Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 7.12.2016
Загрузка...
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Ән, Мәдениет, Өнер

Радиохабар таратудың рөлі мен орны, міндеттері
Загрузка...
Адамдар арасындағы қарым-қатынаста сөйлеу мен естудің маңызы айрықша. Осы екі қабілеттің басын біріктіріп, ақпарат тасымалына жол салған, миллиондардың санасына бір мезгілде ықпал еткен радионың негізі де табиғаттан, жаратылыстан, қоршаған ортадан бастау алады. Жапырақ сыбдыры, құстың сайрағаны, су сылдыры мен шалпылы, адам дауысы, доңғалақ сықыры, қоңырау үні, мотор шуы, музыка - мұның барлығы ауадағы табиғи тербелістердің адам қүлағына жетуі, оны сана арқылы түйсіктеуіміз болып табылады. Дыбыс адамның өмір сүруін, қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймайды, соны-мен қоса көңіл-күй сыйлайды, рухани байытады, сана-сезімін өсіреді, жаңа межелерге жігерлендіреді, күш-қуат береді, немесе жұбатады, дем алдырады, бір күйден екіншісіне көшуге көмек береді. Адам өз еркінен тыс табиғи ырғақтар (биоритм) жетегін-де өмір сүреді, соған сәйкес жүрек соғысы, тыныстауы, қабілеті мен зейіні де құбылмалы болып келеді. Бүгінгі радио адамның биологиялық, физиологиялық қасиеттерімен қоса оның жан дүниесін, яғни психологиясын да ескеретін бұқаралық ақпарат құралдарының бірі де бірегейі.

Бұқаралық ақпарат құралы ретінде де радионың табиғаты осы табиғи заңдылықтар мен қарым-қатынастарға негізделеді. Жүз жылда радиожурналистика ғылымы дамып, өзінің не-гізгі ұстанымдары мен қағидаларын қалыптастырып үлгерді. Радиоақпарат таратудың табиғатына келгенде, ғылымда оның басты 3 қасиеті бірінші айтылады жэне бірауыздан мойында-лады.

Радионың бірінші табиғи қасиеті - жеделдігі. Қалыптасқан БАҚ жүйесінде бірде-бір басқа құрал мұндай жеделдікті қамтамасыз ете алмайды. Газет ақпараты оқырманына жету жолында күрделі бірнеше процесті: деректі жинау, терім, беттеу, көбейту және тасымалдауды бастан өткеріп, бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейінгі уақытты қамтуы мүмкін. Телевизияда соңғы жылдары ғарыштық байланыс құралдары арқылы оқиға ортасынан тікелей хабар беру үрдісі жолға қойылды. Бірақ ол көп шығынды, қымбат техникалық құралдарды қажет ететін-діктен екі телеарнаның бірінің шамасы жетпейді, сондықтан сирек, үлкен компаниялардың ғана тәжірибесінен орын алған. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында соңғы уақытта радио тәсілін қолдану етек алып келеді, яғни тікелей эфирде телефон арқылы ақпарат беру жиі кездесіп жүр. БАҚ катарына соңғы 10 жылда қосылған Интернеттің де өзіндік шектеулері бар. Дүниежүзілік компьютерлік желіде ақпарат сайтқа орналастырылған сәттен бастап, оны кез келген шартараптан оқуға мүмкіндік туады. Ол үшін де тұтынушының ақпарат таратушы сайтын тауып, ондағы дерекке жол табуы үшін кәсіби машығы болуымен қатар іздеуге уақыт жұмсауына тура келеді. Радиожурналист болса оқиға ортасында жүріп, көрген-білгенін тікелей эфирге шығып баяндай алады. Соңғы жылдары қауырт дамып, кең қолданысқа ие болған ұялы телефондар бұл үрдіске жаңа тыныс әперді, радионың мүмкіндігін бұрынғыдан да арттырды. Радиотілші төтенше жағдайлар болсын, тез өзгермелі спорт жарыстары болсын, ақпаратын жеткізу мақсатында орталық студия арқылы байланысқа қосылып, тікелей эфирде жұмыс істей алады. Қазіргі заманғы байланыс технологиясы радио ақпарат таратуды аз шығынмен тікелей эфир жагдайында жүзеге асыруға мүмкіндік туғызды. Яғни, ақпаратты тұтынушысына жеткізу жеделдігі жағынан телеви-зия да, Интернет те радионың алдына шыға алмайды "Радио ісі жедел, икемді, әрі аз шығынмен жұмыс істейтін бұқаралық құрал болып қала береді.

Радио тыңдарман үшін аса қолайлы болып табылады және бұл қасиетінің маңызы айрықша. Радионы тыңдау үшін арнайы уақыт бөлу, болмаса күш жұмсау міндетті емес. Үй шаруашылығындағы тірлікпен айналысып жүріп те, жұмыс уақытында да, тамақтанып отырып та, автокөлікте келе жатып та сейіл құрып жүріп те радионы еш кедергісіз тыңдай бересіз.

Радио әмбебап ақпарат таратуымен де қолайлы. Ауа райынан бастап маңызды саяси оқиғалар, төтенше саны өте көп, сондықтан да соңғы жылдары радионың хабар тарату бағыт-бағдары да өзгеріп, ол тыңдармандардың сұранысына орай маманданып, белгілі бір аудиторияға, әлеуметтік топтарға бейімделе бастады. Бір радио жедел ақпарат пен музыкаға көңіл аударса, екіншісі ескі әуендерді қайта жаңғырту арқылы жағдайлардың барысы, экономикалық көрсеткіштер туралы, болмаса спорт әлеміндегі қызықты деректердің барлығы кезегімен әуе толқынында тарап жатады. Тыңдарман өзін қызықтырған хабарға зейінін күшейтеді, болмаса кейбір мағлұматтарға аса назар аудармай-ды. Сөйтіп, өзінің сол уақыттағы сұранысына орай кажетті ақпараттарды қолайлы жағдайда екшеп отырады. Бәсекелестік жағдайында радиостанциялар тыңдарманын тартады, үшіншісі белгілі бір музыкалық бағытты (попса, рок, джаз, т.т.) ғана қолдайды, тағы бірі жасөспірімдер үшін хабар тара-тады, соған орай сөйлеу стилі мен әдісін де сақтайды. Осыған байланысты әр түрлі радио форматтары көбейді, радионың аудиториясы да түрлене түсті. Міне, осының бәрінде радионың табиғатынан қолайлылығы басты рөл атқарады.

