп, қажетті информация алынады. Ол дыбыс ұзақ сақталуы үшін үнтаспаға арнайы темірқышқылы, кобальт, хром сияқты химиялық элементтер қосылады.

Сонымен бірге магнитофонда үнтаспаны магнитсіздендіретін өшіру тетігі болады. Алайда, үнтаспаларды пайдаланар алдында заводтан берілген аныктамаларға көңіл бөлінуі тиіс. Өйткені, кейбір үнтаспалардың магнитті ұстауы күшті болады да магнитсіздендіретін тетікке бағынбайды, сөйтіп бірнеше дыбыс қайта жазылып, магнитті жазудың сапасы төмендейді. Бұл айтылған жайлар магнитофон қызметін анықтайтын негізгі белгілер. Ал бұл магнитофон құралы Ресейде екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ғана пайда болды. Радиожурналистер алғашқы шағын магнитофонды 1952 жылдан бастап қолданды. Киев радиозаводы шығарған алғашқы маркасы "Днепр-8" деп аталды, кейіннен "репортер" делінді. "Репортер" латын сөзі, хабар жеткізуші, әкелуші деген мағынаны білдіреді.

Микшерлеу пульті - монтаждық аппараттық бөлмедегі режиссерлер жұмыс атқаратын негізгі құрал. Әуе кеңістігіне таралатын дыбыстың таза, үйлесімді, көркемделген, әсерлі болып шығуы үшін микшерлік аппараттың маңызы зор. Монтаж кезінде пайдаланылатын әр түрлі сигналдарды бір жүйеге бағыттап, (ол дауыс, түрлі сигналдар музыка, интершу, тарихи деректер, сөз т.б.) «күрделі образ» жасайды. Яғни, осы образ арқылы тыңдармандар көңілінен шығу, жүректеріне жол табу, ықыластарына бөлену сияқты нәтижелер пайда болады. Ал, электронды бұқаралық ақпарат құралында еңбек ететін журналистер үшін жоғары рейтингке жету - ең басты мақсат.

Микшерлеу аппаратында режиссер жұмыс істейді. Хабардың эстетикалық, мәдени, әдеби, тарихи, тағылымдық, музыкалық т.б. шығуы үшін қажетті элементтерді құрастырып, өз алдына бір туынды жасайды. Жазылған дыбыс деңгейін қадағалау, эфир мәдениетінің сақталуы сияқты процестер де осы микшер арқылы реттеледі. Хабарлардағы сюжеттердің бір-бірімен үнүзіліссіз байланысып, қабысуы, музыкалық әрленуі тәрізді жайлар да осы құрал арқылы жүзеге асады.

Қазіргі журналистер үшін электронды технология қажетті мүмкіндіктің бәрін жасауда. Осыдан аз уақыт бұрындары хабарлар бір магнитофоннан екіншісіне тетіктер арқылы көшірілу жолымен жасалса, ендігі жерде ол тек компьютерлік технология арқылы жүзеге асырылады. Хабар барысында дыбыс пен сазды компьютерлік өңдеуге арналған арнайы «Soundforge», «Audition» деп аталатын бағдарламалар бар. Монтаждау процесінің бәрі осы бағдарлама арқылы жасалады. Бұл компьютерлік монтаж деп аталады. Сол компьютердің арнайы белгі қойылған папкасында музыкалык қор, тарихи деректер, басқа да дыбыстмқ эффектілер де сақталады. Бағдарлама студенттік студияларди хабарлар жасау үшін қолайлы.

Диктофон - латын тілінен алынған сөз, "дикто — сөйлеймін", "фоне - дыбыс, дауыс" деген мағынаны білдіреді. Бұл тек қана адам дауысына арналған құрал. Көбінесе сұхбат жанрында пайдаланылады. Кей жағдайларда репортажға да қолданылады. Репортаж кезінде диктофонмен жұмыс істеу үшін журналистің шеберлігі, ептілігі қажет. Өйткені, аудиторияның назары мен сөйлеушінің сөзін немесе қажетті дыбыстық детальдарды үйлестіре алу қажеттігі туады. Диктофонның магнитофоннан бір ерекшелігі - жазылған дыбысты қағазға түсіру үшін баяулату немесе тоқтату тетіктері бар. Яғни, фономашинисткаларға ыңғайлы етіп жасалған. Қазіргі кезде көлемі, сапасы, құны жағынан жаңартылған көптеген түрлері өндіріске енгізілуде. Диктофондармен жұмыс жасау журналист еңбегін ғылыми ұйымдастыруға көмек етеді. Журналист жұмысына жеңілдік бо-лады. Әрі фактілердің, деректердің бұрмаланбауына мүмкіндік жасалады. Бірақ кейбір, талаптарды орындау қажет: асықпай сөйлеу, сөздер мен сөйлемдерді, кейбір күрделі тіркестерді анықтап айту, ретіне қарай қайталап айту, тіпті болмаса әріптермен айту қажет. Диктофон еріннен бірқалыпты деңгейде ұсталуы керек.

