Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Өнеркәсіп, Өндіріс, Мұнай

Тауарларды әзірлеу, тауарлар түрлері, жіктелуі туралы түсінік
Загрузка...
Маркетинг кешені 4 құрылымдық компоненттен тұрады:
1. Тауар.
2. Баға.
3. Тарату әдістері.
4. Ынталантыру әдістері.
Тауар түсініктемесінің саны жеткілікті. Тауар дегеніміз - бұл мұңтаждықты немесе талап-тілекті қанағаттандыратын және нарыққа назар аударту, сатып алу, пайдалану немесе тұтыну үшін ұсынылатын нәрсенің бәрі.
Олар объектілер, көрсетілетін қызметтер, орындар, ұйымдар және идеялар болуы мүмкін.
Тауарлық бірлік - шаманың, бағаның, сыртқы пішінінің көрсеткіштерімен және басқа да атрибуттарымен сипатталатын ерекшеленген тұтастың. Мысалы, тіс пастасы - тауар, ал "Проктер энд Гембл" фирмасының "Колгейт" пастасының қыспасы, бағасы 190 теңге – тауарлық бірлік.
Тауарларды ойлап шығарушылар дайындайды және оны әзірлеген уақытта идеяны 3 деңгейде қабылдау қажет:
1. Ойдағы тауар, бұл деңгейде мына сұрақтарға жауап беріледі; "Сатып алушы нақты нені сатып алады? Сатып алушы қандай мұңтаждықты қанағаттандырады?"
Өйткені қандай да болмасын тауар - ол белгілі бір проблеманы шешетін орау арқылы көрсетілетін қызмет.
2. Нақтылы түрінде орындалған тауар, ол бес негізгі сипатымен: сапасының деңгейімен, ерекшеліктер жинағымен, арнайы әшекейленуімен, маркалық атауымен, ерекше орауымен белгіленеді.
3. Нығайтылған тауар - тауарға қолдау ретінде қосымша көрсетілетін қызметтер мен пайдасын беру. Фирма тауарға үнемі қолдау жасап отыратын тиімді жолдарды іздеуі қажет.
Тауарлар әлемі ауқымды және сан алуан, сондықтан онда дұрыс бағыт ұстану үшін оны жіктеуде әртүрлі әрекеттер жасалып жатыр.
Тауарды пайдалаыу дәрежесі немесе материалдық қажеттілігі бойынша жіктеу:
Ұзақ мерзім пайдаланылатын тауарлар - көп мәрте пайдаланылатын материалдық бұйымдар (тоңазытқыштар, станоктар, киім);
Қысқа мерзім пайдаланылатын тауарлар - пайдаланудың бір немесе бірнеше циклі ішінде толық қолданылатын материалдық бұйымдар (отын, жағар май, сыра, тұз, сабын);
Көрсетілетін қызметтер - белгілі бір тарап іс-әрекет, басқасына пайда немесе қанағаттандыру түрінде ұсынатын сату объекті (тұрмыс қажетін өтеу ұйымдары, заң және бугалтерлік кеңсе, банктер).
Өндірістік тауарлар басқа тауар мен көрсетілетін қызметтерді өндіруде шаруашылык қызметті және тұтынушыларға қайта сату үшін сатып алынады. Өндіріс тауарларын өндіріске қатысуына, құндылығына байланысты келесі үш топтарға бөлуге болады:
Материалдар мен бөлшектер (тетіктер) өндіріс процесінде толык, пайдаланылады. Оларды екі топқа бөлуге болады: 1) шикізат - ауыл шаруашылығы өнімдерін қамтиды (бидай, жеміс - жидектер, мақта және т.б.) және 2) жартылай фабрикаттар мен тетіктер бұлар материалдық компоненттер (темір, цемент, сым темір және т.б.) немесе толықтырушы бұйымдар (дөңгелектер, шағын моторлар және т.б.) ретінде қолданылады.
Күрделі мүлік - дайын бұйымда жартылай шамада болатын тауарлар. Оны әдетте 2 негізгі топқа бөлуге болады: тұрақты құрылыстар және қосалқы жабдық. Тұрақты құрылыстар - олар үй - жайлар, әкімшілік ғимараттары, компьютерлер мен станоктар, қосалқы жабдыктар - жылжитын, зауыттық жөне кеңселік жабдықтар (қол құралы және т.б.).
Қосалқы материалдар мен көрсетілетін қызметтер - дайын бұйымның құрамына кірмейтіндер. Қосалңы жабдық - жұмыс материалдары, техникалық қамтамасыз ету және қайта жөндеуге арналатын материалдар. Көрсетілетін қызметтер - олар іс-әрекет, пайда немесе қанағаттандыру түрінде ұсынатын қызметтер (банктер, техникалық жұмыс станциялары, тұрмыс қажетін өтеу ұйымдары және т.б.).
Тауар саясатының маңызды элементтерінің жиынтығы болып онын, таңбасы, орауы, атқарылатын қызметі және тауарлық ассортиментін әзірлеу табылады.
Марка – ол тауардың атауы, белгілі бір қаріппен жазылған рәмізі, суреті немесе олардың қосындысы.
Маркалық атау – ол марканың бір бөлігі, оны айтуға болады және тауардың сапасы жаңсы деген ойды білдіреді, мысалы, "Шевроле", "Пума".
Маркалың белгі – ол өзге тауардан айыру үшін белгіленген сөзбен, суретпен көлемді етіп бейнеленген марканың бөлігі, эмблемасы.
Тауарлық белгі (® , ™) – құқықтық қорғаумен қамтамасыз етілген марка, оның бөлігі.
