Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 7.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Өнеркәсіп, Өндіріс, Мұнай

Көтерме саудасындағы және бөлшек сауда кәсіпорындарындағы тауарлардың операциясының есебі
Загрузка...
Тауар - материалдардық бұйымдар, олар тұтыну немесе пайдалану үшін сатьп алынады. Сатып алынған тауарлардың есебі үшін 1330 "Алынған тауарлар" және 1330 "Басқа да тауарлар" шоттары қолданылады. Бұлар мүліктік-активті шоттар. 1330-шотты негізінен сауда, қоғамдық тамақтандыру, жабдықтау-сату, делдалдық жоне сыртқы экономикалық ұйымдар пайдаланады.
Тауарды бағалау есептік бағаны таңдау болып табылады, яғни бағаның көмегімен тауар кірістеледі және есептен шығарылады. Бұл ретте сату бағасы да, сатып алу бағасы да пайдаланылуы мүмкін. Есептік бағаны таңдау шаруашылық жургізуші субъектінің есептік саясатында тіркеледі, ол шаруашылык жүргізуші субъектінің бірыңғай тауарларына катысты үйлестірілуі керек.
Сатып алынған кұны өзіне: сатып алу құнын, баж салығын, комиссиондық марапаттауын; жабдықтаушыларға, делдал ұйымдарға төлейтін төлемдерін; транспорттық-дайындау және басқа да шығыстарьн, яғни алынған запастармен тікелей байланысты шығыстарын енгізеді. Сауда жеңілдіктерін, артық төленген сомаларын және басқа да осы тәріздес түзетулерін, әкелінген шығындарды анықтау кезінде шегеріледі. Көтерме сауда кәсіпорындарында тауардың сатып алынған құны, әдетте, есептік баға ретінде бола алады.
Сату бағасы - бұл тауардың сол бойынша ең соңғы тұтынушыға сатылатын бағасы. Сату (бөлшек) бағасының кұрамына мыналар кіреді:
- сатып алынған кұны - бұл кұжаттармен қуатталған (шоты, тауарлы-транспорттық накладнойы, кедендік декларациясы) тауардың жабықтаушылардан сатып алынған кұны;
- акциз - бұл тек кейбір тауар түрлеріне белгіленеді: алкоголь өнімдеріне және
темекі бұйымдарына, жеңіл автомобильдерге, зергерлік бұйымдарға т.б.; акциздің
мөлшерлемесін үкімет белгілейді, проценттік денгейде тауардың кұнына бөліп
немесе натуралды түрде оның физикалық көлеміне бөліп анықтайды, ал
алкогольдік өнімдер бойынша акциздің мөлшерлемесі оның кұрамындағы спиртке
тәуелді етіп белгіленуі мүмкін;
- қосылған құн салығы — келесі мөлшерлеме бойынша әртүрлі тауар түрлеріне
белгіленеді: 0% (нольдік пайызы бойынша) - экспортталған тауарларға (заңда
қаралғандардан басқасы), 16% - барлық тауар түрлері бойынша (ҚҚС -
босатылғандардан басқасы);
- сауда үстемесі – бұл бөлшек сауда кәсіпорындарының шығысын жабу үшін
және сату операцияларынан табыс алуға арналған үстеме.
Дегенмен де, көптеген бөлшек сауда магазиндері тауарды сауда үстемесі бойынша емес, сату (бөлшек) бағасы бойынша ескереді. Бұл жауапты тұлғаның жауапкершілігінен туындайды, егер де тауар жетіспей калған жағдайда, сол тауарды өтеуіне тура келеді.
