Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Өнеркәсіп, Өндіріс, Мұнай

Францияның жалпы экономикалық жағдайы, салық жүйесіне сипаттама
Загрузка...
Франция әлемдегі жоғары дамыған бес мемлекет қатарына кіреді. Франция ЖІӨ көлемі жағынан АҚШ, Жапония және Германиядан кейінгі төртінші орында.
Экономикада маңызды орынды ғылыми зерттеулер және ақпараттық қызмет көрсетулер алады. Франция ғылыми зерттеулердің кең көлемді мәселелерін мына бағыттарда жүргізуде: аиом энергетикасы, әуе техникасы, байланыс құрал жабдықтары, электроника түрлері т.б.
Франция шетел инвестицияларын тікелей тарту бойынша әлемде 4-ші орында. Инвесторлар мемлекеттегі қаржы тұрақтылығын, ғылыми зерттеулердің жоғары деңгейін, алдыңғы қатарлы техникаландырылған өндірісті т.б. маңызды факторларды ерекше бағалайды. Экспорт бойынша Франция мына мемлекеттермен байланыста: Европалық қауымдастық: 63% (Германия16%, Ұлыбритания 10%, Испания 9%, Италия 9%, және АҚШ 8% т.б.).
Импорт бойынша байланыстағы елдер: Европа қауымдастығы 62% (Германия 16%, Ұлыбритания 8%, АҚШ 7%, Бельгия-Люксенбург 11%). Соңғы жылдардағы макроэкономикалық көрсеткіштері шамамен төмендегідей:
Бюджет сипаты: кірістер-210 млрд доллар, шығыстар-240 млрд доллар. Экспорт-325 млрд доллар. Импорт-320 млрд доллар.
Елдің толық аталуы - Француз Республикасы. Мемлекеттік құрылымы - Президенттік Республика. Ал, құрамы 22 облыстан тұрады, олар өз кезегінде 96 департаментке бөлінген. Астанасы- Париж.
ЖІӨ-дегі ауыл шаруашылығының үлесі 2%, кұрылыстың үлесі - 8%. сауда мен тауар қызметінің үлесі - 25%, қаржы және басқа тауарлық емес қызметтер үлесі - 20%, өнеркәсіп (соның ішінде өңдеу саласы) - 42%.
Дамыған мемлекеттер ішінде Францияны айрықша ерекшелейтіні ЖІӨ-гі салықтық түсімдердің жоғарғы үлесі мен әлеуметтік қор жарнамаларының жоғарылылығы. Франциядағы салық жүйесіне тән ерекшелік - тікелей салық салудың төмен деңгейі мен жанама салықтардың жоғары деңгейі. Жанама салықтар жалпы бюджет табыстарының 60% береді, негізінен бұл ҚҚС-ғы (оның үлесі 45%). Ал, тікелей салықтар ішінде басты рөлге жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы ие, оның үлесі жалпы түсімдердің 20% құрайды.
Бүгінде Франция үкіметі салық саясатын өзгертуде, жұмыссыздық деңгейін төмендетуде күрделі қадамдар жасауда.
Францияның салық жүйесінің ерекшеліктері:
• міндетті аударымдардың жоғары үлесі;
• әлеуметтік бағыттағы қорларға аударылатын жарналардың
жоғары үлесі;
• тікелей салық салудың төмен деңгейі мен жанама
салықтардың жоғары деңгейі.
Францияның салық жүйесі салықтарды орталық бюджетке түсетін салықтар және жергілікті салықтар деп бөледі. Мемлекеттік салықтар орталық бюджеттің табыс базасы болып саналады. Жалпы бюджеттің шамамен 60% жуығын жанама салықтар береді, әсіресе ҚҚС-ғы.
ҚҚС-ң отаны да осы Франция мемлекеті болып саналады. Ол 1954 жылы Лоре оқымыстының енбегімен енгізілген. Салық бюджеттік түсімдердің 45% КҚС-ның үлесінде.
Қазіргі кезде бұл салықтың негізгі ставкасы 18,5%. Кейбір тауар түрлеріне, мысалы: автомобиль, кино тауарлары, темекі бұйымдары, бағалы терілерге жоғарылатылған мөлшерлеме 22% қолданылады, Ал, төмендетілген 5,5% азық-түлік тауарларының көптеген түрлеріне, ауыл шаруашылық өнімдеріне, кітаптар мен дәрі –дәрмектерге қолданылады,
Бұл салық бойынша айтарлықтай жеңілдіктер де қарастырылған. Осымен қоса, ҚҚС-нан мыналар босатылады:
• мәдени, спорттық, тәрбиелік, әлеуметтік, әкімшілік
салалардағы істерді жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер;
• медицина және білім беру;
• кейбір еркін мамандықтар: жеке мұғалімдік іс, жеке
тәжірибеленуші дәрігерлер, рухани шығармашылықпен айналысатын адамдар.