Радиохабарлар тарату торабы және жүйесі

Электронды бұқаралық ақпарат құралдарының өнімдері, оның ішінде радиохабары арнайы тораптан таратылады. Радиоторапқа жататындар: радиоүйлері, телеорталықтар, хабар таратушы арналар, елді мекендерге хабар таратушы және қабылдаушы станциялар. Ал, радиожүйеге - хабар тарату түрлері (дыбыстық, монофониялық, стереофониялық, квадрофониялық); бір сәтте берілетін бағдарламалар саны (бір бағдарламалы, көп бағдарламалы радиохабарлар); модуляция түрлері (амплитудалы, жиілікті); толқын диапазоны (ұзын, орта, қысқа, ультрақысқа) толқындар жатады.

Кез келген таратқыш станциялардың қабылдағыш станцияларға дейінгі қызмет көрсету аясы болады. Ол радиоқабылдағыштардың күшіне және өндірістік, атмосфералық кедергілерге байланысты жұмыс істейді. Ал, радиотолқындар ұзындығы - толқындардың таралуына және радиотораптардың қызметіне байланысты алынады. Ҳзын толқындағы таратқыш антеннасынан таралган энергия күндіз қабылдау нүктесіне жер толқыны арқылы жетеді. Ҳзын толқын күндізгіге қарағанда түндс алысырақ таралады, жазға қарағанда қыста ұзағырақ таралады. Ҳзын толқынға мыңдаған килловаттық қуаты бар таратқыш қолданылады, бұл экономикалық жағынан тиімсіз. сондықтан, республикалық, облыстық станциялар көбінесе орта толқынды пайдаланады. Ал, алыс қашықтықтарға қысқа толқын қолданылады. Сапалы дыбыс тарату үшін көбінесе көп толқынды жүйе тиімді.

Синхронды радиохабарлар тарату жүйесі - бірнеше таратқыш бір жиілікте параллельді түрде жұмыс істеп, біртекті бағдарламалардың таратылуы. Стереофониялық радиохабар тарату жүйесі деген - дыбыстың екі арнамен жазылуы. Мысалы, бір ғимараттан шыққан дыбысты басқа жаққа электроакустикалық жолмен арату. Яғни алғашқы шыққан дыбыстың өзгеріссіз сол күйінде естілуі. Егер ансамбль ойнап тұрған болса сондағы құралдардың әрқайсысының дыбысы жекелей естіліп тұрған күйінде жеткізіледі.

Ал, радиохабар деген - дыбыстық ақпараттар жиынтығы. Осы дыбыстық ақпараттардың сан алуан түрлерін әуе толқынына дайындап, тарататын қызметкерлер радиоүйінде еңбек етеді. Сондай дыбыстық ақпараттардың түрлері: Хабар - бір тақырыпқа бағытталған ақпарат. Ақпаратқа сөз ғана емес, музыка да жатады. Бағдарлама - бір арнаға, такырыпқа арналған хабарлар жиынтығы. Сөздік хабарға:

1. Лекция, баяндама, дикторлық сөз, көркем оқу, репортаж, коментарий жатады.

2. Вокалды аспапты музыкалар жатады.