Радионың үшінші бір қасиеті - тыңдарманына психологиялық әсері, немесе эмоциональдығы. Адамның есту қабілетіне құрылған радио тыңдарманның қиялы мен сезіміне де өзгеше әсер етеді, басқа БАҚ құралын еш қайталамайды. Адам табиғатынан естіген жағдайларды көрініс ретінде елестеткені белгілі. "Қиял жүйрік пе, көк дөнен жүйрік пе", дейтін қазақ үшін ой-санаға әсер етудің мәні айрықша. Оның үстіне, көбіне көшпенді-отырықшылықты кәсіп еткен қазақ үшін оның өзіндік тарихи жетілу эволюциясы мен дәстүр-салты бар, ол ұлттық гендік қорымызда сақталып, ұрпак арқылы атадан балаға беріліп келеді. Далалық қазақтың табиғат құбылыстарын жетік меңгергендігін, аса зерек және сезімтал болғандығын, физиологиялык мықты болғандығын күрделі қоршаған ортада табиғи сұрыптаудан өтіп, жетілгендігімен түсіндіруге болады. Дала абыздары том-том кітапқа пара-пар дастандарды жатқа окып, ауызша ұрпағына жеткізген, жаңа ғана дүниеге суырып салу жолымен келген күйді екіншісі сол заматта қағып алып, қайта тартып беру үрдісі қалыптасқан. Күйшіден домбырашының абыройы биік болған деседі. Яғни, күйді шығарған адамнан, оны бұлжытпай орындап, ары қарай насихаттап, таратқан адамның жауапкершілігі жоғары дегенді аңғартса керек.

Жаһандану мен нарық жағдайында адамдар тұрмыста болсын, жұмыс орнында болсын күрделі мәселелермен бетпе-бет кездеседі, әр түрлі қайшылықтарды тез шешуіне тура келеді, Соның қатарында стрестік жағдайларды бастан өткізеді. Яғни, бір адамның эмоционалды көңіл күйі мен күш-қайраты да өзгеріп отырады. Мысалы, жұмыстан шаршаған адам үйіне жеткен-Иіе, келік тауқыметін, жол нашарлығын, қала жағдайындағы мителмелерді, қызмет көрсету мәдениетінің төмендігін көрді дейік. Үйде де бәрі қолайлы болмауы мүмкін. Бір сәт көңілін аулау үшін, теледидар қараса, ондада тосын оқиғалар, бітпейтін тауқыметтер, бет жыртысқан адамдар, көлгірсіген саясаткер мен жүйкеге тиер жарнамалар, қантөгіс фильмдер мен бітпес көбікті ссриалдар. Мұндай жағдайда адамның жүйкесіне үлкен салмақ түседі, сезімі тежеледі, көңіл хошы төмендейді, өмірге құштарлығы бәсеңсиді. Міне, осы көңіл ахуалын өзгерте алатын, эмоциялық тепе-тсңдікке жеткізетін күштің бірі - радио. Радио табиғатынан агресшіл емес, керісінше жұмсақ та жағымды, жайлы. Радиоақпарат көбіне оптимистік болып келеді, өмірлік жақсы тонус қалдырады. Әлеуметтік психологтар тосын қайғылы оқиғаның телевизиямен салыстырғанда радиодан естілгенде жұмсақгау жететіндігіне назар аударған. Өйткені, телеақпарат жүйкеге тікелей әсер етсе, радиодан радиодан естілген жаман хабар психологиялық қорғаныс факторына тап келетін көрінеді. Мүның өзі радионың өзіндік табиғатын сақтай отырып, телевизия сияқты пәрменді құралмен қатар өмір сүре алатындығына көз жеткізеді.

1. Бірін бірі толықтырып отырады. Газет журналисті, теле болмаса радиожурналист деген мамандану өмірде таза күйінде сирек кездеседі, көбіне кадрлар ауысып, бірін екіншісі байытып, жалғастырып кете береді. Көбіне радиода микрофоноға төселген, сөйлеу машығын жетік меңгергендер кейіннен телеэкранда да жақсы хабарларымен танылады. Газет тілшісі телеарнаға ауысып, терең де салиқалы сараптамалық бағдарламаларға ұйытқөы болады. Болмаса телевизиядан өзін таппағандар, радиоға не газетке ауысады. Мұның барлығы заңды құбылыс, кәсіби шыңдалу жолындағы ізденістер. Әрине, болашақ журналистің талантын ерте айқындап, кәсіби дұрыс бағдарлаудың маңызы бұдан кеми қоймас. Дегенмен, білікті журналист қай салада істемесін ортақ ұстанымдар мен қағидаларды басшылыққа алыл, қоғамдық дамуға, сананың өсуіне ықпал ететіндей тәрбиеленгені жөн.

2. Ҳдайы ақпараттық алмасу жүріп жатады, радиожурналист те баспасөздің, телеарна мен Интернеттің материалдарын тікелей немесе өңделген күйінде өз қызметінде пайдалануы мүмкін. Тіпті, радионың бастауында газет мәтінін оқу тұр емес пе? Радиоарналар қазір де баспасөзде жарияланған қызықты материалдарға шолу жасап, көпшіліктің назарын аударып отырады. Негізінен дереккөздері бір, мақсаты ортақ болғанымен, оны аудиторияға жеткізу технологиясы ғана бөлектеу. Мысалы, баспасөз маслихатына газет тілшісі, радиожурналист, тележурналист, веб-редактор да бірдей қатыса береді. Ал, олар жасаған өнім әр түрлі болып шығады. Бірінің материалын екіншісі тікелей қолдануы да кездесіп қалады. Мысалы, "Қазақстан" ұлттық телеарнасында жүргізілетін "Үзеңгі жолдас" бағдарламасы Қазақ радиосының эфирінде де сол күйінде тарап жатады. Осы телеарнаның "Шынның жүзі" хабарының мәтіні "Айқын" газетінде жарияланып жүр.