Ал, жанама әскери шығындарға: мемлекеттік қарызды басқару шығындары мен әскери зейнетақылар жатады. Әскери мақсатқа жұмсалатын жалпы қаржыландыру мемлекеттік бюджет көлемінің шамамен 35% дейін жетеді, бұл ЖҰӨ-ң 4% деген сөз.
Басқару шығындары мемлекеттік биліктін барлық органдарын қамтиды. Құрамында шамамен 1 млн-ға жуық адамы бар үлкен әкімшілік аппараттың бар болуы, мемлекеттің саяси,экономикалық және әлеуметтік қызметтерімен тығыз байланысты. Бұл бағыттағы шығындар мемлекеттік бюджет шығындарының шамамен 12% құрайды.
Жалпы, Францияда бюджет процесі 4 сатыдан тұрады және ол З жылдан астам уақытқа созылады. Алғашқы саты - бюджет жобасын кұру, экономика және каржы министрлігінің (ЭҚМ) бақылауымен 9 ай бойы жүргізіледі,
Әрбір министрлік пен ведомство өз сметаларын жасап, қаржылық бақылаушы тіркегеннен кейін бюджет жобасын даярлау үшін ҚЭМ-не жіберіледі. Бюджет жобасын үкімет мақұлдағаннан кейін парламентке жіберіледі.
Екінші саты - үш ай уақытқа созылатын бюджетті қарастыру мен бекіту. Франция Ата заңына сәйкес бюджетті қарастыру, бекіту құқығы парламентке берілген. Бюджет жобасы әр палатаның қаржы комиссиясының тексеруінен өтеді. Комиссияның бас баяндаушысы палата отырысында бюджеттің жалпы мәселелері бойынпіа баяндама жасайды. Алдымен бюджет жобасы төменгі палатада (ұлттық жиналыста) талқыланып, содан соң жоғарғы палатаға (сенатқа) талқылауға, қарауға беріледі.
Бюджет бекітілуі қос палатаның біріккен отырысында өтеді. Егер сенат берілген бюджет жобасымен келіспейтін болса, онда жобаны қайта қарауға төменгі палатаға кайта кайтарып береді. Егер бюджет жобасы 70 күн бойы екі мәрте талқылауға түсіп, мақұлданбаса, онда президент өзінің жарлығымен (ордонанс) бюджетті заң деп жариялайды. Бұл жағдайда ордонанстық бюджет күшіне енеді.
Үшінші саты - бюджеттің орындалуы. ол бір жылды қамтып, бюджет жылы деп аталады. Францияда ол күнтізбелік жылмен сай келеді. Бюджет орындалуының жалпы жетекшілігі ҚЭМ-не жүктелген. ҚЭМ-гі министрліктер мен ведомстволар берген ұсыныстар (заявкалар) боынша шығындардын айлық кестесін жасайды. Бюджеттің кассалық орындалуы қазынашылық кассалар жүйесі арқылы жүзегс асырылады.
• тұрғын үй салығы;
• кәсіби салық;
Бұл салықтардың мөлшерлемесін жергілікті органдар анықтайды. Құрылған учаскілердің жер салығы тұрғызылған учаскілерден алынады. Салық қозғалмайтын мүліктің бәріне қатысты, яғни ғимараттар, резервуарлар, мұнаралар т.б.. сонымен қатар өнеркәсіп пен саудаға арнап пайдаланылатын учаскілерге де қатысты.
Бұл салықтан мемлекет меншігі босатылады: қала шетінде орналасқан және ауыл шаруашылық мақсатта пайдаланылатын ғимараттар да босатылады; жасы 75-тен асқан жеке тұлғалар да, сондай-ақ қоғамдық қорлардан жәрдем ақы алатын, немесе мүгедектік жөнінде жәрдем ақы алатын жеке тұлғалар да босатылады.
Ал, құрылмаған учаскілерге салынатын жер салығы алқаптар, ормандар, жайылымдар т.с.с. қатысты. Бұл салықтан мемлекет меншігіндегі учаскілер босатылады.
Тұрғын үй салығы тұрғын үй иелерімен қоса, жалгерлерден де алынады. Тұрмысы төмен адамдар бұл салықтан біртіндеп босатылады. Кәсіби салықтарды белгілі бір кәсіппен айналысатын, бірақ оған еңбек ақы алмайтын заңды және жеке тұлғалар төлейді. Салықты есептеу үшін екі элемент алынып, жергілікті органдар бекіткен мөлшерлемелерге көбейтіледі.
Олар мына элементтер:
• қозғалмайтын мүліктің жалгерлік құны;
• салық төлеушінің өзінің қызметкерлеріне төлейтін еңбек ақысынаа қайсібір процент (пайыз) (әдетте 18%),сонымен қатар жалпы пайдасы (әдетте 10%).