3. Аралас хабарлар. Әдеби-драмалық хабарлар, яғни сөз де, музыка да аралас. Осы аталған дыбыстық эффектілер жиынтығы арнайы студияларда жасалады. Радиоүйінде жүзеге асырылатыи процестер - магниттік дыбыс жазу, монтаж, жазылған дыбыстың естілуін яки қайта шығарылуын қамтамасыз ету, трансляциялық пункттерден жазу, халықаралық арналардан сигналдар қабылдау сияқты істер. Онда шығармашылық және техникалық топ қызмет етеді, сонымен бірге жалпы қызмет көрсетушілер тобы да бар. Радиоүйінің тыныс-тіршілігін құрап отырған ұжымдардың қызметін бейнелейтін сызба төмендегідей:

Студиялық аппараттық блок - мұнда сөздік, дикторлык мәтін жазылады, режиссер мен хабар редакторы, оператор отырады. Олар монтажға дейінгі кезеңді, хабардың мәтінін талапқа сай етіп жазып алады.

Монтаждық аппараттық бөлмеде шағын хабарлар жасалады. Онда магнитофондар, монтаждық пульт, бақылаушы дыбыстық агрегат орналасқан.

Қайта жазу және күрделі монтаж аппараттық бөлмесінде -музыкалық, драмалық композициялар, эстрадалық, симфониялық т.б концерттер фонограммалары дайындалады. Мұндайда бірнеше магнитофондардан шыққан дыбыс сапасы реттеледі, яғни микшерлеу процесі жасалады, көп жолды магнитофондар дыбыстары жазылады. Әр түрлі дыбыстық әсерлер және жасанды жаңғырық жасалады. Ал, эстрадалық ансамбльдерді жазған уақытта бөлектеп жазу қолданылады. Мысалы, бірінші жолға ритмикалық топты (рояль, контрабас, қақпалы аспаптар); екінші жолға — үрмелі аспаптар (труба,тромбол); үшінші жолға — саксафон; төртінші жолға - солист жазылады. Сонан соң сигналдар магнитофоннан студиядағы күшейткішке беріледі. Одан кейін синхронды дыбыс жасау үшін көп жолды магаитофоннан бір жолды магнитофонға көшіріледі.

Концерттік студия кең болуы тиіс, бұл орының аумағы үш жүз шаршы метрге дейін қамтылады. 80-100 адам еркін сиятындай болады. Мұнда жеке әншілерден бастап, түрлі хорлар, ұжымдар орындауындағы бағдарламалар жазылып алынады. Бұл орында қанша жақсы жарақтандырылғанымен де студиялық "атмосфераның" сақталуы жиі кездеседі. Студиялық "атмосфера" деген - айналадағы қоршаған ортадан пайда болатын, дыбыс жазуға кедергі жасайтын шу. Бұл - көбінесе бағьттталмағаи микрофондарды дыбыс көзінен алшақ орналастырудан бо-латын құбылыс.Ондайда микрофонда отырған адамның сол ғана қимылы, желдету жүйесінен өтіп тұрған ауаның ағымы, диктордың терең дем алғаны да жағымсыз шулардың пайда болуына жол ашатын құбылыстар болып табылады. Мұнда үлкеи концерттік бағдарламаларды орындауға мүмкіндік бар. Кем дегенде 50-60 адамнан тұратын оркестрді еркін орналастыруга болады.

Әдеби-драмалық студия негізінде түрлі радиоқойылымдарды дайындауға бағытталған орын. Актерлердің жеке дауыстарына және қатысушы топтың қимыл-әрекеттеріне, сөйлеулеріне лайықталған.

Сөздік студияда алдын ала хабардың мәтіні яғни сөздің орфографиялық, орфоэпиялық, стилистикалық, грамматикалық ерекшеліктері режиссер тарапынан қадағаланып, үнүзілістің (пауза) орынды қолданылуы, екпіннің түсірілуі дауыстың қалыпты деңгейінің сақталуы т.б. ерекшеліктер ескеріледі, дикторлық мәтін оқылып, жазылады. Ол екі бөлмеден тұрады. Бірінші бөлме режиссерлерге, екіншісі дикторға арналған. Екі болменің арасы әйнекпен бөлініп, арасын байланыстыратын микрофонмен жалғастырылған. Жазылуға тиіс мәтіннің сапалы шығуына дыбыс операторы мен режиссер жауаптылық көрсетіп, қадағалап отырады.

Студиялар жабдықталған кезде міндетті түрде дыбыстық реверберация есепке алынады. Реверберация - латынша «reverbaratio» шағылу деген сөзінен шыққан. Яғни, жабық бөлмедегі дыбыс өшкеннен кейінгі оның біртіндеп сөну процесі осылай аталады. Сөздің анық, жақсы естілуіне қажетті реверберация уақыты 0,5— 0,6 секундтан аспауы қажет. Үлкен студияда 0,2-0,25 секунд, кішірек студияларда 0,3- 3,5 секунд аралығы қамтылады.

