Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Өнеркәсіп, Өндіріс, Мұнай

Тауарды несиеге, қолма – қол, қолма – қолсыз есеппен жүргізу саясаты
Загрузка...
Тауарларды несиеге сатуды барлық меншік формасындағы бөлшек сауда кәсіпорындары сатылу күніндегі баға бойынша жүзеге асырады (баға бойынша кейін өзгеретін болса да қайта есептелмейді). Несиеге автокөлік, жиһаз, тоңазытқыш, мұздату камерасы, теледидар және т.б. секілді ұзақ уақыт пайдаланылатын тауарлар сатылады.
Несие алынатын тауардың қолма – қол ақшамен төленетін бастапқы жарнасы, сондай-ақ, оны бөліктеп төлеудің мерзімі (несие мерзімі) тауардың құнына қарай анықталады.
Егер несиеге сатылатын тауардың бағасы ең аз шамадағы бір айлық еңбекақының 12 еселік мөлшерінен аспайтын болса, онда сатып алушы бірден осы тауар құнының ең аз дегенде 20%-ін өлшейді және калғанын 6 айдан үш жылға дейін бөліктеп төлейді. Егер тауардың бағасы аталған шектен асатын болса, онда тауарды несиеге алу барысының бастапқысында оның құнының 40%-ін төлейді, ал, қалған бөлігі 5 жылға дейінгі мерзімде төлентін болады.
Ұзақ уақыт пайдаланылатын тауарларды несиеге сатудың жаңа ережесіне сәйкес несиелеудің шегі (шекарасы) азаматтардың еңбекақы (табыс) деңгейіне қарай анықталып белгіленетін болады.
Мәселен, алты айға дейінгі мерзімде бөліктеп төленетін тауар сатылатын болса, берілетін несиенің сомасы тауарды сатып алушының екі айлық еңбекақысынан аспауы керек, ал, 24 айға 8 айлық еңбекақыдан, 36 айға - 12 айлық еңбекақыдан, 48 айга 18 айлық еңбекақыдан аспауы тиіс және 60 ай мерзімінде төленіп бітуі тиіс несиенің шекті сомасы сатып алушының 24 айлық еңбекақы деңгейінде белгіленеді.
Тауардың құны несиенің шекті сомасынан асып түсетін жағдайда тауар құны мен несие сомасы арасындағы айырмашылық қолма-қол ақшамен немесе ақшасыз есеп айырысу бойынша төленуі қажет.
Сатып алушыдан сауда кәсіпорнының пайдасына несие сомасының проценті өндіріліп алынады. Бұл проценттің мөлшерін сауда кәсіпорны банк несиесінің қолданыстағы мөлшерлемесін ескере отырып белгілейді, берілген несие сомасындағы тауардың құнын сатып алушы айына бір мәрте бірдей үлестермен өтейтін болады.
Тұрғын үйге арналмаған жеке тұлғалар саудасының маңызды
көзіне, оны қалыптастыратын әрі ауыстыратын құралға несие
карточкалары жатады.
Банк карточкалары үш тараптың қатысуын ұйғарады:
- несие карточкасының эмитент - банкісі;
- несие карточкасының иесі;
- несие карточкасын тауарлар мен қызмет көрсетулердің төлем құралы ретінде қабылдайтын сауда ұйымдары.Клиент несие карточкасын алу үшін банк белгілеген ақшалай қаражат сомасын банкке аударуы қажет. Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің ақысын несие карточкасымен клиент шотында қаражат болмаған жағдайда да, яғни, банк несиесінің есебінен төлеуге болады.
Банк өз қызметі үшін әрбір операцияның сомасынан белгілі бір працентті өндіріп алады.,