Келіп түскен тауарды есепке алу айтарлықтай қиындық туғызбайды, өйткені келіп түскен тауардың әрбір партиясы тиесілі кұжаттармен рәсімделеді (шоттармен, тауарлы-транспорттық накладноймен т.б. құжаттармен). Қоймадағы тауардың шығысы да үлкен мәселе туғызбайды, өйткені әрбір босатылған тауар үшін тиесілі құжаттар жазылады. Қиындық тек, бөлшек сауда магазиндерінде сату барысында пайда болады. Бұнын басты себебі: сатып алынған тауардың сомасына тек бакылау-кассалық машинасынан алынған чек беріледі, онда сатылған тауардың сату бағасы бойынша құны көрсетіледі, бірақ бір күнде канша тауар сатып алынған бағасы бойынша сатылғаны туралы мәлімет көрінбей қалады. Ол мынадай есептеу жолымен шығарылады:
Сатылған Жұмыс күнінің Сатып алынған Жұмыс соңына
тауардың құны = бағасы сатып + бағасы бойынша - сатып алынған
сатып алынған алынған бағасы түскен тауарлардың бағасы бойынша
бағасы бойынша бойынша тауардың құнықалған тауардың
қалдығы қалдығы
Бұл кезде қалдықтың деңгейін тұрақты түрде түгелдеудің көмегімен анықтауға тура келеді, ал ол көп уакытты қажет етеді. Басқадай жағдайда, калдықтың деңгейін анықтау мүмкін емес.
Көптеген бөлшек сауда кәсіпорындарында тауар есебін ұйымдастырудың күрделі жағдайынан алшақ болу үшін тауардың сату бағасы бойынша есеп әдісін пайдаланады. Өйткені ол сатылған тауардың есептік бағасы бойынша сомасын жеңіл анықтауға мүмкіндік береді, ол үшін бүкіл сомадан чек бойынша жиынтық сомасын алып тастаса, айырмасы саудадан түскен түсім болып саналады. Осы жағдайда, тауардың да қалдығын кез келген кезеңге аныктау мүмкіндігі туады. Бұл тәсіл тек қана көтерме саудаға тән деп ойлауға болмайды, оны бөлшек саудамен айналысатын кәсіпорындар да штрих кодтарының көмегімен жүзеге асыруына болады. Штрихтық кодтар, әдетте, он үш саннан (цифрдан) тұрады, оның алғашқы екеуі өнімді-дайындаушы (немесе өнімді-сатушы) мемлекетін көрсетеді; келесі бесеуі - өнімді әзірлеуші-кәсіпорынды, одан кейінгі бесеуі -тауарға сипаттама береді (атауы, мөлшері т.б.) және ең соңғы біреуі — бақылаушы болып саналады.
Магазинге тауар келіп түскен кезде оның атауы, айрықша белгісі, саны және сатып алынған бағасы туралы ақпарат көшірме (сканирующей) қондырғысының арқасында компьютердің жадында сақталады. Одан әрі карай тауарды сату кезінде компьютер қандай тауардың қандай санда (мөлшерде) сатылғаны туралы мәліметті тіркейді, осының негізінде, сатылған тауардың сатып алынған құнын анықтайды. Тауардың есептен шығарылғаны туралы ақпараттар, егер олар ресми кұжатталмаса немесе компьютерде тіркелмесе, онда ол туралы мәліметті түгелдеудің көмегімен алынады.
Кейбір тауарлар өзінің техникалық себептері бойынша штрихтық кодтауға жатпайды (қалам, қаламсап т.б.), онда олардың сатып алу бағасын жоғарыда көрсетілген формула бойынша анықтайды.
Есептік құнын тандау - алынған кұны бойынша немесе сату құны бойынша мәселенің шаруашылық жүргізуші субъекті үшін де маңызы зор. Осы мақсатта бухгалтерлік есеп стандартында төрт әдіс қарастырылған:
- арнайы (тұтастай) идентификациялау әдісі;
- орташа өлшемдік құн әдісі;
- ФИФО әдісі - запастарды алғашкы сатып алынғандардың бағасы бойынша