Микрофондар алдыңғы жазу бөлмесіндегі пультке жалғастырылады. «Мына тұста барабан күштірек» немесе «скрипка үиі әлсіздеу» деген сияқты кемшіліктерге жол берілмеу үшін инженерлер микрофонды дайындауға аса көңіл бөледі. Ал, радиоқойылымдарды жазу концерттік бағдарламаларды жазудан күрделі болып келеді. Мысалы, ондай студияларға кемінде бес микрофон қойылады. Төртеуінен шықққан сигнал пультке, пульттен тағы бір микрофонға, одан кейін дыбыс агрегатына беріледі.

Дыбыс жазу кезінде адам даусының неғұрлым табиғи шығуына көңіл бөлінуі қажет. Табиғи жазылған дыбыс хабардың нақтылығын арттырады. Сонымен, дыбыстық студияларға қажетті шарттар - дыбыстық (изоляция) оқшаулау, акустикалық талап, реверберация уақыты, техникалық және шығармашылық топ жұмысын қамтамасыз ету. Жоғарыда аталып өткен негізгі студияларға қосымша халықаралық хабарларды жазу және студиядан тыс трансляциялық хабарлар жасау орындары да бар. Трансляция - сөз бен дыбыс арқылы ешбір өзгеріссіз оқиға картинасының жасалу процесі. Қазіргі кезде трансляцияның маңызы зор. Өйткені, шетелдерде, ТМД мемлекеттерінде болып жатқан көптеген халықаралық маңызды оқиғалар осы трансляциялық жолмен таратылады.

Радиодағы журналистік мамандықтар:

Редактор — әуе толқынына шығуға тиісті хабарға жауапты адам. Оның міндеті сол өзі қызмет етіп отырған арнаның бағыт-бағдарына, жоспарларына орай хабардың сценарийлік жобасын құру, жанрын анықтау, хабарға қатысушы адамдарды шақыру, үнтаспаға дауысты жазып алу, мәселеге қатысты жайларды анықтау сияқты т.б. ұйымдастыру шараларымен шұғылданады. Егер хабар басқа адамның авторлық бағдарламасы болса да тиісті бөлімнің редакторы тексереді, эфирге рұқсат береді. Хабар барысында қатысатын журналистерге тапсырмалар беріп, бағыттайды. Ал, журналистке қойылатын талаптар төмендегідей:

1. Тапсырманың нақты мақсатын түсіну.

2. Объект жайлы толыққанды мәлімет жинау.

3. Оқиғаның немесе жағдайдың барысын дұрыс түсіиу.

4. Қойылатын сұрақтарды дайындау.

5. Хабардың жанрын, пішінін белгілеу.

6. Негізгі объект келмей қалған жағдайда қосымша кейіпкерлер дайындау.

7. Техникалық құралдың дайындығын тексеру.

Хабар редакторының тікелей эфир кезінде жауапкершілігі тіпті артады. Режиссермен байланыс сапасы жақсы ма, сигнал өз дәрежесінде жетіп тұр ма, аудиториямен байланыстыратын телефондар дұрыс па, джинглдар мен музыкалық шығармалар дайын ба, бағдарламаның қонақтары дер кезінде шақырылды ма деген сияқты жайлардың бәрін тікелей міндетіне жатпаса да тексеруі қажет. Тіпті хабардың өту процесі де күрделенеді. Себебі, ол хабар барысында оқиға туралы баяндау-заметка, оқиға кейіпкерімен әңгіме-сұхбат, оқиғаға түсінік беру - комментарий, әр түрлі пікірлер айтылуы мүмкін - "дөңгелек стол", оқиғаның көрінісінен хабардар ететін - репортаж, тіпті есеп те кездеседі. Міне, осындай сан түрлі жанрлар тоғысқан хабарды дұрыс ұйымдастыру - редактор міндеті. Тіпті микрофонмен қай жерде тұру, объектіні қалай сөзге тарту керек, сөйленер сөзді қалай даярлау керек деген сияқты функциялар да соның ішінде. Өйткені, сол хабардың эфирден шығуына, тіпті бүкіл іаі дырына жауапты.