Төлем карточкасын пайдаланушылар, сонымен бірге, жыл сайын белгілі бір соманы карточкаға қызмет көрсетуі үшін және оны жыл сайын жаңартуға аударып отыруға міндетті.
Тұтыну несиесін тұрақты түрде берудің бұл тәсілі шетелдерде де кеңінен тарап отыр. «ВИЗА», «Америкэн Экспрес «Мастер кард» секілді халықаралық қаржы ассоциациялары осы пластикалық карточканың иелеріне қызметтің кез келген түрін керсетуде.
Бүгінгі таңда көптеген қазақстандық банктер де әр түрлі несие карточкаларын щығара бастады.
Тұтыну несиесіне, сондай-ақ, ломбард та жатады.
Ломбардтар (несиені) халыққа жеке пайдаланылатын және үйде тұтынылатын заттың кепілдігімен береді.
Сауданың мөлшері кепілге салынған заттың түріне, оның нарыктық құнына және ломбард белгілеген кепілдікті қамтамасыз етудің шегіне қарай анықталады.
Бүгінгі танда, әсіресе, жекеше ломбардтар кеңінен тараған. Сол себепті де ломбард несиесінің процеттік мөлшерлемелері жоғары болып келеді. Тіпті банктік проценттің мөлшерлемелерінен асып түсетін кездері де болады. Бұл, сөз жоқ, осы несиенің құрамына өз әсерін тигізбей қоймайды.
Біртұтас ақша айналымының құрамына қолма-қол акшасыз айналым кіреді. Қолма-қол ақшасыз айналым барлық ақша айналымының үштен екі бөлігін құрайды. Қолма-қол ақшасыз айналым дегеніміз - бұл қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың жиынтығы. Қолма-қол акшасыз есеп айырысу дегеніміз - қолма-қол ақшанң қатынасынсыз, тек банкідегі есеп шоттарға жазу арқылы немесс өзара талаптарды есепке алу арқылы есеп айырысуды айтамыз.
Қолма-қол ақшасыз есеп айырьісудың келесі нысандары бар:
1. Төлем-тапсырмалық нысаны.
2. Аккредитивтік нысан.
3. Чекпен есеп айырысу.
4.Төлем–талап тапсырмалық нысаны.
Төлем-тапсырмалық нысаны. Төлем тапсырмасы дегеніміз - төлеушінің өзіне қызмет көрсететін банкіге өз есеп-шотынан тиісті соманы ақша алушының есеп шотына аударуға, беретін бұйрығы. Төлем тапсырмасы арқылы есеп айырысу төмендегідей жүргізіледі:
1. Тауар жеткізуші келісімшартқа сәйкес тауарын жөнелткеннен кейін төлеушінің атына фактура-шотын ұсынады:
2 Сатып алушы тауарды алғаннан кейін төлем-тапсырмасының жинақтамасын толтырып, оған фактура-шотын қосып, өзіне қызмет көрсететін банкіге тапсырады;
3. Құжаттарды тиісті тексеруден өткізгеннен соң банк көрсетілген соманы сатып алушының есепшотынан шығарып, тауар жеткізушінің банкісіне аударады.4. Тауар жеткізушінің банкісі алған ақшаны оның жекс шотына қондырып. акшаның түскенін хабарлайды.
Аккредитивтік нысан. Аккредитивтік нысаңды қолданғанда құжаттардың айналысы төмендегідей жүргізіледі:
1. Жасалған шартқа сәйкес тауар өндіруші өндірілген тауарының жөнелтуге дайын екенін сатып алушыға хабарлайды және одан аккредитив ұсынуын талап етеді.
2. Сатыл алушы мұндай хабарды алғаннан кейін өзінін банкісіне аккредитивтік өтінішті толтырып жібереді.
3 Тауар алушының банкісі өтініште көрсетілген соманы тауар сатушының банкісіне аударады.
4. Тауар сатушынын банкісі алған ақшаны аккредитивтер деген шотқа қалдырып, тауар сатушыға елеулі түрде хабарлайды.