Осы элементтер бойынша есептелген салық мөлшері өндірілген қосымша құнның 3,5%-нан аспауы керек. Бұл заңды түрдегі шектеу.
Осы негізгі төрт салықтан басқа, жергілікті органдар басқа да жергілікті салықтарды енгізе алады:
• территория тазалауға салық;
• кеніштерді игеру үшін жергілікті алымдар;
• электр жарығын орнату үшін алымдар;
• көлік кұралдарына салынатын баждар;
• департамент бюджетіне аударылатын, ғимаратты сатуға
салынатын салық т.с.с. жергілікті деңгейдегі көп түрлі
алымдар мен төлемдер алынады.
Франциядағы салық жүйесіне тән мәселелердің барлығын Бас Салық Басқармасы (БСБ) қарастырады. БСБ қаржы және экономика министрлігінің құрамында. Жалпылама елде 830 салық орталығы және 16 ақпарат орталығы орналасқан. Салықтық бақылау көбінесе құжаттық және калиралдық тексерулер арқылы жүргізіліп отырады, Салықтан жалтару қатаң қадағаланып, тіпті қажетті жағдайда қылмыстық жауапкершілікке де тартылады. Қарапайым жағдайда байқаусызда, яғни қасақана емес, білмес-тікпен декларация қате толтырылып қалса, нәтижесінде табыс азайтылып көрсетілген жағдайында 0,75% мөлшерінде айыппұл салынады. Қасақана табысты жасыру жағдайлары анықталған жағдайда салық екі есе мөлшерде өндіріледі.
БСБ-сы арқылы орталық және жергілікті бюджеттердің жиынтық табысының шамамен 50% жиналады.
БСБ-ң жалпы басқару жұмыстарын бас директор жүзеге асырады, оның бірнеше кеңесшілерімен бір орынбасары бар.
БСБ құрамы мынадай орталық қызметтерден тұрады: дербес қызметкерлер және бюджет; ұйыммдастыру және ақпарат; ұлттық салық мектебі; ішкі және сыртқы тексеру басқармасы; ұлттық салық тергеу басқармасы.; статистикалық және құжаттық тексеру басқармасы т.с.с.
БСБ Францияның қаржы және экономика министрлігіндегі алдыңғы қатарлы, ерекше бөлімше. 90-шы жылдардың басында министрліктегі еңбекпен қамтылғандардың 45% осы салада қызмет атқарған, бұл шамамен 83 мың адам.
Салық қызметіндегілердің негізгі бөлігі салық инспекторлары мен бақылаушылары. Салық инспекторларын окыту Ұлттық салық мектебінде1 жүргізіледі (Париж және Киперман-Ферран бөлімшелерінде) немесе Тулуза қаласындағы ұлттық кадастр мектебінде оқытады.
Салық төлеушіге таңдау мүмкіндігі де берілетін жайлар болады, яғни ҚҚО-н төлеу ме, немесе табыс салығын төлеу ме? Бұл ғимаратты жалға бергенде, қаржы және банк ісінде; әдеби, әртістік, спорттық салада, жергілікті шаруашылықта берілетін жеңілдік түрлері.
Кеден баждарын да қажетті салықтар қатарына қосуға болады. Кеден баждарыньң басты мақсаты - табыс табу емес, ішкі нарықты қорғау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен ұлттық өнеркәсіпті де қорғау болып табылады. Кеден баждары мемлекеттің экономикалық саясатының құралы ретінде пайдаланылады.
Ал жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы Францияның мемлекеттік бюджеттеріндегі түсімдердің 20% жуығын камтамасыз етеді. Бұл салық мөлшерлемесі прогрессивті сипатта. 0-ден 56,8% мөлшерлемесі табыс көлеміне қарай қолданылады. 0-мөлшерлеме дегеніміз, табысы 18140 франктен аспайтын жеке тұлғаларға қолданылады, яғни салыққа ілінбейді деген сөз.
Барынша көп мөлшерлеме 246770 франктан асатын табыстарға салынады. Ақшалай капиталдардан түскен табыстарға да салық салынады. Қозғалмайтын мүлікті сатудан түскен пайда, салық салынатын табыстарға қосылады. Ал құнды қағаздар операциясына түскен пайдаға 16% мөлшерлеме қолданылады.
Қозғалмайтын мүлік операциясымен байланысты пайдаға да салық салынады, егер келісім шарт саласы 20 мың франктан асса. Бұл жағдайда үш мөлшерлеме қарастырылған - 4,5% және 7% өнер бұйымдарына және де 7,5% бағалы келісім шарттары үшін.