Авторлық құқық (© ) - әдебиеттік, музыкалық немесе көлемді шығармалардың құрамы мен нысанын басып шығаруға, сатуға және басқадай түрлендіруге өзіндік құқық.
Тауарлық номенклатура – нақтылы сатушы мен сатып алушыларға ұсынылатын тауарлардың және тауарлық бірліктердің ассортименттік топтарының жиынтығы.
Тауарлық ассортимент - өз араларында ңызмет жасауының ұқсастығы бойынша немесе осы бір тұтынушылар тобына сатуына немесе бір диапазон бағалары төңірегіне өте тығыз байланысты тауарлар тобы. Егер фирма өз тауарына маркалық атау беруін шешсе, онда ол келесі шешімдерді қабылдауы тиіс:
А) Марканың иесі жөніндегі шешім:
• тауар ендіруші маркасының атауымен;
• өзінің маркасын иеленуге аламын деген делдалға тауардың берілуімен;
• тауардың бір бөлігі өндірушінің маркасьмен, келесі бір бөлігі делдал маркасының атауымен шығырылса.
Б) Маркалық тауардың сапасы жөніндегі шешім.
Маркалық; тауарды әзірлеген уақытта оның сада деңгейін және басқа да айырықша белгілері қандай болатынын шешіп алу қажет, өйткені олар мақсатты нарықта марканың айқындамасын түрақты ұстануды қамтамасыз етеді. Сапа – ол маркалық тауардың өз қызметін орындауға есептелген қабілеті.
В) Туыстық маркалар жөніндегі шешім.
Маркалық атаулар берілуінің мәселесіне 4 көзқарас айқындалған:
• жеке маркалық атаулар
• барлық тауарларына бір маркалық атау беру
• туыстық, тауарлар үшін ұжымдық маркалық атау беру
• жеке атаулармен үйлестірілген фирманың сауда атауы.
Г) Марканы пайдалану аясын кеңейту жөніндегі шешім. Тауар үлгісін немесе жаңа тауарды нарыққа шығару кезінде жетістіктерге жеткен маркалық тауарларға мүмкіншілік беру.
Д) Көп маркалық көзқарас жөніндегі шешім
Көп маркалық көзқарас – ол сатушының бір тауарлық санатта 2 немесе одан да көп маркаларды пайдалануы.
Маркалы тауар – бұл жоғары сапалы тауар, сол себептен ол маркаланбаған тауармен салыстырғанда 15-20% жоғары бағаланады.
Маркалы тауар бойынша мамандандырылған "Интербранд" консалтинг компаниясы 1996 жылы өз зерттеулерінің нәтижелерін жарыққа шығарды, ол бойынша әлемде ең белгілі, ең әйгілі 10 марка бар екен: Макдональс, Дисней, Кока – Кола , Сони, Джиллет, Мерседес – Бенц , Левис, Микрософт, Мальборо. Тауар маркалары санаткерлік меншіктің объектісі болып табылады және "Тауар маркасы, қызмет көрсету белгілері мен тауардың шығу тегін білдіретін атаулар туралы" Қазаңстан Республикасының заңымен қорғалады.
Тауарлық ассортимент және тауарлық номенклатура
Тауарлық ассортимент - өз араларында қызмет көрсетуінің ққсастығы бойынша немесе белгілі бір тұтынушылар тобына сатуына немесе бір диапазон бағалары төңірегіне өте тығыз байланысты тауарлар тобы.
Тауарлық номенклатура – нақты сатушы мен сатып алушыларға ұсынылатын тауарлар мен тауарлық бірліктердің ассортименттік топтарының жиынтығы.
А) Тауарлың ассортимент шеңберінде қабылданатын шешімдер:
• тауарлық ассортиментті көбейту жөніндегі шешім (төмен, жоғары, екі жақ бағытта);
• жаңа бұйымдарды іске қосу арқылы тауарлық ассортиментті толықтыру жөніндегі шешім.
Б) Тауарлық номенклатура жөніндегі шешім:
• тауарлық номенклатураның ауқымдылығы. Ауқымдылығы – фирма шығаратын ассортиментік тауарлар тобының жалпы саны;
• тауарлың номенклатураның толықтырылуы. Толықтырылуы – ол тауарлар мен құрастырушылардың жалпы саны;
• тауарлық номенклатураның тереңдігі. Тереңдігі – ол ассортименттік топтар шеңберінде жекелеген тауарларды ұсыну жолдары;
• тауарлық номенклатураның үйлесуі. Үйлесім – ол түрлі ассортименттік топтардын, түпкі пайдалану деңгейінде тауарлар арасы жақындығының деңгейі.
Сөйтіп, тауар саясаты - кәсіпорынның маркетингтік қызметінің тауарлар ассортименті мен тауарлар номенклатурасы белгілеуді, жаңа тауар шығаруды және бұрынғы тауарды жетілдіруді, орау стратегиясын, тауарға тауар белгісін беруді және қызмет көрсетуді қамтитын сан салалы, аса күрделі қызмет саласы.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Өнеркәсіп, Өндіріс, Мұнай | Добавил: Admin
Просмотров: 3727 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 2.0/1

Это может Вас заинтересовать:
Паскаль програмдау тілінің қайталау командалары
Бұқаралық ақпарат құралдары
Ғарифолла Құрманғалиев
Неологизмдердің жасалу жолдары
Италия Республикасының Конституциялық құқығы
Кіші өзендердің энергетикалық мүмкіндігін пайдалану
Бүгінгі поэзиядағы көне Түркілік таным көріністері
Ақпарат, ақпарат түрі, формасы және қасиеттері
Талғат Бигелдинов
Жасуша теориясы
Аристотель
Туыстық қарым – қатынастар
Қажығұмар Шабданұлы
Германия
Нәзір Төреқұлов