3. БАҚ жүйесіне жанрлар мен пішіндер ортақ, бір-біріне ықпалдасып дамыған. Бүгінгі телевизиялық жанрлар бастауын газеттен алады. Радионың пішіндері мен жанрлары да үлкен эволюциялық жолдан өтіп барып, қалыптасты, ол өз кезегінде телевизиядан тікелей көрініс тапты. Яғни, осының өзінен журналистік ізденістер мен әдіс-тәсілдердің ортақтығы аңғарылады.

4. Жалпы қоғамдық, саяси науқандарды, жарнама мен мәдени шараларды өткізу тәжірибесі ортақ. Билік органдарын сайлау болсын, музыкалық туындыны насихаттау болсын, белгілі бір тауарды жарнамалау болсын - БАҚ ортақ міндет – аққпараттық қамтамасыз етуге бір кісідей жұмылады. Әрқайсысы бір-бірін толықтырып, ортақ мүддеге қызмет етеді, тиісінше, қаражаттық үлесін де алады.

Осы тұжырымдар БАҚ түрі дербес өмір сүре алатындығын, ал өзара ынтымақтасудан тек нәтиже жақсаратындығын дәлелдейді. БАҚ жүйесіндегі әріптестікті дамыту, ортақ корпоративтік мүддеге қызмет ету әрбір кәсіби журналистің де міндеті саналады.

Радиохабар таратудың рөлі мен орны деп - ақпараттық қамтамасыз етуге бір кісідей жұмылады. Әрқайсысы бір-бірін толықтырып, ортақ мүддеге қызмет етеді, тиісінше, қаражаттық үлесін де алады.

Радиохабар таратудың міндеттері:

Радиохабарларын таратудың міндеттері (функциясы) дегенде бүқаралық ақпарат құралдарына ортақ ұстанымдар туралы сөзболады. «Функция» сөзін сөздіктер міндеттері, қызметтік мақсаты мен шеңбері деп түсіндіреді. Осы ұғымды басшылыққа ала отырып радиохабарын таратудың міндеттерін айқындайтын болсақ, оның ауқымы кең екендігіне және қоғамдық сипаты басым екендігіне назар аударамыз. Өйткені, радионың аудиториясы кең, оның тыңдармандары қоғамның әр түрлі әлеуметтік топтары, хабардың өзі әр түрлі жағдайда тыңдалады. Радиожурналист те қоғамдық қарым-қатынастардың белсенді мүшесі ретінде көпшлік мүддесіне кызмет етеді, солардың ақпараттық және рухани сұраныстарын ескереді. Оның қоғамдық санаға керні ықпал етуге жалған ақпарат таратуға, немесе бұрмалауға еш құқы жоқ. Түптеп келгенде радиожурналистика да өзінің мақсаттары мен мұраттарын қоғамдық қатынастармен байланыстырады. Соған қарамастан бұқаралық хабар тарату үшін ортақ мына бір 3 факторга назар аударамыз.

1. Радиохабарын тарату ісі бір мезгілде бірнеше міндетті қатар атқарады. яғни ол коп функционалды.

2. хабар тарату тәжірибесінде алға қойған мақсаттарына кері нәтиже беретін іс-әрекет орын алуы да мүмкін. Мысалы, тұрғындарды ақпараттық қамтамасыз ету орнына жалған ақпарат тарап кетуі немесе тексерілмеген жайды эфирге таратуы кездесіп қалады. Демалыстық мақсатта талғамсыз берілген музыка тыңдармандардың дегбірін алып, көңіл-күйін бұзуы ғажап емес. Болмаса, таңертеңгісін қайғылы оқиғаны қатқыл формада таратса, оны тыңдаған адам күні бойы депрессиялық күй кешуі мүмкін.

3. Кез келген бүқаралық ақпарат құралы, соның ішінде радиохабар таратушылар да, әр түрлі үгіт-насихаттық ағымдар мен жарнамалық ықпалдан тыс қала алмайды, белгілі бір дәрежеде осындай науқандардың жетегінде кетеді. Өйткені, белгілі бір уақыт шеңберіндегі қоғамдық-саяси және экономикалық жағдайларды сараптап, оқиғаларга баға беруде, деректерді екшеуде, жаңалықтар топтамасын іріктеуде, сыртқы ықпалды шектеу журналистен өте сарабдал білгірлікті талап етеді. Көп жағдайда журналистердің өзі де қоғамдық процестерге араласып, соған ат салысып кетеді, соның жетегінде әр түрлі хабарларды әуе толқынына шығарады. Кей хабарлар еш өңдеусіз, тікелей эфирге тарайды, оған тосқауыл қойып, айтар ойды шектеу мүмкін де болмайды.

Жекеменшіктік қатынастың орнығуы кейбір радиостанцияларда қожайындарға жалтақтық психологиясының орын алуына әкеліп соқтырды. Ақпараттарды іріктегенде оларға жақпайды-ау дегендер эфирден түсіп қалады, керісінше, жарнама сипатындағы жағымды хабарларға көбірек орын беріледі. Журналистикаға жат жағымпаздық, жағынушылық қасиеттер өтпелі кезең тәжірибесінде кеңінен орьш алды.