Жергілікті салықтар жергілікті бюджет табыстарының шамамен 40% құрайды. Жергілікті салықтар кұрамындағы төрт негізгі салықтарды атап айтуға болады:
• құрылған учаскелерге салынатын жер салығы;
• құрылмаған учаскелерге салынатын жер салығы;
Еңбек нарығын реттеу арқылы, жұмыссыздықты әлдеқайда төмендетуге болатынын Франция әлдеқашан түсініп, оған қажетті шараларды іске асыруда.

3.2. ХҚЕС – тың даму тарихы, мақсаты.
Осы заманғы бухгалтерлік есептің ғылыми және тәжірибелік мәнін толық және кең ауқымда түсіну үшін, мүның халықарадық деңгейде стандартттандырылуын және қандай бағыттағы аспектілерден туындайтындығын білу керек.
«Халықаралық бухгалтерлік стандарттар немесе қаржылық қорытынды есеп стандарттары» үғымы мына төмендегі ресми түрдегі құжаттар жиынтығынан: ХҚЕС ережелеріне жазылған алғы сөзден, қаржылық қорытынды есепті дайындау мен тапсырудағы принциптерден, жекелеген есеп объектілеріне тән стандарттардан, бүларды түсіндірудің әдіснамалық жолдарьшан түрады.
Айтылған құжаттардың барлығы да бірімен-бірі бірегей сабақтастық жүйеге байланысқан. Есеп стандарттарына тән әрбір жекелеген қүжат өз бетімен колданылмайды. Алайда стандарттау жүйесіндегі әрбір жекелеген құжат осы жүйенің арнайы сараптаудан өткен элементі ретінде өз міндетін атқарады. Жоғарыда айтылған қүжаттар мазмүны барынша кысқа және түсінікті қолдануға икемді жолдармен жасалған.
ХҚЕС-те қаржылық қорытынды есептің мақсаты, есеп ақпараттарының пайдалылығының сапалық сипаты, қаржылық қорытынды есеп элементтерін тану мен өлшеу әдістерін анықтау және капитал үғымы мен мүны үлғайту жөніндегі мәселелер қаралған.
Есеп стандарттары бірнеше типтік бағыттардан түрады. Олар:
1. Мақсаты. Есеп өрісіндегі мәселелер мазмұнына қысқаша түсініктеме беру және стандарттар жасау мен шығарудың міндеті көрсетіледі.
2. Қолдану өрісі. Мұнда стандарт объектісі мен стандартты қолданудың объективті жағдайы қаралады.
3. Анықтау. Стандарт мәтінінде қолданылған негізгі терминдерге түсінік беру және бұларды танудың тәртібі көрсетіледі.
4. Баяндау. Мұнда есеп принципі, бағалау әдісі, шаруашылық фактілер мазмұнын тіркеу т.б. көрсетіледі.
5. Ақпараттар маңызын ашу. Ақпараттар мазмұны, есеп саясатын жасаудағы ақпараттар қалыптастырудың тәртібі ашылып көрсетіледі.
6. Орындалуға жіберілген күн (өз күшіне енетін күн). Мұнда
стандарттың іске асырыла бастаған күні немесе күшіне енетін күні
көрсетіледі.
Жоғарыда көрсетілген типтік бағыттар мен сабақтастыктарда терминологиялық ұғымдар, қолданбалы әдістер, тәсілдер, бухгалтерлік операциялардың мәні, шаруашылық фактілерінің мазмұны толығымен баяндалады.
Сонымен, ХҚЕС деп - бухгалтерлік және қаржылық қорытынды есеп жүргізудің жалпы принциптерін анықтайтын ресми құжатты айтамыз.
Қазіргі кезеңдегі ХҚЕС мыналардан құралады:
1) Тұжырымдамалық концепциядан;
2) 40-тан аса қолданбалы стандарттардан;
3) 25-тен аса қосымша түсіндірулерден (интерпретация).
Тұжырымдама (концепция) жөніндегі ұғым стандарт құжатына жатпайды. Мұнда қаржылық қорытынды есеп дайындау мен тапсырудың жалпы принциптері ашылады. Барлық елдерде жүргізілетін бухгалтерлік есеп пен стандарттар негізі арнайы ережелерден тұратын принциптерден қаланған. Қаржылық есеп қорытындысының принциптерінде стандарттаудың пәндік қасиеті анықталған. Арнайы зерделеніп, халықаралық деңгейде қабылданған принциптер қаржылық есеп қалыптастырудың мәселелерін, сондай-ақ есеп жүргізудің әдіснамалық жолдарын белгілейді.
Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарында бухгалтерлік есепке тән барлық маңызды мәселелер, компаниялардың есеп саясаты, тауарлы-материалды босалқыларды бағалау, жинақталған қаржылық қорытынды есеп, салық салу т.б, қаралған. Әрбір елде сабақтастық жолдармен қолданылынатын есеп стандарттарының барлығында да есеп принциптері байырғы жолдармен сипатталған.
