Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 7.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Өнеркәсіп, Өндіріс, Мұнай

Су объектілерін пайдалану құқығының түсінігі
Загрузка...
Су объектілері, су шаруашылығы құрылыстары және су қорының жерлері су қатынастарының объектілері болып табылады.

Су объектілеріне мыналар жатады:

1. Жер үсті су объектілері

2. Жер асты су объектілері

3. Қазақстан Республикасының теңіз сулары

4. Трансшекаралық сулар

Пайдалану түрлеріне қарай су объектілері:

1. Ортақ пайдаланудағы су объектілері

2. Бірлесіп пайдаланудағы су объектілері

3. Оқшау пайдаланудағы су объектлері

4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су объектілері

5. Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектілері болып бөлінеді.

Жер үсті су объектілері мыналар жатады:

- Су айдындары: өзендер, көлдер, су қоймалары, тоғандар.

- Мұздықтар, батпақтар жатады.

Жер асты су объектілеріне:

- Жер асты суларының бассейні.

- Жер асты сулары орындары мен учаскелері.

- Жер асты суларының құрылықта немесе су астынан табиғи шығуы.

- Жер қойнауының суландырылған учаскелері.

ҚР теңіз суларына, егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарды өзгеше көзделмесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы шегіндегі Каспий және Арал теңіздерінің сулары жатады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын белгілейтін және қиып өтетін жер үсті және асты сулары трансшекаралық сулар болып табылады.

Егер Қазақстан Республикасның заңдарында өзгеше көзделмесе, барлық су объектілері ортақ пайдаланудағы объектілер болып табылады.

Жеке немесе заңды тұлғаларға толық немесе ішінара бірлесіп пайдалануға берілген су объектілері бірлесіп пайдаланудағы су объектілері болып табылады.

Жеке немесе заңды тұлғаларға толық немесе ішінара бірлесіп пайдалануға берілген су объектілері оқшау пайдаланудағы су объектілері болып табылады.

Ерекше қорғалатын су объектілерін құру тәртібі, қорғау және пайдалану режимі, сондай-ақ оларда қызмет ету жағдайлары Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңымен беліленеді.

Қоршаған орта мен аймақ экономикасына басым ықпал ететін және шаруашылық қызметті реттеудің ерекше құқықтық режимін талап ететін жаратылысы табиғи су объектілері ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектілері деп танылады.

Жеке және заңды тұлғаларға су объектілерін пайдалану құқығын жергілікті атқарушы органдар су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша табыстайды.

Жеке және заңды тұлғаларға су объектілері:

1. қысқа мерзімді пайдалану;

2. ұзақ мерзімді пайдалану;

Қысқа мерзімді пайдалану құқығы 5 жылға дейінгі мерзімге, ұзақ мерзімді пайдалану құқығы 5 жылдан 49 жылға дейінгі мерзімге табысталады.

Су объектілері пайдалануына берілген жеке және заңды тұлғалар су объектілерін пайдалану құқықтарына билік ете алмайды.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Өнеркәсіп, Өндіріс, Мұнай | Добавил: Admin
Просмотров: 969 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Туыстық қарым – қатынастар
Неологизмдердің жасалу жолдары
Германия
Иоган Себастьян Бах
Әуезов Мұхтар Омарханұлы
Музыка пәнін қазақ ұлттық аспаптар арқылы үйрету
Есенжанов Хамза
Жамбылдың ұстазы еді Майкөт ақын
Менің Отаным - Қазақстан
М.Мағауин
Домбыра философиясы
Черногория мемлекеті
Досмұхамедұлы Халел
Бәсентиін Малайсары батыр
ТМД мемлекеттерімен жасалған келісімшартгар