Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 21.9.2017
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Педагогика, Психология

Антика дүниесінің мәдениеті
Загрузка...
Антика дүниесінің мәдениеті

1. Ежелгі Грекия мәдениеті
2. Гомер дәуірінің мәдениеті. (б.з.д. ХІ – VІІІ ғасырлар)
3. Архикалық кезеңдегі Грек мәдениеті. (б.з.д. VІІІ – VІ ғ.)
4. Грек классикасы мәдениеті (б.з.д. V – ІV ғасырлар)
5. Элинизм дәуірінің мәдениеті. (б.з.д. ІV ғ. аяғы – б.з. І ғ.)

Антик дүниесінің өнері деп аталатын ежелгі Грекия мен Рим мәдениетінің әлемдік өркениетте алатын орны ерекше. АНТИК -( көне, ежелгі) деген ұғымды білдіреді. Қайта өрлеу дәуірінде дүниеге келген бұл терминді италиян ойшыл-гуманистері грек-рим мәдениетіне байланысты қолдаған. Көне мемлекеттердің мол, мәдени мұрасы Европаның барлық халықтары өнерінің көркем әдебиетінің, философияның, театрының және дамуына саяси құқықтық қалыптасуына елеулі ықпал жасады. Өмір шындығын нақты бейнелеп көркемділік пен қарапайымдылық , шыншылдық пен шеберлік қасиеттерімен белгілі болған грек және рим сәулетшілерінің, мүсіншілерінің даңқты мәдени туындылары – көне заман тарихы туралы ұғымымызды кеңейтіп қана қоймай мәдениеттің асқақ үлгісі ретінде күні бүгінге дейін өз мәнін жоймай отыр. Антик дүниесінің мәдениеті біздің заманымыздан бұрыңғы бір мың жылдықтың алғашқы ғасырларында қалыптаса бастаған. Оның он бес ғасырдай уақытын қамтитын ұзақ ғұмыры біздің заманымыздың бесінші ғасырда рим империясының құлауымен аяқталды.
Мәдениет тарихының қай кезеңін алсақ та, ол өзінің баға жетпес мәдени құндылықтарымен ерекшеленді. Сондықтан да болар ғалымдар көне мәдениетіне ерекше мән береді . Шындығын айтсақ біздің дүниежүзілік мәдениетпен таныстығымыздың өзі де гректердің таңқаларлық мәдени қазынасы мен ұшқыр ақыл-ой иелерімен танысудан басталады. Мұндай ақыл-ой даналығы рухани және саяси-әлеуметтік өмірдің барлық салаларында- поэзияда, саясатта, ғылымда құқықта кескіндеме сәулет мүсін және т.б. өнер салаларында кеңінен көрініс тапты. Грекияның көне мәдениетінің тамыры тереңде жатыр, өйткені, оның бастауында б.з.д 3-2 мыңжылдықтарда грекия жері мен эгей теңізі аралдарын мекендеген тайпалардың өркениеті жатыр. Эгей өркениеті мәдениеттің қайнар бұлағы болды, міне сондықтан да грек халқының ежелгі мәдениетінің ең ерте шағы Эгей өнерімен сабақтас. Б.з.д 2-мыңжылдықта эгей мәдениетінің аса маңызды орталықтары крит аралы мен пелопоннес түбегіндегі микены болғандықтан да эгей өркениетін крит-микены мәдениеті деп атайтын болған. Аңыз бойынша гректердің ең басты құдайы зевс бұқа бейнесіне еніп финикия патшайымы, асқан су европаны алып келеді.ал одан аралдың болашақ билеушісі минос туған .Атақты геракл өз ерліктерінің бірін дәл осы крит аралында жасаған , құтырған бұқаға бас үйреткен. Гомер де өз дастандарынанда бұл арал қалаларының бай екендігін мадақтай көрсетеді. Ал шындыққа белгісіз кейбір аңыздарда зевс пен европаның баласы минос ел билеуші патшалардың әділеттісі болыпты мыс дейтін деректер бар. Алайда критті осындай есімді патша тек мифологиялық шығармаларда ғана емес грек тарихшыларының еңбектерінде кездесетінін естен шығаруға тағы да болмайды.ү Крит жайында египеттік текстерде де кейбір деректер ара-тұра кездесіп қалады.

Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



13.1Kb
Категория: Педагогика, Психология | Добавил: Admin
Просмотров: 2202 | Загрузок: 211 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Мәлімет алмасуды ұйымдастыру
Абайтанушы ғалым Қайым Мұхаметханұлы
Биосфера туралы жалпы түсінік
Дербес компьютерде іс-қағаздарын жүргізу
Валеология – салауатты өмір сүрудің негізі
Гигиена
Адастырушы діни ағымдар
Фариза Оңғарсынова
Нығмет Сауранбаев
Тастанбекқызы Сара
Италия Республикасының Конституциялық құқығы
Қазақстанда азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет қалыптастырудың ерек...
Бұқаралық ақпарат құралдары
Қазақтың күй өнері
Мұхтар Әуезов