ХҚЕС талаптарына сай қандай жерлерде болмасын орындалған ұқсас операциялар мен оқиғаларды үйлестік тұрғыда көрсету керек. Алайда айрықшаланған операциялар мен оқиғалар мазмұны бухгалтерлік есепте әр түрлі тәсілдермен іске асырылып, орындалуы мүмкін.
Әрбір жекелеген стандарт терминологиялық тәртіпті, тәсілдер мен әдістерді, бухгалтерлік операцияларды анықтай отырып, мына төмендегі сипаттағы ақпараттардан тұрады:
(есеп объектісі) - Есепке алынатын есеп объектісі анықталып, осы объектіге байланысты негізгі түсініктемеден;
(есеп объектісін тану) - Есеп объектілерін қаржылық қорытынды есеп элементтерінің әр түріне жатқызудың тәсілдерінен;
(есеп объектісін бағалау) - Бағалау әдістерін қолдану және қорытынды есеп элементтерінің әр түрін бағалауға қойылатын талаптарды көрсету жөніндегі ұсыныстардан.
Мысалға, қорытынды есепке тәң есеп принципі, бағалау варианттары, есеп әдісі т.с.с. көрсетіледі.
Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттарының жалпы саны 29 стандарттардан тұрады. 1996 жылы 13 қарашада бекітілген: №1 «Есеп саясаты және мұны ашу», №3 «қаржы - шаруашылық қызметінің қорытындысы» стандарттары және №22 стандарт өз күштерін жойып, бұлардын орнына №30 «қаржылық есеп тапсыру» стандарты 17 қаңтар 2003 жылы қабылданды.
Қазақстандық есеп стандарттарын жүргізу жөніндегі әдіснамалық ұсыныстар жеке шығарылған кітапшаларға жазылып, жарияланған.
Ендігі жерде біздер салыстыру мен талдау және оқырмаидарға ой салу мен зерделі мүмкіндігін туғызу мақсатында халықаралық қаржылық қорытынды есеп стандарттарыньщ тізімін берелік.

Халыкаралық қаржылық корытынды есеп стандарттары

Стандарт
нөмірлері
Стандарттарды аталуы

Күшіне енген жылдар
1 2 3
1 Қаржылық қорытынды есеп тапсыру 1999
2 Босалқылар белгісіз
3 27 ХҚЕС және 28 ХҚЕС өзгертілген 1976, 1995
4 16 ХҚЕС және 38 ХКЕС өзгертілген
5 ХҚЕС өзгертілген
6 15 ХҚЕС өзгертілген
7 Ақша қозғалысы жөніндегі есеп 1979. 1994
8
Есепті кезеңдегі таза пайда немесе шеккен зиян. Маңызы жағынан жоғары қателер және есеп саясатының өзгерістері 1979, 1995
9 38 ХҚЕС өзгертілген
10
Баланс жасалынған кейінгі күндерде орын алған оқиғалар 1980, 1995
11 Мердігерлік келісім - шарттар 1980,1995
12 Пайдаға салынған салықтар 1981,1998,2001
13 ХҚЕС өзгертілген
14 Шеңберлі қорытынды есеп 1981, 1999
15 Баға өзгерісін көрсететін ақпараггар 1981, 1999
16 Негізгі құралдар 1983,1995
17 Жалдағы негізгі қуралдар 1984,1999
18 Түскен түсімдер 1984, 1995
19
Жұмыскерлерді сыйақыландыру

1985, 1995,1999, 2001
20 Үкімет жәрдемінің есебі және үкімет
көмегі жөніндегі ақпараттарды ашу 1984, 1995
21 Валюта курсының өзгеріс әсері 1985, 1995
22 Компаниялардың біріктірілуі 1985,1995,2000
23 Займдар жөніңдегі шығьшдар 1986,1995
24

Байланысты жақтар жөніндегі ақпараттарды ашу 1986
25 40 ХКЕС өзгертілген

26
Зейнетақымен қамту (зейнетақы жоспары) бағдарламалары жөніндегі есеп пен қорытынды есеп 1988
27
Шоғырландырылған қаржылық қорытынды және еншілес ұйымдардағы инвестициялар есебі 1990, 2001
28
Қауымдастырылған кәсіпорыңдардағы инвестициялар есебі 1990,2001
29
Шапшаң кұнсыздану (гиперинфляция) жағдайындағы қаржылық қорытынды 1990

30
Банктердің және үксас қаржылык институтгардын қаржылык корытынды есебіндегі ақпараттарды ашү 1991

31
Бірлескен қызметке қатысу жөяіндегі қаржылық қорытады 1992,1999, 2001
32 Қаржылық аспаптар: ашу мен тапсыру 1992,1996.2001
33 Акцияларға төленетін пайда 1998
34 Аралық қаржылық қорытынды 1999
35 Қызметі тоқтатылған кәсіпорындар 1999
36 Активтер бағасынын құнсыздануы 2000
37 Резервтер, шартты міндеттемелер және шартты активтер 2000
38 Материалды емес активтер 2000
39 Қаржылық аспаптар: тану және бағалау 2001
40 Инвестициялық меншік 2001
41 Ауылшаруашьшығындағы есеп 2003

Халықаралық қаржылық қорытынды есеп мазмұнын қосымша түсіндіру мақсатында жоғарыда айтылған «Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары жөніндегі комитет» (ХБЕСК) құрамында 1997 жылы «Тұрақты түсіндіру комитеті» (ТТК) құрылған. Бұл комитеттің негізгі міндеті ХҚЕС сәйкес келетін қосымша түсіндірмелер жасау мен ұсыну болып табылады. ТТК-те жасалған түсіндірмелер ХБЕСК-тің Басқармасында бекітіліп, мұндай косымша түсіндірмелер қаржылық қорытынды есеп жасаудың қажетті элементтері түрінде танылады. Шетелдерде ТТК SІС деп белгіленген, ал Ресейде «Тұрақты түсіндірме комитеті» (ТТК) деп ХБЕСК-нің қойған атымен бірдей аталынған. Қазақстанда ТТК әлі ққрыла қойған жоқ.