бағалау әдісі;
Бұл аталған әдістердің қолдану тәртібі жоғарыда "Тауарлы-материалдык құндылықтардың есебі" деген тарауда толығымен қарастырылған болатын.
Бөлшек сауда кәсіпорындарында бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың ерекшеліктері. Бөлшек саудадағы тауарлар есебі 1330 "Алынған тауарлар" шотында жургізіледі, оған мынадай субшоттары ашылады.
1330/1 субшоты - "Бөлшек сауда кәсіпорындарының қоймаларындағы тауарлар", онда бөлшек сауда кәсіпорындарының қоймаларындағы сақталып тұрған тауарлар есепке алынады. Есеп дайын өнім және материалдар есебі сиякты санына және кұнына карай, сатып алу бағалары бойынша жүргізіледі.
1330/2 субшоты- "Бөлшек саудада сату үшін алынған, сатып алынған тауарлар", онда материалдық жауапты адамдардың (аға сатушылардың, бөлім меңгерушілерінің т.б.) жауапкершіліктерінде тұрған тауарларды есепке алады. Есепке алу сату бағалары бойынша (сатып алу бағасы, ҚКС және сауданың үстеме бағасы қосылады) жүргізіледі. Есепке алу сол тауардың құны бойынша жүргізіледі.
1330/3 субшоты - "Тауардың үстеме бағасы". Бұл субшотта сату үшін берілген тауарлардың барлық түрі (тауар топтары бойынша сараланып) белгіленген мөлшердегі үстеме бағасы бойынша есепке алынады. Соның нәтижесінде сатуға берілген тауарлардың бағасы үстеме бағасынан асып түседі. Тауарлар сатылғаннан кейін тауардың үстеме баға қызылмен жазылып, олардың құнын кемітеді; үстеме баға кәсіпорынның тауарларды сатқаннан тапқан табысы болып табылады. Сатылған тауардың үстеме бағасын белгіленген үлгі бойынша есептен шығарады.
1330/4 субшоты - "Тауар бағасына косылған құн салығы". Бұл субшотта сатуға беріл ген тауар бағасына енгізілген ҚҚС сомасын көрсетеді. Тауар бағасына үстеме бағасы мен ҚҚС косылады да, сөйтіп ол тауардың сатылу құнын кұрайды (қалыптастырады). Осы бағалар бойынша тауарлар тұтынушыларға және басқа сатып алушыларға сатылады.
Тауарлар сатылғаннан кейін тауар бағасы ҚҚС сомасынан "тазартылады", яғни табыс сомасы шығарылады, ол үшін ҚҚС сомасын кызылмен жазады. ҚҚС жалпы табыстан есептелінеді де, тауарлар түскен және кірістелген кезде шегерімге қойылған (331-шоттың дебеті) сомаларды алып тастағаннан кейін қалғаны бюджетке аударылады.
Сөйтіп, 1330/3 және 1330/4 субшоттары тек тауардың сатылу кұнын қалыптастыруға арналған, яғни көмекші қызмет атқарады және олардың дербес арналымы жоқ. Бірақ көмекші кызметсіз бөлшек сауда кәсіпорындары сатылған тауардың түсіміне бақылау жасаудан айырылады, сондықтан да сатушы да, сатып алушы да тауардың сатылататын бағасын білуге мүдделі.
Сонымен қоса, көмекші субшоттар жүйесін колдану синтетикалық есептің дұрыс жүруіне өз септігін тигізеді, яғни халыққа сатылған тауардың мөлшерін, арналымын, үстеменің есептеу тәртібін, нарық бағасын анықтауға көмектеседі.