5. Тауар сатушы мұндай хабарды алғаннан кейін, тауар алушыга тауарды жеткізеді және оны дәлелдейтін құжаттарды өзінің банкісіне жібереді.
6. Тауар сатушының банкісі құжаттарды алғаннан кейін аккредитивтер деген шоттағы ақшаны тауар сатушының жеке шотына аударады және оған ақшаның түскенін хабарлайды.
Чекпен есеп айырысу. Бұл қай жағынан алып карағанда да өте қолайлы нысан. Бұл нысан бойынша есеп айырысу төмендегідей жүргізіледі:
1. Сатып алушы алмақшы болған тауарын іріктеп алады да, оның сомасына чек жазып береді.
2. Чек ұстаушы сол чекті келесі күні сатып алушының банкісіне төлеуге ұсынады.
3 Сатып алушынын банкісі бұл чектің сомасын тауар сатушының есепшотына аударады немесе қолма-қол түрінде оған ұсынады.
Төлем-талап тапсырмалық нысаны. Бұл нысан бойынша есеп айырысу төмендегідей жүргізіледі:
1. Тауар сатушы тауарды алушыға жеткізеді де, оның жеткізгенін дәлелдейтін кұжаттарды тауар алушысының банкісіне жібереді;
2. Тауар атушының банкісі бұл құжаттарды тауар алушыға төлеуге келісім беру үшін жібереді (акцепт төлеуге келісім беру).
3. Тауар алушы 3 күн аралығында алған құжаттармен танысып. келісімін беріп,өз банкісіне қайтадан жібереді:
4. Тауар алушының банкісі құжатта көрсетілген соманы,тауар алушынын есепшотынан шығарып, тауар сатушысының банкісіне аударады;
5. Тауар сатушысының банкісі алған ақшаны тауар сатушының есепшотына қондырып, оған акшаның түскенін хабарлайды.
2006 жылы екінші деңгейдегі банктер және «Қазпошта» АҚ 4-кестеде берілген төлем құралдарын пайдалана отырып, 71038,8 млрд. теңге ( 563,4 млрд. долл.) сомаға 106,0 млн. транзакция жүргізді.
Тұтастай алғанда төлем кұралдарын пайдаланудың ұлгайғаны байқалады. Мәселен, 2005 жылмен салыстырғанда 4-кестеде көрсетілген төлем құралдарын пайдалана отырып жүргізілген төлемдер саны 21,0 млн. транзакцияға немесе 24,7% ал төлемдер сомасы 23404,1 млрд. теңгеге немесе 49,1 % ұлғайды.
Қағаз ақша белгілерінің және ұсақ монеталардың үздіксіз қозғалысын қолма-қол ақша айналымы деп аталады. Қолма-қол ақша айналымының біртұтас ақша айналымының ішінде үлесі аз болғанымен оның мәні өте зор, өйткені қолма-қол ақша арқылы еңбекакы, зейнетақы, жәрдемақы, т.с.с. төлемдер төленеді. Ал олар өз кезегінде халыктың тұрмыс деңгейіне тікелей әсер етеді және нарықта төлем қабілеті бар сұранысты қалыптастырады. Қолма-қол ақша айналымын 6-суреттен көруге болады.
2006 жыл 2005 жылмен салыстырғанда экономика субъектілерінің қолма-қол ақшаға қажеттіліктерінің айтарлықтай ұлғаюымен сипатталды. 2006 жылы Ұлттық банктің резервтік қорларынан 1081,9млрд.теңге сомасында қолма-қол ақша айналысқа шығарылды. Осы уақыт кезеңінде айналыстан алынған ұлттық валютаның банкноталары мен монеталарының көлемі 853,1 млрд. теңге болды. Осылайша, эмиссиялық нәтиже оң, 228,8 млрд. теңге мөлшерінде калыптасты және 2005 жылғы осы көрсеткіштен 4.8 есе (47,7 млрд. теңге) артық болды (7- сурет).