Кейінгі жылдары нарықтық экономикасы дамыған көптеген елдер қаржылық қорытынды есеп жүйесін халықаралық деңгейде үндестіру мен икемді бағытқа салу мақсатында кептеген жүмыстар атқарып келеді.
Ұлттық есеп стандарттарына қарағанда ХҚЕС-тің артықшылығы мыналар:
- халықаралық деңгейде әр елдердегі білімді ғалымдар мен алдыңғы қатарлы тәжірибені енгізу мүмкіндігі;
- ХҚЕС мазмүнын ашық талқылау кезеңдерінен өткізу және тиісті стандарттарды есеп тәжірибесінде қолданып көру (опробация) кезеңдерінен етуі;
- бухгалтерлік есеп күжаттарын компаниялар арасында жалпыәлемдік деңгейде салыстырып отыруды қамтамасыз ету;
- компаниялардың шоғырландырылған қорытынды есеп дайындауға жұмсалатын шығындарын барынша қысқартуды қамтамасыз ету;
- қаржылық ақпараттарды пайдаланушылар үшін халықаралық стандарттардың түсініктілігі және қарапайымдығы;
- тұрақты түрде жетілдіріліп отыруы.
Осы көрсетілген артықшылықтар жиынтығы ХБЕС ұлттық тәжірибеде қолдану мақсатында әр елдердің ынталылық танытуын қамтамасыз етеді.
ХБЕС мазмұнын зерттеуші ғалымдардың ұсыныстары мен жеке пікірлеріне қарағанда және біздің пайымдауымызша стандарттар мазмұнына тән кемшіліктер де жоқ емес. Бұларға мыналар жатады:
- нақтылы есеп объектілеріне тән қолданбалы ұсыныстар және түсіндірмелер, қосымшалар мен мысалдардың нақтылы түрде калыптаспағандығы;
- ХҚЕС негізінен экономикасы нарықтық қатынастар мен дамыған елдер есебіне арналғандықтан экономикалық процесі жаңадан дамып келе жатқан елдерде қолданудың кейбір қиындықтары;
- ХҚЕС-тің ұсыныстық сипаты, оның үстіне ХҚЕС-ті міндеттті түрде қолдану керек еместігі жөніндегі ұсыныс есеп жүйесінің гармониялық үйлесімділігін қамтамасыз етпейді.
ХҚЕС-ті бөлшектеп қолдануға болмайды. Мұның өзі кешенді процестер қатарына жатады. Қорытындалған қаржылық есеп әрбір стандарт мазмұнының талабына сай келуі керек. Егер стандарт мазмұны толығымен қолданылмаған жағдайда қорытындыланған қаржылық есеп ХҚЕС талабына сәйкес келмейтін болып танылады.
Алайда осы айтылғандарға қарамастан, халықаралық қаржылық есеп стандартттары нарықтық катынастар бағытындағы барлық елдерде (жаһандық) танылып келеді. Қаржылық қорытынды есеп дайындау мақсатының маңызы халықаралық деңгейде сенімді түрде қолданыла бастауына байланысты қырыққа жуық ірі-ірі трансұлттық корпорациялар өз еркімен ХҚЕС-ті қолданып келеді. Кезіндегі әлемдік биржалардың көпшілігі ХҚЕС-ке сай есеп жүргізудің негізгі критериін салған екен деген ұғым бар. Лондон, Франкфурт, Цюрих, Люксембург, Амстердам, Рим, Гонконг және басқа да бір қатар тауар биржадарындағы акцияларға баға белгілеу (котировка) халықаралық әдіспен және кезінде қабылдана бастаған стандарттарға сай жүргізіліпті.