Қазақстан Республикасында әрекет етіп тұрған заңмен сәйкес, бухгалтерлік есепте де, салық есебінде де есептеу әдіс пайдаланады, соған сәйкес тауар сатып алушыға босатылысымен, оның төлем мерзіміне қарамастан, тауардың сатылған кезеңі болып саналады. Ал бөлшек сауда кәсіпорындарында тауардың сатылған кезеңі болып, қолма-қол ақша түскен кезең саналады, өйткені онсыз тауар босатылмайды.
Сонымен, бухгалтерлік есепте тауардың сатылған кезеңі, магазиннің бас кассасына ақшаның келіп түскен кезеңнен бастап 1010 - шоттың дебетінде, 6010 және 3130 шоттардың кредитінде көріністабады.
Тауарды есептен шығару сатушының есеп беруінің негізінде жасалады, онда тауардың сатылған құнының бірыңғай қағидасына сай етіп көрсетіледі.
Енді сатылған тауардың сатып алынған бағасын көрсету үшін, әдетте, тауар бағасындағы сатылған ҚҚС сәйкес және сатылған сауда үстемесіне ай соңында бөлшек сауда кәсіпорындарында есебі шығарылады.
Алдымен, белгіленген нысан бойынша, сатылған сауда үстемесін есептейді, ал ол өз кезегінде келесі процедурадан тұрады:
1. Бухгалтерлік жазбалардың негізінде сауда үстемесі тауардың сатылу (сату)бағасына қосылатын болғандықтан, тауардың барлық партиясына 1330 шотыньң 2 субшоты дебеттеліп, 1330 шотының 3 субшоты кредиттеледі, бұл арада 1330шотының 3 субшотында сатылған тауар бойынша айдан айға тек сатылған тауардың сатып алынған құнын алу үшін, ол қызылмен жазылып отырады,нәтижесінде 1330 шоты бойынша кредиттік қалдықтың пайда болуы мүмкін.
2. Тауардың ай ішіндегі айналымы мен ай басындағы тауардың құнына сауда үстемесінің қалдығын қосып, сауда үстемесінің "болжамды сальдосы" деп аталатын жағдайын аламыз (бұл жағдайда 1330шотының 3 субшотының дебеті бойынша операцияларын шегереміз).
3. Ай барысында сатылған тауардың жалпы кұнынан (сатылған енімнен түскен жалпы түсімнен) ай соңында калған тауар құнының калдығын алып тастап шығарамыз. Бұл есептеу касса мен тауар туралы есеп берудің негізінде жасалады.
4."Болжамдық сальдосын» жалпы сатылған өнімнің құнына және сатылмай қалған тауар құнының қалдығына бөлу арқылы тауардың орташа пайыздық үстемесін табамыз.
5. Тауар калдығына катынасты сатылмаған сауда үстемесінің сомасын ай
соңында қалған тауардың сомасын орташа пайыздық сауда үстемесіне көбейту
жолымен анықтаймыз.
6. "Болжамдық сальдодан" 1330/3 шоты бойынша тауар калдығына жататын
сауда үстемесінің сатылмаған сомасын алып, сатылған тауардың сауда
үстемесінің сомасын анықтаймыз, бұл өз кезегінде кызыл жазумен жазылатын
жазу болып табылады.
Сонымен, жоғарыда айтылған есептеулердің мәні: ай басындағы сауда үстемесінің сомасын және ай барысында алынған сомасын сатылған тауар мен ай соңында қалған тауарға пара-пар (пропорционалды) етіп аламыз, бұл кезде әрбір тауардың үстемесін есептеудің қажеттілігі туындамайды.
Көтерме саудасындағы тауарлардың операциясының есебі. Көтерме саудасындағы кәсіпорындардың бөлшек сауда кәсіпорындарынан айырмашылығы: онда тауардың есебі сатып алынған бағасы бойынша жүреді, сондықтан тауар козғалысы бойынша операциясын бухгалтерлік есептің шоттарында көрсету сызбасы (схемасы) біршама қарапайым болып келеді.

