Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 19.7.2018
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Ән, Мәдениет, Өнер

Шуберттің вокалдық лирикасы
Загрузка...
Шуберттің вокалдық лирикасы
Шуберттің музыкалық мұрасында ән негізгі орын алады. Әнде композитор кейпінің, оның шығармашылық және көркемдік қалыптасу жолдарының ерекше белгілері көрнекті, жүйелі және көңілге қонымды болып ашылады. Ән адамның ішкі жан- дүниесінің сипаттамасына кеңістік ашты; халықтық өнердің образдарына жақындау арқылы демократиялық мағынаға иеленеді; сөз бен музыканың тығыз байланысы арқылы музыкалық образдардардың поэтикалық тиянақтылығына жетеді. Бұның барлығы шуберттік баяндаудың ерекше мәнерлілігін тудырып, оның шығармаларының жаңашыл тереңдігін, маңыздылығын және образдық көп қырлылығын анықтайды.
Шуберттің көмегімен ән музыка тарихында бірінші рет басқа жанрлармен қатар тұрды. Оның поэтикалық негізі австиялық және неміс тарихының дерлік бөлігін қамтиды, және шетел авторларын да қосады.
Өмірінің әр түрлі кезеңдерінде Шубертті әр түрлі ақындардың шығармашылығы назарын өздеріне аударады. Ең үлкен тұрақтылықпен Шуберттің Гёте поэзиясына құштарлығы ерекшеленеді, бірақ ұлы неміс ақынының өлеңдерімен басқа авторлардың сөздері бәсекелесе алады, алдымен – В. Мюллер, И. Майрхофер, Г. Гейне. Композитор әрбір ақын шығармашылығының дербес өзгешеліктерін сергек сезеді.
Шуберттің әндері өзі үшін шығармашылығының мақсаты емес, кейін өңделетін материалға айналды. Бірақ әнді аспапты музыкада қолдану – Шуберт үшін оның қолданудағы жеке мысал ғана. Негізінде оның ықпалы едәуір кең және терең. Ән материал емес, әуенділік – принцип – осы қасиет Шубертті өзінің ізашарларынан ерекшелендіреді. Әуенділікте аспаптық музыканың өзгешелігі негізделеді.
XIX ғ. басында неміс және австриялық көркемдік өнерінде лирикалық жанрлардың келе жатқан гүлденуі белгіленеді. Осы жанрлар өмірге деморатизациялау процессінен кейін шақырылды. Музыкада бұл процесс аспаптық шығарамашылықта жаңа динамикалық принципті ойлау қабілетінің нығаюына, операның сарайлық спектакль шарттылығынан босауына, әннің тәрбиелік және ағартушылық жұмыстың ең маңызды бөлімге айналуына әкелді. XVIII ғ. ән әлі басқа жетекші жанрлар қатарына қосылған жоқ- тын, бірақ XVII ғ. соңы мен XVIII ғ. басына қарағанда, ол кәсиби өнердің дербес тармағы ретінде қалыптаса бастады. Композиторлар крестьяндық әнге «жетілмеген» өнерге сияқты қарайтын көз қарастарын өзгертеді.
Бірінші ірі қозғалысты 1753 жылы 1 қазанда Берлиндік ән мектебі И. Ф. Агриколаның, Ф. Э. Бахтың, Ф, Бенданың, К. Г. Граунның, Г. Краузенің, К. Никельманның, Г. Ф. Телеманның «Одалар мен Мелодиялар» дәптерлерін шығарудан бастады. Жинақтың бастаушысы әуесқой музыкант, мамандығы бойынша - адвокат Г. Краузе болатын.
Берлиндік ән мектебінің үлкен буын композиторлары шығармашылыққа өздері ұсынған әстетикалық идеалдардан қалып келе жатты, ал Иоганн Абрахам Петер Шульц басқарған кіші буынның орындауында бұл идеалдар көркемдік жағынан жүйелі және дәлелді болды. Кречмар екінші Берлиндік мектептің үш ерекшеліктерін атап өтеді
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



26.5 Kb
Категория: Ән, Мәдениет, Өнер | Добавил: Аслан
Просмотров: 1337 | Загрузок: 117 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Қазақстан Республикасы мен Египет Араб Республикасы арасындағы қатынас...
Италия Республикасының Конституциялық құқығы
Депозиттерді тарту және қайтару есебі
Тілендіұлы Нұрғиса
Карнавал
HTML-ге кіріспе. Web-дизайнның негізгі ұғымдары
Қонақ үйлердегі қызметтің түрлері және оның қонақ үйлермен байланыс...
Саясат және оның қызметтері
Араб халифаты және Исламның таралуы
Неологизмдер
Ілияс Жансүгіров
Домбыра аспабы
Сұлтанбек Қожанұлы
Қазақ халқының үрмелі аспаптары
Гендельдің клавирлік музыкасы