Сонымен бірге, мемлекеттік ұстанымдар мен әлеуметтік, адамгершілік ахуал да белгілі бір мақсатты алға шығарады да, кейбір жақсы мүдденің өзі екінші қатарда қалып қояды. Оның бәріне уақыт төреші, радио да уақыт ағымында қызмет атқарады. Мысалы, күні кешегі кеңестік кезеңде радионың дамуына айрықша мән берілді, ол ұжымдық насихатшы, үгітші және ұйымдастырушы деп бағаланып, ақпараттық саясаты осы мүдде тұрғысынан екшелді, цензура болды, сөз еркіндігі шектелді. Сөйтіп, идеологиялық қуатты қару радио мемлекеттік биліктің қатаң бақылауында болды, қызметі жоғарыдан реттеліп отырды.

Қоғамдық дамудың демократиялық жолын таңдаған егемен Қазақстан жағдайында радиостанциялар шынайы сөз бостандығын алды, цензура жойылды, жекеменшіктік қатынас орнықты, бәсекелестік күшейді, ақпараттық саясаты көбіне тыңдарман ықыласына қарай өзгерді. Енді радионың ақпараттық, демалыстық міндеттері алдыңғы қатарға шығып, ағартушылық қыры бәсеңсігендей болды. Адамның еркін ойлауы мен еркін жүріп тұруына, өз іс-әрекетіне толық жауап беретін қоғамдық қарым-қатынастар орнықты және соны жетілдірудің жолдары қарастырылуда.

Радиохабар таратудың сан қырлы міндеттерін үшке топтастыруға болады.

І. Ақпараттық: тыңдарманды құлақтандыру міндетінен туындайды, радиожарнаманы да осы топқа жатқызамыз.

ІІ. Қоғамды әлеуметтік топтастыру міндеті: интеграциялық міндет, қоғамдық пікірді жеткізу мен қалыптастыру, қарым-қатынас, тәрбие, үгіт-насихаттық және
ұйымдастырушылық функциялары.

ІІІ. Мәдени-ағартушылық міндеттері: эстетикалық, ағартушылық және демалдыру - ойын-сауықтық функциялары.

Радиохабарларының міндеттерін білу хабар тарату кестесін сауатты жасау, станцияның бағыт-бағдарын, форматын анықтау бағдарламалардың ішкі мазмұнын айқындауға және тыңдарман аудиториясының талап-тілектерін ескеру үшін қажет. Енді аталгам міндеттерді тарқатып берейік.

I. Ақпараттық міндеті. Барлық ақпарат құралдарының ең негізгі басты міидеті жеке адам, қоғам және мемлекет мүддесіне сай ақпараттық сұранысын қанағаттандыру болып табылады. Радио басқалармен салыстырғанда ақпаратты жедел, нақты және эмоциялық бояумен жеткізе алады. Осы артықшылығына сай ақпараттық міндетіне баса назар аударуы заңды. Дегенмен, кейбір радиостанциялар осы басымдықты тасада қалдырады, өздерін музыкалық форматпен шектеп, эфирді тек әуенмен толтырады, толыққанды ақпараттық қызметі жұмыс істемейді, жаңалықтар жжүйелі берілмейді. Бір жылдары штатында радиожурналисі жоқ арналар даэфирге хабар таратын мемлекеттік лицензияға ие болған келеңсіздіктер орын алды.

"Ақпарат" сөзінің бірнеше баламасы бар, біз тар және нақты мағынасында қолданып отырмыз. Адамдарды әлемде және елімізде болып жатқан оқиғалар және жаңалықтармен таныстыруды ақпараттық қызмет деп танимыз. Ол арқылы тыңдарман өмірде болып жатқан құбылыстармен танысып, баға береді, білімін толықтырады, кеңестер алады, бағдар жасайды, түйсіктейді, қуанады, болмаса ренжиді. Радиобағдарламалар ішкі элементтері арқылы бірін-бірі толықтырып сол күннің оқиғаларынан толыққанды ақпарат береді. Мысалы, таңертеңгілік сол күні жүзеге асуға тиісті маңызды оқиғаларға назар аударады, түске қарай оның барысынан ақпарат таратады, әдетте, кешкісін қорытындыларын шығарып, түйіндейді.

Кез келген адам үшін әлеуметтік мәні бар ақпаратты ұдайы естіп отыру қазіргі өмірдің қажеттілігіне айналған, сол арқылы қоғамдық процестерге де араласады. Сондықтан радиостанциялар жаңалықтар топтамасына баса назар аударады, олар хабар тарату кестесінде тұрақты уақытқа ие болып, жүйелі тарап отырады. Бірақ, ішкі ақпарат әр түрлі орналасуы мүмкін. Мысалы, бір топтамада шетел, екіншісінде ел жаңалықтарына назар аударылса, таңертеңгісін ауа райына, жұлдыз жорамалға, ақша бағамдарына ықылас ауады, мәдениет, спорт жаңалықтары да тұрақты сұранысқа ие болады. Соңғы уақытта жетекші радиостанциялар тәжірибесінде оқиғалар ортасынан тікелей репортаж жүргізу кең қолданыс табуда. Қазақстанда бұл тәжірибені жандандыратын уақыт келді. Қазір радиоарналар қаржылық жағынан аяғынан түрды, енді шығармашылық өсудің жолдарының бірі ретінде тікелей репортаждарды жиірек қолдануға болады. Одан радиостанция да, тыңдарман да ұтады. Радиоақпараттың жеделдігі артады, имиджі жақсарады, тыңдарман еш боямасыз оқиға ортасынан берілген хабарға құлақ түріп, қиялымен жаһанды кезеді.

