Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 16.12.2017
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Өнеркәсіп, Өндіріс, Мұнай

Индивидуалды ұдайы өндіріс мәні және заңдылықтары
Загрузка...
ИНДИВИДУАЛДЫ ӨНДІРІС, МӘНІ МЕН ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ.
КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ

Адам Смит кәсіпкерлікті экономикалық тәукелге баратын меншік иесі иесі ретінде қарастырады. Оның ойынша кәсіпкер пайда табу үшін,комерцияны іске асыру үшін әрекет етеді. Кәсіпкерліктің субъектісі мен объектісін бөліп қарастыруға болады. Кәсіпкерліктің субъектісіне жеке тұлғалар, әртүрлі ассоцациялар және мемлекет жатқызылуы мүмкін. Кәсіпкерліктің объектісіне әртүрлі шаруашылық қызметі, коммерциялық, делдалдық, иновациялық, консультациялық қызмет, құнды қағаздармен операциялар т.б. қызмет мазмұнына байланысты кәсіпкердің бірнеше түрлері болуы мүмкін:
1.өндірістік кәсіпкерлік: онда товарлар мен қызметтердің өндірісі, информация, рухани құндылықтар пайдаланылады;
2.коммерциялық кәсіпкерлік: ол товарлар мен қызметтерді қайта сатуды іске асыратын келісімдер мен операциялардан тұрады. Бұндай кәсіпкерліктегі пайда товарларды сатып алу құнынан жоғары бағамен өткізуге негізделген;
3.қаржылық кәсіпкерлік: коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі, мұндағы сату-сатып алу объектісі ақша, валюта, құнды қағаздар;
4.делдалдық кәсіпкерлік: келісім жасауға ынталы тұлғалардың арасын біріктіруге бағытталған қызмет түрі;
5.сақтандыру кәсіпкерлігі: онда кәсіпкерлер сақтандыру жарнасын алады, сақтандыратын жағдай орын алған кезде ғана төлем жасайды.
Барлық кәсіпкерлік формалары табыс табуға бағытталған, ол үшін шектелген ресурстарды үйлестіру қажет. Осындай ресурстарды үйлестіру кәсіпкерлік қызметтің ең қажетті буыны болып табылады.
Шумпеттердің ойы бойынша, кәсіпкерлік ресурстарды үйлестірудің 5 бағытын қамтуы мүмкін:
1. жаңа игіліктерді дайындау немесе жаңа сапалы игіліктерді дайындау;
2. жаңаша өндіру әдісін енгізу;
3. жаңа өткізу рыногын игеру;
4. жаңа шикізат түрлерін, жартылай фабрикаттарды игеру;
5. өндірісті қайта ұйымдастыру.
Кез келген уақыт аралығында басқаша ресурс комбинациялары пайда болуы мүмкін. Кәсіпкерліктің осы қасиетін Ж.Б.Сэй байқап, А.Смиттің кәсіпкерлікке берген анықтамасын толықтырды: кәсіпкерлік өндіріс факторларын үйлестіруші экономикалық агент. Кәсіпкерлік қызмет меншіктің қандайда бір түрлерімен байланысты. Тәуекел кәсіпкерліктің негізі.
Тәуекел дегеніміз – алдын ала қарастыратын болжам немесе жоспармен салыстырғанда зиян шегу немесе табысты азырақ алу ықтималдығы. Түрлері:
1. өндірістік
2. коммерциялық
3. қаржылық
4. несиелік
5. проценттік
Тәуекелді әр түрлі әдістермен өлшеуге болады:
1. статистикалық
2. эксперттік
3. есептеу- аналитикалық
Меншік түріне қатысты кәсіпкердің жеке меншік және мемлекеттік түрлері болады. Мемлекеттік кәсіпкерлік тұрақты және үкіметтің қаржылық, ұйымдастырушылық қамқорлығын пайдаланады, ал жеке меншік сектор өзіндік артықшылықтарға ие: қатаң анықталған баға болмайды, бизнестің көлемі шектелмеген және қызмет түрін таңтап алу еріктігі бар.
Кәсіпкерліктің мынандай 3 түрі болады: жеке меншік, әріптестік, корпорация.
Жеке кәсіпкерлік – бір иесі бар бизнес, капиталы шағын, шексіз жауапкершілікті кәсіпкерліктің түрі. Артықшылығы: меншік иесі бүкіл пайданы иемдене алады, өзгерістер енгізе алады, табыс салығын ғана төлейді, ұсақ дүкендер, қызмет көрсету фирмалары, заңгерлер, дәрігерлердің кәсіби қызметінде кең тараған.
Әріптестік – екі немесе одан да көп иесі бар бизнес, ол да табыс салығын төлейді. Артықшылығы: ұйымдастыру жеңілдігінде және қосымша қаражаттар мен жаңа идеяларды іске асыру мүмкіндігінде. Кемшілігі: қаржы ресурстарының шектелгендігі иелерінің әрбіреуінің әріптестік кірісіндегі немесе зияндағы үлесін анықтау қиындығында, әріптестік формасында көбінесе брокерлік кеңселер аудиторлық фирмалар қызмет көрсету сфералары ұйымдастырады.
Корпорация – бірлескен кәсіпкерлік қызметі үшін тұлғалардың топтасуы, ондағы корпорация меншігіне құқық акция үлесіне байланысты анықтайды. Акционерлік қоғам корпорациялық салық төлейді. Артықшылығы: акция мен облигацияларды сату арқылы қосымша ақша қаражатттарын тарта алады, кәсіби мамандарды тартады. Кемшілігі: екі рет салық төленеді: корпорация табысынан және дивиденттерінен, экономикалық әділетсіздік жасауға қолайлы кәсіпкерлік. Меншік және басқару қызметтерін бөлуде мәселелер пайда болуы мүмкін.
Кәсіпкерлікті көлеміне қарай шағын,орта,ірі бизнес деп бөледі.
Шағын бизнес – ірі шаруашылық сектордың негізін құрайды, онда жұмыс күшінің 50 % еңбек етеді. Шағын бизнестің көп кездесетін формасы франчайзинг және венчурлік кәсіпкерлік. Франчайзинг – шағын фирманың ірі маркалы фирмаларымен келісім жасау арқылы белгілі бір территорияларда қызмет көрсету. Венчурлы фирма – ғылыми зерттеулерді дамыту және аяқтау барысында жұмыс істейтін коммерциялық ұйым.
Орта бизнес – ірі және шағын кәсіпкерліктің бәсекелескен кәсіпкерлік формасы. Олар кейбір спецификалық өнімдерді өндіруде монополистік болып табылады.
Ірі бизнес – орта және шағын бизнеске қарағанда қуатты.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



33.0Kb
Категория: Өнеркәсіп, Өндіріс, Мұнай | Добавил: Dastan
Просмотров: 2261 | Загрузок: 212 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Латын Америка елдері мен Қазақстан арасындағы қатынастар
Черногория мемлекеті
Жер планетасы
Электрокардиографтың құрылысы, жұмыс істеу принципі
Жасуша теориясы
Сақтар
Мағжан Жұмабаев
Өсімдік қорғау және карантин мамандығы бойынша Емтихан билеттері
17 ғасырдың музыкалық мәдениеті
Германия
Ақыт қажының Жиһаншаһ дастанындағы Шаһзада бейнесі
Неологизмдердің жасалу жолдары
Тіршілік етуші негізгі орта және оларға ағзалардың адаптациялануы (бей...
Шал Мырза
Топырақтың адамзат үшін маңызы