Ұлттық және аймақтық стандарттар жөніндегі осы замандағы комитеттер, биржалар, компаниялар және үкіметтік ұйымдар есеп стандарттарын халықаралық бастапқы базис сапасында қабылдай отырып, бұлар өздеріне тән ұлттық және аймақтық тұрғыда ерекшеленетін есеп жүргізудің айрықша бағытын белгілеуіне де болады екен.
ХҚЕС-ке әр ел экономикасында қолдануы ауқымы кең үйлесімді гармониялық жүйе және жаһандық экономикалық процеске үлес қосушы ресми кұжат деп түсінген жөн.
Салық кодексінің 208-бабының 9-тармағына сәйкес салық төлеуші қосылған құн салығы бойынша есепке қойылған кезде, осы тұлғалардың қосылған құн салығы бойынша есепке қойылған күніндегі тауарләр (негізгі құралдарды қоса алғанда) қалдығы бойынша қосылған құн салығы сомасын есепке жатқызуға құқығы бар. Осы күнге, негізгі құралдарды қоса алғанда, барлық қорларды түгендеу жүргізген жөн. Түгендеу тізімдемесінде мынадай деректерді көрсеткен жөн:
- қордың (негізгі құралдың) теңгерілім құнын;
- осы қорды жеткізушінің атауын;
- қорды (негізгі құралды) сатып алу күнін;
- сатып алғаны туралы фактіні растайтын құжаттың нөмірін және атауын (шот-фактураны, сатып алу актісін және т.б.);
- кәсіпорын (Салық кодексінің 235-бабының талаптарын орындаған кезде) құқылы ҚҚС сомасын.
Осыған орай, «1:С» бағдарламалық қамтамасыз етуде негізгі қорлар бойынша ҚҚС сомаларын есепке жатқызу үшін арнайы құжат қарастырылмағандықтан, осы операцияны бухгалтерлік анықтама және қолмен өңдеу арқылы өткізу мүмкін деп санаймын: Д-т 1420 (есептегі ҚҚС) К – т 1300 (Қорлар), (Негізгі құралдар) және т.б.
Салық, есептілігінде тауарлардың қалдықтары бойынша (негізгі құралдарды қоса есептегенде) ҚҚС есепке алу сомасы (300.05.009) – жолдарында көрінеді.
307 - нысаны салық кезеңі (есепті тоқсанның) ішінде сатып алынған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша шот – фактуралар тізімі, бұл туралы есеп атауының өзі және оны құрастыру ережелері айтып тұрғандай.
Осындай, қорлар және негізгі құрал-жабдықтар алдыңғы кезеңдерде (қосымша құн салығы бойынша есепке қойған күнге дейін) сатып алынған болса, онда олар 307 - нысанына жатқызылмайды.
Салық кодексінің 12-бабы 1-тармағының 5-тармақшасы және 546-бабының 1-тармағы негізінде Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшамен, төлемдік банк карточкаларымен, чектермен сауда операцияларын жасаған немесе қызметтер көрсеткен кезде тұтынушылармен жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысу міндетті түрде фискалдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану және бақылау чегін беру арқылы жүргізіледі.
Салықкодексінің 10-бабының З-тармағына сәйкес Кодексте пайдаланылатын Қазақстан Республикасының азаматтық және басқа да заңдары салаларындағы ұғымдар, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, заңдардың сол салаларында пайдаланылатын мағынада қолданылады.
Салық кодексінде «сауда операциялары» және «кызмет керсету» сияқты ұғымдар жоқ, осыған байланысты осы ұғымдарды барынша анықтайтын заң актілеріне жүгінеміз.
ҚР Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - ҚР АК) 683-бабы негізінде өтелмелі қызмет көрсету шарты бойынша орындаушы тапсырысшының тапсырмасы бойынша қызмет көрсетуге (белгілі бір іс-әрекет жасауға немесе белгілі бір қызметті жүзеге асыруға) міндеттенеді, ал тапсырысшы бұл қызмет көрсетуге ақы төлеуге міндеттенеді.
Осы баптың талаптары байланыс қызметін, медициналық, мал дәрігерлік, аудиторлық, консультациялық, ақпараттық қызмет керсетуге, оқыту бойынша керсетілген қызметтерге, туристік қызмет көрсетуге және, осы Кодекстің 32, 34, 35, 39, 41, 43, 44-тарауларында көзделген шарттар бойынша керсетілетін қызметтерді қоспағанда, өзге де қызмет көрсетулерге қолданылады.
■ ҚР АК 32-тарауында мердігерлік шарты бойынша бір тарап (мердігер) екінші тараптың (тапсырысшының) тапсырмасы бойынша белгілі бір жұмысты атқаруға және белгіленген мерзімде оның нәтижесін тапсырысшыға өткізуге міндеттенеді, ал тапсырысшы жұмыс нәтижесін қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың бағасын төлеуге) міндеттенеді.