Халықтың ақпаратты еркін алуы, оның мазмұнының әр түрлі көзқарас тұрғысынан бағалануы, әр түрлі көздердің қамтылуы қоғамның дамығандығынан, өркениеттілік дәрежесінен хабардар етеді. Әсіресе, төтенше оқиғалар жағдайында, саяси науқандар кезінде дәл және сенімді ақпарат берудің маңызы артып отыр. Адамдар табиғатынан күмәншіл, бір ақпаратты бірнеше көзден естіген соң ғана барып, сенім ұялайды. Мысалы, жапондықтар жиі болып тұратын жер сілкіністері жағдайында ең алдымен NНК (Ен-ейч-кей) телерадиокорпорациясының хабарларына назар аударып, соған байланысты өз іс-әрекеттерін жоспарлап отыратын көрінеді. Жапондықтарда бұқаралық ақпарат құралдарына деген сенім мықты. Қазақстан жағдайында оны айтуға ертерек. Мысалы, Алматы қаласы жер сілкіну мүмкіндігі жоғары аймақта орналасқан және осыған байланысты түрлі қауесеттер жиі естіліп қалады. Жергілікті БАҚ көп жағдайда кешігіп, ақпаратты кеш түсіндіреді, көбіне материалдық жағдайы мәз емес болжау мекемелерімен сұхбат ұйымдастырады. Ал, тұрғыидар оған аса сене қоймайды. Мәселенің екінші қыры, балама ақпарат көздері көп жағдайда назардан тыс қалады.

Нарықтық экономика жағдайында Қазақстанда осыған байланысты ақпаратқа сұраныс артты. Көп адамдар шағын және орта бизнес саласында істейді, бәрі де тұтынушы болып табылады. Қазақ радиосынан басқа радиостанциялар экономикалық саясатты түсіндіру, көпшілік көкейіндегі сұрақтарға жауап іздеуге аса көңіл бөлмейді. Мұндай ақпараттың қажеттігі сезіледі. Екінің бірінің телехабарларды ертеден кешке дейін көруге мүмкіндігі жоқ. Ал, радиоақпаратты басқа тірлікпен айналысып отырып та қағып алуға болады. Радиоақпараттың мақсат-мұраты - бағдар беру, жаңа істерге жігерлендіру, кеңесші, көмекші болу. Солай екен деп, ақпаратқа үгіт-насихаттық сипат беруге, міндеттеуге, үндеуге болмайды. Радиожурналистің басты мақсаты – ақпаратты сол күйінде боямасыз, нақты жеткізу, ал оны тыңдарман өз білімі мен парасаты, тәжірибесіне сай қорытуы тиіс.

Осыдан келіп радиоиың жарнамалық міндеті шығады. Жарнама да ақпараттық міндетпен ұқсас, тек өзіндік ерекшелігі бар. Жарнаманың міндеті айқындау, ол - белгілі бір тауар, болмаса кәсіпорын туралы құлағдар ету, оның жағымды имиджін қалыптастыру және тұтынушы ретінде назарын аудару болып табылады. Жарнама қажет емес деп ешкім айта алмайды. Өйткені, қазіргі тауарлар мен қызметтердің сан алуан түрі ұсынылатын жағдайда дұрыс ақпарат беру, түсіндіру, сендірудің еш артықтығы жоқ. Жарнама жасауға радиожурналист те белсенді араласады, оның өзі кәсіби біліктілікті, сауаттылықты, тыңдарман көңілін дөп басуды қажет етеді. Қысқа уақытта тартымды сөзбен тыңдарманды баурап алу, айтқан уәжіңе сендіру, тұтынуға итермелеу айрықша әдіс-тәсілдерді, ыждаһатты еңбекті қажет етеді.

Радиожарнама соңғы 10-15 жылда ғана қалыптасты деген пікір айтылып қалады. Радиожарнаманың да тарихы тереңде жатыр, оның элементтері қай кезде де болған. Тек кеңестік идеология салтанат құрған дәуірде оны жасанды шектеді, онсыз да хабарлардың үгіт-насихаттық сипаты басым болды, барлық іс-әрекет бір арнаға жұмылдырылды. Кеңестер одағының күш-куаты мен болашағына еш күмән келмеуі тиіс еді. Бұқаралық қуатты құралдардың бірі ретінде радио тікелей мемлекет тара-пынан қаржыландырылды, мүмкіндігінше дамуына қамқорлық жасалды, соған сәйкес қалтқысыз қызмет ету талап етілді.

Жарнамадан түсетін қаражат радиоарналардың бірден-бір табыс көзі болып отыр. Радиостанцияның өмір сүруі, барлық техникалық тарату шығындарын өтеуі, қызметкерлеріне еңбекақы төлеуі, уақыт талабына сәйкес материалды-техникалық жарақтануы – бәрінің көзі жарнама, одан түсетін қаражат. Соңғы жылдары Қазақстанда радиожарнама ісі жедел дамыды, тұрақтылыққа қол жеткізді. Бұл көбіне орталық республикалық радиостанцияларға қатысты, енді жергілікті радиостанциялар да осындай дәрежеге көтерілсе, тыңдармандарға берілетін ақпараттың мазмұнына да оң ықпал ететіні күмәнсіз. Сондықтан, радиожарнаманың болашағы зор деп есептеледі.

II. Қоғамды әлеуметтік топтастыру міндеті. Тұрғындарга қолайлы ақпараттық қызмет көрсететін радио сол қоғам мүшелерін әлеуметтік басқарудың тетігі ретінде де бағаланады. Әңгіме жүр, тұр деген ұрандармен мыңдаған адамдардың қоғамдық қылығын реттеу туралы емес, таратылған ақпарат арқылы белгілі бір іс-әрекетке ұмтылдыру, жігерлендіруде болып тұр. Мысалы, ертең мына мәселеге байланысты шеру өтеді деп ақпарат таратсаңыз, орнын хабарласаңыз, оны естігендердің бәрі болмаса да, көкейінен шыққандардың бір тобы сол шеруге қатысады, болмаса сенбілік өткізу туралы үндеу қолдау табады, басқа да көпшілік іс-шаралар осылай жүзеге асып жатады. Яғни, радио ақпарат тарату арқылы қоғамның дамуына ықпал ететін іс-әрекеттерге көпшілікті жұмылдыра алады. Әрине, ол үндеулер қоғамды ірітуге, белгілі бір топтарды арандатуға бағытталмауы тиіс. Қоғамның тұрақты дамуы, оның мүшелері арасындағы ынтымақ пен татулық, адамгершілік пен достық қатынастар үшін радиожурналист те әрқашан жауапты. Міне, осыдан келіп радионың интеграциялық міндеті туындайды.

