Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 24.8.2017
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Өнеркәсіп, Өндіріс, Мұнай

Өнеркәсіптік өндірісті жоспарлау әдістері
Загрузка...
Өнеркәсіптік өндірісті жоспарлау әдістерін арттырудың басты факторы - жоғары өнімді еңбекке уәждеме жасау, белсенді еңбекке экономикалық ынталандыру. Қазақстанда экономикалық реформаларды жедел жүргізу нәтижесінде өндірістің барлық факторы ырықтандырылды, тиімділікті көтеруге бағытталған ынталандыру уәждемелері де жүргізіліп келеді. Алайда, бүгінгі кезеңдегі экономикалық ынталандыру біліктілікке, еңбек сапасына, өндіріс нәтижелілігіне және макроэкономикалық көрсеткіштер динамикасына тәуелді болмай отырғанын атап көрсетуге тура келеді. Мұның ғылыми-техникалық прогреске ыталандырмалық дәрежесі төмен, өнімнің сапасын өсіруге әсері қанағаттандырмайды, жұмысшының интеллектуалдық және функционалдық қабілетінің толық ашылуына, оны өндірістің ішкі резервтерін пайдалануға жеткілікті түрде мүдделендірмейді.

Бүгінгі таңда ғалымдар тиімділікті арттыруға ынталандыру жүйесінің жаңа түрі пайда болғанын жариялап отыр, олар жұмыскерді машинаның қосымша бір бөлшегі ретінде қарастыратын теориялық көзқарастан бас тартып, материалдық және бейматериалдық ынталандыру жүйесіне кәшуді қолдайды. Демек, жалдамалы еңбек уәждемесін және «классикалық» жалдамалы жүмысшыға тән емес жаңа қажеттіліктерді анықтауға талпыныс күшейіп келеді, бұл еңбек нәтижелерін, шығармашылық қызметтің рөлін мойындауда, өндірістік қызметтерді күшейтуде, т.б. жағдайларда жүзеге аспақ.

Өнеркәсіптік өндірісті жоспарлаудың мынандай әдістері қарастырылды:

- нарықтық қатынастардың тереңдеп даму жағдайында жоспарлау өндірістің басым факторы ретінде қарастырылған, оның мазмұны мен табиғаты интеграциялық көзқарас түрғысынан жаңаша зерделенген;

- дамып келе жатқан постиндустриалдық парадигманың талаптарына сай экономикалық ынталандырудың жіктемесі нақтыланған;

- постиндустриалды қоғам дамуының жаңа заңдылықтары мен үрдістері негізінде жоспарлаудың тиімді жүйесін қалыптастырудың негізгі әдістемелік принциптері айқындалған;

- еңбек белсенділігі мен экономикалық өсімді қамтамасыз ететін, еңбек өнімділігі мен еңбек ақы төлеудің арасындағы өзара тығыз байланыстың негізгі тетіктері бағдарланған;

- экономикалық өсімді ынталандыру механизмінің моделі ұсынылған;

- «шаруашылықтарды бірге жүргізу» сияқты уәждемелер, жоспарлау арқылы капитал мен еңбектің тиімді байланысына бағытталған кешенді шаралар ұсынылған, яғни жұмыскердің басқару ісіне, шешім қабылдауға және тек еңбек пен өндіріс процесінде емес, жалпы әлеуметтік және жалпы мемелекеттік мәні бар істерге де қатысуына мүмкіндік беру жайлары талданылған.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Өнеркәсіп, Өндіріс, Мұнай | Добавил: Admin
Просмотров: 1629 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы
Діни экстремизм мен терроризм
Кіші өзендердің энергетикалық мүмкіндігін пайдалану
Ұлттың болашағы - діни бірлігімізде
Валеология бойынша бағдарламаны енгізу
Шығыс Қазақстан табиғаты және оны қорғау
Қорамсаұлы Ақан сері
Дербес Компьютер - сыртқы құрылғылары
Валеология – салауатты өмір сүрудің негізі
Аймауытов Жүсіпбек
Құранды түсіну
Ислам әлемінің мәдениеті
Қазақ халық аспаптар оркестрін ұйымдастыру
Шәмші Қалдаяқов
Тұрар Рысқұлұлы