Приветствую Вас Абитуриент • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 2.10.2014
Главная » Работы » Рефераты на казахском » Ән, Мәдениет, Өнер

Өнер, музыка
Скачать удаленно
Эстетикалық тәрбие құалдарының бірі музыка екені баршамызға белгілі. Халық музыкасының асқан шеберлері әнші, күйші, жыршы, жырау, ақындар ертеден ақ ел арасында зор әлеуметтік қызмет атқарды. Мұндай тума таланттар жалпақ жұртшылыққа ағартушы, тәрбиеші де болған. Олардың көзі ашық, көңілі сергек, ой-өрісі өзгелерден озық болды. Музыкалық дарыны мол қазақ халқы басқа тарихи профессионалдық дәстүрі бар елдер сияқты балаларының айырықша қабілетіне байланысты отбасында белгілі бір музыкалық аспапта нота арқылы білім беріп, мектепте оқытып, эстетикалық білім, тәрбие бермегенмен өз жеткіншіктерін өз ортасынан шыққан тума таланттардан өнерпаздықты үйренуге, олардан үлгі-өнеге алуға баулып отырған. Халық музыканы да, оны орындаушыны да қастерлеп, қадір тұтқан. Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық музыкалық дәстүрі бүгінгі Егеменді еліміздегі музыка өнерінің нәрлі бұлағы болып, арнасын кеңейтіп, өрісін биікке көтеріп отыр.
Қазақ халқының ұғымы бойынша өнер (ақындық, шешендік, әншілік, күйшілік т.б) ақылдың, дарындылықтың белгісі болып табылған. Сондықтан қатарынан қалмас үшін әрбір жас қаршадайынан ән салып, домбыра тартып үйренген. Сөз жұптап, өлең жаттап, шешен, жыршы, термеші болуға тырысқан, өнерге, өлеңге талпынған.
Қазақ әндерінің, музыкасының мазмұны, ерекшеліктері туралы білім беру және олар арқылы оқушыларды отансүйгіштікке, адалдыққа, сұлулықты түсіне білуге тәрбиелеу – біздің негізгі мақсатымыз болуы керек. Мұндай мақсат эстетикалық тәрбие арқылы жүзеге асады. Қазақ халқы ежелден-ақ әнге, өлең-жырға бай. Ақын, шешен ұстаздар, өнер қуған талапкерлерге елдің ежелгі әдет-ғұрпын, тұрмыс-салтын таныстыра жүрген, батыл да тапқыр жастарды қасына ертіп жүріп, білгенін үйретіп, үнемі көтермелеп, қолдап отырған. Әл-Фарабидің ғылыми педагогикалық шығармаларында адамгершілік-имандылық тәрбиесін қарастыра келіп, халық музыкасы арқылы жастарды әсемдікке тәрбиелеу мәселесі туралы келелі ой-пікірлері айтылған. Ол «халықтық музыка тәрбие қызметін, тыңдаушылардың эмоциялық қабылдауын күшейтудің таптырмас құралы болып табылады, қажығанда және тарыққанда олардың көңіл-күйін көтереді» дейді. Халықтық музыка «...жақсы көңіл-күйге, адамгершілік тәрбиеге жәрдемдеседі, тепе-теңдікті жоғалтқандардың мінез-құлқын сабасына түсіреді әрі кемеліне келтіреді... Бұл музыкаға тән сұлулығы үшін де пайдалы, өйткені тән ауырған кезде жан сөнеді... Сондықтан тән сауықса, жан сауығады, осындай ықпал жасайтын дыбыстардың арқасында оның күш-қайраты қалыпқа келіп, оның субстанциясына бейімделеді».


Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.
Желаем успехов!



14.1Kb
Категория: Ән, Мәдениет, Өнер | Добавил: Admin
Просмотров: 693 | Загрузок: 113 | Рейтинг: 0.0/0

Это может Вас заинтересовать:
Зат есімнің грамматикалық категорияларын оқыту
Есенберлиннің Көшпенділер романындағы жылқы атауларының этнолингвистик...
Этнопсихология туралы жалпы түсінік
Әл-Фараби еңбектеріндегі халықтық педагогика мәселелері
Қадырғали би Жалайыри және Қасым хандығы
Шылым шегудің алдын алу
Шыңғыстау обаларының құпиясы
Өсімдік қорғау және карантин мамандығы бойынша Емтихан билеттері
Ар түзейтін бір ғылым табылмаса
Хандық билікті қамтамасыз етуге бағытталған алым-салықтар
Өнеркәсіптік өндірісті жоспарлау әдістері
Жеке табыс салығы 2008 жыл
Ұсыныс хат
Жаңа дәуір философиясы
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар арнаулы курс информатика