Режиссер. Радиотуынды негізінен журналистік мәтіннен және музыкадан қүралады. Тыңдаушының қабілетін әспеттеу, солардың сұранысына орай хабарлар жасау арқылы, аудиорейтинг жинау журналистің міндеті болса, оны көркемдеп, әсірелеп жеткізу дикторга жүктеледі немесе әртістер шақырылады. Тыңдаушы адаммен емес, сөзбен бетпе-бет келеді. Телевизиялық хабарларда сюжет негізгі рөл атқарады да, сөз қосымша міндет өтейді. Ал, радиода бүкіл әрекет, құбылыс, оқиға тек сөзбен өрбіп, тыңдарманның көз алдына бүкіл көрініс тек баяндаумен елестетіледі. Міне, сондықтан да радиожурналистердің шеберлігіне қосымша режиссураның қажет болатындығы осыдан келіп шығады. Таспаға жазылған материалдың басты компоненттері дауыс, оқиғаның дыбыстық бейнесі, музыка, шу, т.б. көркемдік элементтерді біріктіріп, үйлестіріп отыратын бірден-бір маман - режиссер. Режиссерлік қызмет қаншалықты қиын болғанымен - соншалықты елеусіз қалып жатады. Эфирлік өнім әуе толқынынан өткен соң "хабардың режиссері-бәленбай" деген бір ауыз сөзбен тиянақтала салады, ал атқарылған істің жауапкершілігі, ауқымдылығы өте үлкен екендігі байқала бермейді.

Радиодағы хабарлар жанры жағынан әр түрлі болған сайын режиссер еңбегі де күрделене түседі. Бұрынырақтарда радиода жиі кездесетін радиокомпозиция, радиоочерк, радиофельетон, т.б. сияқты жанрлардың, көркем әдеби хабарлардың, радиодраматургияның азайып кеткендігі де радиорежиссерлерінің жұмысын бір жақты, бір сарынды бағытқа ауыстырып жібергендей.

Жақсы режиссер оператор, жөндеуші, топмейстер, дыбыс рсжиссері сияқты көмекшілері бола тұра бар жұмысты өзі атқара береді. Ол алдымен, жұмысты бастамас бұрын хабардың мәтінімен танысады. Сонан соң күллі көркемдеуші элементтерді дайындайды, музыканың естілу уақытын да сол белгілейді. Кез келген жерден музыканы үзіп тастауға болмайды, белгілі бір жеріне дейін ойнатып, сонан соң біртіндеп барып хабардың жабылу процесіне сай аяқтау қажет. Эстетикалық талғам, тыңдаушыға жетер әсер басты талап болуы тиіс.

Тікелей эфирде режиссерден жинақылық, шапшаңдық талап етіледі. Дер кезінде қажетті шуларды, музыкаларды жіберу, фонограмманы қосу т.б. әрекеттер ашық эфирде тез орындалуы тиіс. Кейде шақырылған адамдар келмей қалады, кешігеді, ондайда хабар жоспары өзгереді. Ендігі жерде режиссердің жедел шешімі керек. Әрине, режиссер көмекшісінің, оператордың жәрдемдері кажет. Хабардың үзіліп қалмауын қамтамасыз ету де соның міндеті. Кейде жүргізуші сөйлеп тұрады, ал радиодан естілмейді. Сондықтан, студия мен апараттық бөлме арасын байланыстыратын микрофоннан басқа наушниктер де қолданылады.

Репортер - ақпарат қызметінің негізгі құрамы. Оқиға барысын қадағалап, жедел сұхбат алып, репортаж жүргізетіндер. Оларға қойылатын басты талаптар: оқиғаны дәл жеткізу, мақсатқа жету, оқиғаның бейнесін ашуда ыждағаттылық керек, ең бастысы - радионың көркемдеуші, бейнелеуші құралдарын шеберлікпен пайдалану, дыбыстық эффект арқылы хабар берудің тыңдарманға жол табар әдіс-тәсілдерін табу. Негізгі оқиға орнынан басқа олардың ақпарат алатын көздері - ИТАР-ТАСС, РИА-"Новости", "Интерфакс", "Пост-фактум", "Қазақпарат", "Қазақстан-ТУДЕЙ" т.б.