Радио қоғамдық күштерді даму бағытына топтастырушы, өз ақпараты арқылы жаңа межелерге жігерлендіруші. Радио қарым-қатынас құралы, ол эфир арқылы миллиондарды бір мезгілде байланыстырады, радиожурналист үйінде отырған жалғызілікті зейнеткердің әңгімеге деген сұранысын қанағаттандырады, эмоциясына әсер етеді, ренжітеді, қуантады, музыкамен әлдилейді, күймен тербетеді, көңіл хошын табады. Сол сияқты радиокоммуникацияның қырлары да көп, адам мен адам, жас пен кәрі, жаяу мен көлікті жаяу, бай мен кедей арасында қарым-қатынас бір мезілде орнайды және олардың радио ақпаратқа ревкциясы да әр түрлі болатыны заңдылық. Дегенмен, қоғам оның болашағы бәріне де ортақ, осы арадан ортақ құндылықтар шығады.

Радиохабар таратудың басты мақсат-мұраты – аудиторияның ортақ құндылықтарын қалыптастыру, жалпы адамзаттық, ұлттық, жалпы қалалық немесе аймақтық құндылықтарға баса назар аудару, ортақ тауқыметтерді бірлесіп шашуге үндеу, кертартпа күштер мен ықпалды

Радионың аудиториясы үлкен болған сайын, оның жауапкершілігі де өседі. Тыңдармандардың ақпараттық сұранысы дегенде жас ерекшелігін, әлеуметтік жағдайын, психологиялык көңіл-күйін, ұлттық және діни ұстанымдарын ескеру оңай шаруа емес. Радионың интегративті міндеті кез келген хабардан көрінеді. Публицистика болсын, өнер тақырыбы қозғалсын, спорт жаңалықтары сөз болсын бәрінде топтастыру, адамдарды жақындастыру идеясы тұрады. Кеңестік идеология заманында бізде бәрі жақсы, оларды бәрі нашар, кертартпа деген ұстаным басым еді. Қоғамның дамуы қандай дәрежеде болмасын журналист объективті сараптама жасап, дұрыс тұжырымдар жасағаны абзал, мүмкіндігінше көңіл-күйге берілуге болмайды.

Радионың қоғамдық пікірді білдіру мен қалыптастыру міндеті көбіне саяси науқандар кезінде айқынырақ көрінеді. Сайлау мен референдум сияқты шараларда радио маңызды рөл атқарады және пәрменді құрал болып бағаланады. Қоғамдық пікірді қалыптастырудағы маңызды буын — ақпараттандыру, ақпарат неғұрлым көп болса, жиі берілсе және әр қырынан қамтылса, соған қызығушылық туындайды және ықпалды болады. Бірақ оның үгіт-насихаттық сипаты күшейіп, біржақты болғанын қолдау да журналистика ұстанымдарына қайшы келеді. Журналист мүмкіндігінше бейтарап ақпарат таратуға, деректі нақты беруге, әсірелеп, бояламауға міндетті. Ал, оны тыңдаушы қалай қабылдайды, кандай түйін жасайды ол басқа мәселе.

Әлемдік тәжірибе ақпараттың мүмкіндігінше жақын болғандығын қолдап келеді. Мысалы, республикалық арналардан гөрі жергілікті радиога деген сенім жоғары болатын көрінеді. Осы арада аймақтық қамтылу мәселесіне назар аударған дұрыс болар. Қазақ радиосының өзі көбіне Астана мен Алматы жаңалықтарына көп көңіл бөледі де, аймақтық хабарлар өте аз қамтылады. Көп жерлерде арнаулы тілшілер жұмыс істемейді. Бұл, тыңдарман сеніміне тікелей әсер ететіи факторлардың бірі.

Қоғамдық пікір өзгермелі құбылыс, өйткені өмірде шешіміи таппаған жағдайлар көп, әркім өз көзкарасын білдіруге құқылы. Соңғы уақытта радиоарналар сол мәселелерді тікелей эфирде талқылау, оған телефон арқылы тыңдармандарды да қатыстыру тәжірибесін дамытып келеді. Бұл құптарлық жай. Осыған байланысты радиохабар берудің пішіндері мен жанрлары да жетілдірілуде. Радио сұхбат, әңгімелесу енді сырласу пішініне ұласты, «дөңгелек столдан» ток-шоуға дейінгі спектр қамтылып жүр. Бұл радионың табиғатына жақын болғандықтан тек құптаған орынды. Дегенмен, сол көпжақты қоғамдық талқылаулардың деңгейі әркез мазмұнды бола бермейді, хабар үдесінен шықпайтын жағдайлар да көп. Кейбір арналар боссөздікке ерік беріп, эфирді жеңіл сөзбен, әзіл-қылжақпен толтырады, тіпті адамның арына тиетін, интимді қырларын жалаңаштайтын жайлар да кездеседі. Өркениетті елдерде БАҚ-тың бұлжытпас ережелерінің бірі - кикілжіңді пікірталас жолымен шешу, кез келген дауда ортақ мүддеге қарай жақындасу болып қалыптасқан. Эфирдегі ашық пікірталас белгілі бір ұстанымды танып білуге, жан-жақты ақпарат алуға, мәселенің күшті және әлсіз тұстарын айқындауға көмектеседі. Дегенмен, ол жүргізуші журналистің кәсіби шеберлігі мен біліктілігіне де сын, көп жағдайларда дау айтылған күйінде қалып, оны шешу жолдары белгіленбейтін, ортақ тұжырым жасалмайтын жағдайлар кездеседі. Яғни, хабардың бас-аягы жинақталып, айтар түйіні, ойы қорытылмай қалады.

Соңғы уақытта ақпарат арқылы қоғамдық сананы басқару туралы жиі айтылып жүр. Рас, белгілі бір күштер БАҚ арқылы белгілі бір көзқарасты таңуға бейім тұрады, мақсатты жұмыс жүргізеді. Журналист соның түпкі мақсатына терең үңіліп, жат пиғылдың жетегінде кетпеудің жолдарын білуге тиісті.