Реттік№

Шаруашылық операцияларының мазмұны

Шоттар корреспонденциясы
дебет кредит
1 2 3 4
1. Жабдықтаушылардан келіп түскен тауар қоймаға кірістелді ҚҚС сомасына(16%)
1310
1420
3310
3310
2. Тауар сатып алушыларға сатылды:
-табысы қалыптасқан (қосылған) келісімшарттық құнына
-сату бойынша айналысына есептелген ҚҚС (16%)


2110

2110

6010

3130
3. Сатып алынған тауардың сатылған бағасы есептен шығарылды
7010
1330
4. Келіп түскен тауардың шот-фактурасы төленді
3310
1040
5. Олардың сатып алған тауардың шоттарын сатып алушылар төледі
1040
2110

Көтерме сауда кәсіпорнында тауардың аналитикалық есебі оның коймасы мен бухгалтериясында жүреді.
Бухгалтерлік есепте тауардың сатып алынған бағасьн көрсету үшін тауардың
сатылған бағасын үстемеден және КҚС "тазалайды," яғни кызьл жазумен жазылады.
Олардың есебінің бөлшек сауда кәсіпорындарының есебінен айтарлықтай ерекшелігі жоқ, тек қана құжаттау тәсілінде (рәсімдеуінде) болуы мүмкін. Көтерме сауда кәсіпорындары негізінен акшасыз есеп айырысу жүйесімен жұмыс істейді, сондықтан босатылған тауарды қуаттайтын құжаты болып накладнойы саналады, бақылау-кассалық машина чектері емес. Көтерме сауданьң екі түрі бар: қоймадан (қоймалық айналым) және транзиттік (транзиттік айналым).
Сауда ұйымының қоймасынан тауар сатылған жағдайда өзі жабдықтаушымен есептеседі, тауарды қабылдап алады, тауарды өз коймасынан сатып алушыға жөнелтеді және одан өзі төлемін өндіріп алады.
Транзиттік жолымен тауарды сатқан кезде тауар сауда кәсіпорынның коймасына түспейді, ол тікелей соңғы сатып алушыға бағытталады. Транзиттік жолымен есеп айырысуға көтерме кәсіпорны қатысуы да, қатыспауы да мүмкін.
Бірінші жағдайда, көтерме сауда кәсіпорны өзі жабдықтаушылармен тауар үшін өзі есептесіп және сатып алушылардан төлемін өзі өндіріп алады. Ал екінші, яғни, көтерме кәсіпорны қатыспаған жағдайда, көтерме кәсіпорны тауарды ең соңғы сатып алушыға жеткізіп беруді ғана ұйымдастырады, ал олардың есеп айырысуы жабдықтаушылардың және тікелей тауарды алушылардың арасында жүреді.
Көтерме сауда кәсіпорнынан, әдетте, тауарды сатып алушыға жөнелту жазба келісім-шартының негізінде жүзеге асырылады, онда жеткізіп берудің барлық жағдайлары айтылады (саны, сапасы, тауар бағасы, тасымалдау жағдайы т.б.), сондай-ақ сатушыдан сатып алушыға өтетін меншік құкығының кезеңі де. Казақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 238 бабына сәйкес мүліктің берілген кезеңінен бастап келісім-шарт бойынша мүлікті алушыға меншік кұкығы етеді, егер де заң актілерінде немесе келісім-шартта басқаша жағдайлар қарастырылмаса. Алушыға мүлікті беру кезінде танылады, ал алушыға жөнелту үшін транспорттық ұйымдарына берумен тең немесе мүлікті алушыға жіберу үшін почтаға өткізумен тең, егер де занда немесе келісім-шартта басқаша жағдайлар қарастырылмаса (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 239 бабы)
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Өнеркәсіп, Өндіріс, Мұнай | Добавил: Admin
Просмотров: 2415 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Айбек Қалмағанбетовтың Жоғалған қыз туралы аңызы
Ғабиден Мұстафин
Тастанбекқызы Сара
Қорықтар – биосфера эталоны
Шәмші Қалдаяқов
Асан Кайғы
Валеология бойынша бағдарламаны енгізу
Қазақстан опера өнерінің негізін салушы сахна жұлдыздары
Адамға сәуле алудың қауіпі
Әбділкәрім Сатұқ Қарахан
Қазақстандағы музыка және театр өнері
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы қорлары
Жүрсін Ерман
Бунақденелілер
Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен қызметі