Мердігерлік шартының жекелеген түрлеріне тұрмыстық мердігерлік, құрылыс мердігерлігі, жобалау немесе іздестіру жұмыстарына мердігерлік, ғылыми - зерттеу, тәжірибелік - конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерлікті жатқызуға болады.
Баспа-бас айырбас - бұл заттай тауар айырбастау, бұл жерде бір зат басқа затқа ақшалай ақы төлеместен айырбасталады, "тауарға тауар" схемасы бойынша жүзеге асырылатын сауда мәмілесі. Осындай айырбастаудың үйлесімін айырбастаушы тараптар белгілейді және шартта бекітіледі. Тауарларды тікелей айырбастауға негізделген мәмілелер баспа-бас айырбас мәмілелері деп аталады (Экономикалық сөздік).
2-ҰҚЕС "Тауарлармен немесе қызметтермен алмасу" 181-парагрәфының 416-тармағында субъектініңтауарлар немесе қызметтер сипаты мен қуны бойынша ұқсас тауарларға немесе қызметтерге ауыстырылатын кезде түсімді тануға тиіс емес екені айтылған. Алайдә субъект ұқсас емес тауарларға немесе қызметтерге тауарлар сатылатын немесе қызметтер көрсетілетін кездегі кірісті таниды. Осындай жағдайда субъект:
1) алмасу операциясының коммерциялық мазмұны болмаса, немесе
2) алынған активіңде, берілген активтің делдал құны сенімді түрде өлшене алмайтын жағдайларды қоспағанда, осындай операцияларды әділ құны бойынша өлшеуге тиіс. Егер операция әділ құны бойынша өлшене алмайтын болса, онда оны^ерілгөн активтің баланстық құны бойынша өлшеу керек.
Сондықтан кәсіпорындардың бухгалтерлік есебінде айырбастау мәмілесі тйісінше "ААА" кәсіпорнындағы 3 автомобильді сату және "ВВВ" кәсіпорнындағы өнімді "ВВВ" кәсіпорынында өндірілген және сатылған өнімнің осы жағдайда әділ құны болып табылатын құны бойынша сату ретінде ресімделетін болады. Өзара есептер жүргізу үшін "ААА" және "ВВВ" кәсіпорындары тиісті акт рәсімдеуі және қол қоюы тиіс. Осылайша, "ААА" кәсіпорнының бухгалтерлік есебінде осы баспа-бас айырбас мәмілесі "ВВВ" кәсіпорнына 3 автомобильді "ВВВ" кәсіпорнынан алынған өнімнің жалпы сомасына сату арқылы рәсімделеді. Одан кейін баспа-бас айырбас мәмілесінің шарты бойынша "ВВВ" кәсіпорнының алдындағы дебиторлық және кредиторлық берешектің өзара есебі жүргізіледі. Нәтижесінде 3 автомобильдің есептен шығарылған жалпы баланстық сомасы баспа-бас айырбас мәмілесінің сомасынан (3 автомобильді сату сомасы) 400 000 теңгеге аз, осы баспа-бас айырбас мәмілесінің қаржылық нәтижесі 400 000 тенге сомадағы табыс болып табылады.
"ААА" кәсіпорнының бухгалтерлік есебінде осы баспа-бас айырбас мәмілесі мынадай жазбалармен рәсімделетін болады (жоғарыда келтірілген жағдайдың талаптарын толықтырамыз: "ВВВ" кәсіпорны өндірген өнімнің құны 1 130 000 теңгені құрайды, автомобильдер "ААА" кәсіпорнының негізгі құралдары болып табылды, жинақталған амортизацияның сомасы 3 автомобиль бойынша 300 000 теңгені құрайды):
Салық есебінде Салық кодексінің 65-бабының 4-тармағына сәйкес барлық салықтарға қатысты баспа-бас айырбас операциялар осы операцияларды шот-фактуралармен міндетті түрде ресімдей отырып қолданылатын бағалар бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізу ретінде қарастырылады.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Өнеркәсіп, Өндіріс, Мұнай | Добавил: Admin
Просмотров: 2820 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Махмұд Қашқари
Алпамыс батыр жырын оқыту және тәрбие жұмыстары
Фариза Оңғарсынова
Досмұхамедұлы Халел
Қазақстан Республикасының климаты
Салауатты өмір салтын қалыптастырудьң ғылыми-теориялық негіздері
Тіршілік етуші негізгі орта және оларға ағзалардың адаптациялануы (бей...
Тұрар Рысқұлұлы
Бетховеннің симфониялық шығармашылығы
Бәсентиін Малайсары батыр
Құнанбайұлы Абай
№ 40 соль- минорлық симфония
Сақтар
Ыбырай Жақаев
Шығайұлы Дәулеткерей