Радионың ендігі бір маңыздыміндеттерінің бірі - ол адам мен адам арасында қарым-қатынас орнатуы, қарапайым әңгімелесу, шүйіркелесу. Адамның күні адаммен және сәт сайын табиғатымыздан біреумен сөйлесуге, жауап алуға, пікір білдіруге, ой таластыруға бейім тұрамыз, осындай қарым-қатынасқа мұқтажбыз. Қоғамдағы осындай қажеттілікті қанағаттандырудағы радионың орны орасан. Әсіресе, өтпелі қоғамда, жаңа ортада, саяси, болмаса экономикалық күйзелістер кезеңінде адамдар бір-бірімен әңгімелесуге, тұмшалаған ойы мен күдігін сыртқа шығаруға, өзгелермен бөлісуге, жоспарларын ортаға салуға бейім. Мұндай қарым-қатынас эмоциональдық көңіл-күйіне әсер етеді, жеңілдегендей сезіндіреді, қолдау мен демеу қанат бітіреді, жігерлендіреді.

Радио бұл бағытта да өсу үстінде, соңғы жылдары авторлық бағдарламалардың қатары көбейді, тіпті журналистер бір арнаның келбетін, имиджін айқындайтын жағдайлар да кездеседі. Радио осындай тұлғалар арқылы тыңдарманына жақындай түсті. Журналистің сөйлеу мәнері мен эмоциональдығына үйренген тыңдарман енді оған бүйрегі бұрып, ыждаһатпен тыңдайтын болған, немесе, ұнатпаса бірден радиосын өшіре қояды. Яғни, автор мен тыңдарман арасында эфир арқылы жылы қарым-қатынастың орнауының өзі қажеттіліктен туындап отыр. Радиожурналистке еліктейтін, пір тұтатын жағдайлар да кездеседі. Бұл оның кәсіби біліктілігі мен шеберлігінің жоғары екендігін, мәдениетті де әдептілігін дәлелдейді. Өкінішке орай, керісінше жағдайлар да көп. Соңғы уақытта эфирде сөйлеу мәдениеті төмендеп кетті, кім болса соның тікелей эфиргс шығуына жол ашылды, боссөздік, дөрекілік кебейді, тіпті жаргондар мен жүліктер лексикасына тосқауыл қойылмайтыи болды. Ал, бір кездері радио сөйлеу мен мәдениеттіліктің эталоны саналатын, талап өте жоғары қойылушы еді. Аты аңызғи айналған дикторларымызды тыңдап, соларға еліктеп мыңдаған адамдар тәрбие, өнеге алды. Өткеннің бәрін мансұқтай берудің кажеті жоқ. "Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен", - деген халық даналығын естен шығармаған абзал.

Міне, осыдан келіп, радионың келесі бір - тәрбиелік міндеті туындайды. Радио пәрменді тәрбие құралы екендігін айтып жатудың өзі артық. Тәрбие ісі табиғатынан күрделі, әрі сан қырлы міндет, радиода да бұл процесс өз ерекшелігіне байланысты жүзеге асады. Көптеген хабарлар мен ақпараттар өздігінен тәрбиелік мәнге ие болады, әрі тыңдарманға жағымды әсер етеді. Дегенмен, кейбір хабарлар тікелей осы міндеттің жүгін қалайды. Мысалы, радиоарналарда қүқықтық тақырыпты қамтитын хабарлар жиі эфирге тарайды. Олардың мақсаты тек құқық саласында ақпарат беріп қана қою емес, сонымен бірге құқықтық сананы қалыптастыру, заң бұзу жағдайларының алдын алу, сауатты кеңес беру, көкейдегі сұрақтарына жауап қайтару болып табылады. Сонымен бірге, саяси, немесе экологиялық сауаттандыруды мақсат еткен хабарлар қатары да көп. Ождан бостандығы жағдайында діни тақырыпты қамтитын хабарлардың да орны бөлек, тыңдарман сұранысына сай келеді. Оның үстіне қазіргі Қазақстан жағдайында бұл айрықша мәнге ие болды. Өйткені, діни ағымдар мен ұйымдар саны өсті де, халықтың бағдар жасауына, ақ-қарасын ажыратуына қиындық туғызды, осыдан адасқандар қатары көбейді, тіпті діни экстремизм нышандары да байқалып қалып жатады. Тіпті белгілі бір дінді ғана уағыздайтын радиостанциялар ашылуда. Сонымен бірге, батыстық құндылықтарды басым қоятын, жергілікті және ұлттық ерекшелік пен салт-дәстүрлерді мансұқ ететін біржақты радиостанциялар да жұмыс істеп жатыр. Мұның барлығы халықтың діни сауатын және мәдениетін көтерудің пәрменді шараларын қарастыруға итермелейді. Бұл істе радионың мәні арта түседі.

III. Мәдени-ағартушылық міндеттері. Радиохабар тарату көп қырлы мәдени-ағартушылық мақсатты жүзеге асыруда бірнеше кешенді міндеттерді қатар орындайды. Соның негізгілеріне жеке тоқталайық.

Эстетикалық міндеті. Қазіргі заманғы хабар тарату ісіндегі оның 3 қыры назар аударуға тұрарлық.