Дыбыс режиссері - телевизия мен радиода жүмыс істейтін дыбыстық материалдарды дайындауды ұйымдастыруға басшылық жасайтын, фонотекалық материалдарды таңдайтын, дыбыстың техникалық, көркемдік сапасын бақылайтын, дәл уақытында дыбыстық эффектілерді қосып, тоқтатып тұруды, микшерлеуді, фонограмма жазуды бақылайтын шығармашылық қызметкер.

Дыбыс операторы - телевизияда, радиода жұмыс істейтін, хабар кезінде үнтаспаға жазылатын дыбыстың сапалы жазылуын қамтамасыз ететін, қажетті шуларды, музыкалық шығармаларды сценарлық жоба бойынша тиісті жерлеріне қосып, қадағалап отыратын техникалық қызметкер. Ал, телеоператорды техникалық емес шығармашылық топқа да жатқызуға болады. Өйткені, оқиғаның басталуы, желісі, шарықтау шегі, маңызы, түйіні сияқты мәселелерді дөп басып түсіру, назар аударарлықтай детальдарды тап басу сияқты факторларды сұрыптау үшін ой-қиялы ұшқыр, шығармашылық түйсігі жоғары болуы керек.

Ди-джей - музыкалық хабардың жүргізушісі. Ең алдымен оның музыканы жақсы түсінуі шарт. Сол аудитория тыңдаушыларының сөйлеу стилін меңгеруі керек. Сөзде қолдану үшін емес, тыңдармандарды түсіну үшін жаргондарды да білгсні жөн. Егер өз тыңдаушыларынан бөлек жоғары тонды сөздерді қолданып тұрса - аудитория түсінбей, қажетсіз пауза пайда болуы мүмкін. Сондықтан, неғұрлым ортақ тіл табысқаиы дұрыс.

Ди-джей адамдарды тыңдай білетін, түсіне алатын психолог та болады. Эмоциялық ұстамды болғаны жөн. Білімділік, интеллектілік аса қажет. Шет елдердегі ди-джейлікті бірнеше жоғары оқу орындарын бітірген, кез келген саладан хабардар, жасы толысқан адамдар атқарады. Оның тәжірибесі, көрген-білгені жеткілікті болмаса, сөйлер сөзі де болмайды. Әрине, қосымша ізденістер қажет. Мысалы, эстрада әншісінің сахнадағы, сахнадан тыс өмірі, әдеттері, көзқарасы т.б. туралы көбірек деректер, дайындық қажет.

Эфир жүргізушілері, жаңалықты жүргізушілер, ди-джейлер радионың форматына тәуелді болады. Аудиторияның ерекшелігіне жүгінеді, егер ересек адамдар болса, естеліктер, әңгімелер айтып, әңгіме-дүкен құрғанды ұнатады. Ал жастар аудиториясы күлкілі жайларды, көңілді музыканы талап етеді. Сондықтан, бағдарлама жүргізушілері кез келген аудиторияны үйіріп алатындай болуы керек. Ди-джей мен бағдарлама жүргізушісіне тарқатып жеке анықтама берудің қажеті жоқ: екеуі де аудиториямен, халықпен жүмыс істейді. Екеуіне де қойылар талап ортақ. Тек ди-джейге қосымша музыкалық білім қажет. Қазіргі европалық музыканттарды, ресей жұлдыздарын, қазақ «эстрадасының қаймақтарын жете білетін, музыка әлемінің небір жаңалықтарын біліп, аудиторияның талғамын дөп басып, көңілдерінен шығып жататын ди-джейлер бар.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Журналистика | Добавил: Admin
Просмотров: 1710 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Валеология бойынша бағдарламаны енгізу
Бекболат батыр
Құранды түсіну
Денсаулық - басты байлық
Мүсірепов Ғабит Махмұтұлы
Отбасы түрлері
Салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің құрылымы мен жүйесі
Текстік құжатты редакциялаудың базалық функциялары
Ахмет Байтұрсынов және қазақ терминологиясы
Музыка пәнін қазақ ұлттық аспаптар арқылы үйрету
Қазақ халық аспаптар оркестрін ұйымдастыру
Қазақ халық көне аспаптарының тарихи даму кезеңдері
Алпамыс батыр дастанының зерттелуі
Құнанбайұлы Абай
Халық ауыз əдебиеті