Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 3.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Өнеркәсіп, Өндіріс, Мұнай

Суларды пайдалану мен қорғау саласындағы органдардың құқықтары мен міндеттері
Загрузка...
Қазақстан Республикасы үкіметінің су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы құзыреті:

1.су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;

2.республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрнылыстарын басқаруды ұйымдастырады;

3.суларды және олардың пайдаланылуын мемлекеттік есепке алуды, мемлекеттік су кадастры мен субъектілерінің мемлекеттік мониторингін жүргізу тәртібін белгілейді;

4.сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық су жабдықтау жүйесінің тізбесін бекітеді;

5.ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне су беру және ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық сумен жабдықтау жүйелеріне ауыз су беру жөніндегі қызметтер құқынын субсидиялау тәртібін бекітеді;

6.су қорғау аймақтары мен бедеулерін белгілеу ережелерін бекітеді;

7.су ресурстарын кешенді пайдалану мен қорғаудың бас және бассейндік схемаларын және су шаруашылығы баланстарын әзірлеу мен бекіту тәртібін белгілейді;

8.су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенімгерлік басқаруға беру тәртібін белгілейді;

9.судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды келісу, орналастыру және пайдалануға беру тәртібін, сондай-ақ су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс және басқа да жұмыстар жүргізу шарттарын белгілейді;

10.республика облыстарының арасындағы су қатынастарын реттеу ережелерін бекітеді;

11.Қазақстан Респуликасының заңдарында белгіленген тәртіппен трансшекаралық су пайдалану мен қорғау мәселелері бойынша шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жасайды.

Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыреті: су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысады; экономиканың су секторының даму бағдарламаларын әзірлейді; негізгі өзендердің бассейндері мен тұтас алғанда республика бойынша басқа да су объектілері бойынша су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғау схемаларын әзірлейді; экономика салаларында су тұтынудың үлестік нормаларын келіседі; ортақ су пайдаланудың үлгі ережелерін бекітеді; Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен арнайы су пайдалану жөніндегі қызметтің түрлеріне лицензия немесе рұқсат беруді, олардың күшін тоқтата тұруды жүзеге асырады; бассейндер және облыстар деңгейінде су пайдалану лимиттерін бекітеді; ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне су беру және ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық сумен жабдықтау жүйесінен ауыз су беру жөніндегі қызметтер құнын субсидиялау тәртібін әзірлейді; су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; республикалық меншіктегі су объектілерін, су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануды ұйымдастырады әне тағы басқа да қызметтерді атқарады.

Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органның өз құзыреті шегінде қабылданған шешімдері барлық жеке және заңды тұлғалардың орындай үшін міндетті болып табылады.

Облыстардың жергілікті өкілді органдары:

1.су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен үлгі ережелердің негізінде аймақтық жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып, ортақ су пайдалану ережелерін белгілейді;

2.субъектілердің ұтымды пайдалану мен қорғау жөніндегі аймақтық бағдарламаларды бекітеді және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

3.коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануға беру және алып қою тәртібін белгілейді;

4.жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекітеді.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Өнеркәсіп, Өндіріс, Мұнай | Добавил: Admin
Просмотров: 871 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Қазақстандығы сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер
Сапарғали Бегалин - халықтың сүйікті жазушысы
Бетховен. Фортепианолык сонаталар
Валеология бойынша бағдарламаны енгізу
Менің Отаным - Қазақстан
Неологизм терминінің мағынасы мен мәні
Балқаш аңызы
Ар жақта дүмбірлеген Арынғазы...
Мәшһүр Жүсіп
Ахмет Байтұрсынов - әдебиеттанушы
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Қазақстан опера өнерінің негізін салушы сахна жұлдыздары
Ақан сері Қорамсаұлы
Шылым шегудің алдын алу
Иса Байзақов