1. Радиожурналистиканың үздік үлгілері эстетикалық талапқа жауап беріп, мәдениеттіліктің бір қыры болып табылады. Яғни, жүргізушінің жалынды сөзі, диалогтардыц психологиялық ширығуы, жанды пікірталас, тосын қисын мен жаңа идеялардың айтылуы, тыңдарманның қиялыи қозғап, оқиғаны көз алдына елестететін дыбыстық бояулар, өзін оқиға ортасында сезінуі, хабардың ішкі байланысы мен өрбу динамикасы, жып-жылмағай құрастырылуы, сөз, саз бен табиғи шулардың өзара үйлесімділігі - осының бәрі эстетикалық талғамды қалыптастыратын, сананы өсіретін әдіс-тәсілдер. Журналист неғұрлым радионың бейнелеуші құралдарын дұрыс қолданып, тыңдарман санасына күшті әсер ете алса, соғұрлым эмоциясын күшті тітіркендіреді және әдетте көңіл аудара бермейтін деректің өзі қатты тебірентеді. Қазіргі радионың көркемдік және құрылымдық мүмкіндіктері шексіз. Ол белгілі әдіс-тәсілдерді құбылта пайдалану арқылы деректі, оқиғаны соншалықты жанды, әрі әсерлі тыңдарманына жеткіэуге қабілетті. Оның үстіне, қазір тікелей эфир тәсілі, яғни «жанды» эфир тәжірибеде кең қолданыс табуда. Мұның өзі журналистке көп артықшылық береді, әсіресе интерактивті режимде диалогтар құрып, шексіз импровизация жасауға, сөзді тауып айтуға, тыңдарманды қызықтыруға, бірге қуанып, күйінуге, сөйтіп, эмоциялық ахуалды күшейтуге ешкім шектеу жасай алмайды. Эфир уақытын дұрыс пайдалансаң, өзіңнің бағың, танымалдығың артып, рейтингің өседі, кәсіби білігің мен эмоциялық күйің нашар болса, уақытты зая кетіргенің, тыңдарманды жоғалтқаның. Эфир заңы, осындай қатал.

2. Радио өмірге келген кезден бастап өнердің әр саласын: музыка, театр, әдебиетті насихаттап, танытып келеді. Көркем шығармаларды радиоэфирге шығаруда көптеген ізденістер жасалынып, небір пішіндер мен жанрлар дүниеге келді және олар шығарманың әрін кіргізіп, эстетикалық талғамын көтеруге тікелей ықпал етті. Сонымен бірге, радионың өзі де басқа өнер салаларынан көп жайды үйреніп, әдіс-тәсілдерін байытты, рухани, мәдени және эстетикалық құндылықтарды бірге меңгерді. Радио арқылы небір үздік спектакльдер, актер үндері жазылып, «Алтын қорда» сақталды. Қазір де радиода жиі әні естілген сайын әншілердің танымалдығы арта түсуде. Бұдан шығатын қорытынды, радио өзінің эстетикалық дамуында басқа өнер салаларымен бірге өсті, осындай бірлікте аудиториясы кеңейді және биік талғамы қалыптасты.

Аудиомәдениеттің үздік үлгілері жылдар бойы қалыптасты және оның өіндік дәстүрі бар. Әдебиет пен театрдағы барлық түрлер меи жанрлар дерлік түрленген радиоэфирге жолдама алып жатты, сөйтіп, бірін-бірі байытты. Радиопоэмалар, фельетондар мен очерктер, трагедиялар, психологиялық драмалар, комедиялар, фарс пен радиоцирк, тіпті радиобалет әр жылдары эфирге тарап тыңдарман қиялын шарпығанын қалай ұмытармыз. Қазір де «ауызша радио естеліктер», «дыбыстық кітап» дегендер кездесіп қалады.

Сөйтіп, радио өзінің көп жылғы тәжірибесінде басқа өнер салаларын насихаттап қана қойған жоқ, сонымен бірге жеке дара өмір сүре алатын қабілеттілігін, өзгелермен тең екендігін, шығармашылық әдіс-тәсілдерінің сан қырлы екендігін дәлелдеді.

Радио қай уақытта болмасын білім мен таным көзі, әлемдік мәдениеттің озық үлгілерін тарататын тиімді құрал. Сондықтан оның ағартушылық міндетін де назардан тыс қалдыра алмаймыз. Қазақ даласында жаппай сауаттылыққа жол салған, ұлттық інжу-маржандарымызды насихаттап, келешек ұрпаққа жеткізген радио екендігін, ұлттық кадрлар мен зиялы қауымның өсуіне ықпал еткен күш болғандығын ұмытпаймыз. Қазір де оның ағартушылық міндеті шексіз, әсіресе орталықтан алыс елді мекендерге кітаптар, газет-журналдар уақтылы жетпейді, телехабарлар тарамайды. Ал, радионың таралу ауқымы әлдеқайда кең.

Радионың демалдыру-ойын-сауықтық міндеттері қазір алдыңғы қатарға шығып отыр. Көп радиостанциялар музыкалы, ойын-сауықтық форматта жұмыс істейді және ол заңды да. Радио көбіне жеңіл ақпаратпен көтеріңкі көңіл күй сыйлайды, сөйтіп, тыңдармандардың демалуға деген сұранысын қанағаттандырады. Осы мақсатта түрлі ойындар ойналады, жүлделер үшін сұраққа жауап береді, музыкалық жұмбақгар шешіледі, бірін-бірі құттықтап, қуаныш сыйлайды, күлдіргі әңгімелер айтып, жарысады, өмірдегі қызықты жайларлы әңгімелейді. Сол сияқты түрлі музыкалық кештер мен концерттерден жазылып алынған хабарлар әуе толқынына да жолдама алады. Хабарлардың ендігі бір тобы әзіл-қалжыңға құрылады, түрлі әңгімелер мен актерлік көріністер сөз арқылы сомдалады.
Загрузка...


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!

Категория: Ән, Мәдениет, Өнер | Добавил: Admin
Просмотров: 1188 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Қонақ үй қызметтері сапасын басқару мәселелері
Дербес компьютерде құрылымының функциональді-логикалық негізі
Ыбырай Алтынсарин
Әуезов Мұхтар Омарханұлы
Аңыз әңгімелер
Құранды түсіну
Аймауытов Жүсіпбек
Жамбылдың ұстазы еді Майкөт ақын
Ар жақта дүмбірлеген Арынғазы...
Сейфуллин Сәкен
Марат Отарәлиев: «Тағдырмын ерте жоғалған...»
Жүрек қызметінің көрсеткіштері
Мыңзықұлы Еділ (Аттила) қаған
Австралия
Рашмор тауы