Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Өнеркәсіп, Өндіріс, Мұнай

Кәсіпорын
Загрузка...
Кәсіпорын үшін сапалы өнім өндіріп және осы өнімдерді көп көлемде сату маңызды. Жалпы кәсіпорынның өнімдерін сату жолын және өткізуін ұлғайту маркетинг арқылы жүзеге асырылады. Яғни дипломдық жұмыстың басты мақсаты кәсіпорында өнімдерді өткізуді ұйымдастырудың осы заманғы нысандары мен әдістері болып табылады. Өнімдерді өткізуді тиімді іске асыру үшін фирма барлық күштерін тұтынушының қажеттілігін қанағаттандыруға шоғырландыруы тиіс. Ал адам қажеттері жиі өзгеріп тұрады. Сол өзгерістерге неғұрлым икемді бейімделген кәсіпорындар ғана нарықта көп уақыт сәтті өмір сүре алады. Сондықтан тұтынушыларды зеттеудің маңызды бағыты олардың қажеттіліктерін неғұрлым толық, «түгендеу», талдау, даму бағытын анықтауға болады.
Өткізуді басқару - бұл табыс табу, өткізудің көлемін өсіру, нарық бөлігін жоғарлату сияқты мекеменің алдына қойған мақсаттарына жету үшін мақсатты сатып алушылармен пайдалы алмастыруларды белгілеу, нығайту және қолдау шараларын талдау, жоспарлау және оларды жүзеге асыруды бақылау. Маркетинг басқарушысы өзінің ең әйгілі бейнесіне фирманың осы мезеттегі өндірген өнімдердің барлық көлемдерін өткізуге қанша клиенттер керек болатын болса, соншасын таба алатын маман ретінде көрсетіледі. Демек, бұл оның міндет шеңберін өте қысқа түрде көрсету болып саналады. Маркетинг басқарушысы тек қана сұранымды болдыру және кеңейтумен айналысуымен қатар, оны қысқарту, өзгерту, проблемаларымен де айналысады. Өткізуді басқарудың міндеті-сұранымның деңгейіне, уақытына және сипаттамасына әсер ету арқылы мекеменің алдына қойған мақсатына жетуіне көмектесу. Өткізуді зерттеудің негізінде стратегиялық және оперативтік жоспарлар құрылады. Тауар саясаты тауардың ассортименттік тұжырымдамасын, оларадың сапасын және бәсекеге қабілеттілігін жоғарлатуды өнімнің өмірлік циклын талдауды және ескі өнімдердің байланысын анықтауды, тауар белгілерін иемдену стратегиясын айқындауды, ораманы жасау және сервизді орналастыруды басқаруды қамтиды. Баға саясаты баға жасаудың түрлі әдістерін қамтиды. Өткізу саясаты өткізу формаларымен арналарының тиімді жүйелерін ұйымдастыруды көздейді. Өнімдерді өткізу саясатын және жоспарын өңдеу процесі мына кезеңдерден тұрады. Олар: ақпараттарды жинау, бәсекелестердің жағдайларын талдау, өндірілген өнімнің сегментациясы, нарықтық стратегияны өңдеу, нарықтық тактиканы өңдеу, шығындарды анықтау және талдау, маркетингтік бағдарламаның жүзеге асыруын бақылау? Сонымен қатар әрбір кәсіпорын нарықтағы сұраныс пен ұсынысты зерттей отырып, өнім өндіру және де өнімдерді тұтынушыға жеткізілу барысын бақылап, сатып алушының қажеттіліктерін талдау керек. Осы зерттеліп отырған объектінің өнімдерін өткізу жолдарын және әдістері мен нысандарын таңдау, жарнаманы дұрыс ұйымдастыру қажет болып табылады.
Өнімдерді өткізу туралы жалпы мәлімет және өткізудің кәсіпорынға тигізетін әсері жайлы теория жүзінде жан – жақты зерттелген. Сонымен қатар дипломдық жұмыстың тақырыбын жан – жақты зерттеп, толық ашу үшін «Сары – Арқа – Нан» ЖШС – нің техника – экономикалық көрсеткіштері, өнім өндіру көлемі, ассортиментін және өткізуді талдау, тауар өнімінің құралымын талдау, өндірістің ырғақтылығынталдау, еңбек ресурстарын пайдалануын талдау, еңбек өнімділігін талдау сияқты және тағы да басқа мәліметтерге әр түрлі құжаттар пайдаланылды.
Өндірілген өнімдерді өткізу, негізінде дипломдық жұмыс жоғарыдағы аталған материалдар мен құжаттар негізінде осы зерттеліп отырған кәсіпорынның болашақтағы өнімдерін кең көлемде өткізу жолдарын ұлғайту үшін өткізудің әртүрлі әдістер, ұсыныстар, іс шаралар қарастырылады.
Атап айтқанда,
• Жарнама, оның ішінде теледидар, радио, афиша, газет, журнала арқылы;
• Жаңа нарықтармен жұмыс істеу;
• Әртүрлі акция жүргізу;
• өнімді өткізуді ынталандыру;
• Өнімді тиімді сату процесі арқылы табыс табу.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Өнеркәсіп, Өндіріс, Мұнай | Добавил: Admin
Просмотров: 1122 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Ақындар айтысы
Ахмет Байтұрсынов және қазақ терминологиясы
Жасуша теориясының негізгі қағидалары
Сарыбаев Болат (1927-1984) – қазақтың ұлы өнертанушысы
Құранды түсіну
Черногория мемлекеті
АУДАРМА
Саралап, деңгейлеп оқыту технологиясы бойынша оқушыларды кескін картам...
Жұбанов Ахмет
Ғабит Мүсірепов
Қазанғап күйші
Музыкалық білім және музыкалық ғылымның өзекті мәселелері
Франция мемлекеті
Шәңгерей Бөкеев
Отбасы түрлері