Ұлттық банк

2-ші деңгейлі банктер

Заңды тұлғалар


Халық

Қолма-қол ақшаның қозғалысы.

2006 жылғы қантарда қолма-қол ақшаны алу 2005 жылғы қаңтармен салыстырғанда 1.5 млрд. теңгеге азайды және (-) 32 млрд. теңге болды. 2006 жылғы ақпан-шлдеде банкноталар мен монеталар эмиссиясыпың көрсеткіші 2005 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,6 есе ұлғайды.
2006 жылдың тамыз-қазанында эмиссиялық нәтиже 2005 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 58.8 млрд. тенгеге азайды және (-) 28.0 млрд. теңге болып қалыптасты. 2006 жылңғ қараша-желтоқсанда ұлттық валютаның жаңа дизайндағы
банкноталарының айналысқа шығарылуынан эмиссиялық көрсеткіштің көлемі біршама айтарлықтай (89.4 млрд. теңге) болды.
2006 жылғы 15 қарашадан 31 желтоқсанға дейінгі аралықтағы кезеңде 413.4 млрд. теңге сомасына жаңа дизайндағы банкноталар айналысқа шығарылды, 318,0 млрд.теңгс ескі дизайндағы банкноталар айналыстан алынды, нәтижесінде 2007 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша айналыста колма-қол акша айналысына қызмет көрсететін барлық банкнотасанының 39.5% көлемінде ескі дизайндағы банкнота қалды.
Осылайша, 2006 жылы эмиссиялық көрсеікіштердің өсуі 2005 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2006 жылғы ақпан-шілдеде (143,8 млрд. теңге) және 2006 жылғы қараша-желтоқсанда (94.6 млрд. теңге) айналысқа қолма-қол ақша шығарудың айтарлықтай ұлғаюынан және 2006 жылғы қаңтарда ақша алу сомасының қысқаруынан пайда болды.
Алматы каласын және Жамбыл облысын қоспағанда, барлық облыста аймақтар бөлігінде он эмиссиялық нәтижелср белгіленді, 2006 жылы Жамбыл облысында эмиссиялық нәтиженің 2005 жылғы оң нәтижеден теріске өзгеруі ескеретін жағдай. Неғұрлым эмиссияланатын Шығыс Қазақстан (57.2 млрд. теңге), Қарағанды (56.6 млрд. теңге), Алматы (45.5 млрд. теңге), Қызылорда (44.3 млрд. теңгс) облыстары және Астана қаласы (45.5 млрд. теңге) болып табылады.
Эмиссиялық нәтиженің артуы екінші деңгейдегі банктердің кассалары арқылы өтетін қолма-қол акша айналымының көрсеткіштеріне әсер етті.
Банктердің кассаларына қолма-қол ақшанын түсу көлемі 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 41,7% (1 891 млрд, тенге) ұлғая отырып, 6430.9 млрд. теңге болды, ал қолма-қол ақшаны беру көлемі 45% (2098 млрд. теңге) ұлғая отырып, 6755,3 млрд. теңге болды. 5-кестеде көрсетілгендей, айналымдар кассалық айналымдардың барлық баптары бойынша ұлғайды. Қолма-қол акша беру баптарында өткен жылы да байқалған көлік және байланыс кәсіпорындарына қолма-қол ақша беру азайды.
Банктердің кассасына қолма-қол ақшаны қайтару коэффициенті 2005 жылғы 97,5% карағанда 95,2% болды.
Банктердің кассаларына қолма-қол ақша қаражаты түсімдерінің негізгі үлесін мынадай тусімдер құрайды:
- тауарларды, қьзмет көрсетулерді және орындалған жұмыстарды сатудан- 1 738,2 млрд.теңге(түсімдердің жалпы көлемінің 27%) ұлғаюы 2005 жылмен салыстырғанда 39,4% болды;
- шетел валютасын сатудан - 1 236,2 млрд. Теңге (19,2%), ұлғаюы – 23,5% болды;
- жеке тұлғалардың депозиттері бойынша шоттарына 1008,4 млрд.теңге (15,7%) болды,ұлғаюы - 80,7% болды. I
Банктердің кассаларына қолма-қол акшаның қаражаты түсу баптарының арасында едәуір 1,8 есе ұлғайған жеке тұлғалардың депозиттері бойынша шоттарына түсетін түсімдер.
2006 жылғы касса айналымы шығыс бөлігінің көрсеткіштерін 2005 жылғы көрсеткіштермен салыстыру банктердің касса айналымы шығыс бөлігінің мынадай басым баптарын көрсетеді:
- жеке тұлғалардың салымдары бойынша шоттардан беру 1 351,3 млрд. теңге (берудің жалпы көлемінің 20%) болып, 2005 жылмен салыстырғанда 66,3% ұлғайды;
- тауарлар, қызмет көрсетулер және орындалған жұмыстар үшін ақы төлеуге қолма-қол акша беру 1 276,3 млрд. теңге (19%) болып, 28,8% ұлғайды;
- банкоматтарды толықтыру үшін 978,7 млрд. теңге(14,5%) беріліп,44,3% ұлғайды.
Берілген қолма-қол ақшаның жалпы массасындағы біршама 2,2 есе ұлғаю «жеке және заңды тұлғаларға заемдар беру» бабы бойынша байқалады, ол 232,4 млрд. теңгені кұрады.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Өнеркәсіп, Өндіріс, Мұнай | Добавил: Admin
Просмотров: 1402 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Шылым шегудің алдын алу
Бұқаралық ақпарат құралдары
Жамбылдың ұстазы еді Майкөт ақын
Валеологиялық білім берудің теоретикалық негізі
Құнанбайұлы Абай
Қазақстан Республикасы, туризм, туристік нысандар
Қазақстан Республикасы, топырағы, өсімдіктері, жануарлары
Қазіргі замандағы шертпе дәстүрі
Жиренше шешен
Ғұмар Қараш
Жапонияның тарихы
Мүсірепов Ғабит Махмұтұлы
Қазанғап күйші
Музыка пәнін қазақ ұлттық аспаптар арқылы үйрету
Қазақ халық аспаптар оркестрін ұйымдастыру