Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 20.9.2017
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Өнеркәсіп, Өндіріс, Мұнай

Жалпы және жартылай тепе - теңдік
Загрузка...
ЖАЛПЫ ЖӘНЕ ЖАРТЫЛАЙ ТЕПЕ - ТЕҢДІК
Экономикада қызмет ететін рыноктар өзара тәуелді, олардың біріндегі өзгеріс басқаларындағы товар бағасы мен өндіріс көлеміне әсер етеді. Себебі рыноктағы бір өндірушінің соңғы өнімі келесі біреуі үшін ресурс болады немесе игіліктер бірін - бірі айырбастайды, толықтырады. Осыған дейін қарастырылған жеке рыноктардағы тепе - теңдік жартылай тепе - теңдік деп аталады. Олар рыноктық жүйе бөлшектері.
Рыноктық жүйені құрайтын әртүрлі рыноктар мен бағалар арасындағы байланысты ірі масштабта қарастыру жалпы тепе - теңдік деп аталады.
Экономикадағы кз келген –згеріс сыртқа кемімелі толқынмен таралады. Экономикалық әдебиеттерде осы құбылысқа айқын мысал ретінде жетпісінші жылдардағы әлемде мұнай бағасының күрт оншақты есе жоғарылап кеткенін келтіреді. Тұтынушылар мұнай өнімдерін пайдалануды шектеп, мұнайды айырбастайтын өнімдерді іздестіре бастады. Валюта рыногында да өзгерістер басталды...
Рынокта айырбас бір жаққа тиімді болу үшін екінші жаққа міндетті түрде тиімсіз болуы керек. Өзара тиімді келісімдер экономикада игіліктерді тиімді бөлуге мүмкіндік береді. Экономикалық ғылымда айырбас тиімділігін білу үшін «Эджворт диаграммасы» («Эджворт жәшігі») пайдаланылады.
Диаграммадағы әр нүкте өнімдер өндіруде пайдаланылатын ресурстар санының үйлесімі варианттарын көрсетеді.
Өндіріс тиімділігіне жету үшін бір товар өндірісіндегі ресурстарды екінші өнімді өндіру санын азайтпастан айырбастауға болмайтын жағдай. Эдвортдиаграммасы өндіріс тиімділігіне сай ресурстарды бөлу нұсқасын анықтауға пайдаланылады.
Тиімділік басқа әлеуметтік мақсаттарға қайшы келеді. Тиімділік ұлттың тұрмысын максимизациялаумен байланысты түсінік. Мысалы еркін сауда тұтынушыларға бағаны төмендету жағынан тиімді, ал экспортерлер үшін сауда көлемін ұлғайту мүмкіндігімен пайдалы.
Егер бір жақтың жағдайын жақсарту екінші жақтың жағдайын нашарлатпастан мүмкін болмаса, ресурстарды бөлуде Парето оптималдылық орындалды деген сөз.
Порето оптимум өндіру тәсілін өзгерту арқылы немесе адамдар арасында өнімдерді қайта бөлу арқылы қосымша таза ұтыс алуға болмайтын экономикалық жағдай.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



24.0Kb
Категория: Өнеркәсіп, Өндіріс, Мұнай | Добавил: Dastan
Просмотров: 1406 | Загрузок: 142 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Ре – мажорлық №104 симфония
Ақсу-Жабағлы қорығы (Оңтүстік-Қазақстан облысы)
Ғабиден Мұстафин
Бұқаралық ақпарат құралдары
Қазақ музыка өнері
Электрокардиограмма
Паскаль програмдау тілінің қайталау командалары
Италия Республикасының Конституциялық құқығы
Мемлекеттік аппарат қызметінің және ұйымдастырылуының негізгі қағидала...
Хамза Есенжанов
Жансүгіров Ілияс
Адам болам десеңіз (білім сайысы)
Төлебаев Мұқан
Дербес компьютерде іс-қағаздарын жүргізу
Топырақтың адамзат үшін маңызы